Қостанай облысы
Жангелдин ауданы
Сужарған ауылы
Қ.Қойдосов атындағы орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қоянбаева Гүлжаухар Тұрсынбекқызы
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Орта білім жүйелерінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған.(Хэтти,2009).
Бұл бағдарламада түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан ,басым бөлігі сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған.Бұл теория бойынша оқушылардың ойлауын дамыту бұрынғы алған білімдерінің сыныптағы түрлі дереккөздерінен,мұғалімнен,оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүргізуге негізделген.Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың көпшілігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап,дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің өзін меңгеру былай тұрсын,олар бойынша терең түсінік қалыптастыру мен бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкін еместігін тілге тиек етеді.
Сындарлы оқытудың мақсаты- оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту,алған білімдерін сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады.
Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыруын талап етеді.Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп,кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай пікір көзқарастарын нақтылап,жаңа ұғым-түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады.Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние-жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін ескеруі,оқушылардың түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін мойындауы,сондай-ақ жалпы оқушылардың тақырыпты меңгеруіне жағдай тудыру.
Сындарлы оқыту негізінде жүргізілетін сабақтар оқушыларға білімдері мен сенімдері жайында ойланып,ол туралы сұрақтар қойып,жаңа білім алып,белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертіп отыруға мүмкіндік береді.
Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен сыни тұрғыдан қарай отырып,сол арқылы әлем,тіршілік,жаратылыс туралы түсінігін тереңдетіп,кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін арттырады.Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады:олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды.Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып,оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді,ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал. Ұсынылып отырған сындарлы оқыту бағдарламасында мұғалімнің оқушыға төзімділікпен және түсіністікпен қарауға тиіс екені ашық жазылған.Мұғалімнің жекелеген оқушылардың пәнді қабылдау ерекшеліктерін жете түсінуі және бағалауы сапалы оқытудың негізгі элементі болып табылады.Бұл амал,сонымен бірге оқушының оқу үрдісіндегі белсенді ынтымақтастығын талап етеді.Осылайша,пәнді сапалы оқыту Шульманның пікірінше,(1-кесте) «үш ілімнің» негізінде оқыту ретінде ұсынылуы мүмкін(Шульман,2007).Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайлардың жасалуын қамтумен қатар,сол жағдайлармен тығыз байланыста болады. Сапалы оқытуды екі тәсіл арқылы анықтауға болады.Біріншісі,оқу қызметінің нәтижесіне байланысты емес жағдайда мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе стандартына сәйкестігін, яғни мұғалім қызметінің тиімділігі оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында баға беру жүргізіледі.Бұл жағдайда баға оқыту үдерісіне тәуелді болмай,мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты болады.Оқытуды бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана сабақ беруге қарағанда көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі.Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан,оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылғанын және құзыреттілік пен шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін де саралай білу қажет.Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет.Осыған байланысты сынып туралы мәнмәтіндік қажет болды.Бұл бағдарламамен төмендегідей бағытта жұмыс жасайтын ұстаздардың жан-жақты дамуына жол ашады.
1)жаңаша ізденістермен оқыта отырып зерделей ізденетін,оқушыларға белсенділікпен қамқорлық көрсетіп,ықпал етіп,бағыт-бағдар беретін
2)әрбір оқушының пәнді түсінуін қалай құру керек екендігін ойлайтындығымен және білетіндігімен санасатын,осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын,сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдер
3)оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін білетін,бүкіл оқушылардың бұл өлшемдерге тиісті дәрежеде сәйкес келуіне қолдау көрсететін,ағымдағы білім мен «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс әрекет жасап жатырмыз?», «Одан кейін не істеуіміз керек?» деген сияқты оқушылар мойындаған табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу екенін білетін мұғалімдер
4)бастапқы идеядан басқа да идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылар зерделеп,қарастырып,жандандыра алатындай мүмкіндіктерге жол ашатын мұғалімдер.Бұл- дайын білім мен идеялар емес,оқушылардың өздері құруға қатысқан түбегейлі де тұғырлы білім мен идеялар тоғысы.
Мен тізбектелген сабақтар топтамасында оқытуды жүзеге асыруға арналған жеті модульдің бағдарламаның сыни тұрғыдан ойлауды таңдадым.Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлау» деп сиатталған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және ой елегінен өткізуді қамтиды
.Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына шараларды білу қажет:
-Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін уақыт керек.
-Оқушыларға ойланып,толғануға,ойын ашық айтуға рұқсат беру.
-Әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау.
-Үйрену барысында оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдану.
-Кейбір оқушылардан жауабының,сынының дәлелді,дәйекті болуын талап ету
-Сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Оқушының жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру,өз пікірін қалыптастыру мақсатында, әдебиеттік оқу пәнінен өткізген «Біріміз үшін бәріміз» деген сабағымдағы сыни тұрғыдан ойлауды үйретуге арналған жұмыстарға тоқтала кетейін.Топтастыру стратегиясы бойынша «Болашақта кім болғың келеді?» екі топқа ортақ сауал тасталып,оқушылар осы сауалдар төңірегінде постер құрастырады.Әр топтан бір оқушы шығып,постерлерін қорғайды.Бұл кезеңде оқушылардың сыни ойлауы артады,бір сұраққа әр түрлі деңгейде жауап беруге ізденеді. «Менмен емен жайлы ертегі» сабағында оушыларға танымдық білімдерін арттыра отырып,жүйелі ойлау қабілеттерін,тіл байлықтарын дамыта отырып,сабақта «Дана үкілер» стратегиясын қолданып,тапсырмалар бердім.Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту мақсатында берген бірінші тапсырмам, «Мәтінді оқып алып бір ауыз сөзбен жаз»,екінші тапсырмада «Мәтіннің ішіндегі ерекше кезеңді суретте»,үшінші тапсырмада «Осы мәтіннен өзіңе не аласың?», төртінші тапсырмада «Осы мәтін бойынша пікір тудыратын сұрақтар қойыңдар». Осы берілген тапсырмалар бойынша оқушылар топпен ақылдаса отырып жауап берді.Әсіресе екінші топтағы А деген оқушы бір ауыз сөзбен «Мақтаншақ» деп өз жауабын тапқырлықпен айтып берді.Екінші тапсырма бойынша бірінші топтағы С деген оқушы жапанда жалғыз қалған еменнің суретін топпен біріге отырып,шығармашылықпен бейнелеп берді.Ал,үшінші тапсырмада екі топтың оқушылары да Мигулай атай немересі Тимукқа тағылымы мол орман ертегілерін айтып, «Жалғыздың үні шықпас,Жаяудың шаңы шықпас»-деген сөздің мағынасын ұқтырып,немересін көпшіл болуға тәрбиелей білді-деп тапқырлықтарын танытты.Соңғы тапсырма бойынша бір оқушы «Еменнің уәжі қандай?» -деп оқушылардың еменге сыни көзқараспен сұрақ тастады.Оған келесі оқушы өз жауабын былайша айтты:«Бұл жерде сендерге шәлтиіп не бар осы? Менің көркімді бұздыңдар.Апырай,сендерден қалай ғана құтылсам екен. Сонда бұдан да алып,бұдан да сәндірек бола түсер едім»-деп оқушылар еменнің рөлінде ойнап өздерінің дәлелді жауаптарын бере білгені мені таңқалдырды. «Жыл мезгілдері» сабағымда оқушыларды жыл мезгілдерінің суреттерін құрастыру арқылы жұпқа бөліп алып,әр жұпқа төрт мезгілге ментальды карта құрастыруды тапсырдым.Оқушылар ментальды картаға мысалы,күз мезгілін алып оның ай аттарын,сол мезгілдегі табиғат құбылыстарымен және күзгі адам еңбектерімен байланыстырып жасап,сол карта бойынша әр жұп сыни тұрғыда ізденгендіктерін көрсетті.
Текст
Қыс мезгіліне байланысты А деген оқушы «Бес жолды өлең құрастырды»,Айта кететін болсам,
Қыс келді далаға,
Келіңдер балалар,
Сырғанақ тебейік.
Ақша қар жауып тұр,
Қызықты көрейік — деп өз өлеңін оқыды. Осыдан мен оқушылардың шығармашылықпен сыни ойлауына көп мүмкіндік туғанына көзім жетті. Көктем мезгіліне мінезі тұйық Р деген оқушы жұмбақ құрастырады:
Күн жылынды,қар ериді,
Ағаш бүршік жарады,
Бұл қай мезгіл болады?-деп ойының ұшқырлығын жұмбақ арқылы тапқырлығын көрсете білді.Тағы бір Г атты оқушыға күз мезгіліне мақал-мәтел құрастырды.Ол өз тапсырмасында,
Береке молшылық,
Табысқа кенелдік- деп өз ойын шығармашылықпен дәлелдеп түйіндеді. Осы оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы ұтқыр жауаптары мені таңдандырды. Бұрын бұл оқушылар сабаққа көп араласпай,үнсіз отыратын еді.
Келесі, «Тәтті тоқаш» атты сабағымда үй тапсырмасын бекітуде оқушыларымның сыни ойлау қабілетіне үйренгендерін бақылау мақсатында ашық және жабық сұрақтар қойдым.Сұрақтар қойған кезінде «Үй жануарларының адамға пайдасы бар ма?», «Үй жануарлары оқыс мінез көрсетеді ме?»-деген сұрақтарға оқушылардың сыни көзқараспен берген жауаптарына мен таң қалдым «Жануарлардың оқыс мінез – құлықтарын және іс-әрекеттері туралы қандай әңгімелер білесіңдер»-деген сұрағыма,Ж деген оқушы өзінің үйінде ала мысығының іс-әрекеті туралы қызықты түрде,әсерлеп әңгімелеп берді.Келесі жаңа сабағымда кубизм әдісі бойынша тапсырмалар бердім..Бірінші жұп мәтінді оқып,суреттейді,екінші жұп мәтінді баяндайды,үшінші жұп мәтінді өткен тақырыппен салыстырады,төртінші жұп «Нан дастарқанға қалай келді?» сұрақ төңірегінде егіншінің еңбегі туралы ойларын ортаға салады..Бұл кезеңде бірінші жұптағыА деген оқушы мәтінді сыни тұрғыда кейіпкерге мінездеме беріп,кейіпкердің қыңыр, қырсықтығын суреттеп берді, екінші жұптағы И атты оқушы мәтінді түбегейлі баяндап берді ,келесі жұптағы Д мәтіннің жақсы және жаман жағын сыни түрде салыстыра білді,Бұнда жақсы жағы мәтіндегі қыз бала егістікке келіп бидайдан кешірім сұрады,ал жаман жағы қыз анасына нанды жаман жемеймін,кәмпит тәтті,кәмпитті ғана жейтіні туралы айтты.Сол себептен бидай қыздың алдындағы нандарды қатырып тастады.-деп өз ойларын дәлелдеп берді.Келесі тапсырмада «Нан дастарқанға қалай келеді» суретпен жұмыста Б атты оқушы өз көзқарасын егіншінің жаз бойғы еңбектерін және дастарқанға келу себептерімен нақты дәлелдермен жеткізіп берді. Александердің (2001,2008) Диалогтік оқытуына сәйкес,сыныптың қолданбалы зерттеуін зерделер болсақ,ол диалектикалық және диалогтік педегогика тұрғысынан оқушылардың ой-пікірлері назарға болмашы ғана алынатын сыныптағы қарым-қатынастың дәстүрлі модуліне күмәнмен қарайды.Көзбен көру және ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау балаларға дәйектеу дағдыларын шынықтыруға және жеке тәсілдермен білім алуға мүмкіндік береді және формалды түрде оқуды азайтады.Олар кітап арқылы оқыту сияқты дәстүрлі тәсілдерге наразылық білдіреді және мұғалімдер білім мен зерттеу үдерістерін басқармай,бағыттап отыру үшін өздерінің рөлдерін қайта қарастыруы керек.(Мұғалімге арналған нұсқаулық.50-бет). Бір сабағымның қортындылау бөлімінде Блумның сұрақ қою өлшемін пайдаландым.Оқушыларға «Әңгіме не жайлы болды?», «Бұл әңгіменің ең қызықты жері қайсы?», «Бұл әңгімеге қосатын қандай ойыңыз бар?» деген сауалдар қойылды.Осы сауалдарға Ә деген оқушы «Бұл шығарма бір еркетотай қыз жайында,ол нанды құрметтей білмеді,сол себептен бидай оған ренжіп қалды.»-деп өз ойын зерттей отырып дәлелдеді, «Бұл әңгіменің ең қызықты жері қайсы?» -деген сауалға Ж деген оқушы «Бұл әңгіменің ең қызықты жері қыз нанды жегісі келмей жаман дейді.Бидай оған өкпелеп қалады да,қыздың алдына барған нанның бәрін қатырып тастады..Қыз қарны ашып нанды жейін десе,нанның бәрі қатып қалады.Бір күні қыз өз қателігін біліп, атаймен бірге егістік басына барып,бидайдан кешірім сұрайды.Бидайлар қызға кешірім беріп,жұмсарады ».-деп оқушылар өз ойларын сыни түрде дәлелдеп берді.«Әңгімеге қосатын қандай ойыңыз бар?» — деген сауалға Б деген оқушы былайша,,
Нан ардақты,адал ас,
Кәрі , жас одан аттамас.
Ақ дастарқан үстінде,
Қол жумай оны ұстамас – деп өзгелердің жауабын қолдай отырып, ой-толғаныспен айта білді. Келесі М деген оқушы «Нан-ас атасы дейміз.Нанға құрметпен қарауымыз керек. Нансыз жер бетінде тіршілік жоқ.Сондықтан егіншінің еңбегін бағалай біліуіміз керек.»-деп өз ойын ,бұрыннан осы тақырып төңірегінде түсінігінің бар екенін шығармашылықпен дамыта жауап берді.. Сыни тұрғыдан ойлау барынша өткізілген сабақтардағы өзімнің іс-әрекетімде оқушыларға сенімділікпен жұмыс жасау үшін:
- Бар ынтасымен оқуға берілу,
- Пікірлерді талдау,құрметтеу
Өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.Тек сонда ғана олар:
-Мен осы мәселе туралы не ойлаймын?
-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
-Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті,-деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.Сонымен қатар оқушылардың ой-өрісі,ізденпаздығы,шығармашылық қабілеттері сыни тұрғыда ойлау үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасадым және сенімділікпен жұмыс жасауға,бар ынтасымен оқуға берілуге,пікірлерді талдауға,құрметтеуге,өз пікірлерін ашық білдіруді талап ету қажет екенін білдім.Тек сонда ғана олар:
— Мен осы мәселе туралы ойлаймын?
-Осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы білетініме сәйкес пе?
— Маған бұл жаңа ойлар қаншалықты әсер етті,-деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.
Сонымен қатар оқушылардың ой өрісі,ізденпаздығы,шығармашылық қабілеттері дамиды.Әсіресе оқушылардың белсенділігі артады.
Сыни тұрғыдан ойлау сабақтарының алғы шарттары:
-Сабақты белсенді өткізіп,әр баладан еркін жауап алуға жағдай жасау үшін берілген сұрақтар түсінікті әрі жеңіл болу керек.
-Сенімділікке тәрбиелеу үшін баланың жауабын бағалау үшін бағалау парақтары арқылы өзін-өзі бағалайды,соңында суммативті бағаны өзім қоямын.
-Қиялын дамыту үшін «Менің ойымша» деген жауапқа дағдыландыру үшін оқушыларға «Мәтінді оқып алып бір ауыз сөзбен тақырыбын жаз» деген -тапсырмасында, бір оқушы «Менің ойымша бұл мәтінді «Жалғыз қалған емен» — деп айтар едім деп өзінің сыни көзқарасын,қиялын дамытты.
-Әр түрлі жауапқа бірдей қарау,жақсысын мадақтап,жаманын сынамау үшін,мен оқушыларға «Қыздың бидайға барып кешірім сұрағаны дұрыс па?» — деп сауал қойғанда А деген оқушы « Дұрыс емес» деді,қасында отырған М деген оқушы «Қыздың бидайдан кешірім сұрағаны дұрыс,себебі ол бидайды ренжітіп алды,өз қатесін білуі керек»-деді. Бұл жерде А деген оқушының жауабы дұрыс болмаса да оны байқамай, М деген оқушының жауабының дұрыстығын қостадым.
-Тіл байлығын дамыту үшін қалайда жауабын соңына дейін тыңдау негізінде оқушыларға «Кім болам?» тақырыбында эссе жаздыра отырып,соңына дейін тыңдадым.
—Жауап беруге тілек білдірмеген баланың өз еркінсіз,қинап сұрамау,кейде оқушылардың көңіл-күйінің болмауы,сол себептен бала сабаққа араласа алмайды,сондықтан ол оқушыны көп мазалауға болмайды.
— Жеке тұлға ретінде «Мен» деген рөлін көтеру,өз пікірін қалыптастыруды мен өз жұмыстарымда осы алғы шарттарды басшылыққа ала жасағанымды мақтана айта аламын.Тәжірибедегі өткізген әр сабағымда оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдай білдім,сенімділік әсерін туғыздым,ең бастысы тақырыпқа қызықтыра алғанымды түсіндім,сабақтағы ең қажетті,құнды нәтижені анықтауды ұсындым,оқушыларды топқа бөліп,ой қозғауға ,өздері қорытынды жасай алуға бағыттадым,бірлесіп жұмыс жасауға ,шешім қабылдауға,білгенін ашық ортаға салуға үйренді.Ал оқушылардан байқағаным,өз ойларын еркін жеткізе алды,жеке кейіпкерлерді талдап ,олардың іс-әрекеттерін зерттеді,тұжырымдама жасады,білімді өз бетінше іздеуге,салыстыра болжауға,өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыланды,оқушылар сабақтың басынан бастап білімді игеруге белсене кірісті,қызығушылығы артты,сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болды,өздерін-өздері бағалай алды,бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасап,пікірлерін айта, қорғай білді,айтыса білуге дағдыланды,сонымен қатар өзінің де және өзгелердің пікірі мен тәжірибесіне құрметпен қарауға үйренеді,өз ойымен,іс-тәжірибесімен,пікірлермен бөлісуге үйренеді,бұл бағыт топпен жұмыс істеуге мүмкіндік берді,жұмыс барысында оқушының өз ойын ашық,жасқанбай айтуға, басқа адамның ойын дұрыс қабылдауға үйренді.
Менің ойымша,оқыту үдерісінде мұғалім қолданатын әр іс-әрекет мұғалім үшін де,оқушылар үшін де тиімді болу керек.Әдетте қолданылатын жаңа іс-әрекет оқушылардың барлығына бірдей әсер етуі керек.Сонымен қортындылай келе,алдағы уақытта да оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында болсын,жаңа сабақ болсын,тапсырмаларды білім алу қабілеттеріне сай құрастыра отырып,сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуды басшылыққа аламын. Осы оқытудың барысында сыни тұрғыдан ойлауды енгізе отырып өз тәжірибеме көптеген жаңалықтар енгіздім. Алдағы уақытта да бүгінгі білімімді шыңдай түсе,толықтырып,оқыту барысында сыни тұрғыдан ойлауды енгізе отырып,өз тәжірибеме көптеген жаңалықтар енгіздім. Бүгінгі алған білімімді шыңдай түссе, ,оқушылардың өткен сабақтарда сыни көзқарастарының өзгеруі,өз ойларын дәлелдей білуі,берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындауы мені таң қалдырды.Сонымен мен өз жұмысымда болашақта оқушылардың сыни ойларын әрі қарай дамытуға сабағымды түрлендіріп ,іс-әрекеттерді күрделендіріп, дамытуды жоспарладым.
Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2.Бағдарлама.
3.Бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі.
[bws_related_posts]