Басы » Информатика » Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

totyj-st6dsАлмагуль Бейсенбаева

Cабақтың тақырыбы:       Кестелер, кестелер құру, кестелерді редакциялау, кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларды кесте жасауға, ұяшықтарды қосуға, алып тастауға және

біріктіруге үйрету. Оқушыларға кестелерді қоршауды, жиектеуді  қоюды меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге

деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2007 бағдарламасы, интерактивті тақтада дайындалған слайд, картотекалар.

 

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру . 

ІІІ.  Қорытынды

ІҮ. Жаңа тақырып.

Ү. Практикалық жұмыс.

ҮІ. Сабақты бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Отырыңдар!

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

  1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.

Сонымен, бастаймыз.

 Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

Жауап жоспарының үлгісі:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.
  2. Тағайындалған орынға отыру керек.
  3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
  4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
  5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
  6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
  7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек.
  8. Компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.
  • Жарайсыңдар!
  • Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.

 

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

  • MS Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?
  • MS Word мәтіндік редакторынын терезе элементтерін ата.
  • Стандарттау тақтасының батырмаларын ата?
  • Форматтау тақтасының батырмаларының атауы?
  • Құжаттар мен жасалатын жұмыс?
  • Құжаттың беттеріне нөмірлерді қалай қоямыз?
  • Құжаттың бетіне рамка қою?

 

Қорытынды.

 

ІҮ. Жаңа сабақ

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте безендіруді  үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры  кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте құрудың үш әдісі бар: (мұғалім интерактивті тақтадан көрсетеді)

  1. Лентаның кірістіру қосымша бөлімінен «Вставить таблицу» батырмасын басу арқылы,

кестенің қатары мен бағанының

саның көрсет. ОК батырмасын бас.

  1. Лентаның Кірістіру қосымша бетінен Кестені кірістіру тізімінен керекті жол мен бағандарды ерекшеле (кестенің ең үлкен өлшемі-10х8) .
  2. Лентаның Кірістіру қосымша бетіндегі Кесте тобынан Кестені салу (Нарисовать таблицу) бөлімін таңда және қарындашпен кестені сал.

 

Аспаптар панелінен шекаралар белгісін пайдалана отырып, өзгертуге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы үш әдістің айырмашылығы мынада: 2-ші әдіс бойынша компьютер 10 бағаннан артық емес кесте құрады. Егер үлкен санды бағандар кестесін құру керек болса, онда бірінші әдісті қолданамыз. 3-ші әдісі қолмен салуды көрсетеді. Біз көбінесе бірінші әдісті қолданамыз.

  1. Меню жолынан «Вставка» командасын таңдау.
  2. «Таблица» батырмасын шерту.
  3. «Вставка таблицы» диалогтық терезесінде бағанның және жолдың тиісті сандарын енгізу керек.
  4. «ОК» батырмасын шерту.

Кесте безендіру, редакциялау

  1. Кестені бөліп алу.
  2. «Таблица» — «Работа с таблицами»
  3. «конструктор» «макет» командаларын орындау.
  4. «Конструктор» батырмасын таңдау. Құрылған кестенің шекара түрін, қалындығын және түсін өзгерту, ұяшықтардың боялуын өзгерту, ұяшықтарды біріктіру, бөлу, жолдарды (бағандар, ұяшықтар) қосуға болады.

 

 

Кестені  жиектеу Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе жолды толық белгілеу.

  1. Формат> Границы и заливка
  2. Границы и заливка диалогтық терезеде Граница қосымшасы қосылады
  3. Жақтаудың Нет типін таңдаңдар да, ОК шерту.

Сонымен, біз сіздермен кесте құру, безендіру мен жиектеудің алгоритмін жаздық. Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.

  • Мен қазір сіздерге бірнеше мысал көрсетемін, сендерде қандай кесте құрылуы мүмкін.
  • Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып

келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.

Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки  (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып,  кестені құруға және жоюға болады.

Әрқайсыңның партаңда деңгейлік тапсырмалардың жоспары жатыр. Жоспар бойынша MS Word мәтіндік процессорын жібереміз.

Ү. Практикалық жұмыс

 

Деңгейлік тапсырмалар

І. деңгей

 

  1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.
  2. 11 баған, 2 жолдан тұратын кесте құр.

3.Работа с таблицами     Макет    Выровнять по ширине выровнять по высоте командаларын орындай отырып таблицаны өндеу.

 

                     
                     

 

ІІ.  деңгей

 

  1. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.
  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.
  3. Кестеге  работа с таблицами> конструктор >қаламның түр түсін анықтау  командасы арқылы жиектеу орналастыр

 

Оқушы туралы мәлімет

 

Р/с Оқушының аты-жөні Туған жылы Мекен-жайы Телефоны
1        
2        
3        

 

ІІІ.  деңгей

 

  1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (работа с таблицами> конструктор > Кестелер мен шекаралар командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсін таңдап кесте құрыңыз.
  2. Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз
  3. Кестені белгілеу – қосымша меню> Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1-ші бағанды толтыр.
  4. 1-ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.
  5. Кестенің соңынан тағы 1 баған қос оң жағына, оған Қолы деген мәлімет енгіз.
  6. Tab пернесін басып 1 жол қос, 4-ші 5-ші ұяшықтарды біріктір.
  7. Мұғалімге көрсетіңіз.

«Менің күнделігім»

 

Күні Пәндер Үйге тапсырма бағасы
26.02.15бейсенбі 1

2

3

4

Тарих

География

Математика

Информатика

 

 

 

Кестемен жұмыс

 

 

 

5

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.

Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.

Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.

 

ҮІ. Сабақты  бекіту үшін «ақпараттық  диктант» орындаймыз.

 

(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)

 

  1. Кестені даярлау үшін….     Кесте > Кесте қосу
  2. Ұяшықтарды біріктіру үшін……      Кесте > Біріктіру
  3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
  4. Ұяшық дегеніміз не?……. Баған мен қатардың қиылысуы
  5. Кестеге жақтау орналастыру үшін…….. Формат> Шекара және Құю > Шекара
  6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне…….   tab
  7. Ұяшықтарды бөлу командасы……….. Бөлу
  8. Жолдарды кірістіру……………Кесте > Кірістіру > Жол қосу

 

 

ҮІІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс.

                                    (Әр түрлі әдістерді пайдаланып, кесте құру  эл.түрде)

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.

ҮІІІ. Бағалау.

 

 

Үй тапсырмасы бйынша сұрақтар:

 

  • MS Word мәтіндік редакторын қалай іске қосамыз?

Іске қосу      программалар       Майкрософт ворт

 

  • MS Word мәтіндік редакторының терезе элементтерін ата.

Тақырып жолы,меню жолы ,стандарттау панелі,форматтау панелі,шегініс маркері,сызғыш,қалып-күй жолы,жұмыс аймағы,айналдыру жолақтары.

 

  • Стандарттау тақтасының батырмаларын ата?

Создать құжатты(құру), ашу,сақтау баспаға шығару,құжатты көру (предварительный просмотр), вырезать(қию), копировать, вставить, болдырмау(отменить), қайта қайту(вернуть), масштаб, кесте құру

 

  • Форматтау тақтасының батырмаларының атауы?

Қаріп түрлері, шрифт өлшемі,интервал, нумерация, маркер, қаріп көлемі(үлкейту,кішірейту)

 

  • Құжаттар мен жасалатын жұмыс?

Құжатты құру,сақтау,ашу.

 

  • Құжаттың беттеріне нөмірлерді қалай қоямыз?

Вставка, номер страницы

 

  • Құжаттың бетіне рамка қою?

Формат, границы страниц,страница, рисунок.

 

ҮІ. Сабақты  бекіту үшін «ақпараттық  диктант» орындаймыз.

 

(оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады)

 

  1. Кестені даярлау үшін….     Кесте > Кесте қосу
  2. Ұяшықтарды біріктіру үшін……      Кесте > Біріктіру
  3. Кесте құру батырмасы қай қатарда орналасқан? Стандартты
  4. Ұяшық дегеніміз не?……. Баған мен қатардың қиылысуы
  5. Кестеге жақтау орналастыру үшін…….. Формат> Шекара және Құю > Шекара
  6. Жаңа жол қосу үшін қолданатын перне…….   tab
  7. Ұяшықтарды бөлу командасы……….. Бөлу
  8. Жолдарды кірістіру……………Кесте > Кірістіру > Жол қосу

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге

болмайды.

  1. Тағайындалған орынға отыру керек.
  2. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.
  3. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен
  4. Компьютерді өздігіңмен жөндеуге болмайды.
  5. Компьютер бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.
  6. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек
  7. Компьютерде су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *