Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы
«Бейнеу гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бисенгалиева Сара Бактыбаевна
Сабақтың тақырыбы: «Отан». «Астанам».
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілін, ойын, есте сақтау қабілетін дамыту. Сауатты жазуға тәрбиелеу. Тапқырлыққа, өздігінен жұмыс жасауға үйрету, ой-өрісін кеңейту.
Әдіс-тәсілдері: ойын, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: слайдтар, текшелер, суреттер.
Сабақтың барысы:
Сабақтың барысы
|
Мұғалімнің қызметі | Оқушының қызметі | Күтілетін нәтиже |
І.Ұйымдастыру бөлімі | а) амандасу;
ә) түгендеу; б) оқушылардың сабаққа әзірлігін тексеру; |
а) амандасады;
ә)кезекшілік қызметтерін атқарады; б) зейіндерін сабаққа аударады; |
Мұғалім мен оқушы арасында сыпайы қарым-қатынас орнайды. |
Психологиялық дайындық.
|
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз, Барлығыңды құрметтеп, Бас иеміз біз. |
Балалар хормен айтады. | |
ІІ.Өткенді пысықтау | Өткен сабақты сұрау. | Жаттап келген өлеңдерін айтады. | Өткен тақырыптарды жақсы меңгергендіктерін байқатып, қойылған сұрақтарға толымды жауаптар бере алулары. |
ІІІ. Жаңа сабақ
|
Мәнерлеп оқиды. | Мұқият тыңдайды, мағынасын ажыратады. | Тыныш отырып тыңдайды. |
«Астанаға саяхат» | -Балалар, еліміздің елордасы қай қала?
-Астана қандай қала? -Кім барды?
|
-Астана.
-Әдемі, көрікті, жаңа, үлкен. |
Сұрақтарға ұтымды жауап береді. |
Кітаппен жұмыс | «Астана» мұғалім мәнерлеп оқиды. | Мұқият тыңдайды, жүргізіп оқи алатын 5-6 оқушы оқиды.
|
|
Тренинг | Әліппе серігінен жаттаған өлеңдер оқу. | Оқушылар әріпті мұғаліммен бірге айтып, қимылмен орындайды.
|
Көңіл күйлері көтеріліп, сергіп қалады. |
«Келбетімен сүйсіндірген Астана» | Астана туралы бейнебаян тамашалау. | Оқушылар тыныш отырып тамашалайды. | |
Дидактикалық ойындар | Шарты: «Әріптер дүкені» Шарты: берілген әріптен сөз ойлап айту. | Оқушылармен орындау. | Сабаққа қатысу деңгейлері жоғары, қызығушылықтары тұрақты.
|
Дәптермен жұмыс | «Буынды жалғастыр» Шарты: берілген буынды жалғастырып жаңа сөз жазу.
Та/-, са/-, ма/-, ту/-, кө/-, ке/-, бо/-. |
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де. Екі саусақ бірікті, Ине қолға ілікті. Үш саусағым орамды, Қолға қалам аламын, Әдемі етіп жазамын.
|
Сауатты, таза, әдемі жазады. |
Сабақты қорытындылау | Жинаған ұпайларды санау, қорытындылау. | Ұпайларды санайды. | Өлеңдерді мәнерлеп оқи алады. Астана қаласы туралы мағлұмат берілді.
Сұрақтарға тез әрі дұрыс жауап бере алады. |
ІV.Бағалау | Жақсы қатысқан оқушылар бағаланады. | Сабақ мақсатына жетті. Бағаланды.
Мадақталды.
|
[bws_related_posts]