Басы » Tәрбие сағаттары » Ұстаз — ұлы тұлға

Ұстаз — ұлы тұлға

Ұстаз — ұлы тұлға
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Білім беру, білімді қалыптастыру. Оқушыларды білімнен хабардар етіп қана қомай, оларға тың мәліметтер, беріп білімді қалыптастыру.

2. Дамытушылық:Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу.

3.Тәрбиелік: балаларды адамгершілікке, әдептілікке баулу. Ұстаздар қауымына сый құрметпен қарауына, ұстаз еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікір талас.

Көрнекілік құралдар: Буклет, ұлағатты сөздер, ұлы ұстаздардың суреті (Ы.Алтынсарин, А.Батұрсынов).

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: балалардың сабаққа даындығын тексеру.

Ұстаз-жас ұрпақтың рухани сәулеткері, қоғам, халық өзінің үміті мол болашағын тапсыратын сенімді өкілі. Олар сол сенімді ақтай отырып, зерделі де зерек, парасатты, ұлттық және адамзаттық құндылықтарды бойына дарытқан тұлғаларды тәрбиелеуде.
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев «Әрбір елдің келешегі мектебіне байланысты»деп айтып кеткенде тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Жалпы балалар, ұстаздардың еңбегін тек оқушылар ғана бағаламаған, олардың алдында ұлы жазушыларда бас иген. Сонымен қатар өздерінің өлең жырларына қосып жырлап жүрген.
Сендер балалар, осы ақын жазушылардың ұстаз жайлы жырлаған өлеңдерін білесіңдер ме? Білсеңдер қане өлең оқып жіберейік.
Балалар өлең оқиды.
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақындығы.
Азбайтұғын адамның алтындығы.
Мұғалім деген — ерекше тұлға дар шың,
Ұмытылмастай көңілде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген — аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңілінде күн болып жайнап жанатын.
Мектептің басты тұлғасы, жүрегі мұғалім. Егемен еліміздің ертеңін ойлар білімді де саналы, Отанын, туған жерін, ұлтын сүйетін ұлтжанды парасатты азаматты тәрбиелеуде мұғалімнің еңбегі орасан зор екенін баршамыз мойындаймыз. Енді алдын ала берілген тапсырма бойынша сендер үйден “Ұстаз-ұлы тұлға” деген тақырыпқа шығарма жазып келу керек болғансыңдар. (Балалар өздері жазған шығармаларын оқиды).

Проблемалық сұрақтар:
Ал, балалар бір минутқа өзімізді мұғалімбіз деп есептейік. Осы сыныпта отырғандарыңның барлығың әр пәннен беретін мұғалімсіңдер. Балалар сендерге мынандай сұрақ.
1.Сендер сабақ түсіндіріп жатқан кездеріңде артқы партада отырған балалар сендермен жағаласып сөйлесіп отыр делік. Сөйлесіп отырғанына қарамастан жан-жағын жайпап, сабақ тыңдап отырған балаға да тисіп тыңдауға мүмкіншілік бермейді. Осы жағдайда ұстаздар не істер едіңдер?
2. Сендер ұстаздар ашық сабақ өткізбекші болып жатырсыңдар. Алдын ала балаларға тапсырма беріп қойғансыңдар. Тіпті ертеңгі сабаққа қатынасатын завуч, директорады шақырып қойғансыңдар. Енді осылардың дайындығын тексеріп көрейінші деп тексерген сәтте сыныптағы балалардың көбісі дайын емес. Ертең ашық сабақ. Сыныптағы балалардың біреуі сіз берген тапсырмаңызды жоғалтып алдым десе, енді біреуі ертең сабаққа келмеймін дейді. Ал, ұстаздар осы бір жағдайда балаларға қандай шаралар қолданасыңдар.
3.Енді ұстаздар сендер балаларға диктант жаздырғалы жатырсыңдар делік. Диктантты оқып беріп, енді жазғызғалы жатқан сәтте бір оқушы тұрып, апай мен қаламсабымды ұмытып кетіппін, енді біреуі жазғым келмейді деген сәтте ұстаздар осы оқушыларға қандай шара қолданар едіңдер.

Бұл проблемалық ситуациядан щыға алдыңдар балалар.Балалаларсендер жаңа мұғалімнің рөлінде болдыңдар. Сонымен балалар мұғалімнің жұмысы оңай ма екен? Келесі кезекте мұғалімге басқаша көзқараспен қараймыз деген түйіндемеге келдіңдер ме?

“Ұстазым” әні орындалады. Бір оқушының орындауында.

Көрініс: Басқар Битанов «Үйге тапсырма».

Қатысушылар: Әкесі мен баласы.
Әкесі (сахнаға газет оқып шығады). Тә-әк… Ауа рйы… Батыстан баяу жел еседі… Баяу ескені қалай сонда? Жел де әр жерге бір тоқтап, демалып барып есетін болғаны ма? Хм!..
(Сахнаға баласы шығады. Қолында бір парақ қағазы бар. Онысын әкесінен жасырғансиды.)
Әкесі: Немене, әй, ұры ит құсап жылмаң-жылмаң етесің…

Баласы: Сабағымды тексерші…

Әкесі: Қандай сабақ?

Баласы: Үйге берілген тапсырманы.

Әкесі: Пәлі деген, сендерге де тапсырма береді екен-ау, ә! Қане, қане, әкелші бермен.

Баласы:(бір парақ қағазды ұсынып). Ұрыспайсың ба?

Әкесі: қуын қара гөр, алдын ала қорғанысқа көшеді тағы.(Бір парақ қағазды әрі-бері аударып-төңкеріп қарап, түкке түсінбейді). Әй, ноқай, мынау не?

Баласы: Ол сурет.

Әкесі: Қандай сурет?

Баласы: Мұғалім: «Өздерің жақсы танитын кісінің суретін салып келіңдер» деген…

Әкесі:Мынау кімнің суреті?

Баласы. Сенің…

Әкесі: Әй мынау менің суретім бе? Адам ба, маймыл ма мынау? Мына бір бомбы түскендей боп жатқан не қылған шұңқыр?

Баласы. Ол ауыз.

Әкесі:Кімнің аузы?

Баласы. Сенің.

Әкесі: Әй, сумұрын, менің аузым өстіп… қасқырдың апанындай боп қап па?

Баласы. Өткенде өзің ғой «Адамның аузы не, қасқырдың апаны не — бәрібір. Қолына түскенін солай қарай тасиды. Мына мен колхоздың жеті жылқы, сегіз сиырын осы аузыма сыйдырып жібергенмін» деп мақтанып едің ғой…

Әкесі:Өшір үніңді! Тсс! Тірі жан естімесін! Есуас-ау, соның бәрін мен жалғыз жедім бе?Ана шешеңнің шубасын қайдан алдық? Қарыс жерге машинамен барғың кеп дымың құрап тұрады. Ал ол машина қайдан келді? О, маубас! Ал мына даладай болып жалпайып жатқан немене?

Баласы. Бет…

Әкесі. Кімнің беті?

Баласы. Сенің.

Әкесі. Әй, менің бетім бір-ақ уыс қой. Ал мынауың стадион ғой, стадион!…

Баласы. Өткенде өзің ғой: «Адам болам десең — бетің қалың болсын. Ұялма. Пайданы көріп тұрып ұялған зиян» деп ақыл айтқан…

Әкесі. Ту-у, мынау бір кеше екен ғой-ей! Әй, мен саған сонда… Қап мынаны-ай! Ал мына салбырап тұрған немене?

Баласы. Құлақ.
Әкесі. Кімнің құлағы?

Баласы. Сенің.

Әкесі. Атаңның басы! Немене мен саған пілмін бе, жоқ әлде есекпін бе? Мына құлақтың тесігі ошақтың аузындай, желбезегі жетіп тұр ғой, ноқай-ау.

Баласы. Өткенде өзің ғой: «менің құлағым жеті қабат жердің астындағыны естиді. Ертедегі Саққұлақ менің қасымда ақпақұлақтың нақ өзі. Мен туралы кім не дейді — локатірім шиін шығармай жазып алады» деп мақтанған.

Әкесі. Ту-у, мынаған дауа жоқ екен ғой-ей. Әй, мен саған сонда.. Қап, қанды ішті-ау мынау, қанды ішті! Ал мына бір ирелеңдеп жатқан не пәле?

Баласы. Қол.
Әкесі. Кімнің қолы?Әрине менің қолым! Солай ма?! Ал ол неғып алақан жайып тұр?

Баласы: Сен көршілерден не болса соны сұрай бересің ғой…

Әкесі. Әне! Бұларға көртышқан құсап көр-жерден дүние жинасаң да жақпайсың. Ой, жарым ес!Ал мына таяқ не қылған таяқ?

Баласы. Таяқ емес — аяқ…

Әкесі. Кімнің аяғы? Менің бе?
Баласы. Иә… Өткенде колхоздың шөбін ұрлағанда… қарауылдың итіне жеткізбей кетіп ең ғой…

Әкесі. Жап аузыңды! Суретшілің мұның! Суретін салсаң, әкеңнен басқа адам құрып қалыпты ма? Ана етігін шешуге икемі келмейтін шешеңнің суретін салсаң, бетіне шешек шыға ма, а?! «Бояушы-бояушы дегенде сақалын бояды» деп… Мұғалім саған қайтсең де әкеңнің сақалын бояп кел деген жоқ шығар! Пахпах, худо-ожник!… Бері келші бері, ху-до-ожнигіңді шығарайын!…(Қуа жөнеледі).

Сабақты бекіту: Балалар бүгінгі сабағымыздан қандай ой түйіндедік?
(Балалар ойларын айтады.)
«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»-деп, ұлы Абай айтқандай, балалар ұстаздарың ешқашан сендерге үйретуден жалықпасын, сендер үйренуден жалықпаңдар деп сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *