Басы » Ғылыми жобалар » Жеті санының қасиеті

Жеті санының қасиеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылыми министрлігі Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі
№26 Жамбыл Жабаев атындағы орта мектеп
Ғылыми жұмыс
Тақырыбы: « Жеті санының қасиеті»

Ғылыми жобаның авторы:Жубатқан А.А

Ғылыми жобаның жетекшісі:Айымбетова Р.Ж

Мазмұны

ІКіріспе

ІІ.Зерттеу бөлімі

І.7 санының қасиеттері

ІІ.7 санына байланысты қазақ аспаптары

ІІІ.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қас

иеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін

сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету.

Мақсаты мен міндеті

– Қасиетті сандармен танысу.
– Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру.
– Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету.
Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу.
Кіріспе

Баяғы замандардан бері “7” саны халқымыздың  ұғымында киелі сандардың бірі ретінде қалыптасып,халықтардың салт-дәстүрлері мен дүниетанымызда өзіндік, ерекше орын алып, әсерін тигізумен келе жатыр. Қазақ ұғымында жетінің киелі сипатқа ие екендігін ерте байқаған және оның себебін түсіндіруге тырысқан ғалымдар көптеп саналады. Олардың басым көпшілігі қазақ ұғымындағы 7-нің киелі мән алу себебін өзге халықтар мәдениетінен іздейді, атап айтсақ, араб-парсы мәдениетінің әсерінен деп қарау орын алған.  7 санының киелі сипат беруі дүниедегі көптеген халықтарға тән құбылыс. Мысалы, ол Ислам дінінде де киелі сан болып есептелінеді. Ислам дінінің қасиетті кітабы “Құран”- да “жер бетіндегі нәрсенің бәрін сендер үшін жаратты. Оған жеті қат аспанды үлестірді”, — деген сөз бар. Яғни,”аспан – жеті қабат” деген ұғым

ислам дінінде де бар. Сол Құранда, “Мұхаммед пайғамбарды жыл санауымыздың 621-жылы 7-айдың 27-күні түнде елшімен бірге жеті қабат аспанды аралайды. Соңынан ол осы түнді ислам дінінің Мереке күні – Мирад деп белгілейді. Ислам дінінің қасиетті мекені Меккеге барғанда, ел сағат тіліне қарсы бағытта жүріп Сафа тауынан Маруа тауына жеті барып, жеті келеді;онан соң Минаға барып, бір тас діңгекке жеті тас лақтырады”. Христиан дінінде де “Христос жетінші күні аспанға ұшып барып, жетінші күні қайта дүниеге келеді” деген уағыз бар. Үнді Мәдениетінде де “жеті” киелі сипат алған сандар қатарына жатады. “Жеті жан”, “жеті мүше” ұғымын көне Үнділер таратқан. Бұдда дінінің ертедегі әдебиет нұсқаларында “жеті”-ге байланысты құбылыстар көп кезігуде. Бұл туралы Француз ғалымы Лев Болер “Алғашқы адамдардың ойлауы” деген еңбегінде былай дейді: “Біз сонау ертедегі Үнді мәдениетінің

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *