Басы » Баяндамалар » Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы бойынша есептер

Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы бойынша есептер

олтүстік Қазақстан облысы
Жамбыл ауданы Благовещенка ауылы
Благовещенка №2 орта мектебі
Бақтыбаева Күләйма Жетпісқызы
Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы бойынша есептер

 

 

Өзінің оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуі туралы рефлексиялық есеп

Деңгейлік оқуда біз бағдарламаның жеті модулімен таныстық,  сондықтан да  сабақтың сапалы өтуі  сабақ  жоспарының дұрыс құрылуында екенін түсіне отыра  сабақтарымды жоспарлауға кірістім.Осы бағдарлама бойынша  көрсетілген   модульдерді  ықпалдастыра отырып  тізбектелген сабақтар топтамасын құруды жоспарладым. Орта мерзімді жоспарды           9 сыныптағы алгебра пәні бойынша  «Екі айнымалысы бар теңсіздік», «Екі айнымалысы бар теңсіздіктерге есептер шешу», Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі», «Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесіне есептер шешу» тақырыптарын алдым. Орта мерзімді сабақ жоспарын құру кезіңде қиындықтар болды. Өйткені теңсіздіктердің бірнеше түрі бар  оларды шешіп қана қоймай сонымен қатар  координаталық жазықтықта шешімін кескіндеу керек. Сабақтың мақсаты нәтижесіне  жету үшін  сабақ дұрыс құрылуы тиіс. Сондықтан да  орта мерзімді жоспар құру кезіңде  бағдарламадағы жеті  модульді, яғни оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау, жас ерекшеліктеріне сай оқыту мен оқу, оқыту мен оқуда ақпаратты- коммуникативті технологияларды пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқыту мен оқудағы көшбасшылық атты модульдерді кірістіруге тырыстым. Енді осы модульдердің әрбіреуіне тоқталып кететін болсақ. Қазіргі кездегі  жаңа педагогика ғылымындағы проблема ол — оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан осы модульдердін көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Жаңа технологияның әдіс — тәсілдері оқушылардың білімін толықтыруға көмектеседі. Сондықтан осыған орай озық тәжірибе, жаңа технологияның тиімді әдістерін таңдап алып, оларды үйлесімді, тиімді және шығармашылықпен пайдалану — ұстаз шеберлігінің белгісі болып табылады. Мұғалім  ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттей келе, олардың  даму деңгейіне қарай әдіс — тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудармакшымын. Сондықтан да орта мерзімді жоспар құрастырған кезде тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай болуы тиіс. Сыныптағы оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымдастырылған сабақтарда олардың  дарындылығын дамыта отырып, білімдерін шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестік туып, құрбыларының  ойымен де есептесу қажет екенін де түсінеді, уақыт үнемделеді. Жұппен және  топпен жұмыс кезіңде  жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік туады. Сол себептен  жоспарыма  топтық, жұптық   тапсырмалардын  түрлерін енгізу арқылы диалогтық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау модульдерін де кіріктірдім.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа  сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. (нұсқаулық 34 бет). Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушылар өз ойын ашық айта алады, талдау жасауға қабілетті, басқаның пікірін қабылдап шешім шығара алады.  Мен өз іс-тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулін  көп қолдандым. Себебі, ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізетінін байқадым.

 

 

«Бағалау — оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым» (нұсқаулық 65 бет). Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін біле отыра,  біз оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз керек. Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды қолданып келеміз. Өз басым егерде тестілеу болса, балдық жүйені пайдаланамын, ал жазба жұмысы болса, басқаша әдістерді қолданып жүрмін. Тізбектелген сабақтар топтамасын  құрған кезде  бағалаудың «Екі жұлдыз, бір тілек», «Смайлик», «Бас бармақ», критериалды бағалау, жиынтық бағалау, ұпаймен бағалау, т.б.  түрлерін қолдандым. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығарған кезде , оқудың алға ілгерілеуін тіркеу мақсатында қолданамыз. Бірін-бірі бағалаған кезде оқушы өзін-өзі реттей отырып, өз білімінің  деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауға үйреніп, дағдыланады.

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі кездегі заман талабы болғандықтан оны жоспар құрғанда енгізуіміз қажет деп ойлаймын.  АКТ-ны сабақта қолдану оқушылардың белсенділігін, қызығушылығын арттырады, сыни ойлауға, басқалармен ой бөлісуге, өз тәжірибесін шыңдауға, АКТ пайдалану машықтарын арттыруға көмектеседі. Сондықтан да  АКТ-ны  жаңа сабақ түсіндіргенде  және өткен тақырыпты қайталағанда, бағалау кезіңдеде қолданған  тиімді. Сол себепті мен жоспарыма АКТ-ны енгіздім.

«Оқушылардың әлеуетін дамыту мақсатында терең зерттеулер жүргізу үшін олар жобаларға тартылып немесе зияткерлік тапсырмалар берілуі керек.»(нұсқаулық 43 бет) Сондықтан мен жоспарымда оқушылардың  деңгейлеріне байланысты деңгейлік есептер шығартуға жоспарладым. Дарынды және талантты балаларды ескеріп тапсырма беру олардың тапсырманы тез орындап  босқа отырмай, ойлануға кең ауқымды білім алуға, креативті ойлауға әрекет етеді және мұғалімге көмекші бола алады.

Диалогтық оқытуды жұптық, топтық жұмыс немесе зерттеушілік әңгіме барысында ұсынамын. Диалогтық оқыту кезіңде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас туындайды деп ойлаймын.

ОМЖ құрастырғаннан кейін ҚМЖ  құрастыру жеңіл болды.  ҚМЖ құрастырған кезде Блум таксономиясын қолдандым. Себебі сабақтың кезеңдерін бөлуде ол өте ыңғайлы. Білу кезеніңде оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін  математикалық диктант арқылы тексеруді  жоспарладым. Түсіну кезеніңде Венн диаграммасын қолдануды жоспарладым. Қолдану, талдау кезеңдерінде  «Кім жылдам?»  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес деңгейлік есептер шығартуды жоспарлап отырмын. Жинақтау кезеңінде «БББ» кері байланыс жасаып, ол менің келесі сабағымды жоспарлауыма мақсат болады. Бағалау кезеніңде сабақ бойы атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы шығарылады.

 

Бекітемін:

«Благовещенка №2 орта мектебі» КММ

Мектеп  директоры:          Мурзатаева Ж.Т.

«          » қыркүйек 2016 ж.

 Алгебра пәнінен 9-сыныпқа арналған орта мерзімді сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы Мерзімі Оқытудың негізгі мақсаттары Белсенді оқытуда қолданылат. әдіс-тәсілдер Модульдерді кіріктіру Оқу нәтижелері Бағалау, соның ішінде оқыту үшін бағалау Барлығын қосқанда Негізгі дереккөздер
1 Екі айнымалысы бар теңсіздік.   Екі айнымалысы бар теңсіздік анықтамасын біледі, түйсінін қалыптастыра алады. Теңсіздіктерді шеше білуді үйренеді. Миға шабуыл;

«Зерттеушілік әңгіме» (Тақырыпты ашу);

«Ойлан, жұптас, бөліс» (Есептер шығару);

Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдері. Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу;

Сын тұрғысынан ойлау.

Екі айнымалысы бар теңсіздік анықтамасын біледі, түсінік қалыптастырады, алған білімін жинақтап ойын қорыта біледі, теңсіздіктерге есептер шығара алады . Екі жұлдыз, бір тілек;

 

Ұпаймен бағалау;

Деңгейлік тапсырмалар беру;

Сурет бойынша тапсырма беру;

Оқулық, Алгебра 9; Слайдтар
2 Екі айнымалысы бар теңсіздік есептер шешу.   Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуге үйренеді «Математикалық диктант» ;

«Венн диаграммасы»

«Кім жылдам?» (Есептер шығару);

«БББ»

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.

Сын тұрғысынан ойлау

Екі  айнымалысы бар теңсіздіктерді  шеше алады 1)    Критериалды бағалау

2)    «Бармақ» пен бағалау

3)    Ұпаймен бағалау

Математикалық диктант Сурет бойынша тапсырмалар беру, деңгейлік тапсырмалар. Оқулық, алгебрадан дидактик.материалдар, слайдтар.

 

3 Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі   Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктің анықтамасын біледі, шешімін табады. Теңсіздіктер жүйесін  шешуде алгоритмді пайдалану. Топтық жұмыс, постер қорғау

1 топ) 1-мысал;

2 топ) 2-мысал;

3 топ) 3- мысал;

Зертеушілік әңгіме.

«Кім тапқыр?» әдісі (Есептер шешу)

Сын тұрғысынан ойлау, диалогық оқыту, АКТ – ны қолдану, (электронды оқулық) оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесінің  анықтамасын біледі, теңсіздіктер жүйесін шешуде алгоритмді қолдана алады. Критериалды бағалау;

Смайликтер арқылы бағалау

 

Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту;

деңгейлік тапсырмалар

 9-сынып «Алгебра» оқулығы

слайд

4 Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңсіздіктер жүйесі   Теңсіздіктер жүйесін шешкенде дұрыс жауабын  координаталар жазықтығында кескіндеу «Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі;

«Зерттеушілік әңгіме»

Тест жұмысы

Сын тұрғысынан ойлау, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу, дарынды және талантты балаларды оқыту Теңсіздіктер жүйесінің жауабын  координаталар жазықтығында кескіндей алады Критериалды бағалау,

Жиынтық бағалау

Деңгейлік тапсырмалар беру, сәйкестендіру тапсырмалары, сурет бойынша тапсырмалар беру. Слайдтар, оқулық «Алгебра» 9сынып,

Дид. материалдар

 

 

 

Тақырыбы Екі  айнымалысы бар теңсіздікке есептер шешу
Мақсаты Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шешуге  үйренеді
Күтілетін нәтиже Екі айнымалысы бар теңсіздіктерді шеше алады
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Математикалық диктант,  Венн диаграммасы,  Кім жылдам?, БББ
7 модульдің қолданылуы “Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер”, “Оқытуүшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”

 

Дереккөздер Оқулық, сурет, слайд, маркерлер, стикерлер
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

Тренинг

Оқушылардың назарын сабаққа аударамын.  Оқушыларды стикерлер арқылы топқа бөлемін. Сабаққа керекті құралдарын әзірлеп,  дайындайды. 5оқушыдан 3 топқабөлінеді.  Бір – біріне жақсы тілектерін айтады.
Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімін тексеру үшін «Математикалық диктант» аламын Сұрақтарға жауап береді

