Басы » Кембридж бағдарламасы » ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ қазақ халқының шаруашылығы

ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ қазақ халқының шаруашылығы

Қысқа мерзімді жоспар

 

 

Қазақстан тарихы   7-сынып Сабақ №2  

 

ТАҚЫРЫБЫ ХҮІ-ХҮІІ ғ.ғ   қазақ халқының  шаруашылығы

 

Мақсаты Өз елінің тарихын білуге, Қазақ  халқының   шаруашылығы. қолөнері жайлы  білімдерін арттыру
Нәтижелері   Қазақ халқының    шаруашылығы, қолөнері   жайлы   толық мағлұмат алып,  білімдерін, сөйлеу дағдысын дамытады
 

Кезеңдері

 

Мұғалім іс-әрекеті

 

Оқушы іс-әрекеті

І.Қызығушылықты ояту

Білу. 5-мин

Өткен сабақты естеріне түсіреді. Хан мағынасын жан-жақты ойланып біледі.

 

 

1.      Сыныпқа психологиялық  дайындық жүргізу

2.      Сергіту сәті . «Қара жорға»

3.      Сандар арқылы топқа бөлу

4.      Қазақ халқының шаруашылығы, қолөнері, көшпелі өркениет  жайлы түсінік беру

Американдық  профессор   Эдвард де Бононың

 « Ойлаудың алты қалпағы» технологиясы  жайлы қысқаша түсіндіріп өту,

    Ханның  мағынасын ашу    «Миға шабуыл»

 

1)  Ақ қалпақ. (тарихи фактілерді жаңа мәліметтерді объективті санамалау)

2) Қызыл қалпақ. (зерттелетін материал жекелей талдау жасау)

 

3) Қара қалпақ. (теріс салдары проблемаларды бөліп қарастыру)

 

) Сары қалпақ. (барлық оң атаулыны жинақтау)

 

5) Жасыл қалпақ. (зерттелетін нәтижелерді шығармашылық формада ұсыну)

 

6) Көк қалпақ.

(оқу материалы жалпы рефлексті ойларды, идеяларды, тұжырымдарды қалыптастыру

 

 

 

Оқушыларды  түрлі сандар  арқылы

4-топқа бөліп орналастыру

Магнитті смайликтер

 

 

 

 

Интерактивті тақтадан  слайдтардан фрагменттер көрсетіледі

Тақырыпқа сәйкес постер жасату

 

.

 

Маңызды дағдыларды және түсініктерді дамытады

 

Топ болып бірігіп , тапсырманы орындайды.

 

Теориялық  сұрақтарға жауап береді

ІІ.Мағынаны тану

Түсіну 8-10 мин

 

XV-XVII ғасырларда қазақ халқының    шаруашылығы   жайлы мағынаны ашу

XV-XVII ғасырларда қазақ халқының    шаруашылығы   жайлы  түсіндіріп өту

1. Бейнефильм көрсету

2.  «ХҮ-ХҮІІ ғғ Қазақ халқының шаруашылығы»   тақырыбында  слайд

1.Қазақ халқы   қандай    мал шаруашылығымен айналысты?

(Мал шаруашылығымен айналысқан қазақтар далалық өңірлерде қой, жылқы, түйе және сиыр өсірді..)

2.      Жайылым түрлері Мал – жылдың төрт маусымында табиғи жайылымдарда бағылды

жаздағы жайлау, қыстағы қыстау, көктемдегі көктеу, күздегі күзеу.

3.      Егіншілік қалай дамыды? Оңтүстік Қазақстан өңірінде  Қазақ хандығы тұсында  дәстүрлі егін шаруашылығы үздіксіз өркендеп отырды.

Сырдария Арыс, Шу, Талас өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы жақсы жолға қойылды.

4.      Қазақ халқының қолөнері         

Тұрмыс тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды

XVII ғасырда Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы ақша айналымы теңге емес, жуан сымнан кесіп алу арқылы жасалған шағын мыс кесектер түріндегі ақшаның болуымен ерекшеленеді

 

Интерактивті   тақтамен жұмыс, слайдтар

Мәтіндер мен құжаттарды

оқып танысады

 

Постер  қорғайды

 

 

 

Қолдану. 8-10мин

Қолөнер жайлы  жұмыс   кезінде АКТ  пайдаланып

( ұялы телефонды яндекс , гуугл т.б)

қолдану

 

Қазақ қолөнері  қалай дамыды  ?

1-топ Үй кәсібі, киіз, жүннен жасалған бұйымдар

2-топ  Ағаштан жасалған бұйымдар

3-топ  Темірден жасалған бұйымдар

4-топ  Әшекей бұйымдар

.               Үй кәсібі мен қолөнер дамыды. Өрмек тоқу, тері илеу өнері, қойдың жүнінен шидем, түйенің жүнінен шекпен тоқылды. Ұсақ мал терілерінен тон-шалбар, жарғақ киім жасалды. Ірі қара терілерін илеп, кебіс-мәсі, саптамалар тігілді. Торсық, саба істелді. Киіз басу, текемет, сырмақ жасауға қой жүнін пайдаланды. Мүйізден қасық, түйме, шақша жасады.

Едәуір кең тараған қолөнер ұсталық еді, олар темірден тесе, күрек, балта, шот, орақ, пышақ, қырғыш, таға т.б. жасады

 

Тақырыпқа сәйкес постер жасату .  Қорғайды  бірін-бірі  оқытады, үйретеді

Стакан арқылы бағалау өте жақсы, жақсы, орташа т,б

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдау5-8

Қазақ халқының  шаруашылық  жүйесін зерттеп, саралап талдайды

 

 

Қазақ халқының  шаруашылық  жүйесі жайлы мәтін

 

1.  Төраға – ұйымдастыру(топты басқарып   барлық оқушыға  тапсырма  беріп отырады).

2. Баяндаушы – топта өткен ой талқысын мұғалімге айтып береді.

3. Бақылаушы – топтың жұмысына бақылайды

4. Хатшы– ой талқысы болған кезде сұрақтарды  жазып отырады

5. Таймер уақытты қадағалап отырады

  Сабақ үстінде  сыни көзбен қарауға дағдыланады

 

Барлық оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізеді

 

Берілген оқиғалар мен құбылыстарға сыни тұрғыдан талдау жасайды

Жинақтау

5-мин

Қазақ халқының шаруашылығы, қолөнері жайлы білімдерін жинақтау

 

 

 

Суреттер бойынша  оқушылармен жұмыс. Сурет бойынша  әңгіме құрастыру

Қазақ халқының    ұлттық  қолөнер  бұйымдары

 

 

 

 Жеке оқушылар  өздерінің жеке табыстарын шығармашылық ептіліктерін көрсете алады.

Әрбір топ өздерінің қол жеткізген табыстарын ортаға салып байланысқа түседі

Бағалау

3-мин

Өздерін топтық бағалауы

 

ІІІ. Қорытындылау

ІҮ. Рефлексия

 

Ү. Үйге тапсырма

Критерийлер бойынша бағалау Бақылау арқылы бағалау «Екі жұлдыз,  бір тілек»
«Ыстық орындық» әдісін қолдану

 

Өзара бағалау
Бүгінгі сабақ ұнады , ұнамады. Себебі…. Оқушылар стикер арқылы рефлексия жазады

 

Қазақ халқының шаруашылығы, қолөнері Эссе жазу

 

.

 

 

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *