Алматы облысы
Балқаш ауданы
Балатопар ауылы
№2 Жамбыл атындағы орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі:
Салимова Жамал
Сабақтың тақырыбы: Омонимдер Мақсаты: Омоним туралы тақырыпты саналы түрде меңгереді. Сөздердің мағынасын ажырата біледі. Күтілетін нәтиже:Омоним сөздер туралы біледі . Сөздердің мағынасын ажырата алады. Модульдері: АКТ (ақпараттық коммуникативтік технология), СТО (сын тұрғысынан ойлау), ОҮБжОБ (оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау), ДО (диалогтік оқыту) Деректер:тақта, стикерлер, постерге арналған қағаздар, маркерлер, бағалау парақтары
Әдіс- тәсілдер: Ребус, Миға шабуыл, Суреттер сөйлейді, Аквариум әдісі, Бес жолды өлең
Сабақ кезеңдері | Тапсырма | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс-әрекеті |
Білу
Қызығушы лық тарын ояту |
Үй тапсырмасы «Ыстық орындық»әдісі арқылы сұрақ -жауап ұйымдастыру | Үй тапсырмасын тексеру мақсатында үйге берілген тапсырмаларын ортаға шығып талқылайды | Ыстық орындық әдісімен топтар сұрақ қою арқылы үй тапсырмасына шолу жасайды.
|
Түсіну | Ребусты шешу арқылы жаңа тақырыпты ашады | Ребусты шешу арқылы пікірлер ағашын толтыру (стикермен) | Мұғалім берген тапсырманы орындау. «Пікірлер ағашы» ойыны бойынша ағаш бұтақтарына стикерге жазып ілу |
Қолдану | Аквариум әдісі арқылы тақырыпқа тапсырмалар пайдалану | Оқушыларға тақырып төңірегінде тапсырма таратылады,тапсырманы топ ішінде топпен талқылату. Топ ішінен бір сарапшыны тағайындап басқа топтарға түсіндіреді, қайтадан өз топтарына барып түсінгендерін түсіндіреді. | Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырманы өздері талқылап, өз ой-пікірлерімен санаса білуі, топпен жұмыс жасауы. |
Сергіту сәті | «Балапандар биі» атты жаттығу жасау | Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау | Интербелсенді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
Талдау | Суреттер сөйлейді» Постер қорғау | Әр топқа тапсырма беру және 3 топқа суреттер таратып беру. | Суреттер бойынша суреттегі омоним сөздерді тауып, ойларын қағазға жазады, түсініктерін ортаға шығып айтады. |
Жинақтау | Синквейн әдісі
(Бес жолды өлең) |
1.Тақырыпты сипаттайтын бір сөз (зат есім) 2. Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім) 3. Тақырып бойынша әрекетті білдіретін үш сөз (үш етістік) 4. 4 сөзден тұратын, тақырыпқа қатысты сөйлем немесе сөз тіркесі. 5. Тақырыптың мәнін тағы да бір рет ашатын бір синоним сөз. | Топтар өзара ақылдасып омоним сөздерді қатыстырып жолды өлең құрастырады оны ортаға шығып оқиды, ойларын жинақтайды |
Бағалау | Өзін-өзі бағалау Бағдаршам арқылы бағалау, Бармақпен бағалау | Бағалау парақшасы мен бағалау шкаласын тарату | Өзін- өзі бағалау, бір-бірін топпен бағалау |
Рефлексия | Мен нені үйрендім? Маған не қиын болды? Не үйренгім келеді? | Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну | Ұсынылған стикерді толтыру |
[bws_related_posts]