Бірін-бірі  тексеріп +,- арқылы бағалайды

Түсіну Топтарға Екі және бір айнымалысы бар теңсізідіктердің  ортақ  және жеке ерекшеліктерін ажырата білуін «Венн диаграммасы» арқылы тексеру Постерге «Венн диаграммасын» толтырады

«Бас бармақ»  арқылы  өзара бағалау

Сергіту сәті «Би» оқушылармен сергіту сәтін өткізу Бейне жазбадағы флешмоб биін билейді
Қолдану «Кім жылдам?»  Жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар беру Деңгейлік тапсырманы орындайды
Талдау Берілген координаталық жазықтықтағы сурет бойынша теңсіздік құрғызады Берілген координаталық жазықтықтағы сурет бойынша теңсіздік құрады. Оның жауабын талдайды
Жинақтау Бүгінгі сабақта алған білімін жинақтау негізінде  БББ кестесін толтыртқызады БББ кестесін толтырады, кері байланыс жасайды
Бағалау Оқушылардың алған білім нәтижелерін қорытындылау Оқушылардың өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы  жалпы баға шығару

 

 

 

 

Коучинг сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс

енгізу туралы рефлексиялық есеп

Коучинг тәжiрибенi дaмытудaғы тиiмдi жoл болып табылады, өйткенi коуч пен әрiптесi қолданыстағы оқу тәжiрибелерiн бiрлесiп ойластырады, идeялaрмeн aлмaсaды, кoуч тaрaпынaн рефлексиялық диaлoгқа тaрту негiзiнде екiншi мұғалiм өзінің жұмыcының жекеленген cалaларын жетiлдiредi, oларды тереңiрек дaмытады, жoғары cапaлық дeңгeйге көтередi, кәсiби бiлiмiн, игeргeн дaғдылaры мeн тәжiрибесiн жетiлдiредi. Кoуч кеңес бермейдi, ол адамның өз сұрағына  өзi жауап табуына көмектеседi. Яғни өзінiң жеке өмiрiнде кәсiби өсуiнде жoғaры нәтижeге қол жеткiзуiне мүмкiндiк бередi деп ойлаймын. Коучинг өту барысында әріптес барлық шешімді өзі  қабылдайды, сондықтан жауапкершілікті де өз мойынына алады деп ойлаймын.

Біздің өңірімізде Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастырылуымен өткізіліп жатқан деңгейлік курстардың пайдасы зор. Өйткені, осы курстардан  тәлім алған әріптестерімнің  мектепке келіп өткізген коучингтерінің арқасында менде өзімнің іс-тәжірибеме қажетті мәліметтерді ала алдым. Сондықтанда менің де жоспарлаған коучингтерім әріптестеріме пайдалы болады деп ойлаймын. Біздің мектебімізде коучингтер тәжірибе алмасу, семинарлар, ата-ана жиналысы өткізуге тиімді болар еді. Мектепте өткізілген коучингтердің менің өткізілген коучингтен айырмашылығы айтарлықтай бар. Өйткені біздің коучингтердің  тақырыптарына байланысты мақсаттары мен жоспарлары да әртүрлі.

Коучингті ұйымдастырған кезде ең алдымен оның тақырыбына сай мақсат құру, ал мақсатқа жету үшін жоспар құру керек. Нақты жоспар бойынша жұмыс істей отыра, нәтижеге жетуге болады. Сондықтан да мен өзімнің коучингімді жоспарлау барысында нәтижеге жетуге  бағытталған  алгоритм бойынша жұмыс жоспарын құрдым. Мен коучингтің тақырыбы ретінде «Бағалау нәтижесі бойынша Диаграммалар құруды» алдым. Себебі  мұғалімдердің осы ақпараттық -коммуникативті технологиялар  бойынша  білімдерін жетілдіргім келді. Ең алдымен коучингімнің тақырыбын алмас бұрын әріптестеріммен ақылдастым. Олар тәжірибелерінде пайдаланатын керекті тақырып екенін құптады.  Мақсатым мұғалiмдердiң ақпаратты-коммуникативті технологияның мүмкіндіктерi тyрaлы бiлiмін кeңeйтy жәнe oқыту прoцeсінде ақпаратты-коммуникативті технологияның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде құрастыра білу. Осы мақсаттың нәтижесіне жету үшiн келесі әдiс -тәсiлдерді: oқыту мен oқудағы жaңа тәсiлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуға үйрeтy, ақпаратты-коммуникативті технологияны қoлдaну, oқу үрдiсiн бaқылay, тoппeн, жұппeн  жұмысты  қолдануды ойладым. Пайдаланған рeсурстар мeн жaбдықтaр тапсырма парақтары, интeрaктивті тaқтa, прeзeнтация, мaркeрлер, стикeрлeр және бейнежазба болды. Коучинг басталмас бұрын сергіту сәтін өткізгеннен кейін, әрі қарай топқа, жұпқа бөлдім. Cодан соң «AKT-сыз өтетін бiр күн» миға шабуылын жүргіздім. Өз ойларын қағазға түсіріп таныстырды. Әрі қарай осы ақпаратты-коммуникативті технологияның көмегімен MS Word мәтіндік редакторында бағалау нәтижесі бойынша диаграмма құру туралы түсінік бердім. Әрі қарай «Ох, и нелегко» бейнежазбасын көрсетіп қатысушылардың видеоға байланысты пікірлерін тыңдадым. Одан соң әрбір жұпқа тапсырма беру арқылы осы коучингтен алған білімдерін тексердім. Әр жүп өз тапсырмасын қорғады және осы тaпсырмaны «Бaрмaқ» әдiсi бoйыншa бағалады. Oй тoлғау үшiн «Бәрі сенің қолында» атты бейнежазбасын көріп екi көрceтілім бoйыншa қoрытынды жасады. Eкі тoп өздeрiнiң түйгeн oй қoрытындылaрымeн бөлiстi. Tұжырым жaсaды: Бaрлық нәрce өзіміздің қoлымыздa. Тeк өзімiздiң  қaлaуымыз бeн қызығyшылығымыз қaжет. Коучингте алған әсерлері туралы: Нe үйрeндім?, Мeн үшiн қиындау  бoлды, Мeн үшiн қызықты бoлды рефлeксия aлдым. Бұл менің алғашқы коучингім болғандықтан әрине қиындықтар туып жатты, бірақ өткізілген коучингімнің мақсаты өз нәтижесіне жетті деп ойлаймын.

Мектепте өткізілген  коучингтер түрлі тақырыптарда өтіп жатады, бірақ ішінен өзімізге жұмыс барысында қажеттісі, тиімдісі аз. Сондықтан болашақта өткізілетін коучинг

 

 

 

 

 

тақырыптарын таңдағанда оқу үдерісінде қажетті мәселелерді алсақ жұмыс барысында көп септігін тигізер еді  деп ойлаймын.

 

 

Коучинг өткізу жоспары

 

Мерзімі 21.09.2016 жыл
Коучингтің тақырыбы Бағалау нәтижесі бойынша диаграммалар құру
 Мақсаты Мұғалімдердің АКТ мүмкіндіктері туралы білімін кеңейту және оқыту процесінде АКТ-ның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде  құрастыра білу.
Оқу нәтижелері — АКТ пайдалану арқылы оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтындығын түсінеді;

-Диаграмма құра алады .

Жаттығулар Тапсырмалар, интерактивті тақтамен жұмыс, постер
Әдіс-тәсіл Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, АКТ, ОүБ, Топпен, жұппен жұмыс.
Ресурстар мен жабдықтар Тапсырма парақтары, интерактивті тақта, презентация, маркерлер, стикерлер,  бейнежазба.
Уақыт Іс — әрекеттің түрлері Коучтің

іс- әрекеті

Мұғалімдердің

іс — әрекеті

1 мин Сергіту «Би»

 

Әрекет сөздерді айтады Іс әрекеттегі жаттығуларды орындайды
1 мин Топқа бөлу. 

Топқа таратпа қағаз арқылы бөлу

 

Түсіндіреді Төрт топқа бөлінеді
3 мин Миға шабулы «АКТ — сыз  өтетін бір күн« Түсіндіре отырып, тыңдайды, кері байланыс береді жазады,

«АКТ — сыз бір күн» ойларын ортаға салады

2 мин АКТ туралы кіріспе сөз АКТ-ны қолданып сабаққа көрнекілік жасау туралы түсінік береді. Презентация арқылы MS Word-та диаграмма түрлерімен таныстырады. Коучтың тақырыпқа қатысты кіріспе сөзін тыңдайды, өз көзқарасы мен пікірін ортаға салып қосуы мүмкін.
5 мин Ой толғау. «Ох и нелегко» бейне жазбасын көрсету «Ох и нелегко» бейне жазбасын көрсетеді. Қатысушылар бейне жазбаға  байланысты өз пікірлерін айтады.

 

10 мин Тапсырма.  Жұппен  жұмыс.

 

Тапсырманы таратады. Диаграмма құрудың жолын  таныстырады Word-тың көмегімен  тапсырманы орындайды.
5 мин Таныстырылым  ( әр жұптан бір спикерден шығып қорғайды) Бақылайды кері байланыс береді Мұқият тыңдайды, рефлексия жүргізеді
1 мин Тапсырманы  бағалау   «Бармақ» әдісі бойынша бағалайды
3 мин Ой толғау.

Бейнежазба «Бәрі сенің қолында»

 

бақылайды Жалпы көрген екі көрсетілім бойынша қорытынды жасайды
2 мин Топтың қорытынды ойын айтқызу тыңдайды Екі топ өздерінің түйген ой қорытындыларымен бөліседі
  Тұжырым жасау: Барлық нәрсе өз қолымызда. Тек өзіміздің шын қалауымыз бен қызығушылығымыз қажет
2 мин. Рефлексия:

Не  үйрендім? Мен үшін қиын болды Мен үшін қызықты болды
Рефлексияларды жинап алады Коучингтан алған әсері туралы жазады.

 

 

 

Әріптестердің бірімен тәлімгерлік үдерісі жүзеге  асырылғаны туралы

рефлексиялық есеп

Мен үшін биылғы оқу жылы басталмай жатып  жаналықтарға толы болды, ең алдымен осы қыркүйектен бастап бірінші деңгей бойынша  деңгейлік оқуға келуім.  Бірінші «бетпе- бет» кезеңінде теориялық білім алып, екінші кезеңінде жұмыс істейтін  мектепте іс- тәжірибелік әрекетімді бастаймын. Бұл оқуда өзіме көп қажетті мәлімет алдым. Соның бірі тәлімгерлік болатын. Тәлімгерлік үдерісінің маңызы мектеп жұмысы барысында мұғалімдерге әдістемелік көмек жасап жетістіктерге жетелеу. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өз білiмiмeн, тәжiрибeсiмен бөлiсуi, ал тәлiптің мақсаты жетістiктeрге жeту үшiн кәсiби дaғдылaрын дaмыту, прoблeмаларды шeшу жoлдaрын iздеу бoлып тaбылaды. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі қасиеті екі адам арасындағы оқу қарым-қатынасын құру. Тәлімгер тәліпке сенімділік, ортақтастық, шынайлық, адалдық танытуға дайын болады.

«Табысты тәлімгер тәліпке ол үшін нақты проблеманы белгілеуге көмектеседі және оның жеке тәсіліне, нақты мәнмәтінге, жұмыс тәсілінің ыңғайына сәйкес келетін іс-әрекеттің оңтайлы бағытын таңдауға септігін тигізеді.» (нұсқаулық 89 бет)

Менің ойымша тәлім алушы тәлімгерді өзі таңдауы тиіс, себебі түрлі адами қатынастар кезінде, көңілі жақын адаммен жұмыс жасау жеңіл болады. Тәлімгерлік үдерісі тәліппен бірге тиімді жоспарланған кезде тәліп өзі ойламаған жетістікке жетуі әбден мүмкін.

Бір әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асырмақшымын.  Сондықтан да бастапқы  бақылауда тәлім алушымен кәсіби сұхбаттан бастау керек деп ойлаймын.  Ең алдымен тәлім алушының тәжірибесін зерделеу үшін сұхбат ала отыра, тәліптің мазалаған сұрақтарын қарастырып, шығу жолдарын анықтаймын. Дәлелдемелерді оқушылардың білімінен анықтап, сауалнама жасап, мониторинг жүргіземін.  Бағдарламаның жеті модулін таныстырып, түсіндіру арқылы бірлесе  отырып  жаңаша жоспар құрастырамыз. Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құруға көмек көрсетемін. Жоспарлау барысында оқушылардың  сабаққа  деген қызығушылығын арттыру мақсатында  ынталандыру жолдарын қарастыра отырып, сабақта постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау деген әдіс – тәсілдерді  ұсынамын. Себебі, осындай тапсырмалар арқылы оқушыларды сыңдарлы ойлауға үйрететіндігін айтамын. Сабақ және коучинг өткізу барысында тәліпке оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін көрсетіп, кейс-стади, свод, БББ, социометрия, рефлексиялық талдаулар арқылы кері байланыс жасауды үйретуді  жоспарлап отырмын.  Өйткені осындай кері байланыс арқылы тәлімгер өз жұмысының артықшылығы мен кемшілігін аңықтап отырады. Нәтижесінде сабақ жоспарлауына өзгерістер енеді.  Тәлімгер ретінде мұғалім мен оқушының қарым-қатынастарын бақылап, жетілдіретін тұстарын анықтаймын. Анықталған тұстарын келесі  кәсіби сұхбатымыздың мақсаты етіп аламын.  Қалыптасып қалған бір сарынды оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдің қолдануының өзі сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертетіні сөзсіз және білім сапасының жақсаратынына күмәнім жоқ. Ал өз еңбегінің нәтижесін  көрген тәлім алушымның   қызығушылығы артады.

Тәлімгерлік дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқу және оқыту сапасы артады, тиімді ұсынылған әдіс- тәсілдер сыныптағы жағдайды айтарлықтай оң өзгеріске жетелейді. Сондықтан да  бұл жерде кәсіби әңгіменің маңызы зор. Кәсіби әңгімемнің  тақырыбын түрлендіріп отырамын себебі, әр бақылаудан кейін неше түрлі жағдайлар аңықталады. Себебі ойдан ой туындайды. Тәлімгерліктің басты ұстанымы қызмeт емeс, қaрым-қaтынaс бoлып тaбылады, сондықтан да қaрым-қaтынас бaрысындa тәлiмгeр oбъeктивті тыңдaушы жәнe бaғыттaушы бoлуы

 

 

қажет екендігін алдығы жұмысымда ескеремін.  Кәсіби дамудың болғанын анықтау үшін тәлім алушының  жұмысын саралау үшін жоспарыма мониторинг кіргізіп отырмын. Осы арқылы өз жұмысымның нәтижесін көріп тәлім алушының даму деңгейін көремін.  Осылайша алдағы жұмысымды жоспарлаймыз.

 

 

 

Тәлімгердің жоспары

Уақыты Мақсаты Нәтижесі Тәлімгер әрекеті Тәліптің әрекеті Кері байланыс
1 апта

сейсенбі

Бастапқы бақылау

Тәлім алушының сабақ үдерісіндегі қиындықтары туралы әңгімелесу Проблеманы анықтау Тәлім алушының дәстүрлі сабағына қатысу Тәлімгермен кәсіби сұхбат БББ
2 апта

сәрсенбі

Бағдарламаның жеті модулін таныстыру, түсіндіру

 

7 модульді меңгереді. ОМЖ құрады Өзінің сабақтарына қатыстыру, әдіс алмасу арқылы жаңаша жоспар құруға дайындау 7 модульді ықпалдастырып, ОМЖ, ҚМЖ құру  «СВОД»әдісі
3 апта

Сейсенбі

Сабақ үстіндегі

ҚМЖ жоспарын жасау. Коучингті жоспарлау

 

ҚМЖ жасалды.

Коучинг жоспарланды.

Әдістемелік көмек жасайды  Түсінік бойынша жоспарлап,жасайды Рефлексиялық есепті талдау
Сәрсенбі Коучингке қатысу

 

Коучингтің мақсаты бойынша нәтижеге жетті Бақылайды, Коучингтен кейінгі әңгіме, бақылау, мақсатты анықтау, дұрыс шешім қабылдау Тәжірибесін жетілдіреді «Социометрия»
 

Аптасына бір рет

Мұғалімнің жаңа форматты өткізген сабақтарына қатысу жоспарлауын,оқытуын,оқушылардың оқуын қадағалау Сабақ жақсы деңгейде өтті, нәтижеге жетті Тәлімгер мұғалімнің және оқушылардың қарым-қатынасын бақылайды Жетілдіретін тұсын ескере отырып сабақты өткізеді

Сабақ туралы рефлексиялық есеп

Маршруттық карта
4 апта

Қорытынды

Мониторинг

Нәтижесін анықтау Қорытынды жасалды, есеп жазылды Оқушылармен сұхбат жүргізу, әрекеттерді талдау Ескертулерді түзетіп өзін-өзі жетілдіруге тырысады «Оқушы үні» бейнежазба

 

 

 

 

Мектептің педагогикалық қоғамдастығы жұмысын жоспарлау үдерісі туралы рефлексиялық есеп

Қазіргі кезде оқытуды дамытуда қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Сол себепті мен де оқытуды дамытуға өз үлесімді қосқым келеді,  яғни көшбасшы ретінде өз мектебімде сапалы білім жүйесін дамытуға мақсатталған желілік қоғамдастықты ұйымдастыруды жоспарлап отырмын.  Желілік қоғамдастықты ұйымдастыру сәтті болу үшін негізгі факторларды ескеруім керек , олар :

  • Сәтті қоғамдастықтық құру үшін директордың  қолдауы керек;
  • Қоғамдастық қызметін қадағалайтын жетекші болу керек;
  • Әріптестер қоғамдастықтың тиімділігіне сеніп, жоспарды құруға қатысу керек;
  • Қоғамдастықтың өлшемдері айқындала келе кез келген іс нәтижелі жоспарлануы тиіс;
  • Қойылған мақсат пен нәтижеге қол жеткізу үшін тұрақты бақылау болып тұру керек.

Желілік қоғамдастық құрған кезде осы факторларға көп көңіл бөлемін. Ең алдымен құрылайын деп жатқан қоғамдастыққа «Болашақ» деген ат бермекшімін. Себебі біздің мақсатымыз қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өз ойын еркін айта білетін, білімді, бәсекеге қабілетті тұлға  қалыптастыру, ал қалыптасқан тұлғамыз  біздің жарқын болашағымыз. «Болашақ»  желілік қоғамдастықтың  мақсаты өзара тәжірибе алмасу арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін қолданып оның шешу жолдарын қарастыру болып табылады. Ең алдымен желілік қоғамдастық құру үшін зерттеу жұмысын жүргіземін. Зерттеу жұмысын жүргізудегі  мақсатым — қоғамдастықтың даму жоспарын құру үшін, ұсыныстар жинау, қажеттілікті анықтау.  Жүргізілген зерттеулер  негізінде, желілік қоғамдастық құру үшін,  қоғамдастыққа мүше болуға үміткер мұғалімдердің басын біріктіріп,  дөңгелек үстел ұйымдастырмақшымын. Мектебімізде «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын оқыған мұғалім жалғыз, ол  жоғары санатты биология және химия пәнінің мұғалімі Ипова Ақмарал Сүлейменқызы. Мектеп директорымен  және де мектебіміздегі көшбасшы мұғаліммен кездесіп, мектебімізде қоғамдастық құру оның маңызы, ол арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатыны туралы сұхбат жүргіземін. Деңгейлік курстарды тәмамдаған мұғалімдерден топ құрып, қоғамдастықтың мақсат міндеттерін анықтайтын боламыз. Жұмысымыз  тиімді болу үшін қоғамдастық  мүшелердің арасынан басқарушы, үйлестіруші, дамытушы топтарының құрамын анықтап аламыз. Басқарушы топтағы ұстаздар кәсіби қоғамдастықты  жақсарту бойынша жоспар құру үшін жауапты болады. Үйлестіруші топтағы ұстаздар қоғамдастықтың әртүрлі топтар арасындағы  қызметін  реттеп, қоғамдастықтың ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайтын болады. Ал дамытушы топтағы ұстаздар оқу бағдарламасын әзірлеп,  оқытудың жаңа әдіс –тәсілдеріне  қолдау көрсетіп,  кәсіби қоғамдастықтың дамуына өз үлестерін қосады. Әр топ өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, мұқият атқарауы қажет. Мұғалімдер тобы құрылғаннан кейін, қоғамдастық жоспарын құрып оны  талдап оған қажет болса өзгерістер енгіземіз.  Қоғамдастық жоспарды құрған кезде ең алдымен мақсат міндеттерді айқындап алуымыз керек. Оқу үрдісіне жаңа әдіс –тәсілдерді енгізу мақсатында  қоғамдастық мүшелерімен  мұғалімдер  ұжымына қазан айында семинар өткізуге жоспарлап  отырмын. Бұл семинарда бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын  құруға бағыт-бағдар беріп, бағалаудың жаңа әдіс – тәсілдерін яғни қалыптастырушы және жиынтық бағалаудың оқуда пайдалануды үйрету. Жаңа форматтағы сабақ үлгісін саралау мақсатында тәлім алушы мен тәлімгер және басқарушы топтың қатысуымен сабақ өткізуді жоспарға енгіздім. Сабақ жоспарына оқытудың жаңа әдіс- тәсілдерін енгізіп,  оқытудағы бағалау және оқу үшін бағалау түрлерін қолданбақшымын.  Сабақты  9 сыныпта алгебра пәні  «Екі айнымалысы бар теңсіздіктер» тақырыбы бойынша өткізуді жоспарладым.  Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби  дамуына ықпал ету мақсатында  жоспарыма Lesson Study-ді енгізіп отырмын. Lesson Study тәсілі тиімді,  себебі ол ұстаздарға:

 

 

 

  • оқушылардың білім алғандығын анағұрлым анық әртүрлі қырларынан егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді;
  • оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттілігін ескеріп сабақты қалай жоспарлау керек екендігін түсінуге;
  • кәсіби жетілуіне көмектеседі.

«Lesson Study» зерттеу сабағы арқылы оқушылардың білім деңгейі бұрынғыдан қарағанда өзгеретіндігін бірнеше циклдер бойынша жүргізілген сабақтардағы нақты дәлелдермен көруге  мүмкіндік туады. «Lesson Study»  жұмысы  жыл бойы  жүргізіліп  қорытындысын, нәтижелерін педкеңес кезінде таныстырылым арқылы көрсетіп тұрамыз. «Lesson Study»   арқылы мұғалімдер сабақтарын зерттеуді үйренетіндігі айқын.  Интернет желісінде сайт немесе чат ашудың мақсаты- желі бойынша қоғамдастық мүшелерінің емін- еркін қарым-қатынас жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау.  Мектептер арасында желілік қоғамдастық  құру бұл мұғалімнің үздіксіз дамуына ықпал жасайды деп ойлаймын. Құрылған веб сайт арқылы  орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ  жоспарлардың нұсқаларын,  өткізген сабақтарында қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді  басқа ұстаздар  өз сабақтарында қолдануға мүмкіндік алады. Бұл желілік  жүйеде  тек қана мұғалімдер ғана емес  оқушылар да байланысқа шыға алады.  Желілік қоғамдастық арқылы он-лайн сабақтар өткізуге болады. Skype бағдарламасы арқылы тәжірибе алмасу мақсатында жылына 4 рет он-лайн сабақтар өткізуді жоспарлап отырмын.  Он-лайн режиміндегі желілік қоғамдастықтың жұмысы ауқымды түрлері кеңінен таратылады. Қоғамдастық мүшелерімен ақылдасып мүмкіндік туып жатса он-лайн коучингтер де өткізбек ойым бар. Мектепішілік, желілік қоғамдастық аясын кеңейту мақсатында желтоқсан айында  төңіраралық  мектептер арасында қоғамдастық мүшелерімен біріге  «Мұғалім көшбасшылығын қалыптастырудағы қоғамдастықтың ролі» атты семинар өткізуді жоспарладым. Мұғалім көшбасшылығы жеке дамуға ғана бағытталмағандығы айқын. Демек,  оның негізгі міндеттерінің бірі әріптестеріне жаңа ойларды сынақтан өткізіп, өздеріне басшы рөлдерін алуға ынталандыруға көмек көрсету болып табылады.

Мектепті жетілдіру мен өзгертудің серігі және оның тиімділігін арттырушы фактор мұғалімдер арасындағы ынтымастық екені анық. Сондықтан мұғалім көшбасшылығын жетілдіруде қоғамдастық  маңызды рөл атқарады.  Бұл семинардың жоспары жеке құрылады, себебі  семинар барысында тәліп  коучинг немесе ашық сабақ беруі мүмкін. Мақсатымыз  тәлімгерліктің нәтижесі тәліптің де  көшбасшы болуына мүмкіндігі бар екенін көрсетіп кету.  Қараша айында өткізуге жоспарланып отырған желілік қоғамдастық  жұмысына мониторинг жүргізудің мақсаты осы аз уақыт ішінде орындалған жұмыстарға сараптама жасау.  Осы қоғамдастық жоспар бойынша өткізген іс- шаралар қаншалықты нәтижелі болғанын аңықтау. Тәжірибе кезіңде жоспарымыздың жүзеге асқаның талдай отырып, әрі қарай жұмысты қарқынды жүргізуге жоспар құрдық. Басты міндетіміз мұғалімдердің кәсіби өсуіне және дамуына мүмкіндік беріп, қолдау көрсету.  Таныстырылым арқылы  атқарылған жұмыстардың мониторингін көрсетіп,  қоғамдастықтың дамуына үлесін қосқан қоғамдастық мүшелерін марапаттап кетуіміз  керек деп ойлаймын.

Қорыта келе мектептің даму жоспарын жетілдіру үшін желілік қоғамдастықтың маңызы зор екенін түсіндім. Алдағы уақытта қоғамдастық жоспарын ары қарай жетілдіру бағытында  жұмыс атқаратыныма сенімдімін. Желілік қоғамдастық арқылы мұғалімдер бір- бірімен тәжірибе алмасуға тиімді, себебі өз мектебіміздің ішінде ғана емес басқа мектептер арасында да байланыс болып тұрады.   Мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, жаңашылдыққа  ұмтылуына мектеп басшыларының ықпалы зор екені белгілі. Сондықтан мектеп басшылығымен тығыз байланыста  болып, мектептің  даму жоспарына  өзгерістер енгізу арқылы  алға қойған мақсатымызға жетуімізге ықпал жасаймын.

 

 

 

Жоспарланған жұмыстарды жүргізе отырып, мен көшбасшы мұғалім ретінде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне, мектептің  дамуына зор үлесімді қосуға ат салысамын.

 

Пайданылған әдебиет:  Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

 

Мектептің  педагогикалық қоғамдастығының жоспары

МАҚСАТЫ:   Сапалы білім жүйесін дамытуға мақсатталған желілік қоғамдастықты ұйымдастыру

Нәтижесі: Қоғамдастық мүшелері жоғары нәтижеге жетеміз

мазмұны мақсаты нәтижесі қатысушылар уақыт Жүргізу түрі жауапты дәлелдемелер
1 Желілік қоғамдастық құру үшін зерттеу жұмысын жүргізу Желілік қоғамдастықтың мақсат міндеттерін анықтау,топ құру. Қоғамдастық құрылады. Қоғамдастық мүшелері қазан Дөңгелек үстел көшбасшы жоспар
2 Жоспарға жаңа әдіс-тәсілдер енгізу ОМЖ,ҚМЖ жоспарлауды жасауды қалыптастыру ОМЖ,ҚМЖ жоспарлауды жасауды қалыптастырды Қоғамдастық мүшелері Қазан Семинар Қоғамдастық мүшелері Суреттер,бейнежазбалар
3 Сабақты зерттеу Жаңа форматтағы сабақ үлгісін саралау Сабақтың жетілідіретін тұстарына ұсыныс беріледі Тәлім алушылар,тәлімгер, бақылаушы топ Тәлімгерлік жоспарға сай Сабақ тәлімгер Сабақ жоспары
4  «lesson Stady»мұғалім тәжірибесін дамытудағы ынтымақтастық тәсілі Сабақты зерттеу мақсатында бірлесе жұмыс жасауға дағдыландыру Сабақты зерттеу мақсатында бірлесе жұмыс жасауға дағдыланды Зерттеу тобы Жыл бойы Сараптамалық талдау

семинар

Дамытушы топ Сабақ жоспары, бақылау парағы, фотосуреттер
5 Интернет желісінде веб сайт құру немесе  чат ашу Электрондық поштамен жұмыс жасау Веб сайт құрылады №2 Преснов ОМ, «Үш тұғырлы тіл» қоғамдастығы қазан Пікір алмасу көшбасшы Сайт, фотосуреттер
6 Қашықтықтан көмек көрсету Интернет желісі арқылы  тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру Тәжірибе алмасады Мектепаралық мұғалімдер Жылына

4 рет

Он-лайн Үйлестіруші тобы Он-лайн
7 Семинар:  «Мұғалім көшбасшылығын қалыптастырудағы қоғамдастықтын ролі» Мектепішілік желілік қоғамдастық аясын кеңейту. Қоғамдастық ауқымы кеңейеді Шақырылған мектептер 2 тоқсан

2 айы

Семинар Қоғамдастық мүшелері фотосуреттер
8 Білім сапасын сараптау Орындалған жұмыстарға сараптама жасау Жұмыстарға аналитикалық сараптама жасалды Қоғамдастық мүшелері қараша Мониторинг Басқарушы топ презентация

 

 

 

 

Тиімді тәжірибе Түсініктеме (250 сөз)

Мұғалім Бағдарламаның жеті модулін тізбектелген сабақтар топтамасына қалай және неге енгізгенін түсіндіреді.

Сабақтың сапалы өтуі  сабақ  жоспарының дұрыс құрылуында екенін түсіне отыра сабақтарымды  модульдерді  ықпалдастыра отырып  тізбектелген сабақтар топтамасын құруға кірістім. ОМЖ-ды 9 сыныптағы алгебра пәні бойынша  «Екі айнымалысы бар теңсіздік» тақырыбын алдым.Бағдарламаның жеті модулінің көмегімен оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады деп ойлаймын. Мұғалім  ретінде алдымдағы оқушыларымның ерекшеліктерін зерттей келе, олардың  даму деңгейіне қарай әдіс — тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудардым.ОМЖ құрастырған кезде тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай етіп алдым. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымдастырылған сабақтарда олардың  дарындылығын дамыта отырып, білімдерін шыңдау жолдарының бірі болып табылады, олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестік туып, құрбыларының  ойымен  есептесу қажет екенін түсінеді, уақыт үнемделіп, жаңа идеяларды ұсынумен қатар белгілі бір жағдайды нәтижелі шешуге де мүмкіндік туады.Сол себептен  жоспарыма  топтық, жұптық   тапсырмалардын  түрлерін енгізу арқылы диалогтық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау модульдерін кіріктірдім.Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушылар өз ойын ашық айта алады, талдау жасауға қабілетті, басқаның пікірін қабылдап шешім шығара алады.Диалогтық оқытуды жұптық, топтық жұмыс немесе зерттеушілік әңгіме барысында ұсындым. Диалогтық оқыту кезіңде мұғалім мен оқушы арасында жақсы қарым-қатынас туындайды. Оқуды тиімді бағалау білім беру үдерісіндегі жаңа тәсілдердің барлығымен байланысты. Бағалау -оқыту барысында ілгерілеу қадамдарын айқындау мен қолдау көрсету үшін қажет. ОМЖ-ны құрған кезде  бағалаудың критериалды бағалау,  жиынтық бағалау, ұпаймен бағалау, т.б.  түрлерін қолдандым. Жиынтық бағалауды оқудың қорытындысын шығарған кезде қолданамын. Бірін-бірі бағалаған кезде оқушы өзін-өзі реттеп, өз білімінің  деңгейін анықтайды, өз білімін басқалармен салыстыруды үйренеді. Қате кеткен жерлерін түсініп, әділ бағалауға үйреніп, дағдыланады. АКТ-ны  жаңа сабақ түсіндіргенде, өткен тақырыпты қайталағанда, бағалау кезіңдеде қолданған  тиімді болғандықтан жоспарыма енгіздім. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп деңгейлік есептер шығартамын.

 

 

 

 

 

Түсініктеме (250 сөз)

Жоспарланған тізбектелген сабақтар топтамасының ішіндегі бір сабаққа Бағдарламаның бір немесе бірнеше модулін мұғалім қалай және неге енгізгенін түсіндіреді

ОМЖ құрастырғаннан кейін ҚМЖ  құрастыру қиын болған жоқ. «Екі айнымалысы бар теңсіздіктерге есептер шешу» тақырыбына құрылған жоспарымда    Блум таксономиясын қолдандым. Себебі сабақтың кезеңдерін бөлуде ол өте ыңғайлы және тиімді. Алдымен сыныпты стикерлер арқылы топқа бөлдім.Блум таксономиясының Білу кезеніңде «Венн диаграммасы»арқылы  Бір айнымалы бар теңсіздік пен екі айнымалысы бар теңсіздіктерді салыстырып ерекшеліктерін анықтау, белгілеу, өз ойларын талдау және сараптау (шеңбер ішіндегі жазудың көмегімен) оқушылардың осы тақырып бойынша алған білімдерін  көрсетті.Топ ішінде жұмыс жасағаннан кейін постерді қорғауға орташа оқитын, ұялышақ оқушылар өздері сұранды.  Бұл кезеңде топтар бір-бірін «Бармақ» бағалау түрімен бағалады.

Түсіну кезеніңде «Ойлан-жұптас-бөліс»  әдісі арқылы оқушылар берілген сурет бойынша қандай теңсіздіктің шешімі кескінделгені туралы алдымен  жеке сосын жұппен талдап одан соң ойларын ортаға салды. Суретті интерактивті тақтада көрсеттім.Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу кезіңде олардың  дарындылығы  дамытылып,  олардың арасында ынтымақтастық пен серіктестік туып, құрбыларының  ойымен де есептесу қажет екенін де түсініп, уақыт үнемделеді.

Қолдану, талдау кезеңдерінде  «Кім жылдам?»  оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес А, В, С  деңгейлік есептер шығартамын. Осы есептердің шығарылуын талдап қандай алгоритм қолданатынымызды айта кетеміз.

Жинақтау кезеңінде «ББҮ» сызба әдісі арқылы оқушылар  ұсынылған тақырып бойынша өз білімдерін актуалдандырып, бұрынғы білімін жаңа біліммен ұштастырып, ұсынылған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалай алады. Ары қарай кері байланыс жасалып, ол менің келесі сабағымды жоспарлауыма мақсат болды. Кері байланыс арқасында оқушы жіберген қателерін тауып, білімдерін жетілдіруге мүмкіндік туады.  Бағалау кезеніңде сабақ бойы атқарған жұмыстарының жалпы қорытындысы шығарылып, бағалары журналға қойылды.Бұл сабақта әр тапсырманы орындағаннан кейін оқуды бағалау оқу үшін бағалау жұмыстарын қатар жүргіздім.Үй тапсырмасын дарынды мен талантты балалардың ерекшеліктерін ескере отыра бердім.

 

 

 

 

 

Түсініктеме (250 сөз)

Коучинг-сабақ үдерісінің таңдалған тақырыбының      түйінді идеялары мәнмәтінінде әріптестердің қажеттілігіне сәйкес оқыту және оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігін түсіндіреді

 

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өз әріптестер тобына коуч ретінде коучинг өткізу қажет болды. Сондықтан коучинг тақырыбын анықтау мақсатында әріптестеріммен сұхбат жүргіздім. Сұхбаттан «Бағалау нәтижесі бойынша диаграммалар құру» тақырыбы  әріптестерімді қызықтыратын байқадым.  Осыдан кейін коучинг сабағының жоспарын жасап онда мынандай мәселелерді қамтуға тырыстым:

  • Коучинг тақырыбың бағдаламаның жеті модулімен ықпалдастыру
  • Коучингтің мақсатының күтілетін нәтижеге жетуі
  • Сабаққа қатысатын әріптестер
  • Коучинг кезіңде орындалатын тапсырмалар

Мақсатым мұғалiмдердiң АКТ-ның  мүмкіндіктерi тyрaлы бiлiмін кeңeйтy жәнe oқыту прoцeсінде АКТ-ның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде құрастыра білу. Осы мақсаттың нәтижесіне жету үшiн келесі әдiс -тәсiлдерді: oқыту мен oқудағы жaңа тәсiлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуға үйрeтy, АКТ-ны қoлдaну, oқу үрдiсiн бaқылay, тoппeн, жұппен  жұмысты  қолдандым. Коучинг басталмас бұрын сергіту сәтін өткізгеннен кейін, әрі қарай топқа бөлдім. Cодан соң «AKT-сыз өтетін бiр күн» атты  миға шабуылын жүргіздім. Өз ойларын қағазға түсіріп таныстырып, қорғады. Бұл жерде әріптестерім белсенділіктерін танытты. АКТ-ны қолданып сабаққа көрнекілік жасау туралы түсінік бердім. Ой толғау жүргізуге  «Ой, оңай емес-ау» бейнежазбасын көрсеттім қатысушылардың бейнежазбаға  байланысты пікірлерін тыңдадым. Одан соң әрбір жұпқа тапсырма беру арқылы осы коучингтен алған білімдерін тексердім. Әр жүп өз тапсырмасын қорғады және осы тaпсырмaны «Бaрмaқ» әдiсi бoйыншa бағалады. Oй тoлғау үшiн «Бәрі сенің қолында» атты бейнежазбасын көріп екi көрceтілім бoйыншa қoрытынды жасады. Eкі тoп өздeрiнiң түйгeн oй қoрытындылaрымeн бөлiстi. Tұжырым жaсaды: Бaрлық нәрce өзіміздің қoлымыздa. Тeк өзімiздiң  қaлaуымыз бeн қызығyшылығымыз қaжет. Коучингте алған әсерлерін рефлексия жүргізу арқылы білдім. Коучингтен кейін әріптестерім бағалау парағын толтырды. Әріптестерім коучингін жақсы өтті деп ризашылықтарын білдірді.Бұл менің алғашқы коучингім болғандықтан әрине қиындықтар туып жатты, бірақ өткізілген коучингімнің мақсаты өз нәтижесіне жетті деп ойлаймын.

 

 

 

Түсініктеме(250сөз)

Бағдарламаның түйінді идеялары мәнмәтінінде әріптестердің бірінің оқыту және оқу тәжірибесіне қажеттілігіне сәйкес өзгеріс енгізу қажеттігін түсіндіру

 

«Мектептегі тәжірибе» кезеніңде бір  әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асыру үшін алдымен тәлім алушы  керек болды. Сондықтан  жекелеген ұстаздармен сұхбаттастым. Сұхбат ала отыра оларға бірге жұмыс атқаратынымызды түсіндіріп, тәлім беруші ретінде көмек көрсететінімді айттым. Тәлім алушы ретінде ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Тұяқова В.С.  өз келісімін беріп осы бағдарламаның жеті модулі оны қызықтыратының айтты. Бастапқы  бақылауды тәлім алушымен кәсіби сұхбаттан бастадық, тәлім алушының сабақ жоспарымен танысып, дәстүрлі сабағына отырдым, мұғалімнің оқытудағы әдіс-тәсілдерін жан-жақты бақылай отырып, қай жағынан, кәсіби қолдау көрсете алатынымды ескердім.Тәліптің мазалаған сұрақтарын қарастырып, шығу жолдарын анықтадық. Тәлімгерлік етуді жүзеге асыру үшін тәліпті өзімнің тізбектелген 4 сабағыма қатысуға ұсыныс жасадым. Ол өз кезегінде менің сабағыма қатысты.  Бағдарламаның жеті модулін таныстырып, түсіндіру арқылы бірлесе  осы модульдерді  ықпалдастыра отыра орта мерзімді және қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрдық.  Жоспарлау барысында оқушылардың  сабаққа  деген қызығушылығын арттыру,  ынталандыру мақсатында  сабақта постермен жұмыс жасау, талдау, қорғау, өзара топпен бағалау деген әдіс – тәсілдерді  ұсындым. Себебі, осындай тапсырмалар арқылы оқушылар сыңдарлы ойлауға үйренетіндігін айтып кеттім. Сабақ және коучинг өткізу барысында тәліпке оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін көрсетіп, кейс-стади, свод, ББҮ, социометрия, рефлексиялық талдаулар арқылы кері байланыс жасауды үйреттім.  Өйткені осындай кері байланыс арқылы мұғалім өз жұмысының артықшылығы мен кемшілігін аңықтап отырады. Нәтижесінде сабақ жоспарлауына өзгерістер енеді. Тәлімгер ретінде мұғалімнің жаңа форматтағы өткізген сабақтарында оқушылармен қарым-қатынасын, олардың оқуы, оқыту әдістерінің ұтымды қолдануы, бағалауы, жас ерекшелігін ескеруі және т.б. қадағалап отырдым. Әр сабақ сайын тәліпке ауызша-жазбаша кері, тікелей байланыс жасап, күнделікті әдістемелік көмек көрсетуге тырыстым. Тәлімгерлігімнің нәтижесін анықтау үшін оқушылармен сұхбат жүргіздім оларға соңғы өткізіліп жүрген сабақтары ұнағаның  топпен, жұппен жұмыс жасаған кездегі ойларын тыңдадым. Қорыта келе  оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдің қолдануының өзі сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертетіні сөзсіз және білім сапасының жақсаратынына күмәнім жоқ.

