Мусатай Гулшат Мейрамбекқызы
Сабақтың тақырыбы: Табиғаттағы жылулық құбылыстар.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың табиғаттағы жылулық құбылыстардың мағынасын аша білуге үйрету.
Білімділік : Оқушылардың «Ішкі энергия», «Жылу сыйымдылық», «Жылу мөлшері» тақырыптары бойынша білімдерін пысықтап,практикалық шеберліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту,олардың пәнге деген ынтасын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, ынтымақтастыққа, татулыққа тәрбиелей отырып,тапқырлыққа баулу.
Сабақтың түрі: Іскерлік ойын — жарыс сабағы
Көрнекілік – құралдар: термометр,қағаздан жасалған қорапша,термос,спирт шам, жіп,темір және шыны таяқша,мензурка,киіз,мата,таразы,суы бар ыдыс,калориметр,сіріңке, манометр,жылу қабылдағыш,иін тірек.
Демонстрация: 1-тәжірибе: Суды қағаз қорабында қайнату.
2-тәжірибе: Жіппен жасалатын тәжірибе
3-тәжірибе: Жылу қабылдағышпен жасалатын тәжірибе.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 минут)
Қымбатты балалар! Бүгін біз сендермен «Табиғаттағы жылулық құбылыстар» атты қайталау – пысықтау сабағын өткіземіз. Бүгін сабақта сендердің « Ішкі энергия», « Жылу сыйымдылық», «Жылу мөлшері» тақырыптары бойынша алған білімдеріңді күнделікті өмірде қалай қолдана алатындықтарыңды тексереміз. Сабақты өздеріңіздің сұрауларыңыз бойынша «Не! Қайда? Қашан?» сияқты жарыс түрінде өткіземіз. Сендердің білімдеріңізді сынау үшін әділ қазылар алқасын сайлаймыз.
1. Әділ қазылар алқасының төрағасы;
2. Теоретик физик;
3. Экспериментатор.
Жарысуға 2 топ сайланады. Әр топта 6 ойыншыдан,қалғандары өзі қалаған топтың жанкүйерлері болады.Жарыста сендердің білімдерің, іскерліктерің, жылдамдықтарың,
ептіліктерің,шеберліктерің сыналады. Іске сәт,жас достар!
І- сайыс. «Сәлемдесу»
Әр топ өзін таныстырып,қарсылас топқа сәлемдеме жолдайды.Өздерінің аттарын, эмблемаларын,ұрандарын жолдайды.
ІІ- сайыс. «Ептілер мен білгірлер үшін» үшін.
1.Мыналардың қайсысына энергия көп жұмсалады: шойын құмыраны қыздыруға ма, әлде оған құйылған массасы дәл сондай суды ысытуға ма?
2. Неге сай жерлерде бау – бақша өсірілмейді? Бұны немен түсіндіруге болады?
Салқын ауа ауыр болғандықтан төменге,сайға жиналады да,онда көбіне үсік жүруі мүмкін.
3.Қыстыгүні қай үй жылы болады,ағаштан соғылғаны ма,әлде кірпіштен соғылғаны ма? Неге?
Қыстыгүні ағаштан соғылған үй жылы болады,өйткені ағаштың жылу өткізгіштігі кірпіштің жылу өткізгіштігінен аз.
4. Термосты тоңазытқыш ретінде уақытша қолдануға бола ма?
Болады. Суық су ұзақ уақыт суымайды,өйткені ауасыз бос кеңістік,жылтыр қабат энергияның шағылып,сәуле шығару арқылы кедергі жасайды.
5. Желдеткішпен шыққан ауаның қатты ағыны суық болады. Осы ағында балмұздақты ерітпей сақтауға бола ма?
Болмайды. Өзін қоршап тұрған ауаның энергиясын бойына сіңіретіндіктен де балмұздақ ериді.Балмұздақ төңірегіндегі ауа салқындайды.: ал салқын ауа ауыр болғандықтан,ол төмен түседі, оның орнына жылы ауа келеді.Сөйтіп ,конвекция — лық ағын пайда болады.Желдеткіш балмұздақтың еруін тек қана жеделдетеді.
6. Қыстыгүні қандай аяқ киімнен аяқ тез тоңады: кең аяқ киімнен бе,әлде тар аяқ
киімнен бе ? Неліктен ?
Тар аяқ киімнен тез тоңады.Кең аяқ киімде ауа жылуды сыртқа нашар бөліп,
суықты нашар өткізеді.
7. Оңтүстік ендіктерде тұратын халықтардың аптап ыстықта сеңсең бөрік пен мақта –
дан сырып тігілген шапан киетіндері неліктен?
Ыстық өтпес үшін:мақтадан тоқылған тоқыма киімдердің талшықтарының арасында ауа қабаты болады, ал ауа жылуды нашар өткізеді.
ІІІ – сайыс. «Формуласын дұрыс тап». «Жылу» шыршасын безендіру
Мақсаты: Оқушыларды жылу құбылыстары тақырыбындағы негізгі физикалық шамалардың: ішкі энергиясының,жылу мөлшерін,меншікті жылу сыйымдылығы, меншікті жану жылуының физикалық мағынасын аша білуге үйрету.
ІҮ- сайыс. «Құралдар сайысы»
І – топ : ІІ – топ:
Манометр Калориметр
Мензурка Термометр
Иіндік Таразы
Жылу қабылдағыш Термос
1. Манометр – Атмосфералық қысымнан кем немесе үлкен қысымды өлшейтін құрал.
Сұйықтық манометр U тәріздес түтікше,ішіне сұйықтық құйылады.Сұйықтық деңгейінің екі бағаны да бірдей,өйткені онда қысым да бірдей.
2. Мензурка – Сұйықтың,газдың, қатты денелердің көлемін өлшейтін құрал,өлшеуіш цилиндр.
3. Иіндік — Өз-өзінен,өз осімен еркін айнала алатын дене., осьтен түсірілген күшке дейінгі ара қашықтық күш иіні деп аталады. Күштен ұтыс алу үшін қолданылады.
4. Жылу қабылдағыш – Металл қорапша,ішінде ауа бар,бір жағы жылтыр ақ бет,екінші жағы қара бет,жылуды қабылдайды.
5. Калориметр – Зертханалық жұмыстарда қолданады, жылуды сақтайтын құрал.
Екі ыдыстан тұрады,бірі үлкен,кішісі үлкенінің ішіне салынады да,арасында бос кеңістік болады,онда ауа бар.
6. Термометр – Дененің температурасын өлшейтін құрал.
7. Таразы – Дененің массасын өлшейтін құрал. Қосарланған екі ыдыстан тұрады.
Ү – сайыс. « Физиктер сайысы»
Егер қыстыгүні ағаш есіктің темір тұтқасын ұстаса, есіктің темір тұтқасы ағаштан суығырақ болып көрінеді. Неге?
1- физик: Адам қолын есіктің темір тұтқасына тигізгенде,оның температурасын шамамен анықтай алады. Егер есіктің темір тұтқасы ағаштан гөрі мұздай болып көрінсе,онда темір тұтқаның температурасы ағаштың температурасынан төмен болғаны.
2 – физик: Менің ойымша темір тұтқаны ұстағанда, жылу біздің денемізден темір тұтқаның бойына тез таралады, сондықтан темір тұтқа бізге суығырақ болып көрінеді. Ал ағашты ұстағанда да біздің денемізден жылу ағаш тұтқаға да өтеді,бірақ бұл жылу берілу өте баяу жүреді,өйткені ағаш жылу өткізгіштері темірдің жылу өткізгіштігінен нашар.
ҮІ – сайыс. «Физика – мақал-мәтелдерде»
Мақал-мәтелдердің физикалық мағынасын ашу.
1.Отты үрлеген жағады,
Шындықты іздеген табады.
Отты үрлеген кезде,отқа жаңа таза ауа келеді,от жақсы жанады. Өтірік айтпау керек.
Әр уақытта шыншыл,әділ болуы керек, әр уақытта шындық жеңеді.
2. Теректің жануында мін жоқ , бірақ жылуында мән жоқ.
Терек жақсы жанады, оның меншікті жану жылуы аз болғандықтан тез жанып кетеді де , жылуды аз береді.
3. Азықсыз адам алысқа бармайды.
Адам әр уақытта энергияны астан алады , егер тамақтанбаса , адамның әл – ауқаты да болмайды , сондықтан күнделікті дұрыс тамақтану керек.
4. Тонның жылуы терісінен емес , жүнінен.
Тонды әдетте қойдың , түйенің терісінен илейді ,ал жүннің арасында ауа болады.
Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның жылуын сыртқа ,ал сыртқы суықты адам денесіне нашар өткізеді.
5. Нан піскенше күлше күйеді.
Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, оған соғұрлым аз жылу керек.
Таба нан салғанда нан жұқа болса , әрі кіші болса, ол күйіп кетпеу үшін отты аз қалау керек.
6. Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды.
