Бахитова Гульнар Сейтмуратовна
Арал қаласы
№ 62 мектеп – лицейі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ә.Тәжібаев «Сырдария» өлеңі
Сабақтың мақсаты: а) Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру,өлеңнің мазмұны мен идеясын ашу арқылы табиғаттағы,адам өміріндегі маңызын таныту;
ә) оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,жеке тұлғаны дамыту,өлеңді құрылысына талдай білуге машықтыру;
б) өзеннің табиғат пен адам өміріндегі пайдасын білуге ,оны қорғауға баулу;
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,талдау ,ой қозғау, салыстыра баяндау т.б
Сабақтың көрнекілігі: сызбалары ,кестелері, дидактикалық материалдар т.б
Пәнаралық байланыс: тарих,қазақ тілі,география
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Қасиетті қазақтың даласы талай ғұламаларды,жезтаңдай әншілерді,құдіретті күйшілерді,данышпан,ақылгөй билерді,ақиық ақындарды,Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелген. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Ә.Тәжібаев ағамыздың өміріне , «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.
Ә.Тәжібаев туралы мәлімет. «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.
Балалар , өлең ұнады ма , не жайында екен?
Өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.( Карта пайдалану )
3.Кітаппен жұмыс. (сөздікпен жұмыс)
Экранға сөздік жазылған (дәптерлеріне жазып алады)
- Гейне — неміс ақыны 2. Рейн –Германиядағы өзен
- Тарас — Украин ақыны 4. Днепр — Украинадағы өзен
- Пушкин — орыс ақыны 6. Еділ — өзен
Қане , балалар , өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберейік.
- Салыстыру , талдау.
Салыстыру
Ә.Тәжібаевтің Ы.Алтынсариннің « Сырдария» «Өзен» өлеңі
өлеңі
1) қарт ана 1) сарқыраған өзен
2) сыр сұлуы 2) айнадай су
3) туған елі 3)өзен рахаты
4) ел анасы 4) мөлдір суы
5) сүті кетпеген 5) ну орманы,тоғайы
Осы екі ақынның өлеңдерін оқи отырып айырмашылық пен ұқсастығына талдау, салыстыру жасаймыз.
- Шығармашылық жұмыс
1-топ: «Сырдария» өлеңі мен «Өзен» өлеңін құрылысына талдайды. (Өлеңнің бір-бір шумағындағы тармақ,бунақ,ұйқасын табады)
2-топ: «Сырдария» өлеңіндегі ақынның айтпақ ойы туралы түйгендерін айтады.(3,4) шумақтарын қара сөзге айналдырып жазады.
3-топ: Туған жеріміздегі өзендер жайлы бір шумақ өлең жазады.
«Су — тіршілік көзі» тақырыбына эссе жазуға да болады.
Білімді бекіту: Өлеңнің әуенімен таныс ету.(Өлеңді әнімен айтамын,балалар қосылады.)
Сонымен,балалар, ақын осы «Сырдария» өлеңінде не айтқысы келді?
- Параллелизм дегеніміз не?
- Өлеңді оқи отырып,өзен, көлдердің адам өміріндегі пайдасы туралы не айтар едіңдер?
жазушы ақын драматург
Газет редакторы филология ғылымының
болған докторы
50 шақты кітаптың авторы киносценарист әдебиет зерттеушісі
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Үйге тапсырма: Ә.Тәжібаевтің «Сырдария» өлеңін мәнерлеп оқу , жаттау.
[bws_related_posts]