Басы » Баяндамалар » Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі

Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі

Алматы облысы                                                                             Балқаш ауданы                                                                                Балатопар ауылы                                                                        

№2 Жамбыл атындағы   орта мектептің

 бастауыш   сынып  мұғалімі

Салимова Жамал

Дуальды жүйемен оқытудың жетістігі

жамал    Елбасының « Ұлт жоспары   — «100 нақты қадам » техникалық және кәсіптік білім саласының алдына үлкен жауапкершіліктер мен келелі міндеттерді жүктеп отырғаны баршамызға аян .  «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеяларын ілгерілетуге индустрияландырудың және « Қазақстан -2050 » стратегиясын жүзеге асырудың мемлекеттік саясаты талаптарына жауап бере алатын жұмысшы және кәсіптік – техникалық мамандықтардың артықшылықтары мен танымдылығын насихаттау» бүгінде басты мақсатқа айналды.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде түбегейлі өзгерістер жасалып жатқанына да біраз жылдар болды. Десек те Елбасының « Ұлт жоспары -100 нақты қадамының » барлық оқу орындарының алдына үлкен міндеттерді жүктеп, бәсекелестік тұғырында салиқалы қадамдарға аяқ басу қажеттілігін баса айтты.

« Жаңа білім беру бағдарламалары, инавациялар және біліктілік тәсілдемесі » деген тұста білім алушыларымыздың бойына мамандықтың  қыр – сырын үйретіп қана қоймай, оны өмірдің кез келген жағдайында қолдана білуге бейімдеуіміз қажет.

Мәңгілік Ел идеясы құндылықтарын бойына сіңірген  ұрпақ Отан алдында адал еңбек етіп, еліміздің армандап өсу жолында зор мүмкіндіктерді тудырады деген сенімдемін.

« Колледж бен кәсіпкерлер арасындағы әлеуметтік серіктестікте дуальды жүйені дамыту жолдарын қалыптастыру және білім алушыларымыздың теориядан алған білімдерін практикалық тұрғыда дамыту » жолдары.

Студенттер мен кәсіпкерлер арасына жүйелі байланыс орнатуды , мұғалімдер дуальды оқыту жүйесінің оларға тиімді тұстарын атап, қажетті маман дайындау жолдарынан заманауи тұрғыда білім беру.

Дуальды оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – техникалық кәсіптік оқу орындарының жұмыс беруші және секторлардағы өндіріс, шаруашылық мемлекеті  мен серіктестік ретінде бірлесе отырып нарық заманында бәсекелестікке төтеп бере алатын жаңа иновациялық – техналогиялық бағдарламаларды меңгеруге дайын жұмысшы мамандықтар даярлау. Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғарғы білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда.

Сондықтан да дуальдық жүйе маман даярлауда өндіріс, білім алушының және мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған кәсіптік білім берудің түрі болып саналады .

Кәсіпкерлікті дамытуда шағын және орта бизнестің қарқынын күшейтуде алға қойылған барлық міндеттерді орындау үшін жоғары білікті техникалық білім берудің қолданыстағы жүйесін толығымен дуальды білім беру жүйесін шешу.

Әрбір адам өзін – өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек. Әрине сол өндірістік оқыту шеберінің үлкен еңбегінің арқасында жүзеге асатын процесс.

Елбасы : « Білім ең бірінші кезекте ұлттық эканомиканың мамандарға деген сұранысын барынша өтеуге бағдар ұстау керек » деп нақты мақсат қойды. Сондықтан техникалық және кәсіптік білім саласы қажетті және бәсекеге қабілетті мамандар дайындауы қажет.

[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *