Қызылорда облысы
Қызылорда қалалық қосымша білім беру
оқу-әдістемелік орталығы, мектепалды даярлық тобы
«Логика» пәнінің мұғалімі
Омарова Фатима Бәкірқызы
Тақырыбы: «Бояулар әлемі»
Категориясы: Логика және математика
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: түрлі түсті бояулар арқылы білімдерін тиянақтау.
Дамытушылығы: баланың есте сақтау қабілетін дамыту, тиімді әдістерді пайдаланып, баланың логикалық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Баланы түрлі-түсті бояулар арқылы сабаққа деген ынтасын арттыру, оқушылардың бір-бірінен үйренуіне ықпал жасау.
Сабақтың түрі: жаңа технология, ойын-сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: компьютер, проектор, PowerPoint бағдарламасы арқылы жасалған мультимедиялық презентация, бейнекөріністер, түрлі–түсті пішіндер, үлгі қызғалдақ, пішіндердің «Математика әлемі» «Танграм» бағдарламасы.
І. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Балалармен амандасу.
Сергіту сәті.
Амансың ба, қолдарым?
Хлоп-хлоп
Амансың ба,аяқтарым
Топ-топ
Амансың ба, беттерім
Шлюп-шлюп,
Амансың ба, мұрыным
Бип-бип
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Мұғалім:
Балалар, бізге бүгін қонаққа Асан деген бала келіп отыр. Ол жәй келмей, сұрақтарын ала келіпті. Сұрақтарына жауап береміз бе? Біз өзіміздің ақылды бала екенімізді көрсетеміз бе, ендеше Асанды тыңдайық.
Проектордан Асанның дауысы жазылған, мультимедиялық презентация көрсетіліп тұрады.
Асан: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге бүгін қонаққа келдім. Сендерді ақылды бала деп сонау жерден естіп келдім. Сендерге көптеген сұрақтар ала келдім.
1-сұрағым:
Суретке мұқият қараңдар. Суретте 4 түрлі түсті машиналар берілген. Атап айтайықшы: жасыл, қызыл, көк және сары. Мен қазір бір машины алып тастаймын. Сендер қандай түсті машинаны алып тастағанымды айтасыңдар.
- Жасыл.
- Жарайсыңдар.
Осылай 2-3 түсті жасыру арқылы сұрақ қойдым.
2-сұрағым. Күнді қандай түспен бояуға болады?
- Сары
- Ол түстердің қай жағында орналасқан
- Ортасында
- Қасында қандай түстер бар, ата
- Жасыл, көк.
3-сұрағым: Бесік арба қандай түстерден құралған.
- Қызыл, көк
- Баланың қызығушылығын арттыру үшін осы сұрақтарды видеоролик есебінде дауыс жаздыртып көрсеттім.
- Жасыл түсті машина гараждан нешінші болып шықты.
- Көк түсті машина гараждан нешінші болып шықты.
- Қызыл түсті машина гараждан нешінші болып шықты.
- Сары түсті машина гараждан нешінші болып шықты.
Жарайсыңдар балалар! Сендер өте ақылды екенсіңдер. Сабақты жақсы оқып, азамат болып өсіңдер. Келесі кездескенше сау болыңдар.
Физминутка (жаттығу жасалады)
Сергіту сұрақтары:
- Қай ағаш биік
- Қай қарындаш жуан
- Кім үлкен?
- Бесік арба қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған.
Кішкене сергіп алдық. Енді сабағымыздың екінші бөлімі «Ойлан, тап» ойынына келеміз.
Ойынның шарты: Екі құмыраны аламын, ішіне бір кубикті жасырамын. Бір құмыраның сыртына « крестик» белгісін жазып қоямын. Оның не белгі екенін әзірге балаларға айтпаймын, себебін өздері түсінуі қажет.
Мұғалім: Мен көк кубикті алып, екі құмыраның біреуінің ішіне жасырамын. Көзімізді жұму үшін партаға жатамыз. (Кубикті жасырамын). Басымызды көтереміз, енді сұрақ.
Сұрақ: Қай құмыраның ішіне көк кубикті жасырдым. Асықпай, ойланып жауап береміз.
- Мына құмырада.
- Неліктен ол құмырада деп ойлайсың.
- Өйткені, ол құмырада ешқандай түс жоқ деген сызық тұр.
- Жарайсың, өте дұрыс айттың.
Кей оқушылар осыны өздері ойлап, бірден көк түсті кубик жасырған құмыраны айтып берді. Себебін түсіндірді. Кейбір түсінбеген балаларға төмендегі белгіні түсіндірдім.
Мұғалім барлық балаға қарап:
- Қалай ойлайсыңдар, мына белгі нені білдіреді.
- Бұл көмек.
- Осы көмек арқылы қай құмыраның ішіне жасырынғанын білуге болады.
Енді осылай үш құмыраға екі түсті кубиктерді жасырамын.
Осылай бір-екі рет ойнатуға болады.
Сабақты бекіту.
Проектордан қызғалдықтың үлгісі көрсетіліп тұрады. Балалар алдарында тұрған түрлі-түсті пішіндерден үлгіге қарап отырып гүлді құрастыру қажет.
Қорытынды. Бағалау.
Белсене қатысқан балаларды бағалау. Күнделіктеріне смайлик жапсыру.
[bws_related_posts]