Оңтүстік Қазақстан облысы
Ордабасы ауданы Бадам ауылы
А.Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектебі
Орындаған: Нұрбекова Ш.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның XVIII ғасырдағы әлеуметтік –экономикалық және саяси дамуы.
Сабақтың білімділік мақсаты:
- Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жинақтап қорытындылау, қайталау, өткен материалдарды пысықтау.
- Оқушылардың танымдық ойындары арқылы пәнге қызығушылықтарын арттыру, топпен жұмыс жасауға үйрету, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
- Еліміздің тарихын меңгерту, ұлы тұлғаларымызды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс сұрақ-жауап.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
1.Оқушылармен амандасу.
- Кезекші көмегімен қатысымды тексеру.
- Тренинг арқылы оқушыларға сәттілік тілеу.
Оқушыларды топқа бөлу, «Сырым», «Абылай», «Әбілқайыр»
Сайыс кезеңдері:
- Зымыран сұрақтар (сұрақ-жауап)
- Араласқан оқиғалар стратегиясы (Глоссарий)
- «Математикалық есеп»
- «Тұлғаны таны»
- «Сиқырлы әріптер»
- «Ассоциация құру»
І. «Зымыран сұрақтар» кезеңі бойынша 3 топқа сұрақтар беріледі. Жауап бере алмаған топтың сұрағына қарсылас топтары жауап бере алады. Барлығы 30 сұрақ. Әр топқа 10 сұрақтан беріледі.
1-топтың сұрақтары:
- «Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама оқиғасы қашан боды?» (1723-1727 ж.ж)
- Қазақ хандығының тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген мемлекет. (Жоңғария)
- Сырым Датұлы бастаған көтеріліс қашан болды. (1783-1797)
- «Қырғыз-Қайсақ даласы күнделік жазбалар» атты еңбектің авторы? (Н.П.Рычков)
- Тәуке хан ұйымдастырған 1713 жылғы жиын қай жерде өтті. (Қарақұм)
- Ор бекінісінң негізі қай жылы қаланды? ()1735
- 1731 ж 19 ақпанда Кіші жүзді Ресей империясына құрамына қабылдау туралы ұсынысты жеткізген қазақ елшілері. (С. Қойдағұлұлы мен Қ.Қоштайұлы)
- Е.Пугачев бастаған көтеріліс қашан болды. (1773-1775 ж)
- Абылайдың өмір сүрген жылдары (1711-1781 ж.ж)
- Әбілқайырды өлтірген сұлтан (Барақ)
2-топтың сұрақтары:
- Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан батыр. (Наурызбай)
- 1729-1730 ж қандай оқиға болды? «Аңырақай шайқасы»
- Қазақтан «ант» алу үшін Ресейден келген елші. (Тевкелев)
- Сырым бастаған көтеріліс неше жылға созылды? (14 жылға)
- Мұқағали Мақатаев қай батырға арнап дастан жазды? (Райымбек батыр)
- Абылайды зерттеген қазақ ғалымы? (Ш.Уалиханов)
- Кіші жүздің Ресейге қосылуын қалаған хан. (Әбілқайыр хан)
- 1748 ж. Әбілқайыр өлімінен кейін патша үкіметі Кіші жүздің ханы лауазымына кімді бекітті? (Нұралы)
- 1731 жылы Кіші жүздің Ресей империясының қоласытына өтуі туралы Жарлық Громатаға қол қойған ресей патшасы? (Анна Иоанновна)
- Абылай ханның Жоңғар тұтқынында болған жылдары? (1743 ж)
3-топтың сұрақтары:
- «Қалмақ қырылған шайқасы» қашан боды? (1723 ж немесе 1728 ж)
- 1723 ж. Жоңғардың 70 мың әскерін бастап қазақ жеріне енген қоңтайшы (Цеван Рабтан Р)
- 1724-1725 ж.ж.жоңғарлар қай қалаларды басып алды? (Түркістан мен Ташкент)
- Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшандарының саны қанша? (29)
- Сырым Датұлы бастаған көтеріліске қай жүз қатысты? (Кіші жүз)
- Кіші жүзде хандық билікті жоюға ырысқан, ресейлік әкімшілік билік орнатуда реформа енгізген кім? (О. Игелсьтром)
- «Дала Демосфені» атанған кім? (Сырым)
- «Көмекей әулие» атанған жырау? (Бұқар жырау(
- Жекпе-жекте Абылай жоңғардың қай батырын жеңді? (Шарыш)
- Жоңғар хандығының құлаған жылы? (1758 ж)
ІІ. «Араласқан оқиғалар» стратегиясы
1729 ж. Ақтабан шұбырынды
1731 ж. Қабанбай
«Елім-ай Абылай
«Дарабоз» «Аңырақай шайқасы»
1771 ж. Әбілқайыр
ІІІ. «Математикалық есеп» ойыны
(3200:2)+123=1723 ж.
(1800+700)-727=1773 ж.
(4500:2)-479=1771 ж.
(5462-2000):2=1731 ж.
(620+230)+(250*2)+78=1428
(680:40)*(255-138)=1989
(280+320*3)-840=960
(253*9-860)+(500+75)=1992
(48*13)+(770+585)=1979
(200*10)-188=1812
(850*3)-(285+272)=1993
- «Тұлғаны таны» ойыны.
- «Қанішер Абылай», «Түркістан», «Тәуелсіздік», «Ш. Уалиханов» (Абылай хан)
- Қожа Ахмет Йассаут кесенесінде жерленген батыр, қолбасшы (Бөгенбай батыр)
- Ағылшын суретшісі Джон Кэстл кімнің портретін салды? (Әбілқайыр)
- «Нарбала», «Дарабоз» атанған батыр? (Қабанбай)
- Мағжан Жұмабаевтың дастанының кейіпкері болған атақты батыр? (Баян батыр)
- 1731 ж. 10 қазанда Кіші жүздің бір бөлігі Ресейдің қол астына өту үшін ант қабылдады. Әбілқайырмен бірге ант қабылдаған табын руынан шыққан батыр? (Бөгенбай батыр)
- «Сиқырлы әріптер» ойыны
— А) Бұл оқиға тарихта «Қайың сауған» деген де атпен белгілі. Өйткені халық өлмей тірі қалу үшін қайыңның сөлін ішкен дейді? Бұл қай кезең еді? («Ақтабан шұбырынды»)
-Ә) Абылайдың шын есімі? (Әбілмансұр)
-Б) Жоңғар шапқыншылыға қарсы бүкіл жауынгерлік жасақ құру жөнінде кім шешім қабылдады? (Бөгенбай батыр)
-Д)1500 қазақ әскерімен қазақ ауылдарын ойраңдап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кеткен қазақ атаманы? (Донсков)
-Ж) Қазақ жеріне шығыстан қауіп төндірген мемлекет. (Жоңғария)
-З) Пугачевпен Усиха өзені маңында кездескен Нұралы ханның өкілі кім еді? (Зәбір молда)
-Қ) «Қалмақ қырылған» шайқасы болған жер? (Қара сиыр)
-Р) Қазақстанда отарлау саясатын жүргізген мемлекет? (Ресей)
-У) Абылайдың бас мирасқоры (Уәли сұлтан)
-О) 1726 ж Қазақстанның Оңтүстік өңірінде тау етегінде барлық қазақ жасақтары жиналды. Сол тау қалай аталады? (Ордабасы)
-Ы) 1731 ж. орыс елшілері келгенде Әбілқайырдың ордасы қай жерде болды? (Ырғыз өзені бойында)
-Ц) Қытай мемлекетінің басқаша атауы? (Цинь)
VІ. «Ассоциация құру»
«Абылай», «Әбілқайыр», «Сырым» осы тұлғалар бойынша әр топ ассоциация құрып, осы тұлғаларға қатысты өз білгендерін айтады.
Сабақ соңында ұпайлары есептелініп, жеңімпаз топ анықталды.
VІІ. Оқушыларды бағалау.
VІІІ. Үйге тапсырма: Бөлімді қайталау
-Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар
[bws_related_posts]