Ата-бабаларымыз көшіп-қонып жүргенде,киіз үйлерде тұрған,киіз үйдің төбесінде уығы болған, оны киізбен жапқан. Күндіз киізді ашып, жоғары жақтан салқын,таза ауа кіргізгенде , оны түндік деп атаған.
ҮІІ- сайыс. «Кім жүйрік»
І-топқа:
1. Жылу мөлшерінің өлшем бірлігі……… Джоуль
2. Отын жанғанда бөлініп шығатын жылу мөлшерін есептеуге арналған формула………..
Q=mq
3.Температураны өлшейтін құрал…………………..термометр.
4. Меншікті жылу сыйымдылығының өлшем бірлігі……….Дж/кг*°С
5.1 кДжоульде неше джоуль бар ?………………1000 Дж
6. Дененің массасы неғұрлым көп болса,оны қыздыруға кететін жылу мөлшері соғұрлым……………………………….көп болады.
7. Энергияның газдың немесе сұйықтың ағыны арқылы тасымалдануы………..конвекция
8. Ішкі энергияны өзгерту тәсілдері……………………….. жұмыс істеу,жылу берілу
9.Денлердің қозғалыс энергиясы…………………………….кинетикалық
10. Күннен жылу жылу берілудің қай тәсілімен беріледі…………………..сәуле шығару
ІІ – топқа:
1.Массаның негізгі өлшем бірлігі………………………………………….килограмм
2. Жылу мөлшерінің формуласы…………………………………………..Q=сm(t2-t1)
3.Денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы…………………..жылулық қозғалыс.
4.Жұмыстың өлшем бірлігі………………………………………………….Джоуль
5.Энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен азырақ қызған бөлігіне қарай берілуі……………………………..жылу өткізгіштік.
6.Меншікті жану жылуының өлшем бірлігі……………………………………Дж/кг
7.Жылуды ұзақ сақтайтын құрал……………………………………………..термос.
8.Судың меншікті жылу сыйымдылығы………………………………..4200 Дж/кг*°С
9.Массаның формуласы……………………………………………………….m=pV
m=Q/с(t2-t1)
m=Q/q
10.Дененің көлемін өлшейтін құрал……………………………………………мензурка.
ҮІІІ – сайыс: Топ басшылар сайысы «Қызықты тәжірибелер»
1-тәжірибе: Егер ұста безендірген ағаш цилиндрді қағазбен орап,спирт шамының жалынына ұстасақ,онда қағаздың металға тимей тұрған жері бірден көмірленеді. Неліктен ?
Ағашқа оралған қағаздың көмірленуі ағаштың жылу өткізгіштігінің нашарлануынан болады.
2 – тәжірибе: Жылу қабылдағышты алып оны сұйық манометрмен жалғаңыз. Манометрдегі сұйықтың деңгейіне назар аударыңыз. Манометрдің екі бөлігінің де сұйық деңгейі бірдей. Енді бір жүн матаны алып жылу қабылдағышқа үйкеңіз,енді манометрдің екі бөлігіндегі сұйықтың деңгейі әр түрлі болады. Неге ?
Жүн матаны жылу қабылдағышқа үйкегенде,жылу қабылдағыш қызады,оның ішкі энергиясы артады, оның ішіндегі ауаның қысымы артады.Ауа қысымының артқанын манометр көрсетіп тұр.
3 – тәжірибе: Суды қағаз қорапшада қайнатуға бола ма?
Бұл сұраққа жауап беру үшін төмендегідей тәжірибе жасаңыз. Бұл үшін қатты қағаздан қорап жасаңыз да,оның ішіне су құйып,оны плитаның үстіне спирт шам жалынына ұстаңыз. Су жылиды, одан соң қайнайды. Бірақ қорап сол күйінде қалады. Неліктен ? (Термометрді судың ішіне салып,судың қызғанын бақылауға болады.)
Жылу бірден электр плитаға немесе спирт шамның жалынынан суға беріледі,қағаз қораптың температурасы жану температурасына жетіп үлгермейді.
4 – тәжірибе: Шыны түтікшесінің ортасын ақ жіппен тығыз етіп ораңдар да,оны шамның жалынына ұстаңдар.Бір,екі,үш т.с.с санап жіптің күйе бастаған мезетін белгілеңдер. Сол тәжірибені стерженьге орап қайталаңдар. Осы тәжірибелердің нәтижесін салыстырыңдар және оны түсіндіріңдер.
Екінші тәжірибеде жіп ақырынырақ қызады,себебі металл стерженьннің жылу өткізгіштігі мен массасы шыны түтікшеден көп.
Қорытынды: 2 топтың ұпайларын жинап, жеңіске жеткен топты анықтау. Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма.