Басы » Бастауыш сыныптар » Сөйлем. Білімді тиянақтау

Сөйлем. Білімді тиянақтау

%d0%b0%d1%80%d0%b4%d0%b0%d0%baЖамбыл облысы ,Шу ауданы,Бәйдібек ауылы

«Мәншүк Мәметова шағын орталықты орта мектебі»

Бастауыш сынып мұғалімі

Сулейманкулова  Ардақ  Сайлауовна

Сабақтың тақырыбы:  Сөйлем.  Білімді тиянақтау

Сабақтың мақсаттары:Білімділік: Сөйлем, сөйлем түрлерін, сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы алған білімдерін жалпылау.Оқушыда сөйлем, сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөліну түрлері туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға мүмкіндік жасау.Дамытушылық: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау, талдау, алған білімдерін пайдалана білуін, тілдерін дамыту, өзіндік пікір айтуға, өз ойын жеткізе білуге үйрету;оқушыларды сөйлемді оқыған кезде дауыс ырғағын салыстыру арқылы оларды бір-бірінен ажырата білуге жаттықтыру; тіл дамыту, рефлексиялық жаттығуларды орындату арқылы оқушылардың  байланыстырып сөйлеуін дамыту;

Тәрбиелік: Білімділікке, ұйымшылдыққа,  шығармашылыққа, бірлесіп топпен жұмыс істеуге баулу; алған білімдерін өмірде қолдана білуге ,еңбек сүйгіштікке, туған елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.     Сабақтың әдіс- тәсілдері: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру

Көрнекілігі: қима қағаздар,, карточкалар, плакаттар және т.б.

Пәнаралық байланыс:  Әдебиеттік оқу, еңбекке баулу.

Сабақ барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.

II.Психологиялық дайындық.

Толықсыған дәні бар,Мамырланған малы бар

Қыран қанат әні бар,Қазақстан келбеті. Елтаңбадан танылар.

III.Қызығушылығын ояту. «Кәмпиттердің түсіне қарай топостыру»

Жұмыстың жүргізілуіне қарай топтастырып отырғызу :1-топ:Мармалад         2-топ :Ирис          3-топ:Шоколад

А)Көру диктанты.Қала, бидай, мал, елтаңба, ту, шаңырақ, ,бүркіт, бәйтерек, мақта, өзен.  IV.Жаңа сабақ: Мағынаны тану.   «Ребус шешу»

,,,,             ,,,         ,,        ,, ,,        ,,,         , , ,  , ,

Сағат       өрік    йод    балық   есік     машина

Сабақтың тақырыбын ребусты  шешіп білеміз.   « Сөйлем.Сөйлемнің түрлері»

1.Ассоциация құру. Балалар, сөйлем туралы не білеміз?

 Сөздер бөлек жазылады

«Топтастыру» стратегиясы бойынша сөйлем туралы не білетіндерін жазғызамын.

  Сөздерден  құралады

 

 

 Тыныс белгілері

 

 Бас әріп
  Сөйлем

Бас әрі

Аяқталғаннан кейін тыныс белгісі қойылады

            Нүкте           Сұрақ белгісі                           Леп белгісі

 

 Байланыс
 Сөйлем түрлері
 Аяқталған ой

Аяқталған ой

  1. Әткеншек» әдісі Әр топқа тапсырма беріледі, берілген сілтемені оқып топ ішінде талдап, әр топтан бір спикер шығып «Әткеншек» әдісі бойынша басқа топтарға түсіндіреді.
    1 — топ: Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.
    2 — топ: Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады
    3 — топ: Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді. Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады.

3.«Мен  кіммін?»ойыны

1.Өзім сөзден тұрамын

Біткен ойды құрамын                                Сөйлем

2.Ойды аяқтап орақ тұрады,

Жауап сөз қалап тұрады                  Сұраулы сөйлем

3.Ұранды, шаттықты

Өкініш аптықты

Білдіріп ойын талайдың

Шарға ине қадаймын                       Лепті сөйлем

  1. Сөзді құрап, доп тіземін,

Қоя салсаң, бір тары,

                  Сөйлем

 

Жаңалықты жеткіземін                       Хабарлы сөйлем

 

 

 

                   Айтылу мақсаты мен сазына қарай

 

                                  

 

Хабарлы сөйлем
Сұраулы  сөйлем
Лепті  сөйлем

 

 

 

 

 

V.Оқулықпен жұмыс:Жаттығулар орындау

Әр топтан екі оқушыдан өлеңді дауыс ырғағын келтіріп оқиды.
8 — жаттығу: «Не жомарт? Кім жомарт?»
Өздік жұмыс

9-жаттығу.Алдымен сұраулы,екінші хабарлы,сонан соң лепті сөйлемді көшіріп жаз.

-Бұл кім?    -Мен сізге жеделхат әкеп тұрмын.  Үлкен рақмет!

10-жаттығу.Берілген сөздерден төрт сөйлем құрап жаз.Тиісті тыныс белгілерін қой.

Арыстанның төлі не?

Ауа қандай таза!

Балалар қардан аққала жасады.

Әлия кітапханаға барды ма?

12-жаттығу. Ертегіні тиісті дауыс ырғағымен оқыту. Топтарға тапсырма беру.

«Баяндау стратегиясы» , «Бірлесіп сурет салу стратегиясы»

1 топ . Рөлге бөліп оқу.Бұл үзінді қай ертегіден алынған?

2 топ . Сұраулық мағына беріп тұрған сөзді тап.Ертегіні өзің жалғастырып қөр.

3 топ. Мазмұны бойынша сурет салу

13-жаттығу «Моншақтарды жіпке  тізу»арқылы сөздер жазылған моншақты дұрыс орналастыр

келді
қаладан
кеше
көкем

 

 

 

 

 

  1. Топтасып жұмыс жасау. «Адасқан сөйлемдер» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: берілген сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай өз үйшігіне орналастыру керек.

1-тапсырма:“Өз үйінді тап?” ойыны

 

 

 
  ?
!
 
 

 

Астана – Отанымның жүрегі    Бәйтеректің басына сен шықтың ба

Ыстық қой, шіркін, туған жер!Мейіржан жылы киіндіМаржан нешінші сыныпта

оқидыАлақай, апам келе жатыр

2-тапсырма:Сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай түрлеріне бөліп жаз.

Атасы жолаушылап кетті. Әсет оны күтіп жүр. Атасы Әсетке ойыншық әкелді. Бұл жолы не әкелер екен?   Енді не істеймін?  -Алақай , атам келді! Бір күн де ойнамай сындырғаныма атам ұрсатын болды-ау!-деп Әсет қатты қынжылды.

1-Топ                                             II    — топ                        III — топ

Хабарлы сөйлем.                     Сұраулы сөйлем.             Лепті сөйлем.

 

VI.Шығармашылық жұмыс: «Ұйқасын тап»ойыны

1-Топ:  Еңбек сүйгіш———————————— /құмырсқа/

Ерте шығып  ————————————/ жұмысқа/

II    — топ

Жазда астық———————————/тасиды/                   Толтырады ас ———————————/үйді/

III – топ

Қыстай тыныш——————————/жатады/                       Рахатқа—————————————/батады/

3-тапсырма: Сұраулы сөйлемдерді хабарлы сөйлемдерге     айналдырып,мақал  етіп жаз.

Береке көзі бірлікте ме?           Отан оттан да ыстық па?      Ат-адамның қанаты ма?

VII .Қорытынды. Ой толғаныс .Балалар, сөйлемнің тыныс белгілеріне байланысты жұмбақ жасырамын, ал сендер ойлана отырып табыңдар.
1 – қатар. Мен де сөзден тұрамын,
Сұраулы ойды құраймын.(Сұраулы сөйлем)
2 – қатар. Өзім сөзден тұрамын,
Хабар мен нүкте жинағым. (Хабарлы сөйлем)
3 – қатар. Қуану, ренжу, өкіну,Мақсатым соны сездіру.
Ұранды да айтамын,Қарқындап барып қайтамын. (Лепті сөйлем)

2.Тірек сөздер арқылы сөйлемдер құрау

көпұлтты

 

Астана

 

бақытты

 

 

 

 

 

Қазақстан

 

 

 

.5.«Ашық микрофон»әдісі арқылы сұрақ-жауап алу,сөйлем туралы не білдік?

1.Сөйлем сөздерден құралады.

2.Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен бөлек жазылады.

3.Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

4.Сөйлемнен соң нүкте белгісі, сұрау белгісі, леп белгісі қойылады.

5.Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.

6.Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланыста болады. Олардың байланысын сұрақ қойып білеміз.

7.Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, лепті болады.

VIII.Үй тапсырмасын беру.11-жаттығу. Сөйлемдерді  оқып,жазған сөйлемдерің қандай сөйлемдер?

  1. IX. Оқушыларды бағалау. Топ аралық бағалау спикерлерге баға беру. ( қай топтың спикері жақсы толық, түсіндіре білді)
    «Басбармақ» әдісі арқылы оқушының өз біліміне деген сенімін анықтау.
    Мен бәрін түсіндім.Мен түсінгендеймін.Мен түсінбедім.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *