Павлодар облысы
Павлодар қаласы
№7мектеп –гимназия
Мұғалім: Рустемова Г.А.
Сабақтың жоспары
Пән Дүниетану
Сынып 3А
Сабақтың тақырыбы Қазақстан – егемен ел
Сабақтың мақсаты:
- Жаратылыстану білімдері бойынша функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
- КЛАСС Жер және Әлем
- Подкласс– мақсаты қоршаған орта
Оқу тапсырмалары
1-деңгей
«Егемен» сөзіне берілген сөздердің ішінен мәндес сөзді тауып жаз.
Үлкен, кең-байтақ, тәуелсіз, көрікті, тату.
2-деңгей
Егемен елдің белгілерін анықтап, сызба түрінде көрсет.
3-деңгей
Қазақстан- егемен ел екенін қорытынды жаса.
4-деңгей
Балалар құқығы туралы заңнан сен қандай құқықты пайдаланасың, соны дәлелдеп жаз.
5-деңгей
Қазақстанның азаматы қандай болу керек, қандай міндеттерді орындау керек, соған ереже құрастырып ұсын.
Сабақтың жоспары
Пән Дүниетану
Сынып 3А
Сабақтың тақырыбы Мемлекетттік рәміздер
Сабақтың мақсаты:
- Жаратылыстану білімдері бойынша функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
1.1 КЛАСС Жер және Әлем
1.1.1 Подкласс– мақсаты қоршаған орта
Оқу тапсырмалары
1-деңгей
Мемлекеттік рәміздерді анықта.
2-деңгей
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Герб қандай жерлерге орналастырылады
3-деңгей
Мемлекеттік Гимн қай кезде орындалады? Неге оны елдің әр азаматы білуі тиіс?
4-деңгей
Жиында Мемлекеттік Гимн орындалғанда сен өзіңді қалай ұстауын керек туралы ереже құрастыр.
5-деңгей
Мемлекеттік рәміздер не үшін керек екенін дәлелдеп жаз.
Сабақтың жоспары
Пән Дүниетану
Сынып 3А
Сабақтың тақырыбы Қазақстанның Қарулы күштері
Сабақтың мақсаты:
- Жаратылыстану білімдері бойынша функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
1.1 КЛАСС Жер және Әлем
- Подкласс– мақсаты қоршаған орта
Оқу тапсырмалары
1-деңгей
Ребусты шеш. Қазақстан әскері қашан құрылды?
2-деңгей
Сызбаны толты
3-деңгей Ұлы Отан соғысы кезіндегі және ертедегі батырларды таңдап жаз.
Ұлы Отан соғысы батырлары:______________________________________
Ертедегі батырлар: ________________________________________________
4-деңгей Берілген сөздерді сәйкестендір
18 жасқа толған әрбір ер замат өз елін кез келген қауіп-қатерден қорғауға қабілетті
Президент гвардиясы бітімгіршілікпен айналысады
Орталық Азия батальоны әскерде қызмет ету – құрметті міндеті мен қасиетті борышы
5-деңгей
Сенің Отанына қауіп төніп тұрса, сен не істер едің?
Сабақтың жоспары
Пән Дүниетану
Сынып 3А
Сабақтың тақырыбы Ақ күрішті аймақ
Сабақтың мақсаты:
- Жаратылыстану білімдері бойынша функционалды сауаттылығын қалыптастыру.
1.1 Жер және Әлем
- қоршаған орта
Сабақтың мақсаты: 1. Бағалы астық дақылы туралы білімдерін кеңейту, ақ күріштің атасы
Ы. Жақаев туралы мәлімет беру.
2. ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық жұмысқа белсенділігін арттыру.
3. Күрішшілер еңбегін бағалау, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан физикалық картасы, үлестірме карточкалар.
Сабақта қолданылған әдістер: топтастыру, бес жолды өлең, эссе,
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, биология, география, тарих.
Сабақ барысы:
- 1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық:
Амансың ба, жер ана,
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба, достарым,
Сәлем бердік сіздерге.
Қызығушылықты ояту: Жұмбақ жасыру. (1 – деңгей)
- Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында нан бар. (бидай).
2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас. (күріш)
- Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс ( жүгері)
4. Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды. (күнбағыс)
Дәнді дақылдар түрлері (қарақұмық, арпа, бұршақ, күріш, сұлы, бұршақ, бидай), жалпы дәнді дақылдарға не қажет? Ортақ сұрақ қойып, кластер құрғызу.
АУА СУ ЖЫЛУ ЖАРЫҚ
МИНЕРАЛДЫ ҚҰНАРЛЫ ТОПЫРАҚ ТҰЗДАР
Біздің елімізде күрішті қай өсіреді?
Қызылорда облысы — Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Орталығы — Қызылорда қаласы. Ежелгі жерде өмір сүрген Қорқыт баба, Әйтеке би, Жанқожа, Бұхарбай, Тоғанас батырлары халықтың мақтанышы. Облыста 7 аудан бар.
3. Жаңа сабақ
а) Бүгінгі күннің тақырыбы хабарланады.
Күріш дәнінен спирт, крахмал алынады, сыра дайындалады, сабанынан қағаз жасалады. Кебегі – мал азығы, одан жоғары сапалы май алуға болады.
Дән атасы Ыбырай Жақаев туралы мәлімет (1891, Қызылорда облысы Шиелі ауданы — 19. 9. 1981 жылы қайтыс болды) — әйгілі күріш өсіруші, Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы “Қызыл Ту” (кейінгі Ы. Жақаев атында) кеңшарының звено жетекшісі болған. Ол бірінші болып күріш егісін жоңышқа атызына орналастырды.
ә) Мәтінмен жұмыс.
Сызбаны толтыр
Сергіту сәті:
Жел соқты,
Жел қатты — қатты соқты,
Найзағай жарқ етті,
Жаңбыр жауды, күн ашылды.
- Бекіту
а) Сөздерді топтастыр.
Палау, баскиім, сазан, тон, көксерке, ботқа, шолақ тон, кеспе, тұқы, нан.
ә) Күрішті неге суға отырғызады?
б) Сен аспаз болсаң, күріштен не жасар едің?
- Қорытынды
Үйге тапсырма:
Аты-жөні ________________________________________________
Оқу тапсырмалары
1-деңгей
Жұмбақтарды шеш.
- Ұзын мұртты сарылар,
Қойынында нан бар. ____________________ 2. Алыстан көрсең ақ тас,
Жақыннан көрсем – дәмді ас.______________
- Түскенде салқын күз,
Жинадық алтын тіс.____________________ - Күннен көзін алмайды,
Өзгемен ісі болмайды. ___________________
2-деңгей
Сызбаны толтыр
3-деңгей
Сөздерді топтастыр.
Палау, баскиім, сазан, тон, көксерке, ботқа, шолақ тон, кеспе, тұқы, нан.
______________________ __________________ _______________________
______________________ __________________ _______________________
4- деңгей
Күрішті неге суға отырғызады?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
5 – деңгей
Сен аспаз болсаң, күріштен не жасар едің?
________________________________________________________________________________________________________________________________________________