 

 

 

 

 

Түсініктеме(250сөз),

педагогикалық қоғамдастық жұмысын жоспарлауда өзгеріс қалай және неге енгізілетінін түсіндіреді

 

Қоғамдастық жоспарын мектептегі тәжірибе кезеніңде жүзеге асыруға кірістім. Сондықтан,  ең алдымен зерттеу жұмысын жүргіздім. Қоғамдастық жұмысын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат жинадым.  Ол үшін мектебімізде «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын оқыған жоғары санатты биология және химия пәнінің мұғалімі Ипова Ақмарал Сүлейменқызымен сұхбаттастым. Сұхбат кезіңде мектебімізде «Парасат» желілік қауымдастығы құрылғаны туралы және де оның құрамында деңгейлік оқуды тәмамдаған сегіз мұғалім бар екені туралы білдім. Мектебіміздің даму жоспарымен танысып,  қандай өзгерістер енгізу жөнінде және қалай енгізетініміз туралы отырыс жасадық. Ең алдымен жұмысымыз  тиімді болу үшін қоғамдастық  мүшелерінің арасынан басқарушы, үйлестіруші, дамытушы топтарының құрамын анықтадық. Әр топ өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, мұқият атқарауы қажет. Әрине менің құрған жоспарыма толықтырулар енгізуге тура келді, себебі мен мектебіміздегі қауымдастық туралы хабарсыз едім.  Мұғалімдер арасында жас мамандар, жаңартылған бағдарламаны оқымаған мұғалімдер болғандықтан оларға оқу үрдісіне жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу, яғни бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра ОМЖ, ҚМЖ  құруға бағыт-бағдар беру үшін семинар өткізуді жөн көрдік. Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби  дамуына ықпал ету мақсатында   Lesson Study-ді енгізіп, зерттеу тобы құрылды. Зерттеу тобы жыл бойы жұмыс жасап нәтижесімен тоқсанның соңында  таныстырып отырады. І деңгейлі ұстазымыз Ипова А.С. «Оқытудағы интерактивті әдістер» тақырыбында коучинг өткізді. Ал оқу ісі меңгерушісі Күркенова Г.Ж. жаңартылған бағдарлама бойынша бағалаудың түрлерімен таныстыру мақсатында мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізді.  Қоғамдастық мүшелерінің емін- еркін қарым-қатынас жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау үшін интернет желісінде «Парасат» атты желілік қауымдастығы құрылып, «Болашақ» атты веб сайт ашылды. Қоғамдастықтың жоспар бойынша алдыңғы уақытта  атқаратын жұмыстарымыз көп. Сондықтан да «біріге көтерсе жүк жеңіл» демекші ынтымақтастықта жұмыс жасасақ алдағы қойған мақсатымызға жететінімізге күмәнім жоқ. Мектебіміздің дамуына қоғамдастығымыз зор үлесін қосады.

 

 

 

Рефлексия және даму (2750 сөз)

Бүкіл мектеп ауқымында өзгерістерді енгізу және басқару бойынша рефлексиялық есеп

Елбасымыз  Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ.  Сондықтан ол ұрпақты тәрбиелеу біздің, яғни ұстаздардың міндеттері деп санаймын. Бәсекеге  қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін елімізде әртүрлі жағдайлар жасалуда. Соның бірі Кембридж университетінің әдіс — тәсілдерін біздің білім беру саласына меңгерту болып табылады. «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы»  бағдарламасының негізгі мақсаты қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мұғалімдердің үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.  Бағдарламаның бірінші кезеңінде оқу үдерісі қалай жүру керектігі, сапалы оқыту, сыныптағы жұмыс тәсілдерін модельдеу арқылы белсенді оқуға қатысу, бағдарламаның жеті модулі арасында оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді зерделеу, сынып тәжірибесіне енгізілетін бағдарламалардың идеяларын пайдалана отырып, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарладым. Мен бұл курста не үйрендім?-деген сұраққа жауап бергелі отырмын. Бағдарлама бойынша көрсетілген модульдерді ықпалдастыра отыра, тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауды үйрендім. Осы орта мерзімді жоспардан қысқа мерзімді жоспар құрастыруды игердім. Бұл жоспардың бұрынғы дәстүрлі сабақ жоспарынан маңыздылығын, қамтитын ауқымы зор екенін түсіндім. Себебі, бұрын мақсатымызды үлкен қылып  қоямыз да, бірақ күтілетін нәтижеге мән бермейтінбіз. Сонымен бірге топтық, жұптық жұмыстың  және формативті бағалау сабақтың тиімді, сәтті, мәнді өтуіне көмегі зор екенін түсіндім. Бірінші «Бетпе бет» кезеңінде алған теориялық білімімді бағдарламаның екінші «Мектептегі тәжірибе» кезеңі барысында іске асыру үшін алдыма келесі мақсат қойдым, ол әріптестерімді бағдарламаның жеті модулімен, яғни оқытудағы жаңа әдіс — тәсілдер; сын тұрғысынан ойлауға үйрету; оқу  үшін  бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда  АКТ пайдалану; талантты және дарынды балаларды оқыту; оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту; басқару және көшбасшылық секілді түрлерімен  таныстырып оны өздерінің іс – тәжірибелерінде тиімді қолдана білуге  көмек көрсету. Мектепке келгенде бойымда «өзгерісті әріптестерім қалай қабылдар екен», «оқушылар қалай меңгереді», «кедергілер көп болып қалмай ма?» деген сұрақтар мені мазалады. Бірақ та не болса да алға қойған мақсатымның нәтижесіне жету  үшін көп еңбектенуге бел будым. Ең алдымен мектеп басшысымен және  де мектебіміздегі көшбасшы мұғаліммен кездесіп  сұхбаттастым. Сұхбат алу кезінде мектеп басшысы менен осы оқып келген оқуымды қалай аяқтағаным туралы, оқу үдерісіне қандай жаңалық әкелгенімді сұрады. Мен әлемде білім беру саласында жоғары деңгейге қол жеткізіп отырған сындарлы оқыту теориясы туралы қысқаша айтып, бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне де қысқаша тоқтала кеттім. Қажетті, тиімді өзгеріс енгізу  үшін мектеп жайында деректер жинау керектігін айттым. Содан соң  үшеуіміз мектебіміздің даму жоспарына қандай өзгеріс енгізу қажеттігін анықтау мақсатында және де тиімді бағыттарды талқылау үшін бірлесіп шешім қабылдау жөнінде пікір алмастық. «Жұмыла көтерген, жүк жеңіл» демекші І деңгейлі мұғалім Ипова А.С. екеуіміз бірлесе отыра жұмыс істеуге келістік.

Әрине өз басым тізбектелген сабақтар топтамасын құрған кезде қиналдым. Себебі мен математика пәнінің мұғалімі болғандықтан, біз сабақ барысында көп есептер шығаруды талап етеміз, ал стратегияның көп түрі ауызша сабақтарға келетін сияқты болды. Бірақта көп ойлана осы бағдарламаның модульдерін өзім құрастырған ОМЖ жоспарыма енгізу арқылы сабақтарым күннен – күнге  жақсарғанын байқадым. ОМЖ жоспарын 9 сыныптағы алгебра пәні бойынша құрдым. Қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрған кезде    Блум таксономиясын қолдандым. Себебі сабақтың кезеңдерін бөлуде ол өте ыңғайлы және тиімді. Блум таксономиясы алты кезеңді қамтиды:

  • Білу;
  • Түсіну;
  • Қолдану;
  • Талдау;
  • Жинақтау;
  • Бағалау.

Әрбір кезеңді ретімен орындаса қойылған мақсаттын нәтижесіне жетуге болатыны айқын. Мұғалім  ретінде оқытып жүрген оқушыларымның ерекшеліктерін зерттей келе, олардың  даму деңгейіне қарай әдіс — тәсілдерді іріктеп, талдап қолдануға, жетілдіруге ерекше назар аудардым.  Сондықтан да орта мерзімді жоспар құрастырған кезде тапсырмалар барлық оқушылардың қажеттіліктерін қамтитындай болуы тиіс. Жоспарыма оқушылардың жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы ұйымдастырылған сабақтарда олардың  дарындылығы дамығанын, араларында ынтымақтастық пен серіктестік туғанын, құрбыларының  ойымен де есептесу қажет екенін түсінгенін, пәнге деген қызығушылығы артқанын байқадым. Алғашқы екі сабақта топтық, жұптық ережені оқушылар дұрыс түсінбегендіктен  уақыт жетпей тапсырмалар орындалмай қалды,  бірақ біртіндей келе оқушылар машықтанып алғаннан кейін уақытымыз үнемделе бастады. Бұл қиындықты жеңу үшін топ ережесін әр сабақта қайталап жүрдім. Мектебімізде оқушылар көп болғандықтан кабинеттер жетіспейді, сондықтан кейбір кезде сабағым физика, химия кабинеттерінде болғанда   топтық жұмысты жүргізу қолайсыз себебі парталар қозғалмайды, мұндай жағдайда жұптық жұмыс жүргізіп отырдым. Әр сабақ сайын табыс критерийлерін құру арқылы оқушылардың 45 минут бойы тынбай жұмыс жүргізу арқылы ғана нәтижеге қол жеткізе алатындарын көрсеттім. Нәтижесінде табыс критерийлерін құруда оқушылар дағдысы арта түсті. 9 сыныпта 15 оқушы бар олардың білім деңгейлері әртүрлі сол себепті жоспар құрастырған кезде жас ерекшеліктерін де  ескердім. Дарынды және талантты балаларды ескеріп тапсырма беру олардың тапсырманы тез орындап  босқа отырмай, ойлануға кең ауқымды білім алуға, креативті ойлауға әрекет етеді және мұғалімге көмекші бола алады. Жоспарыма диалогтық оқыту, сыни тұрғысынан ойлау және т.б. модульдерді кіріктірдім.

Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып, бақылау мен тыңдау арқылы дәлелдер жинастыру және шешім қабылдау үшін талапқа  сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды дамытуды қарастырады. (нұсқаулық 34 бет). Сын тұрғысынан ойлау модулі арқылы оқушылар өз ойын ашық айта алады, талдау жасауға қабілетті, басқаның пікірін қабылдап шешім шығара алатынын білеміз.  Мен өз іс-тәжірибемде сыни тұрғыдан ойлау модулін  көп қолдандым. Себебі, ол оқушылардың ойлана білуіне, өз оқуына таңдау жасау, басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Сыни тұрғыдан ойлау әдісі оқушының ойын дамытуға көп көмегін тигізетінін байқадым. Математика пәнін жүргізу үшін бұл өте пайдалы, оқушылар есептер шығарған кезде көп ойлануды қажет етеді, тек ойланып ғана қоймай өз ойларын жеткізе білу керек.

«Бағалау — оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым» (нұсқаулық 65 бет). Бағалау оқыту мен білім берудің ажырамас бөлігі екенін біле отыра,  біз оқытуды бағалау білім беруді жетілдіру болып табылатынын түсінуіміз керек. Оқу үдерісінде әр кезде әртүрлі бағалауды қолданып келеміз. Тізбектелген сабақтар топтамасын  құрған кезде  бағалаудың «Екі жұлдыз, бір тілек», «Смайлик», «Бас бармақ», критериалды бағалау, жиынтық бағалау, ұпаймен бағалау, т.б.  түрлерін қолдандым. Өз кезеңінде бағалаудың бұл түрлері ұтымды болды деп санаймын, өйткені бұл бағалау түрлері өзін-өзі, сыныптасының жұмысын саралауға бағытталады. Кері байланыс арқылы оқушы жіберген қателерін тауып, білімін жетілдіруге мүмкіндік туды. Бірақ та үлкен сыныптарда бір – бірін  бағалау кейде әділсіз болатынын байқадым. Бұл жерде достық көп кедергі жасайды. Бұдан шығу жолы сабақтың соңында жиынтық бағалау жүргізіп, оқушыларды бағаларымен таныстыру және де өздері қойған бағаға неліктен олай қойғаны туралы сұрақ қойып жауап алу.

Сабақтарда АКТ- ны пайдалану нәтижесінде жұмысым барынша жеңілдеп, сабақта оқушылар қызығушылықпен қатысатындай нәтижеге қол жеткіздім. АКТ-ны  жаңа сабақ түсіндіргенде  және өткен тақырыпты қайталағанда, бағалау кезіңде де қолданған  тиімді. Мен үшін ақпаратты сақтау, енгізу, өңдеу, алмасу үшін және интернет желісінде бірлескен жұмыс жасау үшін АКТ –ны қолдану дағдылы жұмысқа айналды.

Коучинг тәжiрибенi дaмытудaғы тиiмдi жoл болып табылады, өйткенi коуч пен әрiптесi қолданыстағы оқу тәжiрибелерiн бiрлесiп ойластырады, идeялaрмeн aлмaсaды, кoуч тaрaпынaн рефлексиялық диaлoгқа тaрту негiзiнде екiншi мұғалiм өзінің жұмыcының жекеленген cалaларын жетiлдiредi, oларды тереңiрек дaмытады, жoғары cапaлық дeңгeйге көтередi, кәсiби бiлiмiн, игeргeн дaғдылaры мeн тәжiрибесiн жетiлдiредi. Кoуч кеңес бермейдi, ол адамның өз сұрағына  өзi жауап табуына көмектеседi. Біздің мектебімізде коучингтер тәжірибе алмасу, семинарлар, ата-ана жиналысында өткізуге тиімді болар еді деп ойлаймын. Бағдарлама курсын тәмамдаған мұғалімінің бір міндеті коучинг өткізу болғандықтан менде коучинг өткіздім.  Коучинг жоспарымның мақсаты мұғалiмдердiң АКТ-ның  мүмкіндіктерi тyрaлы бiлiмін кeңeйтy жәнe oқыту прoцeсінде АКТ-ның көмегімен жиынтық бағалауды диаграмма түрінде құрастыра білу. Осы мақсаттың нәтижесіне жету үшiн келесі әдiс -тәсiлдерді: oқыту мен oқудағы жaңа тәсiлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуға үйрeтy, АКТ-ны қoлдaну, oқу үрдiсiн бaқылay, тoппeн, жұппен  жұмысты  қолдандым. Коучинг өткізген кезде әріптестерімнің тақырып бойынша қызығушылық танытып, әр тапсырманы белсенділікпен атқарғанын  көрдім. Мұғалімдерге тыңдау, есте сақтау, жадыны дамыту, көріп есте сақтау, шығармашылық, зияткерлік қабілеттерді, сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған тапсырмалар қызықты болды. Өздерінің орындаған жұмыстары бойынша бір – бірінің пікірлерін тыңдап, өзара бағалады. Жұмыстың әр кезеңінде таймкипер уақытты қадағалап отырды. Мұғалімдер барлық тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты. Коучингтен алған әсері жайлы  кері байланысын жасады. Сабақ соңында бағалау парағын толтыртқыздым,  мұғалімдер алғыстарын айтып тағы осындай жаңа әдістер бойынша коучинг өткізуімді сұрады. Коучинг біздің мектепте жиі болып тұрады соның бірі даму жоспары бойынша әріптесім Ипова А.С.  «Оқытудағы интерактивті әдістер» тақырыбында коучинг өткізді. Әріптесім интербелсенді әдістерді сабақ жоспарын құрған кезде  қалай және не мақсатпен енгізу керектігін үйретті. Топпен жұмыс жүргізіп, әр топқа әртүрлі әдістермен тапсырма берілді, мысалы І топ «Диетаның пайдасы мен зияны» туралы «Тоғысқан пікірталас» әдісімен, ІІ топ  «Ұстаздың қоғамдағы ролі және мәртебесі немен өлшенеді?» туралы «Фишбон» немесе «Балық қанқасы» әдісімен, ІІІ топ М. Мақатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын «Үш түрлі күнделік» әдісімен  өздерінің тапсырмалары бойынша ойларын жеткізді. Бұл жерде мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау модулін қалай пайдалану керектігі туралы тәжірибе жүзінде көрді. Коучингтің  соныңда кері байланыс жасалды.

Тәлімгерлік үдерісінің маңызы мектеп жұмысы барысында мұғалімдерге әдістемелік көмек жасап жетістіктерге жетелеу. Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өз білiмiмeн, тәжiрибeсiмен бөлiсуi, ал тәлiптің мақсаты жетістiктeрге жeту үшiн кәсiби дaғдылaрын дaмыту, прoблeмаларды шeшу жoлдaрын iздеу бoлып тaбылaды. Тәлімгерліктің өзіне тән негізгі қасиеті екі адам арасындағы оқу қарым-қатынасын құру. Тәлімгер тәліпке сенімділік, ортақтастық, шынайлық, адалдық танытуға дайын болады. Менің ойымша тәлім алушы тәлімгерді өзі таңдауы тиіс, себебі түрлі адами қатынастар кезінде, көңілі жақын адаммен жұмыс жасау жеңіл болады. Тәлімгерлік үдерісі тәліппен бірге тиімді жоспарланған кезде тәліп өзі ойламаған жетістікке жетуі әбден мүмкін. Бір  әріптесімнің бойындағы тәжірибеге өзгеріс енгізу мақсатында тәлімгер ретіндегі жұмысымды жүзеге асыру үшін тәлім алушы  ретінде  ағылшын тілі мұғалімі Тұяқова Венера Сәкенқызы өзі қызығушылығын білдірді. Осы бағдарламаның модульдермен танысқысы келетінін және сабақтарда оны пайдалану жолдарын үйренгісі келетінін айтты. Үйренгісі келетін адамды үйрету оңай екен. Оған үйретемін деп өзімнің жұмысым да өзгере бастағанын аңғардым.  Екеуіміз  оқушылардың  ерекшеліктерін ескере отыра ОМЖ құруға кірістік, одан ҚМЖ жоспарын қалай құру керектігін және де ағылшын тілін үйрену қиындау болғандықтан жаңа әдістерді мұқият қарастырып, талдап бірлесе шештік. Жоспар құрған кезде сабақты Блумм таксаномиясын қолданып жоспарлау  Мерсердің дәйектеудің зерттеушілік әңгіме түрін, сын тұрғысынан ойлау әдістерін, бағалаудың түрлерін, ЖИГСО әдісін және т.б. әдістерді енгізу жолдарын талқыладық. Тәлім алушының сабақтарына қатыстым 7 сыныпта өткен «Менің достарым» атты сабағында оқушылар топпен жұмыс жасап «ЖИГСО»  әдісі арқылы мәтінді талдап,  өз ойларын ашық жеткізе алды, ал 10 сыныптағы «Спорт — біздің өмірімізде» атты сабағында  суреттер бойынша зерттеушілік әңгіме жүргізді де, оқушылар мүмкіндігінше жауап берді. Сабақтары өте қызықты, тартымды өтті. Әрине кейбір қателіктер де болды. Мысалға бағалау кезіңде жоғары сыныптарда әділетсіздік болды, бірақ та мұғалім сабақтың соныңда жиынтық бағалау жүргізіп қателіктерді түзеді. Оқушылар сабақтың басында ұялғанымен соңына қарай өздерін еркін ұстады. Тәлімгер ретінде мұғалімнің жаңа форматтағы өткізген сабақтарында оқушылармен қарым-қатынасын, олардың оқуы, оқыту әдістерінің ұтымды қолдануы, бағалауы, жас ерекшелігін ескеруі және т.б. қадағалап отырдым. Әр сабақ сайын тәліппен ауызша кейде жазбаша кері байланыс жасап, күнделікті әдістемелік көмек көрсетіп отырдым. Тәлімгерлігімнің нәтижесін анықтау үшін оқушылармен сұхбат жүргіздім оларға соңғы өткізіліп жүрген сабақтары ұнағаның  топпен, жұппен жұмыс жасаған кездегі ойларын тыңдадым. Тәлімгерлік жұмыстың пайдасы көп екенін түсіндім. Себебі, алған теориялық білімімді тәжірибеде пайдалануда көп септігін тигізеді. Сонымен  қатар  басқа біреудің сабағына қатысу арқылы тәжірибе алмасуға көп мүмкіндік берілді, бір-бірімізбен еркін ой алмастық, қай әдістің тиімді, қайсысын қолдануға  болатыны жайлы бірге талқыладық.   Сондықтан да оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдің қолдануының өзі сыныптағы жағдайды айтарлықтай өзгертетіні сөзсіз және білім сапасының көтерілетініне  күмәнім жоқ. Болашақта тәлім алушыммен бірге жұмысымызды әрі қарай жалғастырамыз деп ойлаймын.

Елбасымыз айтқандай «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін, біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек». Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың қолында. Ал жас ұрпақты жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден – бір  жолы  ол оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс – тәсілдерін  іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Мектептегі білім сапасын арттыру үшін оқыту мен оқу жүйесі өзгеріс енгізуді қажет етеді. Ал оқыту мен оқу жүйесіне өзгеріс енгізетін мына біз, яғни мұғалімдер. Ұстаз өз біліктілігін жан-жақты дамытпаса, сапалы маман болуы мүмкін емес. Сондықтан да сапалы маман болу үшін  мұғалімдерден білімдерін үздіксіз толықтыру талап етеді. Өткізілген коучинг, семинарлар, тренингтер, шеберлік сыныптар арқылы мұғалімдер тәжірибелерін толықтырып отырады. Мектептің білім беру жүйесін жақсарту және өзгеріс енгізу – жаңаша өмірге бет алу дегенді білдіреді. Заман ағыны өзгерген сайын білім беру жүйесіне де өзгерістер енгізіліп тұруы қажет. Мұғалімдер өз қызметінде  оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолданып, оқушылардың білім алуына жағдай жасағанда  ғана өз еңбегінің нәтижесін көре алады.

Қазіргі кезде оқытуды дамытуда қоғамдастықтың маңызы күннен күнге артып отыр. Сол себепті мен де оқытуды дамытуға өз үлесімді қосқым келеді,  яғни көшбасшы ретінде өз мектебімде сапалы білім жүйесін дамытуға мақсатталған желілік қоғамдастықты ұйымдастыруды жоспарладым.

Ең алдымен желілік қоғамдастық құру үшін зерттеу жұмысын жүргіздім. Зерттеу жұмысын жүргізудегі  мақсатым — қоғамдастықтың даму жоспарын құру үшін, ұсыныстар жинау, қажеттілікті анықтау.  Жүргізілген зерттеулер  негізінде, желілік қоғамдастық құру үшін,  қоғамдастыққа мүше болуға үміткер мұғалімдердің басын біріктіріп, ал ондай мұғалімдер біздің мектебімізде жеті адам осы деңгейлік курстың үшінші деңгейін тәмамдаған,  дөңгелек үстел ұйымдастырдық. Мектебімізде «Педагогикалық қоғамдастықтағы мұғалім көшбасшылығы» бағдарламасын оқыған мұғалім жалғыз, ол  жоғары санатты биология және химия пәнінің мұғалімі Ипова Ақмарал Сүлейменқызы. Мектеп директорымен  және де мектебіміздегі көшбасшы мұғаліммен кездесіп, мектебімізде қоғамдастық құру оның маңызы, ол арқылы қандай жетістіктерге жетуге болатыны туралы пікір алмастық. Әңгіме  барысында  өзімнің  жасаған қоғамдастық жұмыс жоспарым жайлы айттым. Қоғамдастық жоспарына қойған мақсатыммен, күтілетін нәтижеммен, табыс критерийімен, өткізу тәртібімен таныстырдым. Ақмарал Сүлейменқызы екеуіміз бірігіп мектебіміздің даму жоспарын талқылап,  қандай өзгерістер енгізу жөнінде және қалай енгізетініміз туралы отырыс жасадық. Жұмысымыз  тиімді болу үшін деңгейлік курстарды тәмамдаған мұғалімдерден топ құрып  арасынан басқарушы, үйлестіруші, дамытушы топтарының құрамын анықтадық. Басқарушы топтағы ұстаздар кәсіби қоғамдастықты  жақсарту бойынша жоспар құру үшін жауапты болады. Үйлестіруші топтағы ұстаздар қоғамдастықтың әртүрлі топтар арасындағы  қызметін  реттеп, қоғамдастықтың ішіндегі бірлесіп өткізілетін іс-шараларға қатысты шешім қабылдайтын болады. Ал дамытушы топтағы ұстаздар оқу бағдарламасын әзірлеп,  оқытудың жаңа әдіс –тәсілдеріне  қолдау көрсетіп,  кәсіби қоғамдастықтың дамуына өз үлестерін қосады. Әрине менің құрған жоспарыма толықтырулар енгізуге тура келді, себебі мен мектебіміздегі қауымдастық туралы хабарсыз едім.  Мұғалімдер арасында жас мамандар, жаңартылған бағдарламаны оқымаған мұғалімдер болғандықтан оларға оқу үрдісіне жаңа әдіс – тәсілдерді енгізу, яғни бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отыра орта мерзімді сабақ жоспарлары, қысқа мерзімді сабақ жоспарларын  құруға бағыт-бағдар беру үшін семинар өткізуді жөн көрдік. Семинарда сабақтың жоспарын құру үшін  мақсатты SMART негізінде қойып жұппен талқылатқыздық. Семинарда әрбір атқарылған жұмыстан соң сұрақ — жауап арқылы кері байланыс жасалып отырды. Оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби  дамуына ықпал ету мақсатында   Lesson Study-ді енгізіп, зерттеу тобы құрылды. Lesson Study тәсілі тиімді,  себебі ол ұстаздарға:

  • оқушылардың білім алғандығын анағұрлым анық әртүрлі қырларынан егжей-тегжейлі көруге мүмкіндік береді;
  • оқытудың нәтижесінде оқушылардың қажеттілігін ескеріп сабақты қалай жоспарлау керек екендігін түсінуге;
  • кәсіби жетілуіне көмектеседі.

«Lesson Study» зерттеу сабағы арқылы оқушылардың білім деңгейі бұрынғыдан қарағанда өзгеретіндігін бірнеше циклдер бойынша жүргізілген сабақтардағы нақты дәлелдермен көруге  мүмкіндік туады. «Lesson Study»  жұмысы  жыл бойы  жүргізіліп  қорытындысын, нәтижелерін педкеңес кезінде таныстырылым арқылы көрсетіп тұрамыз. «Lesson Study»   арқылы мұғалімдер сабақтарын зерттеуді үйренетіндігі айқын. Қоғамдастық мүшелерінің емін – еркін  қарым – қатынас  жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау үшін интернет желісінде «Парасат» атты желілік қауымдастығы құрылып, «Болашақ» атты веб сайт ашылды. І деңгейлі ұстазымыз Ипова А.С. «Оқытудағы интерактивті әдістер» тақырыбында коучинг өткізді. Ал оқу ісі меңгерушісі Күркенова Г.Ж. жаңартылған бағдарлама бойынша бағалаудың түрлерімен таныстыру мақсатында мұғалімдермен дөңгелек үстел өткізді.

Қоғамдастық құрудың оқыту үдерісіне қаншалықты әсер ететіні туралы айтып кетсек.  Қоғамдастықты құрудың мынадай артықшылықтары бар:

  • мұғалімнің кәсіби шеберлігі шыңдалады;
  • озық тәжірибелер енгізіледі;
  • іс-тәжірибе алмаса отырып, тәлімгерлік жасаудың аймағы кеңейеді;
  • кәсіби серіктестік құра отырып, басқа мектептердегі озық тәжірибелерді зерделеуге, оны өз мектебімізде пайдалануға мүмкіндік туады;
  • кедергілерді шешудің стратегияларын анықтайтын боламыз.

Басқа мектептерден әріптестерді тарту арқылы педагогикалық қауымдастықты кеңейту бойынша келесі ұсыныстарым  бар: ол үшін ең алдымен интернет желісі арқылы желі аралық байланыс орнату  керек және де бұқаралық ақпараттар көздері арқылы хабарландыру жазу керек деп ойлаймын. Интернет желісінде сайт немесе чат ашудың мақсаты- желі бойынша қоғамдастық мүшелерінің емін – еркін  қарым -қатынас жасауына жол ашу, өзара тәжірибе алмасуға, толғандырып жүрген сұрақтарын ортаға салуға, жаңалықтармен бөлісуге мүмкіндік жасау.  Мектептер арасында желілік қоғамдастық  құру бұл мұғалімнің үздіксіз дамуына ықпал жасайды деп ойлаймын. Құрылған веб сайт арқылы  орта мерзімді, қысқа мерзімді сабақ  жоспарлардың нұсқаларын,  өткізген сабақтарында қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді  басқа ұстаздар  өз сабақтарында қолдануға мүмкіндік алады. Бұл желілік  жүйеде  тек қана мұғалімдер ғана емес  оқушылар да байланысқа шыға алады.  Желілік қоғамдастық арқылы он-лайн сабақтар өткізуге болады. Skype бағдарламасы арқылы тәжірибе алмасу мақсатында жылына 4 рет он-лайн сабақтар өткізуді жоспарлап отырмын.  Он-лайн режиміндегі желілік қоғамдастықтың жұмысы ауқымды түрлері кеңінен таратылады. Қоғамдастық мүшелерімен ақылдасып мүмкіндік туып жатса он-лайн коучингтер де өткізбек ойым бар. Желілік қоғамдастыққа енген мектептер тәжірибе алмасу мақсатында ашық сабақтар, ғылыми- практикалық конференциялар, ашық есік күнін, пән бойынша семинарларды өткізеді. Желілік қоғамдастықтың бекітілген жоспары және өткізген жұмыстарының нәтижелері сайтқа орналастырылады. Өзім құрған «Болашақ» веб сайтының жұмысын алдағы уақытта жалғастырып оның құрамын толықтыру үшін еңбектенемін.

 

 

 

Қорыта келе айтарым, аз уақыт ішінде ауыз толтырып айтарлықтай өзгерістер жасай алмайтынымыз белгілі, бірақ та жақсы бастамасы бар екендігіне көзім жетті.  Осы курстың арқасында  мектебімізде оқытудың жаңа ағыны өтіп жатыр.  Коучинг және тәлімгерлік жүргізу бос уақыттарын бөліп сұрақтар мен жауаптар қоюға, ынтымақтастықты қоғамдастық құруға келген ұстаздардың дамуына ықпалын тигізді. Алайда, білім берудің кедергілері бар ол кейбір ұстаздар әлі де күмәндікпен қарайды. Кабинеттердің жетіспеуі, мұғалімдердің кабинеттерді аралауы, сабаққа дайындалуға уақыттын жетпеуі, мұғалімдердің жүктемесінің көп болуы кедергі болғанымен бұл кедергілерді шешуге болады. Тәжірибе кезеңі қызықты әрі тартымды болды, әрине кедргілер де болды, бірақ оның шешу жолын таба білдім. Мұғалімдердің кәсіби қалыптасуына, шығармашылық деңгейінің өсуіне, жаңашылдыққа  ұмтылуына мектеп басшыларының ықпалы зор екені белгілі. Сондықтан мектеп басшылығымен тығыз байланыста  болып, мектептің  даму жоспарына  өзгерістер енгізу арқылы  алға қойған мақсатымызға жетуімізге ықпал жасаймын.

Жоспарланған жұмыстарды жүргізе отырып, мен көшбасшы мұғалім ретінде мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесіне, мектептің  дамуына зор үлесімді қосуға ат салысамын.

 

[bws_related_posts]

1 пікір

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *