Басы » Кембридж бағдарламасы » ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы Қазақ хандығының мемлекеттік -әкімшілік құрылымы

ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы Қазақ хандығының мемлекеттік -әкімшілік құрылымы

          

                         Қысқа мерзімді жоспар

 

 

Қазақстан тарихы   7-сынып Сабақ №1
ТАҚЫРЫБЫ 11- тарау    ХҮ-ХҮІІ ғ.ғ. Қазақ хандығының  әлеуметтік-экономикалық жағдайы

Қазақ хандығының  мемлекеттік -әкімшілік құрылымы

 

Мақсаты  XY — XYII ғасырдағы қазақ хандығының   әлеуметтік –экономикалық жағдайын  және қазақ хандығының мемлекеттік-әкімшілік құрылымын  баяндап түсіндіру
Нәтижесі Оқушылар қазақ хандығы   және  олардың басқару құрылымы жайлы білімдерін  толықтырады, сөйлеу дағдысы дамиды
             Кезеңдері                                              Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті

 

 

І.Қызығушылықты ояту

Білу.5-10 мин

Бейне жазба көрсету «Қазақ хандығы»

 

 

ХҮІ — ХҮІІ ғасырлардағы қазақ  хандығы және мемлекеттің

қалыптасуы жайлы  білуі

Бейне жазба көрсету «Қазақ хандығы»

 

1.      Сыныпқа психологиялық  дайындық жүргізу

2.      Сергіту сәті

3.      Топқа бөлу

4.      Қазақ хандығының құрылуын және оны басқарған хандар жайында білімдерін пысықтау

Әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар ситуация төңірегінде ой қорыту өздерінің «ойларын пісіру».

 

 

 

1  Қазақ ханы ең бірінші кім болды және қай жылы?

(Қоныс аударушылар саны басында 200 мың адамға жеткен. 1465 — 1466 жасы үлкен Керейді ақ киізге отырғызып хан сайлап, қазақ хандығын құрған.Қазақ хандығы өзінің «Қазақ» деген атымен дүниежүзіндегі мемлекеттерге таныла бастады.)

2.Қазақ хандығы  қай жерде   құрылған?

(Бұл қазақ тайпаларының бір аймаққа шоғырлануы олардың қазақ халқы болып қалыптасуына және жеке хандық болып құрылуына мүмкіндік берді. Көш Жетісудың басындағы Қозыбасы мен Шу деген жерге келіп қоныстанды).

3.Керей мен Жәнібектің қазақ хандығын құру себебі?

( Керей — Жәнібектің Әбілхайыр ханнан бөлініп Жетісуға қарай бет алуының негізгі әлдеқайда тереңде. Атап айтқанда : ол хандықтың ішіндегі әлеуметтік – экономикалық қайшылықтардың күшеюінен болған. ) .

4.Қазақ хандығының    ХҮІ-ХҮІІ  ғасырлардағы дамуына үлес қосқан  қай хандарды білесің?

( Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан, Есімхан т,б)

 

 

 

Оқушыларды  түрлі смайлик арқылы

4-топқа бөліп орналастыру

Сабақ барысында

АВС оқушыларын зерттеу

Топ болып бірігіп , тапсырманы орындайды.

Теориялық  сұрақтарға  жауап береді

 

 

 

 

 

ІІ.Мағынаны тану

Түсіну 8- мин

Қазақ хандығының  басқару жүйесінің жеті    тармақтан  тұратыны  туралы :

Ауылдық басқару

Ата — аймақ, рулық басқару Ұлыстық билік, Жүздік

билік, Хандық билік   және  Қазы( құрылтай немесе маслихат)  туралы түсініктерін қалыптастырады

 

 Қазақ хандығының   басқару  құрылымы

7 сатыдан қаланды:

                                                         7

                                               6

                                     5

                              4

                  3

        2

1

 

 

Интерактивті тақтадан  қазақ хандығының басқару жүйесі жайлы слайдтардан фрагменттер көрсетіледі

 

Қолдану

8-10 мин

Тақырып бойынша   картаны, кестені суреттерді   колдану

 

   4-топқа  сұрақтар қойылады және қажет  кезінде олар картаны, кестені, суреттерді  пайдалануы тиіс

 

1.Қазақ хандығын  басқарудың ұлттық жүйесі

( Бұл кезде қоғамның дамуына байланысты басқару жүйесі күрделене түсті. Ұлттық қалыптасу барысында ұлттық басқару жүйесінің қажеттілігі туындады . қазақ хандығының басқару жүйесі жеті тармақтан тұрды.)

2-топтың тапсырмасы

Ауылдық басқару, ата-аймақ.,  рулық  басқару,

ұлыстық билік және  жүздік және хандық билік,

қазы( құрылтай немесе мәслихат) жайлы

3-топтың тапсырмасы

Қазақ ханы .Хандық билікке кімдер сайланды?

(ХҮ – ХҮІІ ғасырдағы Қазақ хандығының ең жоғары билеушісі хан болды. Ертеден келе жатқан салт бойынша хан сайланатын адамды ақ киізге отырғызып, оны ең беделді сұлтан билер үш рет көтеріп «хан, хан, хан» деп айқайлаған. Одан кейін сол ақ киізді «тәбәрік» деп бір жапырақтап бөлісіп алған.

Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізді. Хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отыра алған. Аға сұлтан тек Шыңғыс тұқымдарына берілген.)

4-топтың тапсырмасы

Ханның негізгі құқықтары қандай?

(Ханның бес түрлі құқығы мен міндеті болған.

А) Мемлекеттің жеріне билік жүргізу құқығы

Б) Хан соғыс жариялауға, билік жасауға құқылы, әскер басқаруға міндетті.

В) Хан шет елдермен келіс сөз жүргізуге құқылы.

Г) Хан өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесуге оны тірі қалдыруға құқылы.

Е) Ханның заң шығаруға бұйрық беруге құқылы болды).

Интерактивті   тақтамен,

электронды оқулықпен жұмыс

 

Мәтіндер мен құжаттарды

оқып танысады

 

Тақырыпқа сәйкес постер жасату .  Қорғайды  бірін-бірі  оқытады, үйретеді

 

Талдау

8-10 мин

 

Қазақ хандығының

мемлекеттік-әкімшілік басқару жүйесін зерттеп, саралап талдайды

 

                      Саяси-әкімшілік құрылымы

XVII ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. Бұл кезде қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «Ұлы хан» болды. Жүздерді кіші

хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.                                                                                                     

 

  Барлық оқушылар ізденіс жұмыстарын жүргізеді

 

 

 

 

 

Берілген оқиғалар мен құбылыстарға сыни тұрғыдан талдау жасайды

Жинақтау

7-мин

Қазақ хандығының басқару жүйесі жайлы білімдерін жинақтау

 

 

 

 

                    «Ханталапай» ойыны.

 

Оқушыларға бірнеше тапсырма беріледі. Әрбір тапсырма 7 сұрақтан тұрады. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар қазақ халқының басқару жүйесінің сатылары бойынша жоғары қарай жылжып отырады

7 ұпай жинаған оқушы ұлы хан тағына көтеріледі

 

 

1. Қазақ хандығы қашан құрылды? (1465-1466)

2. Қазақ хандығының ең алғаш ту тіккен жері? (Қозыбасы)

3. Қазақ хандығын құрған сұлтандар? (Керей мен Жәнібек)

4. Қасым ханның билік еткен жылдары? (1511-1518)

5. Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады? (Қасым ханның қасқа жолы)

6. Хақназар ханның билік еткен жылдары? (1538-1580)

7. Тәуекел ханның Абдаллах ханмен жасасқан шартты бұзып, шабуылға шығуына не себеп болды?

8. Қасым ханның кезінде қазақ халқының саны қаншаға жетті? (1 млн)

9. «Қасым ханның қасқа жолы» неше тараудан тұрады? (15 тараудан)

10. Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан «ант беріскен шартты»  қай жылы бұзды? (1583)

11. Есім хан кезінде қазақ хандығының астанасы қай қала болды? (Түркістан)

12. Есім хан қай жылы Имамқұли басқарған бұқар әскерін жеңіп шықты (1611)

13. Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталды? (Жеті жарғы)

14. Үш жүздің билері (Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би

 Жеке оқушылар өздерінің жеке табыстарын шығармашылық ептіліктерін көрсете алады.

Әрбір топ өздерінің қол жеткізген табыстарын ортаға салып байланысқа түседі

Бағалау

5-мин

Өздерін топтық бағалауы

 

 

ІІ. . Кері байланыс Рефлексия

 

 

ІҮ. Үйге тапсырма

Бақылау арқылы бағалау «Екі жұлдыз,  бір тілек» Ғылыми негізде өз ойларын айтады

(нақты дәйекпен)

 

Бүгінгі сабақ ұнады , ұнамады. Себебі…. Оқушылар  рефлексия жазады
 Қазақ хандығының    мемлекеттік –әкімшілік басқару жүйесі Егер мен хан  болсам ….  Эссе жазу

 

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *