Екібастұз қаласы
№ 24 МГ
қазақ тілі мен әдебиеті пәнініңмұғалімі:
Жүнісова Сауле Болатқызы
Оқушылардың сын тұрғысында ойлау қабілеттерін дамыту
М а з м ұ н ы
Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3
Абстракт (аннотация) . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 4
Негізгі бөлім
- Оқушылардың сын тұрғысында ойлау қабілеттерін дамыту . . . . . 5
- Сабақ жоспары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .9
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 12
Пайдаланған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 13
Оқушылардың сын тұрғысында ойлау қабілеттерін дамыту
Кіріспе
Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту. Өзге тілді оқытуда бірден-бір тиімді әдіс – сын тұрғысынан ойлау әдісі деп ойлаймын. СТОдағы мұғалімнің басты міндеті оқу материалын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру. Әдістемелік құралда СТО технологиясы жайлы сіздермен өз тәжірибеммен алмасам деймін.
Абстракт (аннотация)
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Зерттеудің мақсаты: оқушының тілін дамытудағы сын тұрғысынан ойлау жобасынын қолданудың тиімділігін анықтау.
Зерттеу міндеттері:
— сын тұрғысынан ойлау технологиясының ғылыми теориялық негізін ашу;
— сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқушылардың жан-жақты танып білуін қамтамасыз ететін шығармашылық жүйе жасау, әдістерін ұсыну;
— сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың өз бетінше ізденудің және тілін дамытудың тиімді жолдарын анықтау;
— озат ұстаздардың іс-тәжірибелеріне талдау жасау.
Зерттеу нысаны: мектеп бағдарламасы бойынша сын тұрғысынан ойлау жобасын ана тілі сабақтарында қолдану процесі.
Зерттеу пәні: мектептің оқу-тәрбие үрдісінде сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегияларын пайдалану.
Оқушылардың сын тұрғысында ойлау қабілеттерін дамыту
«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болу керек. Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет”- деген Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
Ұстаздың алдындағы басты мақсат – сапалы білім мен саналы тәрбие беру, оқушының талабы мен ағымына сай қалыптасуына ықпал ету. Баланы жан-жақты жетілдіруде таным баспалдақтарына жетелер дағды – машықтарды қалыптастыруға жол ашатын оқыту мен тәрбие технологиясын жете білу, меңгеру, біліктілігін арттыру.
Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру, уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу, мұғалімнің жеке басының интелектісін дамыту, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Яғни оқытудың жаңа инновациялық технологиясын қалыптастыру. Атақты ғалым В.М.Шепель «Технология, бұл – өнер, шеберлік, іскерлік әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі» дейді.
Оқушының ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін жаңаша оқытудың бір түрі – оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы.
Сын тұрғысынан ойлау әдісі, оқытуда дамыған технологияға жатады. Бұл иллюстративті-түсіндірмелі, ішінара іздену. проблемалық, пікір-сайыс, ойын, шығармашылық, өзін-өзі дамыта оқыту әдістерінің жиынтығы. Сын тұрғысын оқу-тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді.
Бұның мақсаты – барлық жастағы балаларды кез келген мазмұнға сын тұрғысынан қарауды үйрету. Кез келген қиыншылықтарды жеңуге, өз мәселелерін шешуге, әр түрлі жағдайларды сын тұрғысынан қарауға, екі ұйғарым пікірдің біреуін таңдауға, сапалы шешім жасауға үйрету қажеттігі айдан анық болып тұр.
Сын тұрғысында ойлау әдісі мұғалім қызметінде ұйымдастыра оқыту, оқушылардың жеке топпен жұмыс жасау негізінде білім алуымен ұштасады. Бұл стратегия оқушының жекелеген мүмкіндіктері мен қабілеттерін ашуға бағытталады. Бұл әдістің ерекшелігі оқу әдісінде қолданылады. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау қабілетін, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталады.
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл технологияның ішкі құрылымында ерекшелік бар.
Бұл құрылым 3 деңгейден тұрады: қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс.
СТО үйрету үшін мына төмендегі шаралар орындалуы шарт.
1.Сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт беру арқылы мүмкіндік жасау
2.Оқушыларға ойлануға рұхсат беру.
3.Оқушылардың әр түрлі идеялары мен пікірлерін тыңдау.
4.Үйренудегі оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау.
5.Сенімділік.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
— Топқа бөліп ой қозғайды
— Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды
— Шығармадағы ең қажетті, құнды нәтижені анықтауды ұсынады.
