Наурызова Айнұр Мұратқызы
Жәңгір хан атындағы ЖББО
мектебінің І санатты мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы
Бөкей Ордасы ауданы
«Сыни тұрғыдан ойлауды оқыту» технологиясындағы «Кубизм» стратегиясын әдебиет сабақтарында пайдалану жолдары
«Мұғалімнің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен
әлдеқайда жоғары болу керек.
Ол үшін жаңа формацияның педагогы қажет”
Н.Ә.Назарбаев
Біздің тәуелсіз Қазақстан мелекетінде жас ұрпаққа білім берудің жаңа реформалары қалыптасып, оқытудың әдіс-тәсілдерінің жаңа технологиялары еніп, бүгінде білім беру ұйымдарында кеңінен қолданылып жүр. Бұл да тәуелсіздіктің үлкен жемісі деп есептеймін. Солардың бірі — сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдісі. Бұл әдіс-тәсіл бүгінде республикамыздағы мектептерде кеңінен таралып, қолданысқа еніп жүр. Жеке тұлғаны дамытуға бағытталған «сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» әдіс оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де аса тиімді әрі қызықты деп ойлаймын Өзім осы әдіс-тәсілді оқып үйренгеннен бері сабақтарымда жие қолданып жүремін. Әсіресе, әдебиет сабақтарында сыни тұрғыдан ойлауды дамыту әдсі арқылы берілген тапсырмаларды оқушылар аса қызғушылықпен орындайды. Топтық, жұптық жұмыстарды жүргізе отырып, оқушылардың өзіндік көзқарастары мен ой-пікірлерін, қабілеттерін білуге, олардың біз білмейтін қырларын ашуға осы әдіс көп кемектесіп келеді. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының қай әдісін алсақ та оқушының белсенділігін, ойлау қабілетін, шығармашылығын жан-жақты дамытатынын көрудемін. Осы әдістерді үзбей қолдану – жеке оқушылардың тұлға болып қалыптасуына жол ашады.
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсем, оқушылар — оқудың қызықты, ұжымды бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тиянақтылығы артатындығын байқалады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады. Мен өз сабақтарымда, көбінесе қазақ тілі пәнінде стратегияларды оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданып келдім.
«Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы сабақты жоспарлауда өте тиімді. Мұнда оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады. Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынадай үш құрылымнан тұрады:
– қызығушылықты ояту;
– мағынаны тану;
– ой толғаныс.
Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Оқушы өз шығармашылық қабілетін таныта алады.
Сабақта қолданып жүрген әдістерім мынадай:
І – қызығушылықты ояту бөлімінде ой қозғау (шақыру).
ІІ – мағынаны ажыратуда түртіп алу жүйесі, 5 жолды өлең.
ІІІ ой толғаныс бөлімінде Венн диаграммасы, еркін жазу т.б. стратегиялар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол саламыз. Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені белгілі, демек сол әдіс – тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Мысалы өз сабағымда жие пайдаланатын «Кубизм» статегиясы» мен үшін өте тиімді болып саналады. «Кубизм» стратегиясы тақырыпты ашудың жолкөрсеткішін, алгоритімін бейнелейді.
1-қыр Сипаттаңыз
2-қыр Салыстырыңыз
3-қыр Ассоциация құрыңыз
4-қыр Талдау жасаңыз
5-қыр Ұсынысыңыз
6-қыр Дәлелдеңіз
Мұғалім оқушыларға белгілі бір тақырыпты ашу үшін, мәселені шешуде бірігіп топқа қарай кубиктің әр қырын таңдап алады. Өтілетін тақырып әр қырынан ашылады, жан-жақты сипатталады, қорытындыланады. Осы стратигия бойынша Абайдың «Ескендір» поэмасының желісі бойына аудандық тамыз кеңесінде ашық сабағымды ұсындым.
Сабақтың тақырыбы: Абайдың «Ескендір» поэмасын талдау
Сабақтың мақсаты:
1. Поэманың мазмұнын талдай отырып, негізгі тақырыбы мен идеясын тану. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу жолдарын ашу, оқушылардың өзіндік көзқарастарын қалыптастырға бағыттау.
Көрнекілік:
1. «Абай елі» фото-кітабынан фото-суреттер.
2. «Қалың елім, қазағым» кітабынан поэмалар мәтіні.
3. Биология дәрісханасынан алынған «Адамның бас сүйегінің» бейнесі.
- Кестелер.
Сабақтың өту әдісі: сын тұрғысынан ойлау.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушыларды тексеру
ә) Сынып бөлмесінің сабаққа даярлығы
Үй тапсырмасын сұрау 7 минут. Абай өлеңдерінің тілі (Әр оқушыға семантикалық карта ұсынылады. Жұмыс аяқталған соң көршісімен алмастырып, тексеру жұмысын жасайды. Дұрыс жауап интерективті тақта арқылы ұсынылады.)
Абай өлеңдерінің тіліне арналған семантикалық карта
Көркемдік тәсіл
Үзінді |
Эпитет | Теңеу | Мета фора | Кейіп теу | Иро ния |
Өз үйінде өзендей,
Күркірейді айтса дау |
+ | ||||
Сен – жаралы жолбары ең,
Мен – киіктің лағы ем |
+ | ||||
Ызалы жүрек, долы қол
Сұр бұлт, түсі суық, қаптайды аспан. |
+ | ||||
Қайғың – қыс, жүзің — жаз.
Жүрек теңіз, қызықтың бәрі – алтын тас Сол қызықсыз өмірде жүрек қалмас. |
+ | ||||
Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай… | + | ||||
-Қайтесің, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші, есіл ер Ала жаздай ән салсаң, Селкілде де, билей бер. |
+ |
Көркемдік тәсіл
Үзінді |
Метони мия | Шендестіру | Риторика лық сұрай арнау | Аллитера ция | Психоло гиялық паралле лизм |
Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл,
Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға. |
+ | ||||
Балалық өтті білдің бе,
Жігіттікке келдің бе? Жігіттік өтті, білдің бе? Кәрілікке көндің бе? |
+ | ||||
Үйі мәз боп қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға |
+ | ||||
Көк ала бұлт сөйгіліп,
Күн жауады кей шақта. Өне бойың егіліп, Жас ағады аулақта |
+ | ||||
Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең алмайды, Саудыраған жезіне, Саудасыз сары қамқаны. |
+ |
ІІ. Қызығушылығын ояту
Адамның бас сүйегі, топырақ, әдемі табиғат суреттері беріледі. Сол суреттерді байланыстыра әңгіме, не ертегі құрастыру ( уақыт 5 минут ) Сабақтың тақырыбы шығады. Абай «Ескендір» поэмасы. Поэма сюжетімен танысады. (уақыты 7 минут)
ІІ.Мағынаны тани білу
Класс оқушылары алты топқа бөлінеді.
І Баяндаушы топ (Поэманы өз көзқарастарын білдіре отырып мазмұндайды)
ІІ топ –Зерттеуші топ. (Поэманың өн бойындағы кейіпкерлер туралы айтады, тарихпен байланыс жасалады, оларға мінездеме береді, венн диаграмасын құрады
Ескендір | ұқсастығы | Аристотель |
Дүниеқоңыз
Ашкөз Жауыздық иесі Соғысқұмар Батыр қолбасшы |
Екеуі де бір заманның адамдары
Өмірде болған жандар |
Рухани бай адам
Адамгершілік иесі Ізгіліктің нұрын себуші Бейбітшілікті сүйеді Ұлы ұстаз |
ІІІ топ — Сұрақ құрастырушылар
Жіңішке сұрақтар
Поэманың өзектілігі неде?
Поэманың тақырыбы не?
Идеясы қандай?
Поэманда қандай кейіпкерлер бар?
Жуан сұрақтар
Абайдың ойынша халықты қандай адамдар басқару керек?
2. Осы поэмадан қандай қорытынды шығаруға болады?
3. Бүгінгі күннің қандай өзекті мәселесімен байланыстыруға болады?
ІҮ топ-Сілтеме берушілер (Поэмадағы нақыл сөздерді теріп жазып мағынасын ашады. Поэма мазмұнына сәйкес келетін мақал-мәтелдер жазады.)
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйылғанда.
Қанша тірі жүрсе де, өлген күні,
Өзге көзбен бірдей-ақ болады екен.
“Бақпен озған патшадан, мимен озған қара артық”.
“Хан ақымақ болса, жұртың ылаң болар”
Қанағат – қарын тойғызар.
Білімді өлмес – қағазда аты қалар
Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
Ү топ – Бейнелеуші топ Поэма желісі бойынша сурет салу
ҮІ топ – Дәнекерлеуші топ.
«ХХІ ғасырдың Ескендір Зұлқарнайлары бар ма?» бүгінгі өмірмен байланыстырып ойтолғаныстар жазу.
Топтастыру
Әділдік пен жауыздықтың ара салмағын
ажырату әділеттің жеңіске жетуі
«Ескендір» поэмасы бізге не берді? |
білімнің қажеттілігі бейбітшілікті сақтау
қатанғатшылдық рухани байлықтың бағасы
Сабақ соңын поэманың соңында айтылған Абайдың өз сөзімен аяқтау.
Ақылсыз өзін мақтап былжырайды,
Бойыңа өлшеп сөйлесең, нең құрайды?
