Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы,
Жосалы кенті,
«Қармақшы аграрлы-техникалық» колледжі КММ
Досболов Азиз Дүкенбайұлы.
Сабақтың тақырыбы: Газэлектрмен пісірудегі жік түрлері. Бір және көп қабатты жіктер
Сабақтың мақсаттары:
Сабақтың білімділік мақсаты: Металл конструкциясында жұмыс жасаған уақытта оқушылардың теориядан алған білімдерін өндірістік орында қолдануға баулу. Білім алушылардың теориялық білімін жетілдіру. Әртүрлі бұйымдар жасағанда металл табақшаларға жік салуды дәнекерлеу барысында қолдануға үйрету. Конструкциялық құрылыс жұмыстарында металл табақшаларын немесе металл профилдерді сабақ тақырыбына сәйкес жұмыс жағдайында қолдануға баулу.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Студенттер бойында құрал – саймандарды күтіп ұстау, шикізаттармен материалдарды үнемді пайдалану, жұмыс барысында ұқыптылық пен тыңғылықты еңбек қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Білім алушылардың кәсіби білімін жетілдіру мақсатында тақырыпқа сай дәнекерлеу жұмыстарында жік салу әдістерін үйрету. Жұмыс орнында қауіпсіздік шараларын қарастыруға баулу. Студенттің жоспарлы жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың материалдық-техникалық жабдықталуы: Технологиялық нұсқау картасы, пісіру аппараттары, электродтар, көрнекілік құралдар, көлемі 250х150 мм көлеміндегі болат табақшалар, 40х40мм металл профильдер.
Оқу өндірістік базасы: «Пісіру ісі» шеберханасы
Сабақ барысы:
- Ұйымдастыру кезеңі: (сағ: )
- Студенттердің сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру.
- Студенттердің өндірістік сабаққа арналған киімдерін тексеру.
- Кіріспе нұсқау: (сағ: )
- Студенттерге сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
- Өткен сабақ бойынша білім алушылардың білімін тексеру.
- Өндірістік оқу кезінде техника қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.
Жаңа сабақ бойынша студенттерге нұсқау беру:
- Ағымдық нұсқау: (сағ: )
- Студенттерді жұмыс орындарына бөлу.
- Тексеру мақсатында жұмыс орындарын аралау.
- Студенттердің жаттығу жұмыстарын орындау үшін технологиялық нұсқау картасымен жұмыс жасауларын ұйымдастыру.
- Жұмыс орнының дұрыстығын қадағалау.
- Металл табақшаларға жік салуда, немесе бір және көпқабатты жіктерді түсіруде оқушының іс-әрекетін, құрал-жабдықтарды дұрыс қолдану тәсілдерін тексеру.
- Металлдарға бір және көпқабатты жіктерді салуды өндірістік сабақ барысында тәжірибеде қолдану.
- Пісіруді аяқтаған соң жұмыстың дұрыстығын, орындалу барысын қадағалау.
- Жұмыс қалпының дұрыстығын тексеру.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтау деңгейін қадағалау.
- Орындалған жұмыстарды қабылдау.
- Жұмыс орындарын жинап, тазалау және пісіру аппартын ток көздерінен ажырату.
- Қорытынды нұсқау: (сағ: )
- Жіберілген қателіктерге талдау жасау, түзету.
- Студенттердің білімін бағалау.
- Үйге тапсырма беру: С. Ә. Мәшеков «Пісіру және құю технологиясы» 1-бөлім 54-58 беттер.
Өндірістік оқыту шебері: ____________ А.Д. Досболов
Технологиялық нұсқау картасы № 11
Тақырыбы: Газлектрмен пісірудегі Жік түрлері. Бір және көп қабатты жіктер.
Тапсырма № 11 Металл табақшаларға бір және көп қабатты жік салуды
«Пісіру ісі» өндірістік шеберханасында орындау.
№ | Жасалатын жұмыстар | Қолданылатын құралдар | Жасау ережесі | Техникалық қауіпсіздік ережелері |
1 | Жұмыс орнын жабдықтау. Пайдаланылатын материалдармен құрал-жабдықтарды дайындау. | ZX7 – 200 маркалы пісіру аппараты, диаметрі 2, 2.5, 3.0 өлшемді электродтар, | Жұмыс үстелін жабдықтау, қолданылатын құрал-саймандарды жұмысқа дайындау. | Жұмыс орнының дұрыстығына, тазалығына көз жеткізу. Пісіру аппаратының дұрыстығын тексеру. |
2 | Көлемі 205х150 мм металл табақшаларға бір және көпқабатты жік салуға дайындау. | Өлшегіш, бор, сызғыш, темір щетка | Темір щеткамен қажетті табақшаны тазалау. Бұйымды жасауға қажетті көлемде металл табақшаны өлшеу. | Жұмыс орнында қауіпсіздік ережесін қадағалау. |
Металл табақшаларды қажетті көлемде кесу. | «Bosh» маркалы Кескіш болгаркасы | Өлшеп дайындалған металл табақшаны болгаркамен кесу. | Кесу кезінде қауіпсіздік көз әйнегін тағу керек. Кесуге арналған дискілердің дұрыс орнатылғанына көз жеткізу. Бәрін тексеріп, металды өлшеміне қарай кесу. | |
3 | Пісіру аппаратын қосу. | ZX7 – 200 | Аппаратты қоспас бұрын тексеру. Тексергеннен кейін тоқ қуатын, жасалатын металдың қалыңдығына байланысты реттеу. | Дәнекерлеу жұмысы кезінде бірінші арнаулы маска мен маман киімін кию. Аппаратты және ақпараттық кабельдерін қарау керек |
4 | Кескен металл табақшадан бұрышты қосылыс жасап бір қабатты жік қою.
|
Электрод, шлангі,редуктр | Темірді түйістіріп, бір қабатты жікпен ұстату. | Ішкі жағын қарап саңылаудың, қож қосылыстарының, піспей қалған және балқытылмаған жерлері болмауын тексеру керек. |
5 | Металл табақшаларға бір және көп қабатты жік салуды орындау. | Трансформатор,
электрод |
Металл табақшаларға бір және көпқабатты жік салуды жұмыстарын орындамас бұрын жинастыру жұмысындағы саңылаулар, жалынның дұрыс қуатын таңдау, сол сияқты жұмыс барысында жік түбінің дұрыс пісіруіне көп көңіл бөлу керек | Металл табақшаларды пісіру барысында ұшқыннан және электр қуатынан сақтану. Жұмысты орындауда электродтарды дұрыс ұстауға көңіл бөлу. Пісіру аппаратының қалыпты жұмыс жасауын қадағалау. |
6 | Пісіру аппаратын өшіру. | ZX7 – 200 | Жұмыс аяқталғаннан соң дәнекерлік аппараттарды тоқ көзінен өшіріп дәнекерлік құралдарды жинақтау | Аппаратты жер желісіне бекітілуіне көз жеткізу керек. Ауа сору жүйесін тексеру керек. |
7 | Ақауды түзету
|
Сызғыш | Пісіру жұмыстарын аяқтағаннан кейін жіктерді тазарту. | Пісіру аппаратын ток көзінен ажыратылғанына көз жеткізу керек. |
8 |
Жұмысты аяқтау. Жұмыс орнын жинастыру. | Пайдаланылған құрал-жабдықтарды тиісті орнына қою. | Пісіру аппаратын, кесу құралдарын ток көздерінен ажырату, сызғышты, темір щетканы жинастырып қою. | Жұмыс орнын қалыпты жағдайға келтіру, тазалау. Барлық пайдаланылған заттарды тиісті орындарына қою. |
1 – сурет. Бір (а) және екі (б) жақты бір өтіммен пісірілетін бір қабатты жіктер және көп өтіммен пісірілетін көп қабатты жік.
1–8 – өтімдерді өтудің реті; 1 – түптік жік; 7, 8 – қаптау және пісіріңкіреу жіктері; I–IV – қабаттар
2 – сурет. Пісірудің негізгі кеңістік жайлары
3 – сурет. Түйісетін және бұрышты жіктердің негізгі геометриялық параметрлері е – жіктің ені; g – дөңестік; m – ойыстық; t – түйісетін жіктің қалыңдығы; k – бұрыштық жіктің катеті; р – есептеу биіктігі;
а – бұрыштық жіктің қалыңдығы; h – балқыту тереңдігі; b – саңылау;
S – тетіктің қалыңдығы
4 – сурет. Әртүрлі кеңістік жайда орындалатын пісірілген жікті белгілеу (жақшада қолданылып жүрген халықаралық белгілеулер келтірілген)
Л – «қайыққа»; Н – төменгі; Пг – жартылай көлденең; Г – көлденең;
Пв – жартылай тік; В – тік; Пп – жартылай төбелі; П – төбелі;
Vсв – пісіру жылдамдығы
Бақылау сұрақтары:
- Металл табақшаларға жік салу қалай жүзеге асырылады?
- Пісіру жұмыстарында техника қауіпсіздік шараларын қалай сақтау керек?
- Әртүрлі жағдайларда бір және көп қабатты жік салу үшін ток көзі қалай реттеледі?
- Бір және көп қабатты жік салуды орындау үшін орындалатын жұмыстар реттілігі қандай?
- Пісіру әдістерін орындауда жіберілген қателіктерді қалай түзетеді?