Басы » Cыныптан тыс » Мұражай және өлкетану жұмыстары арқылы жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру

Мұражай және өлкетану жұмыстары арқылы жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру

%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d1%83%d1%80%d0%b7%d0%b8%d0%bd%d0%b0Батыс Қазақстан облысы

Бөкей Ордасы аудандық

балалар-жасөспірімдер туризмі

және экология орталығының

қосымша білім беру педагогы 

Алмурзина Гульмира Жолдибаевна 

« Мұражай және өлкетану жұмыстары арқылы жас ұрпаққа рухани-патриоттық тәрбие беру »

Мақсаты:

  • Жас ұрпақты өлкетану шежіресімен таныстыра отырып,туған жерге деген отаншылдық сүйіспеншілігін қалыптастыру;
  • Өлкеміздегі мұражаймен байланыс жасау, көнекөз қариялармен сұхбат жүргізе отырып, көне жәдігерлерді келешек ұрпаққа жеткізу;
  • Оқушылардың өзіндік шығармашылық іскерлігін арттыру және қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлғаны қалыптастыру.

 

Міндеті:

Мектепте, мектептен тыс мекемелерде мәдени шаралар өткізіп, тарихи орындарға жорықтар ұйымдастыру арқылы күнделік, сипаттама, жорық сызбасын жасау жұмыстарына үйрету.

 

Күтілетін  нәтиже:

Осындай жұмыстар нәтижесінде қалыптасқан жаңа заманға лайық жан-жақты,  ізденгіш, патриоттық сезімі жоғары, алдына мақсат қоябілетін және де сол мақсатқа жету жолдарын таба білетін тұлға қалыптасады.

 

 

«Жалпақ  жұртыңды, игі алашыңды  құрметтеу алдымен өзің  тұрған  өлкенің   тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады»                              

                                                                                            Н.Ә.Назарбаев

Отан деген ұғымның аясы қаншалықты кең болса, отансүйгіштік тәрбиесінің де аясы соншалықты кең.

Ғалымдардың болжауы бойынша мемлекет алдындағы мақсаттарға жету үшін жастарды жаңа заманға сәйкес тәрбиелеу қажет. Оқытумен бірге жастарды тәрбиелеу проблемасы қатар шешілуі қажет, себебі «тәрбие» түсінігі біртұтас білім беру үрдісінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Менің ойымша, тәрбиелеу барысында тұлғаның рухани және адамгершілік дамуына ұлттық  мәдениетке деген орын беру керек.  Жалпы балаларды  тәрбиелеу жолында мынандай нақты тәсілдерге көңіл қою керек деп ойлаймын.

  • Тарихи ескерткіштерді сақтауға ұмтылдыру
  • Бос уақытты пайдаланудың мәдени үлгілеріне бейімдеу.

Мұражай құндылықтары арқылы өскелең ұрпаққа   тәрбие беру – бала тәрбиесіндегі ұтымды жолдардың бірі.

Мектеп мұражайдың негізгі жұмысы – тарих арқылы, тарихи-мәдени ескерткіштерді насихаттау, сол арқылы жас ұрпақты рухани-адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеу. Жастарды мұражай мәдениетіне тарту, тарихын сүю, еліне деген мақтаныш пен отаншылдық сезімін ояту, тарихи кезеңдермен таныстыру, материалдық-рухани құндылықтармен таныстыру.

Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалған емес. Кез-келген мектеп мұражай экспозициясы және онда қойылған мектеп мұражай экспонаттары жоғары ізгілік пен адамгершілігі бар, жан-жақты мәдениетті тұлғаның қалыптасуына ерекше әсер етері сөзсіз.

Жас ұрапқты тәрбиелеуде олардың білім мен ғылымға деген ынта жігерінің құлшынысың, қызығушылығын, қабілетін дамытуда мектеп мұражайлары қашан да маңызды жұмыстар атқарады. Өлкетану сабақтарды өткізуге ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор.

Мектеп мұражай экспозициясын көрген  оқушылар одан көргендерін көңілдеріне түйіп, ой елегінен өткізгендей етіп қабылдаса, айналасындағылардың іс-әрекетін түсінуіне, ойлауына, сезінуіне ықпал етеді.

Жас ұрпақты Отан сүйгіштікке, патриоттыққа, рухани-адамгершілікке тәрбиелеуде мына төмендегідей тақырыптарды жан-жақты ашып көрсетуге болады. Мысалы: «Орда – тұңғыштар Отаны», «Нарынның нар ұлдары», «Ұлы Отан соғысының сөңбес жұлдыздары», «Мәңгі бірге», т.б. Осы тақырыптарға қысқаша тоқталып өтсем.

                                                 Жәңгір арманы

                                Жәңгірім елін билеп хан болғасын,

                                Салғызған жәннәт жерден Хан Ордасын.

                                Жат жұртқа қазақ халқын танытып бір,

                                Қалаған тұңғыштардың жан тұлғасын.

                                            Достық бірлік жақтаған,

                                            Ғылым, білім баптаған.

                                            Жарқын істер атқарып,

                                            Қазақ елін сақтаған.

                                            Орда салған әмірім,

                                            Озық ойлы Жәңгірім.

Даламызға білімнің нұрын шашқан

Мектебім – алтын ұям Жәңгір ашқан

Жеткізген сан адамды арманына

Киелі қара шанырақ – дәуір дастан атты тақырыптық экспозицияда Қазақстанда тұңғыш білім, мәдениет ордасы көрсетілген.

Осы экспозицияда көрсетілген бірнеше білім ордасы туралы мәлімет жинап, өз ойларын баяндай отырып, оқушы өз бойынан елге, туған жерге деген сүйіспеншілігін байқайды.

Енді «Нарынның нар ұлдары» деген тақырыпты алайық. Бұл тақырыптағы экспозицияны екі бөлімнен құруға болады. Кеңес үкімет үшін құрбан болған сарбаздардың бейіті мен Б. Жәнекешевтің обелискі. Бисен Жәнекешевтің батырлығы мен ақындығы. Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихы, Бисен сынды біртуар батырларымыздың еркіндік, адалдық пен шыншылдықтын үшін күрескеннін оқушыларға баяндау. Халқы мен жұртың сүйген асыл ердің жүрегі кең, жас жеткіншектерді бостандыққа шақырып, сол жолда мерт болғандығын экспозицияда көрсете отырып, экскурсия барысында Бисеннің өлеңдеріне талдау жасап, оқушыларға түсіндіру керек.  Мысалы:

                      …….Отырмын Ақорданы алайын деп,

                     Қылышты қызыл қанға малайын деп.

                     Кешегі шахит болған 80 жігіт

                    Жолына Мүлхайдарды шалайын деп —

деп басталатын жыр жолдары адамның ішкі жан сезімін тебірентпей қоймайтыны аңық.

Осы мектеп мұражай арқылы  мен мектеп оқушыларымен ғылыми-зерттеу жұмыс жазып, ол жұмыстардың биіктен көрінуі жалғыз ұсатздын еңбегі емес, онда оқушының жүрегі, ынтасы, Отанға, туған жерге деген патриоттық сезімін және сүйіспеншілігін көруге болады.

Өлкенің тарихын, тарихи-мәдени, табиғи құндылықтарын оқыта отырып, оқушының танымдық қызығушылығын оятып, шығармашылық белсенділікке, өз бетімен іздену талабын қалыптастыруға болады. Шәкірттердің өзіне деген сенім, білуге деген ынтасын арттыруға тәрбиелей отырып, өлкетану деректері бойынша іздестіру, зерттеу жұмысына басшылық жасауға болады. Атап айтсақ, оқушылар мынадай тақырыптарда іздестіру, жинақтау, зерттеу жұмыстарын жүргізді:

Мектебіміздегі «Өлкетану» үйірмесіне қатысып, өзім  жетекшілік ететін оқушылардың  ғылыми-зерттеу жұмыстарына тоқталсам:

Оқушылның

аты-жөні

Жұмыстың   тақырыбы Жобаны   қорғау Нәтижесі
1 Мақашева

Ақжарқын

«Тұңғыштар туын тіккен мекен» Облыстық

“Атамекен” Туристік-экспедициясы

І орын

диплом

4 Мұхамбетжанова

Лунара

“Орда ауылының жер-су атаулары” Обл.«Туған жер- Алтын бесік» өлкетану байқауы І орын

диплом

6 Мұхамбетжанова

Лунара

“Өлкені қоныс еткен өзге ұлт өкілі” ҚР мен Ресей  шекарасында «Мәңгі бірге»туристік-өлкетану І орын

диплом

7 Мұхамбетжанова

Лунара

“Өлкені қоныс еткен өзге ұлт өкілі” ТМД елдеріндегі «Мәңгі бірге» туристік-өлкетану экспедиция байқауы ІІІ орын

Диплом

8 Карлова

Жаннұр

«Жәңгір – мәңгі есім» Облысытқ «Атамекен» өлкетану байқауы ІІ орын

диплом

9 Карлова

Жаннұр

«Өшпес –мұражай тарихы» Республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі ІІІ орын

диплом

10 Айбатова Салимат «Бөкей Ордасы тұңғыштар мекені» Облыстық мектеп музейлері фест-ң «Музей және балалар» көрмесі І орын

диплом

12 Жұмағалиева А

Ишанғалиева П

Байғұттиева А

«Қазақ хандығының негізгі құрылу себептері» «Қазақ хандығына 550ж» арналған аудандық мультимедиалық жобалар сайысы ІІ орын

диплом

13 Жұмағалиева

Айым

«Ескерткіштер сыр шертеді» «Ең үздік ғылыми жоба» атты Республикалық ғылыми жобалар сайысы ІІ орын

диплом

14 Темирболатова Жанна «Көнені жонып жаңартқан ірі тұлға» «Ең үздік ғылыми жоба» атты Республикалық ғылыми жобалар сайысы І орын

диплом

 

Оқушылардың жинақтау, зерттеу және ағарту жұмыстары өлкетану үйірмесінің отырысында тыңдалып, талқыланып кейін аудандық, облыстық, республикалық сайыстардан жүлделі орындарға ие болды.

Сонымен қатар, өлкетану үйірмесінде тек еліміздін, өлкеміздің тарихы туралы айтылып қоймай, оқушылар Халықаралық сайыстар мен олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр.

Мектебіміздегі «Өлкетану» үйірмесіне қатысып, өзім  жетекшілік ететін оқушылардың «Лидер» Халықаралық интерактивтік білім олимпиадасына қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар :

Оқушылның

аты-жөні

Сынып Жұмыстың   тақырыбы Жобаны   қорғау Нәтижесі
1 Тулембаев Мақсат

 

5 «Правила дорожные детям знать положено» Ресей І орын

Диплом

2 Тулембаев Мақсат

 

5 «Спортивный колейдоскоп» Ресей ІІ орын

Диплом

3 Тулембаев Мақсат

 

5 «Я имею право» Ресей ІІІ орын

Диплом

4 Тулембаев Мақсат

 

5 «Сказка о рыбаке

и рыбке»

Ресей ІІІ орын

Диплом

5 Хайырлыева Дильназ

 

6 «Кто спортом занимается, тот силы набирается» Ресей І орын

Диплом

6 Хамитова Аружан

 

6 «Знатоки спорта» Ресей І орын

Диплом

7 Акпейс Дильназ 5 «Спортивный колейдоскоп» Ресей ІІІ орын

Диплом

8 Насипкалиев Алихан 7 «Знатоки птиц» Ресей І орын

Диплом

9 Зулкарнаев Азамат 6 «Голоса природы» Ресей ІІІ орын

Диплом

10 Калиматова Альмара 6 «По следам Робинзона» Ресей Лауреат

Диплом

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «Елімізге бойына  ата-бабамыздың ел мен жерге деген сүйіспеншілік қасиеті дарыған, егеменді елімізге аянбай қызмет ететін, ой өрісі кең, алғыр да, жүректі, сауатты да, салауатты азаматтар қажет» — деген сөзімен аяқтағым келеді.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *