ШҚО
Абай ауданы
М.Әуезов атындағы орта мектеп
Физика-информатика пәнінің мұғалімі:
Мухатова Лайла Шалабаевна
Сабақ тақырыбы: § 4.2. Молекулалардың массасы мен өлшемі
Сабақ мақсаты:
- Оқушыларға молекулалар өлшемі, молекулалар массасы, заттың салыстырмалы молекулалық массасы, зат мөлшері, Авогадро тұрақтысы, молекулалар концентрациясы туралы түсінік беру.
- Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.
- Ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.
Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.
- МКТ негізгі қағидалары қандай?
- Қандай мысалдар молекулалардың бар екендігін дәлелдейді?
- Броундық қозғалыс дегеніміз не?
- Диффузия дегеніміз не?
- Штерн тәжірибесін айтып беріңдер.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Заттың салыстармалы молекулалық массасы Мr берілген зат молекуласы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен қанша есе артық екенін көрсететін физикалық шаманы айтады.
Мr=m0/1/12m0c
Зат мөлшері дегеніміз – берілген молекулалар саны 12 г көміртектегі атомдар санынан қанша есе артық болатынын көрсететін физикалық шама:
Ν=N/NA
Зат мөлшерін мольмен өлшейді.
1 моль дегеніміз – 12 г көміртекте қанша атом болса, сонша молекуласы бар заттың мөлшері.
Авогадро саны NA=6,02·1023 моль-1
Заттың мольдік массасы дегеніміз бір мольдің мөлшерінде алынған заттың массасы.
M=m0NA m=Mν
Микробөлшектер әлемінде заттың бір көлемінде қанша бөлшек бар екенін көрсететін шама – молекулалар концентрациясы деп аталады:
n= N/V
- Пысықтау.
- Молекулалар өлшемі жайлы не білесіңдер? Молекуланың диаметрін қалай есептейміз?
- Молекулалар массасы қалай анықталады?
- Заттың салыстырмалы молекулалаық массасы қалай анықталады?
- Авогадро саны нешеге тең?
- Мольдік масса дегеніміз не?
- Молекулалар концентрациясы дегеніміз не?
- Есептер шығару. 8- жаттығу. №2, №3, №4.
VІ. Үйге тапсырма. §4.2. 8-жаттығу. №5, №6.
VІІ. Бағалау. Қорытындылау.
[bws_related_posts]