Басы » Психология » Балалардың бойындағы ауытқушылықтардың алдын алу

Балалардың бойындағы ауытқушылықтардың алдын алу

%d0%b7%d0%b5%d0%b9%d1%96%d0%bd%d0%b4%d1%96-%d0%b4%d0%b0%d0%bc%d1%8b%d1%82%d1%83Алматы облысы  Ақсу ауданы

«Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебі,

мектепке дейінгі шағын орталығымен»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

педагог- психологі

Ниязова Светлана Тоқтаровна

 ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

(тәрбие ісінің меңгерушілерінің семинары)

 «Балалардың бойындағы ауытқушылықтардың  алдын алу»

 

Құрметті ата-аналар !

Сіздердерді бүгін  «Балалардың бойындағы    ауытқушылықтардың  алдын алу»  тақырыбында өтетін дөңгелек үстеліне шақырдым.

Жасөспірімдердің бойында кездесетің түрлі ауытқушылықтарды  осыдан ары қарай, мен девиантты мінез-құлықтар деп айтауға ұсынамын.

І. Презентация

Девиантты мінез-құлық — әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне:

агрессия,

демонстрация,

оқудан,

еңбектен бет бұру,

үйден кету,

алкоголизм,

наркомания,

қоғамға жат қылықтар,

жыныстық жат мінез-құлық,

суицид                                               жатады.

Көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндіреді.  Оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.

Оларды жекеше қарастыратын болсақ:

  1. Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер. Оларға мыналар жатады:

— ұрпақтан-ұрпаққа берілетін немесе ананың жүкті болғанда дұрыс тамақтанбауы, арақ-шарап, нашақорлы заттарды пайдалануы, темекі тартуы, ананың физикалық, психикалық т.б. сырқаттары себеп болатын генетикалық факторлар: ақыл-ой дамуының бұзылуы, есту, көру кемшіліктері, жүйке жүйесінің зақымдауынан пайда болған денедегі кемшіліктер.

Бұлардың бәрі адамның қоршаған ортаға, жеке адамдарға деген жағымсыз қарым-қатынасын тудырады, ал балалар болса, өзіндік сезім мен танымдық деңгейіне байланысты, құрбы-құрдастары арасында, ұжымда еркін сезіне алмайды, қатынасы бұзылады.

  1. Психологиялық факторлар. Бұған баладағы психопатологиялар мен мінездегі кейбір қасиеттердің басым болуы т.б. жатады. Бұл ауытқушылықтар жүйелік-психикалық ауруларда, психопатияда, неврастенияда т.б. көрінеді. Осы сипаттағы мінезді балалар өте ашушаң, дөрекі болады. Оларға міндетті түрде әлеуметтік-медициналық реабилитация, сонымен қоса, арнайы ұйымдастырылған тәрбиелік жұмыстар жүргізу керек.

Баланың әрбір даму сатысында, олардың психикалық қасиеттері, тұлғалық және мінездегі ерекшеліктері қалыптасып, дамып отырады. Бала даму барысында әлеуметтік ортаға бейімделуі немесе керісінше бейімделмей, жатсынып кетуі мүмкін.

Егер, балаға ата-ананың жылуы, махаббаты, ықыласы жетіспесе, онда, ол ата-анасынан шеттеніп кетеді. Шеттену — невротикалық реакциялар, қоршаған ортамен қатынастың бұзылуы, сезімдік (эмоциалық) тепе-теңсіздік және суықтық, ашуланшақтық, психикалық аурулар және психологиялық патологиялар сияқты жағымсыз мінез-құлықтың пайда болуына жол ашады. Егер, балада адамгершілік құндылықтар қалыптаспаса, онда, ол  пайдакүнемдік, қанағатсыздық, зорлаушылық, дөрекілік т.б. сияқты жағымсыз қасиеттерге бейім тұрады.

  1. Әлеуметтік-педагогикалық факторлар. Олар мектептік, отбасылық, қоғамдық тәрбиедегі кемшіліктердің нәтижесінде, баланың оқудағы үлгермеушілігіне байланысты. Мұндай балалар көбінесе мектепке дайындығы жоқ, үйге берілген оқу тапсырмаларына және  бағаларға парықсыз қарайтындар.
  2. баланың жалпы мектепке деген қызығушылығы жоғары, бірақ бір немесе бірнеше пәнді оқуда қиыншылықтарға тап болуынан;
  3. бала сабаққа үлгермеуімен қатар, оның мінез-құлқы өзгеріп, мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасы бұзылып, сабақтан қалуы көбейеді немесе мектептен біртіндеп қол үзе бастайды;
  4. баланың оқуға, мектепке, ұжымға деген қызығушылығы жойылады, асоциалдық топтармен араласып, алкогольге, нашақорлыққа қызыға бастайды;
  5. кейбір отбасындағы әлеуметтік жағдайдың өте төмен болуы, балаларды да өз ортасындағы әлеуметтік теңсіздікке әкеледі, ал мектеп оқушысы, жасы жетпегендіктен жұмыс істей алмайды, содан барып олар қылмысты іс-әрекеттрмен айналыса бастайды.

Баланың психоәлеуметтік дамуындағы ауытқушылықтардың негізгі факторы — ата-ана. Баланың бойындағы асоциалды мінез-құлықты қалыптастыратын отбасы қатынасының бірнеше жағымсыз стилдері бар:

— дисгармонды стиль — бір жағынан ата-ана баланың барлық тілектерін орындайды, үлкен қамқорлық жасайды, екінші жағынан конфликті жағдайларға баланы итермелейді;

тұрақсыз, конфликті стиль – толық емес отбасындағы, ажырасу кезіндегі, ата-ана мен балалар бөлек тұрған жағдайдағы тәлім-тәрбиелік кемшіліктерден туындайды;

— асоциалды стиль — ата-ананың арақ ішуі, нашақор заттарды пайдалануы, криминалды іс-әрекет, аморальді өмір сүру жағдайы, отбасылық қаттыгездік, зорлаушылық жатады.

  1. Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Әлеуметтің теңсіздігі, қоғамның кедей және бай болып бөлінуі, жұрттың кедейленуі, жұмыссыздық, инфляция, әлеуметтік кернеу, т.б.
  2.  Моралді-этикалық факторлар. Қазіргі қоғамның адамгершілік қасиеттерінің деңгейі төмен болуы, рухани құндылықтардың бұзылуы.

Девиантты мінез-құлықты балаларды түзету күрделі әрі қиын әрі ұзақ процесс. Оны іске асыруда көп шыдамдылық пен белсенділік қажет. Қазіргі, осы саладағы әлеуметтік, педагогикалық талаптар мен жүзеге асырылып жатқан тәжірибелер негізінде, бұл саладағы тәрбие міндеттерін жүзеге асыруда мынадай шарттарды орындау қажеттігі туады:

  • балаға ілтипатпен, ізгі тілектестікпен қарау;
  • оның жағымды қасиеттеріне сүйену;
  • оның адамгершілік күшіне, потенциалды мүмкіндіктеріне сену;
  • оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жасалған жалпы білім беретін бағдарламаларды тиімді пайдалану;
  • салауатты өмір салтын қалыптастыруға, қауіпсіз тіршілік етуге бағытталған тәрбиелік бағдарламаларды ұштастыра пайдалану;
  • девиантты мінезге ие балалардың білім алуы мен бос уақытын пайдалы іс-әрекеттермен өткізу жолдарын қарастыратын жаңа кешенді бағдарламалар құру;

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты балалармен тәрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «әрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы әрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып әкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, әлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-әрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттер мәнімен, талаптарымен тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына және оларды мектеп қабырғасынан бастап әлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.

Құрметті аналар!  Дөңгелек үстелдін бірінші бөлімінде теориялық жағынан сіздерді девиантты мінез-құлықтың түрлерімен және оны тудыратын факторларымен таныстырып өттім. Енді  тапсырма практикалық түрде беріледі.  Дөңгелек үстелге орналасқан қытысушыларды үш секторға бөліміз. Әр секторға  жағдаят беріледі.

ІІ. Тапсырма:

  1. Жағдаятты мумкінше рөлімен көрсетіп шығу.
  2. Тудыртқан фактордың түрі.
  3. Отбасы қатынасының стилі
  4. Түзету немесе алдын алу жолдарын көрсету

ІІІ. Ойын «Жазалау »

Ортаға 3 ата-ананы шақырамыз

1.Балаңыз мектепте сіздің көзіңізше мұғалімге дауыс көтеріп айқайласты

  1. Балаңыз көрші үйдің затын ұрлап алыпты,оны көршіңіз сізге келіп айтты

3.Мектепте өзінен кіші баланы ұрып төбелес жасапты ,оны мұғалімнен естідіңіз

Ата-аналар енді сіздер балаларыңызды жазалауларыңыз керек

 

ІҮ. Пікір-талас

Әрбір баланың мінез құлқы ата-анасының жағымды іс-әрекетінің үлгі алуы барысында қалыптасады.» деп Павлов айтпақшы баланың мінез-құлқы өскен ортасына,көрген тәрбиесіне байланысты қалыптасады.Ата-ана бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адамы,өзін көретін айнасы.Сондықтан,ата-аналар,мен сіздерге мынадай сұрақтар қойғым келіп отыр.

1.Бала тәрбиесіне қатысты қазаққа тән қандай қасиеттерді дұрыс деп санайсыз?

2.Бала үшін ата-ананың қайсысының беделі күшті деп ұғасыз?

3.Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба,әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

4.Баланың атасы мен әжесінің тәрбиесінде,атасы мен әжесінің баласы болуына қалай қарайсыздар?

5.Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па,қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

  1. «Баланың өскенде жақсы,өнегелі адам болып шығуына отбасынан алған тәрбиенің ықпалы зор» дегенге өз пікіріңіз,көзқарасыңыз қандай?

-Ата-аналардың пікірлері тыңдалады

Бүгінгі жиыңымызға қатысып, өз ойларыңызбен бөліскендеріңізге алғыс айтып  дөңгелек үстелімізді мынандай сөзбен аяқтағым келіп тұр.

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан, ұядан-

Өле-өлгенше соны таныр қиядан

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған

Жақсы-жаман болса бала солардан, -деп Жүсіп Баласағұн  айтпақшы,ата-ананың бақыты баланың дұрыс адам болып өсуіне байланысты.  Ал балалардың өздеріңізге бақыт сыйлайтын тұлға болып қалыптасуы, ата-аналар сіздерге байланысты.

Әрбір отбасына күннің шуағындай шаттық,жылылығындай мейірімділік, қуаныш, береке, бақыт тілеймін.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *