Атырау облысы
Махамбет ауданы
Сарайшық селосы
Қ.Қарашаұлы атындағы Сарайшық орта мектебі
Тауова Нұрсұлу Раулқызы
Сабақтың тақырыбы: Жапырақ- өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі.
№10 зертханалық жұмыс .Жапырақтың сыртқы құрылысы, жапырақ саңылауларын анықтау.
Апта- | Сынып 6″а»
Сынып 6″б» |
Күні-
Күні- |
–сабақ | ||||
Сабақ тақырыбы | Жапырақ- өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі. №10 зертханалық жұмыс .Жапырақтың сыртқы құрылысы, жапырақ саңылауларын анықтау. | ||||||
Сабақ мақсаты
|
Жапырақтың құрлысы, пішіні, түрлері, жүйкеленуі туралы түсіндіру; | ||||||
Сілтеме | Бағалау парағы Ғаламтор биология журналдары | ||||||
Табыс критерийі | 1. Өркендер мен бүршіктер түрлері, ішкі құрылысы туралы түсіндіре аламын; 2.Жапырақтың қызметін, сабаққа орналасу заңдылығын сипаттай аламын;
3. Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысын, жүйкеленуін айта аламын; |
||||||
Күтілетін нәтижелер | 1. Өркендер мен бүршіктер түрлері, ішкі құрылысы туралы түсіндіре алады; 2.Жапырақтың қызметін, сабаққа орналасу заңдылығын біледі;
3. Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысын, жүйкеленуін сипаттай алады; |
||||||
Тапсырмалар | Білу. 1 тапсырма: 1. Өркендер мен бүршіктер түрлері, ішкі құрылысы туралы білімдерін тексеру; «Сұрақтар шеңбері»әдісі | Түсіну. 2 тапсырма: Жапырақтың қызметін, сабаққа орналасу заңдылығы туралы білімдерін кеңейту;
«Радиоға қоңыраулар шалу» әдісі |
|||||
Қолдану. Талдау. 3-тапсырма: Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысын, жүйкеленуін сипаттау:
№10 зертханалық жұмыс .Жапырақтың сыртқы құрылысы, жапырақ саңылауларын анықтау. «Кемпірқосақ топтары»әдісі |
Жинақтау. Бағалау
Өркендер мен бүршіктер туралы білімдерін жинақтау; «Соңғы 5 минут» |
||||||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
Мұғалім және оқушы немен айналысады |
|||||||
Мұғалім іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | бағалау | |||||
І. Ұйымдастыру кезеңі: | Түстер арқылы топқа бөлу; а)Оқушыларға психологиялық көңіл-күй туғызу ә)Топқа бөлу | Фигуралар арқылы топқа бөлінеді; | |||||
ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру | Білу. 1 тапсырма: 1. Өркендер мен бүршіктер түрлері, ішкі құрылысы туралы білімдерін тексеру; «Сұрақтар шеңбері»әдісі | Бір буын мен екінші буынның арасын:
Барлық гүлді өсімдіктерде өркеннің түріне қарай: Бастапқы сабақ: Бүршік көктемде: Бүршіктің сыртын: Бұйыққан бүршік: Бұйыққан бүршіктер: Гүл бүршігі тек: Гүлшанақ: Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақ: Жапырақ тақталарының жиегінде қаз-қатар тізіліп бүршіктер шығатын өсімдік: Жапырақтың сабаққа орналасқан жерін: Жылтыр, өткір иісті саусаққа желім сияқты жабысатын өсімдік: Сабақ: Сыртында қабыршағы болмайтын ашық бүршікті, морт сынғыш өсімдік: Төбе бүршіктен: Қабыршақ: Қолтық бүршік: Қолтық бүршіктен: Қосалқы бүршіктердің ерекшелігі: Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі: Өсу бүршігі тек: |
Жетістік критерий 1.Стикер
|
||
ІІІ. Жаңа тақырып Шығармашылық жұмыс | Түсіну. 2 тапсырма: Жапырақтың қызметін, сабаққа орналасу заңдылығы туралы білімдерін кеңейту;
«Радиоға қоңыраулар шалу» әдісі |
Жапырақ – өсімдіктің өсу мүшесі. Қызметі: 1) ауадан көмірқышқыл газы мен су буын сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзу (фотосинтез); 2) жасушадағы артық суды буландыру; 3) газ алмастыру; 4) органикалық заттарды қорға жинау; 5) көбеюге қатысу. Өркен мен жапырақ бірге дамиды. Алдымен жапырақ тақтасының ұшы, содан соң негізі, соңында сағағы өседі.
Жапырақтың сыртқы құрылысы. Жапырақ тақтадан (алақаны) және сағақтан тұрады (1-сурет). Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі – тақтасы, сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі сағағы деп аталады. Сағағы болмайтын жапырақтарды сағақсыз жапырақ дейді. Фотосинтез, су булану, газ алмасу, органикалық заттарды қорға жинау жапырақ тақтасында жүреді. Сағағы жапырақты жұлынып түсуден сақтайтын берік тірек қызметін атқарады. Сағақ жапырақ тақтасын жарыққа қарай бағыттап, бұрып қозғалтады. Сабақтан сағақ арқылы қоректік заттар жапырақ тақтасына өтеді.
Асбұршақ, итмұрын, раушан, беде, қараған және т. б. өсімдіктердің жапырақ сағағының түбінде орналасқан әр түрлі пішінді майда жапырақшаларды бөбешік жапырақша дейді. Ол жапырақ тақтасынан бұрынырақ өсіп, бүршікті зақымданудан қорғайды. Бүршік ашылған соң қурап қалады.
Жапырақ тақтасының негізі ұзарып өсіп, сағақтың орнына түтік тәрізді қусырылады. Онықынап дейді. Қынапты жапырақтар – бидайда, жүгеріде, қамыста, балдырғанда, күріште және т. б. болады.
Жапырақ тақтасының пішіні. Өсімдік түріне қарай жапырақ тақтасының пішіндері әр түрлі. Қарағай, шырша және т. б. ине тәрізді; бидай, қарабидай, жүгері, арпа таспа тәрізді. Жөке, гүлшетен жүрек пішінді; құсықшөп бүйрек пішінді; шырмауық жебе тәрізді.
Сағақты Сағақсыз 1-сурет. Жапырақтың сыртқы құрылысы және сабаққа бекінуі. 1. Тақтасы. 2. Сағағы.
Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы. Жапырақ ағаштың бір жылдық өркенінде түзіледі. Алдымен жапырақ ұшынан өседі. Өсуі 30-40 күнге созылады. Жапырақтың тіршілік ету мерзімі бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Кәдімгі қарағай қылқанының тіршілік ету ұзақтығы 2-4 жыл; Кавказ самырсыны 9-13 жыл; Тиса қылқаны 6-10 жыл; шыршада 5-12 жыл; тозды еменде 1-2 жыл, қаражидекте 1-4 жыл.
Жай және күрделі жапырақтар
Бір ғана тақтасы бар жапырақты жай жапырақ дейді (мысалы, терек, қарағаш, қайың, жөке ағаштары, т. б.).
Бір сағақта 2, одан да көп майда жапырақшалар болса күрделі жапырақ дейді. Жапырақшаларының әрқайсысы өз алдына жеке-жеке түседі. Жапырақшаларының орналасуына қарай: үш құлақты күрделі, саусақ салалы күрделі, қауырсын тәрізді күрделідеп бөлінеді.
1. Үш құлақты күрделі жапырақ сағағында 3 жапырақша болады, мысалы: беде, соя және т. б. 2. Саусақ салалы күрделі сағақта 5-7, одан да көп жапырақшалар саусаққа ұқсап бір жерден таралып орналасады, мысалы: атбас талшын, бөрібұршақ, қарасора. 3. Қауырсын тәрізді күрделі жапырақшалар негізгі сағақты бойлай екі жағына бірдей құс қауырсыны тәрізді орналасады.
Жапырақша саны жұп болса жұп қауырсынды, тақ болса тақ қауырсынды күрделі жапырақ дейді. Жұп қауырсындылар – асбұршақ, сары қараған, чина, қоянбұршақ; тақ қауырсындылар – қызыл мия, ақ мия, итмұрын, ақ қараған, шаған, шетен, грек жаңғағы. Жай жапырақтардан тағы бір ерекшелігі ағаштың күрделі жапырақтары күзде, тұтас үзіліп түспейді. Алдымен жапырақшалары, соңынан сағағы үзіліп түседі. Шөптекті өсімдіктердің күрделі жапырақтары тұтас қурап түседі.
Бүйрек тәрізді Жебе тәрізді Ромб тәрізді Жүрек тәрізді Қылқанды (ине) тәрізді 2-сурет. Жапырақ тақтасының пішіндері.
Жапырақтың жүйкеленуі. Жүйкелену деп өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуын айтады. Жүйкелердің қызметі: 1) жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізіледі; түзілген органикалық заттар басқа мүшелеріне таралады; 2) жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: 1) қауырсын тәрізді торлы жүйкелену; 2) саусақ салалы; 3) параллель (қатарласа) жүйкелену; 4) доғалы жүйкелену.
1. Қауырсын тәрізді торлы жүйкелену негізгі орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелер теңдей таралады. Майда жүйкелері торлап жатады (мысалы, тал, терек, алма, алмұрт ағаштарының жапырақтары).
2. Саусақ салалы жүйкелену орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралады. Мысалы, үйеңкі, үпілмәлік (кенедән), бегония жапырақтары.
3. Параллель (қатарласа) жүйкеленуде жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылады (бидай, жүгері өсімдіктері).
4. Доғалы жүйкелену (доға тәрізді) жапырақ тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелер жапырақ ұшына жеткенде доға тәрізді бір-бірімен түйіседі (інжугүл, жолжелкен).
Тақ қауырсын тәрізді Саусақ салалы Жұп қауырсын тәрізді Үш құлақты 3-сурет. Күрделі жапырақтар.
Жапырақтардың сабаққа орналасуы
Жапырақтардың сабаққа орналасуында белгілі бір заңдылық бар. Бұрын шыққан жапырақтары кейінгілеріне көлеңке түсірмейтіндей ретпен бекінеді. Сондықтан жапырақ тақталары қанша көлемді болғанымен, бәрі күн жарығымен қамтамасыз етіледі. Бекінудің 3 түрі бар: кезектесе, қарама-қарсы және топтана орналасу.
Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, кезектесіп орналасу дейді.
Қарама-қарсы орналасу – сабақтың әр буынына екі жапырақтан бір-біріне қарама-қарсы бекінуі (үйеңкі, гүлшетен, қалампыр, жалбыз).
Егер бір буынында 3 немесе одан да көп жапырақтар болса, оны топтанып орналасу дейді (сарыағаш, қызылбояу, талгүл (олеандр), қарғакөз).
Тор жүйкелі (емен) Параллель жүйкелі (бидай) Доға жүйкелі (жолжелкен) 4-сурет. Жапырақтардың жүйкеленуі.
Кезектесе орналасу Қарама-қарсы орналасу Топтанып орналасы. 1 Буынаралық. 2 Буын 5-сурет. Жапырақтардың сабаққа орналасуы.
.
|
2. Өзін-өзі бағалау
|
||
Қолдану. Талдау. 3-тапсырма: Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысын, жүйкеленуін сипаттау:
№10 зертханалық жұмыс .Жапырақтың сыртқы құрылысы, жапырақ саңылауларын анықтау. «Кемпірқосақ топтары»әдісі |
Жапырақтың ішкі құрылысы.
Жапырақтың ішкі құрылысымен толық танысу үшін тақтасынан жұқалап көлденең кесінді жасап, микроскоппен қараймыз. Микроскоптан мөлдір, түссіз үстіңгі және астыңғы өңі мен қалың, жұмсақ ортаңғы қабаты көрінеді (1-сурет).
Өң жасушалары – тірі, бір-бірімен тығыз жанасып жатады. Астыңғы өңінде жанаспалы жасушалар орналасады (өсімдіктің өсетін жеріне, түріне байланысты кейде үстіңгі өңінде де кездеседі). Өң жасушаларында хлорофилл болмайды, сондықтан түссіз. Күн сәулесін өткізеді, қорғаныштық қызметін атқарады.
Жанаспалы жасушалар – жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан 2 жасуша. Жанасқан жерінде саңылауы бар. Бұл саңылау бірде ашылып, бірде жабылады. Саңылау арқылы жапыраққа ауа енеді. Атмосфераға су буы, оттегі және көмірқышқыл газы шығарылады. Жанаспалы жасушада болатын хлорофилл дәндерінде күн сәулесінен қант (органикалық зат) түзіледі. Сол кезде қысым артып, күндіз саңылау ашылады. Түнде қант мөлшерінің азаюы қысымды төмендетіп, саңылау жабылады. Егер күндіз күн өте ыстық, желді болса, ылғалды сақтау үшін саңылау жабылып тұрады. Саңылау күзде күндіз де, түнде де жабық болады.
Жапырақтың ортаңғы жұмсақ бөліміндегі жасушалар пішініне қарай бағаналы жәнеборпылдақ деп 2-ге бөлінеді. Бағаналы жасушалар жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жатады. Бағана тәрізді ұзын, бір-біріне тығыз орналасқандықтан осылай аталады. Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болса – борпылдақ жасушалар деп аталады. Жапырақ жүйкелері де осы қабатта. Су мен минералды заттар жапыраққа жүйке арқылы өтеді.
Жарықта және көлеңкеде өсетін жапырақтар. Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 2-3 қатар болып орналасқан. Жанаспалы жасушалар саны да көп.
Көлеңкеде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында бағаналы жасушалар 1-2 қатар немесе тіпті болмайды. Хлоропластары ірі, хлорофилдері көп. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер: шамшат, жөке, т.б. Ылғалы аз жердегі жапырақтар кішкене, бозғылт сұр түсті, түкті, тікенекке, қабыршаққа айналған. Кейде түтік тәрізді ширатылып қалады. Ал ылғалы мол жапырақтың тақтасы ірі, айқын жасыл түсті.
1-сурет. Жапырақтың ішкі құрылысы (көлденең кесінді) және жапырақ өңінің жасушалары |
||||
Жинақтау. Бағалау
Өркендер мен бүршіктер туралы білімдерін жинақтау; «Соңғы 5 минут» |
Жапырағы жебе тәрізді өсімдіктер:
Жапырағы жүрек пішінді өсімдіктер: Жапырағы ине тәрізді өсімдіктер: Жапырақтары доғалы жүйкелі өсімдіктер: Жапырақтары параллель (қатарласа) жүйкелі өсімдіктер: Жапырақтары саусақ салалы жүйкелі өсімдіктер: Жапырақтары топтанып орналасқан өсімдіктер: Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан өсімдіктер: Жапырақтары қауырсын тәрізді торлы жүйкелі өсімдіктер: Жапырақтың кеңейген (жалпақ) бөлімі: Жапырақтың қызметі: Жапырақтың өсуі, тіршілік ету ұзақтығы: Жарты ай немесе бүйрек пішінді бір-бірімен жанасқан 2 жасуша: Жарық мол түсетін үстіңгі өңнің астына жанаса жататын жасуша: Жасушалары тығыз орналаспай арасында кеңістіктері болатын: Жүйкелену деп: Жұп қауырсындылар: Күн сәулесі мол түсетін жерлерде өсетін өсімдіктердің жапырақтарында: Саусақ салалы күрделі жапырақты өсімдіктер: Таспа тәрізді жапырақты өсімдіктер: Тақ қауырсындылар: Қынапты жапырақтар: Өң жасушалары: |
||||
Жиынтық бағалау | |||||
Дерек көздер және жабдықтар | Флипчарт, қағаздар, стикер | ||||
Кейінгі тапсырма мен портфолио деректері | |||||
Кейінгі оқу | Биология-Қазақстан мектептерінде;
Биология анықтамалығы; |
§16 о0у, 38-40 суретті салып келу.
59беттегі «Біліміңді тексер» тапсырмасын орындау. |
|||
Сабақты талдау | Топта, жұпта , жеке жұмыс бойынша талдау; | ||||
Сабақты бағалау | Мұғалімнің оқушыларды бағалауы | Оқушылардың табыс критерийлері бойынша өздерін және баяндамашыны бағалауы, топтардың бірін- бірі және тапсырмаға сәйкес түсінгендерін бағалауы; | |||