— Шығарманың тілдік ерекшелігі туралы сұрақ тастайды
— Ойларын жазуды ұсынады
— Қорытындылауға бағыттайды
Оқушылар іс-әрекетіндегі өзгерістер:
1.Бірлесіп жұмыс істеуге, шешім қабылдауға, өзі білмегенін үйренуге, білгенін ортаға салуға үйретеді.
2.Ұжымдық, жұптық, топтық жұмыс істеу дағдылары қалыптаса бастайды.
3.Білімді өз бетінше іздеуге, салыстыра болжауға, ойын еркін жеткізе білуге дағдыланады.
4.Оқушылар сабақтың басынан-бастап білімді игеруге белсене кіріседі, қызығушылығы артады.
5.Сабаққа енжар қатысып отырған оқушыларда ерекше белсенділік пайда болады.
6.Өзін-өзі бағалауға
7.Саралауға
8.Ғылыми жұмыспен айналысуға
9.Өз пікірін қалыптастыру «мен» деген рөлін көтеру.
«Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын» өз тәжірибемде қазақ тілі сабақтарында жиі қолданамын. Жаңа сабақты өз бетінше меңгеру немесе мағынаны тану кезінде түртіп алу немесе INSERT стратегиясын пайдаланамын.
Ой қозғау стратегиясында «Бұл туралы не білетін едік, есімізге түсірейікші?» – деп 2-3 минут оқушыларды ойлана білуге бағыттаймын.
Ой-толғанысында оқушылар өтілген мәтіннен не әсер еткенін, қандай ой түйгенін жазуға үйренеді. Алғашқыда оқушылар мәтіннің мазмұнын қысқаша жазып келіп жүрді. Бірте-бірте мәтіндегі өзін толғандырған нәрсені де айта алатындай болды.
«ДЖИКСО» әдісінде мәтінді топқа бөліп оқу оқушылардың жауапкершілігін арттырады. Өз тобына келгенде оқығанын айтып беру үшін әлсіз оқушылар да әрбір сөйлемге мән беріп оқитын болды. Мұның өзі жауапкершілік.
«INSERT» стратегиясын мәтінмен жұмыс жүргізгенде қолданамыз.Оқушы ең алдымен тақырыпты өзі оқиды, таныс мәліметтерді белгілейді, өзі білмеген мәліметтерді табады да кестені толтырады, білмегенін мұғалімнен сұрайды, нені білгісі келетінін айтады.
Білемін | Білдім | Білгім келеді |
… | … | … |
Әр оқушы кестені толтырып, білмеген сұрақтарын мұғалімге қояды.
Оқушы өзін-өзі дамытуына білімінің жеткіліксіз екенін сезініп, білімнің қажеттілігіне деген қызығушылығы артады.
Мысалы «Кубизм» стратегиясында кубик фигураның атауы емес, оқытудың кезеңдері мен сатыларын, оъектіні танудың тақырыпты ашудың жолкөрсеткішін, алгоритімін бейнелейді.
1-қыр Сипаттаңыз
2-қыр Салыстырыңыз
3-қыр Ассоциация құрыңыз
4-қыр Талдау жасаңыз
5-қыр Ұсынысыңыз
6-қыр Дәлелдеңіз
Мұғалім оқушыларға белгілі бір тақырыпты ашу үшін, мәселені шешуде бірігіп топқа қарай кубиктің әр қырын таңдап алады. Өтілетін тақырып әр қырынан ашылады, жан-жақты сипатталады, қорытындыланады.
«Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қай әдісін алсақ та, оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын көрудемін. Осы әдістерді үзбей қолдану – жеке оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің ашылуына жол сілтеді. Сабақтарымда жиі қолданатын «Галлерияны аралауда» суреттерді оқушылардың өздері салатын болды, эссе мен 5 жол өлең жазуда да шығармашылық қабілеттері дами түсті.
СТО стратегиясын қазақ тілі сабақтарында пайдалану – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыруға септігін тигізеді, оқушы мынандай нәтижеге қол жеткізеді.
Сабақтың мақсаты:
а) қызығушылықты ояту – сұрақ қою;
б) мағынаны ажырату – жауаптар іздеу, мәселені зерттеу;
в) ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысында мәселені талқылау, яғни үш фазада сабақты бөліп өту, оқыту мен оқу процесін осындай үш сатыда ұйымдастыру.
Мен өз сабақтарымда, көбінесе ана тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келемін. Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту фазасында ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс фазасында Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз.
СТО бағдарламасына қатысудың нәтижесінде сабақта жеткен нәтижелерім:
- Сабағымда сабақтың жаңа құрылымы пайда болды.
Сабақтың жоспары:
- Психологиялық дайындық.
- Ой ашар.
- Үй тапсырмасын тексеру.
- Жаңа сабақ.
І. Қызығушылықты ояту.
а) Ой қозғау.
ә) Өзіндік жұмыс.
б) Түртіп алу ─ + ? v (INSERT)
ІІ. Мағынаны тану сатысы.
- Топпен жұмыс.
- Бес жолды өлең.
ІІІ. Ой толғаныс сатысы.
- Венн диаграммасы.
- Бағалау.
- Үйге тапсырма.
- Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
- бір-біріне құрметпен қарауға;
- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;
- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;
- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана – бас қала
Сабақтың мақсаты: Астана жайлы толық мәлімет беру.
Міндеттері:
1.Өздігінен жұмыс істеуге үйрету.
2.Грамматикалық тапсырмаларды орындату арқылы таным- белсенділіктерін арттыру.
3.Стратегияларды тиімді қолдана білуге дағдыландыру.
Көрнекіліктер: видеофильм, интерактивті тақта
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, баяндау, топтастыру
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
(амандасу, оқушыларды түгендеу)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Ой қозғау.
а) сөзжұмбақ және Астана туралы видеофильм көру арқылы жаңа сабақты ашу;
ә) сабаққа мақсат қою
б) жаңа сөздермен жұмыс ( «Балық қаңқасы» әдісі)
Сөздікпен жұмыс
(Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.)
Президент сарайы – Дворец Президента
қонақүй – гостиница
Жастар сарайы – Дворец молодежи
саяси-экономикалық – политико-экономический
мәдени – культурный
(жаңа сөздерді пайдаланып сөзтіркестер мен сөйлемдерді құру)
Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым. Оқылым.
Астана – бас қала
Астана – Қазақстанның бас қаласы. Қала Есіл өзені жағасында орналасқан. Астанада президент сарайы, Парламент ғимараты, “Интерконтиненталь” қонақ үйі, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Жастар сарайы, көпөабатты тұрғын үйлер бар.
Астана – мемлекеттің саяси, экономикалық, мәдени орталығы.
INSERT стратегиясы
Оқушылар мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздердің қасына +, -, ? белгілері бойынша белгілейді.
3 |
“Кім жылдам?” КУБИЗМ
(сұрақ-жауап)
- Қазақстанның астанасы қай қала?
- Астана қайда орналасқан?
- Астанада нелер бар?
- Астана мемлекттің қандай орталығы?
Сергіту сәті:
Қане, қанат жазайық,
Қарлығаш боп ұшайық.
Ұшып-ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Венн диаграммасы
Салыстыру
Астана Алматы
“Синквэйн” әдісі бойынша сабақты қорытындылау
(5 жол өлең)
- Бір зат есім “Астана”.
- Екі сын есім (көрікті, жас).
- Үш етістік (құлпырып келеді, қаланған, өзгертілді).
- Бір фраза немесе мақал (Астана қаласының нышаны — Бәйтерек)
- Бірінші сөздің синонимі (Қала)
Үй тапсырмасы
Рефлексия
«INSERT»стратегиясы
Нені білемін? | Не білдім? | Не білгім келеді? |
|
Бағалау
Қорытынды.
Қорыта айтқанда, сабақта тиімді әдіс –тәсілдерді, жұмыс түрлерін қолдану мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті үштұғырлы тілін дамытуда, қазақ тілінің мәртебесін көтеруде, өз ойын, пікірін ауызша және жазбаша тілде көркем де анық, нақты етіп бере білу жолында «СТО» стратегияларын дамыту жұмыстары көмегін көптеп тигізері анық. Бүгінгі өмірін бала оқытып, білім беруге бел байлаған әр ұстаздың жандүниесі сенім ен тілектің шуағымен нұрлана түспек деп ойлаймын.
Мен өз сабақтарымда «СТО» стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келемін.
«Мұғалімнің жетістігі – оқушының көрсеткіші» демей ме, осы ізденісім мен талпынысымның арқасында төмендегідей көрсеткішке жеттім.
Білім сапасы
2013-2014 оқу жылы | 2014-2015 оқу жылы | 2015-2016 оқу жылы
|
55% | 66% | 69% |
Пайдаланған әдебиет:
- «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау» Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл.
- «Дауыс пен көрініс» ұлттық журналы №2 (6) 2001ж
- «Деңгейлеп оқыту» В. Беспалько
- «Модульдік оқыту технологиясы оқушылны дамыту құралы ретінде» М.М Жанпейісова
[bws_related_posts]