Жақсы болсаң, жарықты кім көрмейді,
Өз бағаңды өзіңнен кім сұрайды?!
Абай туралы айтылған ұлы ғұламалар сөзімен бекіту
Үйге тапсырма
«Әзімнің әңгімесі» , «Масғұт» поэмаларын оқу
Бағалау: (Бағалау парағы сабақтың басынан бастап итерактивті тақта арқылы көрсетіліп тұрады. Әр жауап сайын оқушыға тиісті жұлдызшасы қойылып, сабақ соңында қорытындыланады.)
Осы стратегияға сәйкес 5-сыныпқа өткізген тағы бір сабағымды ұсынғым келеді.
Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Толағай» ертегісіндегі Толағай бейнесі.
Сабақтың мақсаты: Ертегінің мазмұны бойынша талдау жасау, кейіпкерлерге мінездемелер беру, ой-пікірлерін, өз көзқарастарын білдіру. Оқушылардың отансүйгіштік, салалауатты өмір салтын ұстану көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: сыни тұрғыдан ойлау сабағы
Әдісі: түсіндіру: талдау, саралау, шығармашылық жұмыс
Көрнекіліктері:АҚТ құралдары, Спортшылар туралы слайд
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ Класс оқушылары алты топқа бөлінеді.
ІІІ Үй тапсырмасын сұрау.
Оқиға шамамен қашан, қай жерде болған?
Толағайдың ата-анасының есімдері кім?
Толағайдың өсіп-жетілуі, алып болып өсіп келе жатқаны қалай суреттелген?
Толағайдың алғашқы ерлігі қандай оқиға үстінде көрінеді?
Ол жолбарысты неге теңейді?
Ол неге жолбарысты «мысық» деді?
Толағайдың елі қандай ауыр күндерді басынан өткізеді?
Елін қуаңшылықтан құтқару үшін Толағай кімнен қандай көмек сұрайды?
Толағай тауды қай өлкеден әкеледі?
Еліне жеткен Толағай қандай бақытсыздыққа душар болады?
Қызығушылықты ояту. «Толағай» әдеби ертегісіне арқау болған Толағай тауы туралы не білеміз? (картадан көрсету.)
Толағай тауы-Көкпекті ауылынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан жеке шоқы..Қалбатауының бір бөлігі.Биіктігі шамамен 700 метрдей. «Толағай»тауынан бастау алған бұлақтар Шегелек өзеніне қосылады.. Сыртқы келбетіне қарағанда табиғат ескерткіші тәрізді.Киіз үйге ұқсас. Аңызға сүйенетін болсақ, Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұсқа келіп, сол тауға бастырылып қалған екен. Сондықтан «Толағай» тау деп аталыпты
Мағынаны тану (Класс оқушылары алты топқа бөлініп жұмыс жасайды)
І топ Салыстырушылар Әдеби ертегі мен ертегіні және кейіпкерлерді салыстыру
Ертегі | ортақ | Әдеби ертегі |
1.Ауыз әдебиетінің түрі
2.Ауызша тараған. 3.Авторы жоқ 4 Көп нұсқалы |
Екеуі де ертегі Жақсылықпен аяқталады. Қиял-ғажайып оқиғалары болады. |
1.Жазба әдебиетіне жатады.
2.Жазбаша беріледі 3 Авторы бар 4 Бір нұсқалы |
Кендебай |
ортақ |
Толағай |
1.Ай сайын емес, күн сайын, 6 күнде күліп, 60 күнде 6 жастағы бала болады.
2.Шыңыраудан атанды жалғыз өзі тартып шығады, көкжалды өлтіреді, айдаһарды, арыстанды жеңеді. 3.Таз, кедей балаға ат а-анасын тауып әкеледі. |
Батыр, ел қорғаны, жанашыр, мейірімді, қайырымды, алып бала. |
1.Толағай алып денелі, он баланы көтерсе қабырғасы қайыспайтын мықты болды.
2.Жолбарысты мысықтай көріп, ұршықтай иіреді, тауды жалғыз өзі көтереді. 3.Толағай еліне жаңбыр алып келіп, халқын аман алып қалады. |
ІІ Топ Талдаушылар Оқулықпен жұмыс. Жоғарыда топтастырылған Толағайдың мінездерінің сипатын мәтіннен тауып оқу.
Күшті.
Арқалады ауыр тауды,
Жаншып бара жатыр жанды.
Маңдайынан тер көл боп ақты,
Жеткенше дем алмайын деп,
Жарты жолда қалмайын деп,
Шаршаса да тоқтамапты.
Алып.
Арқаласа он баланы-
Қайыспайды қабырғасы.
Рақымшыл.
«Қайтсем жауын жаудырамын,
Ел сусынын қандырамын»
Мерген.
Аң аулауға – кең даладан,
Құтылмайды қашқан құлан.
Жалғыз толғап тартуынан,
Жан құтқырмас болды қыран.
Батыр.
«Келе қал,- деп,-болсаң күшті»,
Құйрығынан алды барып.
Таяқ құрлы көрмей тіпті,
Жолбарысты дөңгелетті.
Жанашыр.
Күйген жердің кірді жаны,
Шөлдегендер суға қанды.
Ауыл қайта ажарланды,
Тарқады елдің бір құмары
ІІІ топ Сұрақ қоюшылар
Толағай ел үшін қандай ерлік жасады? | |
Толағайды неліктен ел мақтанышы деп атаймыз?
Ақын Толағай тағдырын дұрыс шешкен бе? Сен өзің Толағай орнында болсаң не істер едің? Толағайдай адамдар біздің өмірімізде кездесе ме? |
|
ІҮ Суретшілер (Шығарма мазмұнынан бір сурет салады)
Ү Сілтеме берушілер (Тақырыпқа сәйкем мақал-мәтелдер табу.)
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отансыз арман – ормансыз бұлбұл
Ұлтарақтай болса да, Ата қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да,Туып-өскен ел қымбат.
Ер жігіт елі үшін туады, ел үшін өледі. Ер намысы – ел намысы Жүк ауырын нар көтерер, Ел ауырын ер көтерер. Қорлық өмірден ерлік өлім артық.
ҮІ Өмірмен байланыс Ойтолғаныс жазу «Егер мен Толағай болсам..»
«Бүгінгі күннің Толағайлары»
Қорытынды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның болашағы – жастардың қолында» деп жас ұрпаққа сенім артады.
-Балалар, «Толағай» есіміне қатысты қандай бағдарламаларды білесіңдер? («Толағай» отбасылық сайысы)
Ендеше бүгінгі жастар қандай болуымыз керек?
Ел басына күн туса, халық күйзелсе, сен не істер едің?
Бүгінгі бейбіт замандағы Толағайларымыздың қатарын кімдермен толықтырар едіңдер?
Толағай сияқты елінің халықтың таудай үмітін арқалап, таудай іс атқарып жүрген, қазақстан атын әлемге паш ететін азамттар бар ма?
«Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді» деген мақал бүгінгі сабағымызға қорытынды болмақ. Еліміздің үміт артып отырған бүгінгі Толағайлары – сендерсіңдер, ендеше осы атымызға лайық болайық.
Спортшылар туралы слайд көрсету
Үйге тапсырма. 1.Мәтінде кездесетін салт-дәстүрлерді теріп жазу.
Тұрақты тіркестер, синоним сөздер табу. (Тәтті ұйқы, көзін тікті, ат арытып. Жас бөбек, балғын бөбек.Тұлға,пішін.Айналды,толғанды)
(Отыз күндік мереке, бата беру, ат қою)
- Өлеңнен өздеріңе ұнаған сюжеттен үзінді жаттау.
Оқушыларды бағалау.
Бұл стратегияларды қолданудағы менің міндетім – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу. Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» қызығушылығын ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдері арқылы өмірге деген сыни көзқарастары қалыптасып келеді.
Осының бәрі де өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:
*бір — бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым — қатынастың негізі қаланды;
*мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;
*өзін — өзі, бірін — бірі бағалауға;
*өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;
* достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу;
* өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;
*бір — біріне құрметпен қарауға;
*белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.
Жеке басын құрметтей отырып, білім беру — қазіргі оқытудың негізгі талабы. Сондықтан Мұндай әдістер, әсіресе, табиғатынан тұйық, өз ойын тәптіштеп түсіндіруге шалағай, талданған мәселелерден, баяндалған тақырып мазмұнынан тиімді байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын оқушыларға пайдасы ұшан теңіз деп ойлаймын.
Сабақ барысында » сыни тұрғыдан оқу мен жазудың «көмегі зор. Бұл әдіспен бірнеше тақырыптар өткізіп жүрмін. Оқушы жеке жұмыс істеуге, жұппен, топпен жұмыс жасауға жаттықты. Өз ойын көпшілікке жеткізуге машықтанды. Сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастырып, балалардың өз білімдерін жаңа білімдерімен ұштастыра отырып, тақырыпты түсінуге бағыт берді.
Қорыта айтқанда, оқыту технологиясының ең лайық деген технологияны таңдау ұстаз еркінде. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біздің міндетіміз-бәсекелестікке лайық ұрпақ тәрбелеу»- деген даналық ойы көрсеткендей, осы сыни тұрғыдан ойлау әдісі арқылы біз білімді де, ойлау қабілеті зор. Бәсекеге қабілетті саналы ұрпақ дайындай аламыз деп ойлаймын.
[bws_related_posts]