Маңғыстау облысы
Маңғыстау ауданы
Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Жулдыз Махсотова
Сабақтың тақырыбы:Сын есім
Мақсаттары:
Сын есім туралы толық білім беру, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сабаққа ынта- ықыластарын арттыруға көңіл бөлу, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.
Дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту.Байқағыштыққа, сауаттылыққа, жазу каллиграфиясын, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру,
Тәрбиелілігі: Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа баулу.
Сабақтың әдісі:Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмыстары.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.
Қазақ тілім –өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
— Міне, балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен, олай болса, қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрейік.
- Өткен сабақты қайталау.
- Топ.Зат есім деген не?Сұрақтарын ата, мысал келтір.
- Топ.Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.
- Топ. Дара және күрделі етістіктер дегеніміз не? Мысал келтір.
- Заттарды сипатта.
- Мынау не? АЛМА
- Түсі қандай? ҚЫЗЫЛ
- Көлемі қандай ? ҮЛКЕН
- Дәмі қандай? ТӘТТІ
- Иісі қандай? ЖҰПАР
- Бүгін біз сөз табының тағы бір түрі яғни заттың белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерімен танысамыз.
- Оқулықпен жұмыс.
407- жаттығу.
- Топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.
- Топ. Қарамен жазылған сөздерді оқу.
- Топ. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.Ол сөздер нені білдіреді?
Сын есім туралы ережені оқу, оқушыға оқыту.
- Дәптермен жұмыс.
408- жаттығу. Мақалды жатқа жаз.
Жақсы адам-елдің ырысы,
Жақсы жер- жанның тынысы.
- Топ. Сын есімдерді табу.
- Топ. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.
- Топ. Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Сергіту сәті
409- жаттығу.Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.
Қой-жуас мал. Қалың орман тұнжырап тұр.
Анам қалың шұлық тоқып берді.Ауылдың жолы тегіс.
410-жаттығу.(ауызша орындалады)
Бағандағы сөйлемдерді салыстыру.сын есім не үшін қажет екенін дәлелдеу.
Оның құлағы, құйрығы және жүні бар. | Оның ұзын құлағы, қысқа құйрығы және жылы жүні бар .Жазда жүні сұр, ал қыста ақ болады.
|
Жауаптары:
Екінші бағандағы сөйлем сын есім болады.Өйткені сөйлемнің толық мағынасын ашып тұр және қандай? деген сұраққа жауап беріп тұр.
- Сабақты бекіту.
- Топ. Сызық арқылы сын есімді өзіне тән зат есіммен тіркестіріп жаз.
- Топ. Зат есімге бірнеше сын есім жаз.
- Топ. Семантикалық карта.
VII. Бағалау
VIII. Үйге тапсырма 411-жаттығу
Сөздер | Зат есім | Етістік | Сын есім | Сан есім |
Түйе | ||||
Ұзын | ||||
Төрт | ||||
Әдемі | ||||
Жиырма бес | ||||
Ойнап жүр | ||||
Жазды |