Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы
Ордабай Ағыбайұлы атындағы жалпы орта мектеп
Жүнісәлі Әдемі
6 «А» сынып оқушысы
Ғылыми жобаның тақырыбы: Ақтас әулие бастауы
Секция: Дүниетану
Жетекшісі: Абдраимова Салтанат Аскаровна .
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.
2015-2016 оқу жылы
Керейт ауылы
Аннотация
Бұл-«Ақтас әулие бастауының емдік қасиеттері» атты ғылыми жобада шипалық қасиеті мол бастау суының адам баласы үшін маңызы, күнделікті өмірде пайдалану ерекшелігі жан-жақты, мейлінше түсінікті тілмен жеткізілген.
Сондай-ақ, бұл жобаның мақсаты- елімізде осындай әулиелі бастаулардың киелілігі және қасиетті екенін дәлелдеп, анықтай түсу, қаншама ауруға ем болатынын (жараларға,көз ауруына, тері ауруларына т.б) аша білу.
Сонымен қатар, бастауды халық емшілері де мыңда бір шипалы, қасиетті су екенін айтып өткен.
Қорыта келгенде, бұл ғылыми жоба туған жерімізде киелі бастаудыңың емдік қасиеттерін дәлелдеген құнды еңбек дей келе, салт-санамызға байланысты күнделікті өмірде пайдалансақ деп ойлаймын.
Жетекші: Абдраимова Салтанат
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі :Ақтас әулие бастауының біз біле бермейтін сырлары көп.Үлкендердің айтуы бойынша ол жерде бұрын үлкен көл болған екен.Сол көл бертін келе бірнеше бастауға бөлініп кетіпті.Әр бастаудың өзіне тән қасиетті аттары бар.Емдік қасиеті жағынан бастаудың кереметтілігі күшті.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ақтас бастауының емдік қасиеті мен киелі екенін және оның қаншалықты пайдалы екенін дәлелдеп анықтай түсу. Қазіргі кездегі халқымыз оның киелі бастау екенін әлі де біле бермейді.Бастауды әулиелік қасиеті бар екенін танығанымен оны өмірде дұрыс пайдаланып, киелі сөздерді айтып барып пайдалануға болатынына көз жеткізу.Бастаудың әулиелі су екенін және емдік қасиеті көп екенін міндетті түрде біліп, оң әсерін беретінін анықтап көрсету,айту.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Ақтас әулие бастауы біздің ата бабаларымыздан бері бізге жеткен киелі бастау. Ақтаста бірнеше бастау бар екенін анықтадым.Әр бастаудың өзіне тән емдік қасиеті бар.Ол жерде Жара бастауы,Көз бастауы бар екенін көрдім.Бұл бастаудың сулары киелі.
Жара бастауын өмірде өзім тәжірибе жасап қолданып көрдім. Жаз мезгілі кезінде көз жара көбейіп кетіп, өзіме де жара пайда болды. Оны емдеу үшін осы бастаудың суын алып келдім. Күнделікті бастаудың суымен жуып жүрдім. Жара күннен күнге кеуіп кішірейіп кетіп қалды. Пайдасы болып,киелі су екенін білдім.
Үлкендердің айтуынша жараның бірнеше түріне ем екенін де зерттеп білдім.Адамдардың қолына сүйел шыққанды кетіреді екенін де іс жүзінде зерттеп білдім.
Көз бастауының да кереметтілігі зор. Өмірде әр түрлі тәжірибелер жасап,оның көп пайдасы барекенін білдім.Киелі судың ел арасында емдік тұрғыда пайдаланғанын көз жеткізіп анықтадым.
Оның пайдасын іс-жүзінде дәлелдеп те байқадым.Өзімнің көзім ауырып көру қабылетім нашарлады. Бастаудың суы ем болатынын есітіп жүрген болатынмын. Осы бастаудың суының пайдасы болар деп күнделікті бастаудың басына барып көзімді жуып жүрдім. Нәтижесі болып көзімнің ауырғаны басылып жақсы көретін болдым. Бұрын көз әйнекпен көрген көрген көзіммен қазір жақсарып көзәйнексіз де көретін болдым. Міне,осындай тәжірибелер жасай отырып бастаудың емдік қасиетінің бар екенін анықтадым.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері: Ақтас бастауы біздің ата-бабаларымыз ежелден пайдаланып келе жатқан киелі,
қасиетті суы.Оны бүкіл Кереит халқы қазіргі таңда пайдаланып келеді. Ауыл тұрғындары бастауды тазартып,қорғап тұрады. Ол жерде бірнеше бастау бар.Әр қайсысының емдік қасиеттері бар.
Зерттеу жұмысының методологиясы мен әдісі:
Жұмыстың басты методологиялық негіздері болып биология ғылымында жиі қолданылатын негізгі әдістері: тарихилық,жүйелік,талдау,салыстыру,әңгімелеу т.б. қолданылды,обьективтілік басты принцип ретінде алынды.
Тұжырым
«Ақтас әулие бастауының емдік қасиеттері» тақырыбында жазылған зерттеу жұмысында туған жерімізде киелі бастауды әр түрлі тәжірибелер арқылы жаңарту,жетілдіру,анықтаудың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы:
Қасиетті бастауды ел арасында емдік тұрғыда пайдалану арқылы іс-жүзінде дәлелдеп, топтастырдым:
1.Жараны емдеуге қолдану
2.Суын ем ретінде ішіп пайдалану.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
Киелі бастаудың ғылыми тұрғыда денсаулыққа пайдасы зерттеліп, салт-санамызға байланысты өмірде пайдалансақ деймін.
Ата баба-
ларымыздың пайдаланған киелі суы,жері. |
Киелі
су
|
Қасиеті өте көп |
Ақтас әулие бастауы.
|
Емдік ретінде пайдасы мол.Суы адамға күш қуат береді |
Ақтас әулие бастауы.
Ата-бабаларымыз осы бастауды қасиетті, киелі деп санайды. Ауыл тұрғындары осы бастаудың суын емдік су ретінде пайдаланып келген.Қазіргі кезде де пайдаланып жүр.Үлкендердің айтуы бойынша ол жерде мынадай аңыз болғанға ұқсайды:
Әулиелі бастау деп отырғанымыз,бұрынырақта бұл жерде бір долана ағашының түбінен қыз ұзатқандай сыңсылап жылаған дауыс ауылға естіліп тұрады екен.Көп кешікпей соғыс басталып,елдің қиыншылығы басталыпта кетіпті. Соғыстың зардабы аяқталып ел тыныштық тапқан кезде,осы бір сыңсылаған дауыс та басылыпты.
Ол жердегі долана ағашы қазіргі кезде әулие ағашы болып тұр.Үлкендердің айтуы бойынша осы бастаудан қасынан бұрын Домалақ ана жүріп өткен екен. Бастаудың суынан дәм татып шөлін басқан деседі.Бастаудың суының дәмі өте керемет,мөлдір таза.
Халық даналығында« Бастау көрсең көзін аш» деген сөз тегін айтылмаса керек.
Үлкендердің айтуы бойынша бұл бастаулар жанында үлкен көл болған екен.Ол көлдің аңызы өте көп. Ол көлден қырық түйе шыққан деседі.Ол суға адам түссе шыға алмайды.Бұрын ол суға ата-бабамыз ем ретінде шомылған екен.Кейін суда тартпа пайда болыпты.Судың жағасында жалбыз өседі екен. Жалбызға шыбын –шіркей жоламайды екен.Ақтас әулие бастауы ескіріктен келе жатқан бастау.Ақтас әулиесі аңызға толы жер.Қазіргі кезде тартпаны қорщауға алып қойған.Бастаудың қасында шырақшы болған. Емделуге келген адамдарға жол көрсетіп отырған.
1.2. Ақтас бастауының емдік қасиеттері.
Жергілікті жеріміздегі емдік қасиеті бар бастауымыздың маңызы көп .Адамзаттың тіршілік етуі барысында «Су- тіршілік көзі» деп тегін айтпаған.Сусыз еш пенде өмір сүре алмайды.
Қазіргі халық медицинада қолданыста жүрген әулиелі бастаулардың емдік қасиеті ерекше.Бастау суларының 40 пайызын
Адамдар емдік су ретінде пайдаланады. Қоршаған орта бастау суларының адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз баяғыдан жақсы білген.
Бастау суынан жасалған емдік сулар көз ауруларын, құлақ ауруларын, бас,зәр айдауды жақсартады,көз жараның жазылуы үшін қолданылады,тыныс алуды жиілетеді,асқазан мен жүректің жұмысын жақсартады.
Ал, бастау суын қолдан дайындалған емдік суын емшілер бұдан басқа да алуан түрлі науқастарды емдеу үшін пайдаланады. Айталық, ішкі мүшелерге суық тигенін,бөртпелерді,бүйрек ауруларын жазған.Сол сияқты емшілер ірі қара малдардың қотырын емдеген. Ауыздың қызыл иегі ауырғанда оны сол бастау суымен шаяды.
Бастау суын емшілер көптен бері бала көтере алмай жүрген әйелге ем суы ретінде пайдаланады.Ақтасқа келіп дұға жасап,ниет етіп, суын ішіп, шомылып,ем ретінде пайдаланады.
Қазіргі таңда ол жердің бергі жағына« Мөлдір бастау» деген саяжай солынған.Адамдар келіп дем алып,суына ем ретінде шомылып кетеді.
Ақтас әулие бастау аңызға толы бастау. Бұл бастаудың біз әлі де біле бермейтін сырлары көп. Осы сырларды ашып зерттеу жаңалықтарын ашу мен үшін қызықты болып отыр. Бұл сырларды ашуға үлкен еңбек керек.
1.3.Ақтас әулие бастауы -халық ұғымында…
Ақтас әулие бастауы қазақ үшін қасиетті болғандықтан бәле-жаладан сақтайды деп бекер айтпаған.
Ақтас бастауының әулиелігі бізге ата-бабамыздан белгілі. Осы бастаудың әулиелігінің себебі,ол жерге біздің Домалақ анамыз дың тйесі келіп шөгіп,қонып кеткен жер.Домалақ анамыз шынайы әулиелі жан болған жан.Оның үстіне анамыз осы Ақтас бастауынан су ішіп, түнеп,одан Әулие ата өңірінде өмірден өткен. Сондықтан біздің бастау әулиелі бастау екенін сезіп Ақтас әулие бастауы деп атап кеткен.
Домалақ ана дүниеден өтеріндет баласына: Қаза болсам,денемді мына кәрі нар түйеге артып жіберіңдер.Түйенің шөккен жеріне сүйегімді қойыңдар депті.Осы аңыз халық арасында кең тараған Қазанғап ақынның жыр дастанында да айтылады.
«Домалақ ана бір күні айтты Жарықшаққа,
Балам-ай,мен көшемін,қапа тартпа.
Қай жерге барып шөксе мені қойғын,
Табытымды жайластырып ақ нарға арт та».
«Болжалды қайтыс етті айтқан күн де,
Тасқотан,Әулие ата етегінде.
Шымкентте,Арысқа кеп түйе шөкті,
ЖерінеБөген, Шаян жетеді де».
Халық аңызы бойынша,Домалақ ананың нар түйесі Шымкенттен өтіп, Арысты бойлап,Ақтас бастауына келгенде түйесі шөгіп барып тоқтап су ішіп дем басып, Шаянға жетпей,Қостұранның етегінде Балабөген өзеніне таяу жерге келіп шөккен екен.Осы жерде Бәйдібек ата мен Домалақ ананың кесенесі көтерілген.Домалақ ананың әрбір табаны тиген жер әулиелі жер деп те тегін айтылмаса керек.Сондықтан біздің Ақтас бастауы да әулиелі жер болып отыр.
Бастау суын ауыл тұрғындары көп пайдаланады. Бастаудың суы таза,мөлдір.Халық суды тамақ пісіруге,шөлдегенге,шомылуға және егіндерін руға да пайдаланады.
1.1. Судың адам ағзасындағы алатын орны
1.Су температурасын дене тұрақтандырады.
2. Азық, қалдық, оттегіні тасымалдайды.
3. Бүйрек және бауырдағы қалдықтарды (шлакты) тазалайды.
4. Дәруменнің және минералдардың таралуын қамтамасыз етеді.
5. Денені жарақаттанудан қорғайды.
6. Жасушалардың және бұлшық еттердің бірігуін қамтамасыз етеді.
7. Тері жасушаларын ылғалдандырады және сауықтырады.
8. Ас қорытуда жоғарыдан төмен қарай ретімен астың қорытылуынан
1.2.Судың тағы бір қасиеті — жақсы еріткіш.
Ас тұзын суға салсақ, оның қатты түйіршіктері еріп, мөлдір ерітіндіге айналады. Жерге сіңген су тау жыныстарындағы әр түрлі минералды заттарды ерітеді. Бұдан судың физикалық қасиеті өзгереді. Дәм және иіс пайда болады, жылынады. Жаңа қасиеттерге ие болған жер астынан шығатын суларды минералдық сулар деп атайды. Судағы еріген заттарының мөлшері оның кездесетін жерлеріне байланысты. Ішуге жарамды суда да белгілі бір мөлшерде еріген тұздар болады. Ол адам ағзасына пайдалы, әр түрлі сырқаттардан айығуға жәрдемдеседі.
Су табиғаттағы барлық тіршілік атаулының құрамына кіреді. Көптеген өсімдіктің 80-95 пайызы судан тұрады.
Адам ағзасының құрамында қанның, ас қорытатын сөлдің, сілекейдің құрамына кіреді.
Судың қасиетін біле отырып, оны қастерлейік. Суды шашпайық, қадірін терең түсінейік және келер ұрпаққа сақтайық.
Қорытынды
Қазіргі медицинасы дамыған XXI ғасырда діни-наным сенімдерге тән жоралғылары қолданыстан шықпаған.Оған дәлел әрбір отбасында ата дәстүрінде емге қолданып отырған. Келешекте киелі бастауларымызды мұра ретінде қадірлеп атадан балаға дәріптеуіміз керек.
Себебі: ол қасиетті,киелі су болып саналады.Сондықтан оның көзін ашып тазартуды ұмытпайық.
Ғылыми жұмыстың нәтижесінде киелі бастау суын іс-жүзінде талдап,дәлелдеп,зерттеп оның пайдасын анықтап, салт-санамызға,наным сенімге көз жеткіздім.Оны топтастырдым. Олар
- Суын ішіп асқазанға ем ретінде пайдалану.
- Жараны жуып ем ретінде пайдалану.
- Көз ауруына пайдалану.
1.Суын ішіп асқазанға ем ретінде пайдалану,яғни апам үйде кешкі тамақтан кейін бір кесе ішіп,асы жақсы қортылып ,жеңілдеп қалғанын көріп көз жеткіздім.
- Жараны жуып ем ретінде пайдалану: оны өзімнің қолымдағы жараның бетін күнделікті ем болсын деп жуып жүргенде әжептеуір көмектесіп жараның беті тегістеліп жазылып қалғанын көріп көз жеткіздім.
3.Көз ауруына пайдаландым:бастау суын өзімнің көзім ауырғанда апамның айтуы бойынша күнделікті бастауға барып жуынып көзімнің ауырмайтынын сездім. Тағы апам үнемі қатты ауырғанда бастау суынан ішкізеді өзі де ішеді, біз де басымызды көтеріп, денеміздің ауырғаны басылып жазылатынымызға көзіміз жетті.
Бастау суы әрқашан киелі су ретінде пайдалану әр адамға пайдалы.Сондықтан «Бастау көрсең көзін аш» деген өнегелі сөздің төркінін дұрыс пайдалана білейік.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі.
- У.Б. Асқарова. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Алматы, 2005ж
2.Халық аузынан.
3.Интернет сайдтарынан
[bws_related_posts]