Қ.Мұхамеджанов атындығы №1 мектеп – гимназиясының
бастауыш сынып мұғалімі Эльвира Елемесова
Тақырыбы: Қаладағы және ауылдағы көлік түрлері
Мақсаты:
Білімділік: Көліктің халық шаруашылығындағы, адам тұрмысындағы алатын орнын ұғындыру. Қала және ауыл көліктері туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың сабаққа деген белсенділігін, сөздік қорын, ой – өрісін дамыту, салыстырып әңгімелеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды көлік түрлерін дұрыс пайдалануға, көпшілік мінетін көліктерде әдептілік сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың типі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ — жауап, жинақтау, салыстыру, көрнекілік Пәнаралық байланыс: математика, бейнелеу
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдты суреттер, кеспе қағаздар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушыдан «Қала» мәтінінің мазмұны сұралады.
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту:
Оқушыларға шашу – сұрақтар таратылады.
— Қалада халық қалай шоғырланған?
— Қаланың үйлері қандай?
— Қала жылу мен суды қайдан алады?
— Қалада нелер бар?
— Адамдар қаланың бір шетінен екінші шетіне қалай қатынайды?
— Қазақстанның ірі қалаларын ата.
— Сен қай қалада тұрасың?
— Сенің қалаңда балаларға арналған қандай орындар бар?
ІҮ. Жаңа сабақ
- Балалар, сендер жаңа қаланың бір шетінен екінші шетіне көліктердің тұрақты қатынайтынын айттыңдар. Ол қандай көліктер?
(автобус, троллейбус, жеңіл машиналар)
— Бүгін тез арада Алматыға жетуің керек, қалай жетесің? (ұшақпен)
— Теңіздің арғы бетінде бір елге баруың керек, қалай жетесің? (кемемен).
1 — слайд. Көліктердің суретін көрсетіп олар туралы сұрау.
— Осы көліктерді жүру жолдарына байланысты қалай атауға болады?
(Әуе көлігі, жер үсті көлігі, жер асты көлігі, темір жол көлігі, су көлігі).
2 — слайд. Суретке назар аударту. Атқа жегілген арба, ат, түйе, трактор суреті.
— Бұл көліктерді қайдан көрдің?
3 – слайд. Автобус, троллейбус, трамвай, метро, пойыз.
– Бұл көліктерді қайдан көрдің?
Олай болса, бүгінгі сабақта сендер қаладағы және ауылдағы көлік түрлерімен танысасыңдар. Дәптерлеріне күннің жадын, сабақ тақырыбын жаздырып, назарларын жаңа сабаққа аудару.
4 — слайд. Ауыл көшесінде атпен, түйемен, трактормен, ат арбамен, ат шанамен жүк тасып бара жатқан көрініс. Ауыл көшесіндегі жүк және жеңіл машиналар суреті. Түсіндіру.
5 — слайд. Қала көшесіндегі көліктердің қозғалысы, бағдаршам, жол белгілері. Түсіндіру.
Сергіту сәті жасалады.
Оқулықпен жұмыс
— Мәтінді оқып беру.
— Тізбектей оқыту.
— Тауып оқыту.
Қаладағы көлік тасымалы туралы айтылған тұсты тауып оқы.
6 – слайд. Жұмбақ шеше білесіңбе?
Дәптерге жаздыру. Трамвай, троллейбус, автобус.
7 – слайд. Көпшілік мінетін көліктердегі әдептілік негізінде сурет. Оқушылар ойын тыңдау. Қорытындылау.
8 – слайд. Арнайы көліктердің суреті.
Арнайы көліктерді шақыратын телефон нөмірлерін есіңе сақта:
101 – өрт сөндіру машинасы;
102 – полиция машинасы;
103 – жедел медициналық жәрдем;
104 – газ шаруашылығының машинасы;
112 – құтқару қызметі
Оқушыларға кеспе қағаз түрінде таратып, жаттап алуды ескерту.
Ү. Сабақты бекіту
Қаладағы және ауылдағы көлік түрлерін салыстыру.
ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау, мадақтау.
Ү.Үйге тапсырма: мәтінді оқып мазмұндау. Жұмбақтарды жаттау.