Басы » ОМЖ/ҚМЖ » География » Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

Климаттың адам өмірі мен оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Айымжан орта мектебінің география пәнінің мұғалімі

Аубакиров Сабыржан Сермағамбетұлы

Тақырыбы:Климаттың адам өмірі мен  оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері

Пән: Қазақстанның физикалық географиясы
Күні: Сынып:
Сабақтың тақырыбы: Климаттың адам өмірі мен  оның шаруашылық әрекетіне тигізетін әсері
Сабақтың мақсаты:  Қазақстан аумағында ылғалдылықтың маусым бойынша жауын-шашынның таралу заңдылықтары туралы білімдерін жүйелеу және тереңдету. Ылғалдану коэффициенті туралы ұғымды қалыптастыру. Ылғалданудың табиғат зоналарының қалыптасуындағы ролін көрсету. Қазақстан аумағында қалыптасатын климат құбылыстары туралы  көзқарастарын қалыптастыру. Олардың адам өміріне, шаруашылыққа тигізетін әсерін анықтау.
Міндеттері: 1.Оқушылардың тақырыпты ашуына ықпал ету.

2.Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын ояту, картамен жұмысты, шығармашылық жұмыс істеуге дағдыландыру.

3.Отанымыздың шаруашылық аудандарымен,олардың географиялық орнымен таныстыра отырып, өз елінің, жерінің баға жетпес байлығын айта отырып, еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар климаттың адам шарушылығындағы маңызын түсінеді.Қуаңшылық,аңызақ,шаңды дауыл,үсік ауыл шаруашылығына зиян келтіретінін біледі
Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: оқытудағы жаңа тәсілдер, СТО, диалог, ОБ, ОЖЕ,

Пәнаралық байланыс: биология,ағылшын және орыс тілі

Көрнекіліктер: Оқулық (оқу құралдары), үлестірмелі материалдар,

Негізгі түсініктер:

үсік,көктайғақ

Өткен сабақпен байланысы:

Жауын-шашынның таралуы

Бағалау: формативті және критериалды бағалау
Сабақ барысы Мұғалімнің рөлі
Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушыларды түгендеу, қызығушылықты ояту, сыныпта психологиялық ахуал тудыру,топқа бөлу. Бағалау парақтарын таратамын.
«Көпір» тапсырмалары үйге берілген тақырып бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмасы. Үй тапсырмасы бойынша мұғалім оқушыларға берілген тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы сұралынады.
Жаңа сабақ кезеңдері

«Білу»

(Кім ? Не? Қандай ?Қалай? Қашан? Неліктен? сұрақтарына толық ақпарат берілуі керек ) (2 ұпай)

 

Бос орынға қажетті сөздерді оқулық пен картадан тауып жазыңдар.

(Топтық жұмыс)

1. Қазақстанның климаты қандай-…………(шұғыл континентті)

2.Жылдың…..мезгілі бар.(4 белдеу)

3…….қатты қызған материк үстінде төмен қысым орнайды.(жазда)

4.Қазақстанның климат қандай фактордан   ……….. тұрады.(күн радиация,атмосфера церкуляция,жердің төсеніш беті)

5.Ауа массасының неше типі …………… бар.(3)

6…………..ауа қысымы бірдей нүктелерді қосады (изобаралар)

7.Жаз айының орташа температурасы……………. .(+19,+28)

8.Қыс айының орташа температурасы……………..(+19,+1,5)

9.Амплитуда мағынасы……………….(Ауытқу)

10.Жауын-шашын ең көп түсетін жері…………..(Алтай)

«Түсіну»

( Неге? Неліктен? Себебі ? Не үшін ? сұрақтарына оқушының берген жауаптарын тереңдету үшін қойылады)

(4 ұпай)

Себебін анықтаңдар.

1.Неліктен жауын-шашынның таралуында айырмашылық бар ?

2.Қазақстандағы жауын -шашын әр өңірінде сәйкес келмеу себебін анықтаңдар.

3.Неге жауын-шашын  оңтүстігі мен шығыс бөлігінде мол түседі ?

 

«Талдау»

(салыстыр,айырмашылығы неде,ұқсастығы неде, тақырыптың басты идеялары деген тапсырмалар болуы керек)

(6 ұпай

1.Салыстыр.

Венн диаграммасын толтыру арқылы  батысы, шығысы және орталығының климатының ( t )салыстырыңдар.

 

 

 

2.

 

«Жинақтау»

( қорытынды шығар, кесте толтыр,тірек сызба сыз, сөзжұмбақ , сұрақтар құрастыру тапсырмалары оқушының негізгі идеяны толықтыруына мүмкіндік береді)

(4,6,8 ұ)

1.

ҚР аумағы

t жиынтығы

Өсіп -өну кезең

Не өсіреді

 

 

 

 

 

«Қолдану »

( оқулық, картамен жұмыс жүргізу барысында берілетін бекіту тапсырмалары)

( 10 ұпай)

 

 

1. Кескін картамен жұмыс

2.Климаттық белдеулердің шекараларыны анықта.

«Бағалау. Жоба қорғау» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің? сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдайларды шеше білуге бағытталып беріледі) (12 ұпай) Оқушы сыни тұрғыдан ойлана отырып өз ойын айтуы керек.

Климаттың адам өмірі мен шаруашылығындағы маңызы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *