Басы » Кембридж бағдарламасы » Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі.

Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі.

Сынып: 5 «А» 

Өтілетін күні: 16 қараша 2015

Сабақтың тақырыбы: §4.2. Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділігі: Оқушыларға қосындының, көбейтіндінің және айырманың берілген санға бөлінгіштігі туралы мағлұмат беру. Тиімді тәсілмен қосындының, көбейтіндінің және айырманың  берілген санға бөлінгіштігін есептей білу.
  2. Дамытушылығы: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

3.Тәрбиелігі: Достық қарым-қатынасқа, шыншылдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Оқытудың әдісі: теориялық және практикалық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ұлы математиктердің пікірлері

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу

б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару

в) Сабақтың мақсатымен таныстыру

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: №570 есеп
  2. Жаңа сабақты меңгерту кезеңі:

Көбейтіндінің бөлінгіштігі:

Анықтама: Егер көбейтінділердің біреуі берілген санға бөлінсе,

онда көбейтінді де сол санға бөлінеді.

Көбейтінді Бөлгіш Көбейтінділердің бөлінгіштігі Көбейтінділердің

Бөлінгіштігінің мәні

24*19*7

 

90*8

    8

 

5

=(8*3)*19*7= 8*(3*19*7)=

24:8=3

=(15*6)*8=(5*3)*(6*8)=5*(3*6*8)=

90:15=6, 15:5=3

 

=8*399 /демек 8-ге бөлінеді/

 

=5*144 /демек 5-ке бөлінеді/

Егер көбейтінді b санына бөлініп, ал в саны c санына бөлінсе, онда көбейтінді с санына да бөлінеді.

Қосындының бөлінгіштігі:

Анықтама: Егер қосылғыштардың әрқайсысы жеке-жеке берілген санға бөлінсе, онда қосынды да сол санға бөлінеді.

Қосынды Бөлгіш Қосылғыштардың бөлінгіштігі Қосындының  Бөлінгіштігінің мәні
8585+51

 

17

 

=17*505+17*3=17*(505+3)=

8585:17=505,  51:17=3

 

=17*508/демек 8-ге бөлінеді/

 

Әріппен жазсақ: (a+ b):c = a:c  + b:c

 

 

 

Айырманың бөлінгіштігі:

Анықтама: егер азайғышта, азайтқышта берілген санға жеке-жеке бөлінсе, онда айырма да сол санға бөлінеді.

Айырма Бөлгіш Айырманың бөлінгіштігі Айырманың  

Бөлінгіштігінің  мәні

117-65 13

 

=13*9 — 13*5=13*(9-5)=

117:13=9

 

=13*4/демек 13-ке бөлінеді/

 

 

  1. Дамыту кезеңі: Есептер шығару.

Сыныпта топта орындалады: № 586(1,2,3),  № 587 (1,2,3), №588 (1,2,3), №589(1,2,3)

Деңгейлік тапсырма: № 590, №591

  1. Сабақты бекіту кезеңі:
  2. Көбейтіндінің берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай білеміз?
  3. Қосындының берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай білеміз?
  4. Айырманың берілген натурал санға бөлінгіштігін қалай білеміз?

 

  1. Оқушыларды бағалау. Жинаған фигураларына қарай бағалау

Сыныпта белсенді қатысып отырған оқушылар бағаланады.

  1. Үйге тапсырма: 4.2. тақырыпты оқу, ереже жаттау, № 592 кестені толтыру.

Пән мұғалімі:         Узакова Алия Қырғызбайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың жоспары

 

Сабақтың тақырыбы: §4.2. Көбейтіндінің, қосындының және айырманың бөлінгіштігі

ü Оқушыларға қосындының, көбейтіндінің және айырманың  берілген санға бөлінгіштігі туралы мағлұмат беру. Тиімді тәсілмен қосындының, көбейтіндінің және айырманың  берілген санға бөлінгіштігі есептей білу.

ü  Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылықтарын арттыру.

ü Достық қарым-қатынасқа, шыншылдыққа, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Күні, уақыты  16 қараша 2015ж.

Сабақтың ұзақтығы- 45 минут

Сыныбы: 5 «А»

Жалпы оқушы саны: _____   Сабаққа қатысқаны:  _____

Мұғалім Оқушы
Психологиялық дайындық Көңіл күй жаттығуын үйрету Көңіл күйді көтеруге жаттығу жасау. Оқушылар бір-біріне өздерінің жақсы қасиеттерін айтып мадақтайды. М: Әдепті Әлия Сыпайы Сымбат, Мерген Мирас, т.б.
а) Ой ашар. Геометриялық фигуралар (дөңгелек, куб, тікбұрышты параллепипед) тарату Берілген фигураларды құрастыру арқылы топқа бөліну
ә) Үй тапсырмасын тексеру. Айтылған жауаптарды тыңдап, дұрыстығын анықтайды. Бөлінген топтар бір-біріне сұрақ-жауап  арқылы үй тапсырмасын тексереді.
б) Жаңа сабақ. Жаңа сабақ туралы кіріспе, негізгі формулаларды түсіндіру, Формулаларға мысалдар келтіру, оларды дәлелдеу
 І. Қызығушылықты ояту. Құрылған топтарға тапсырма беру.  Топ мүшелері тапсырманы бірігіп орындайды.
а) Ой қозғау. Есептің шығу жолы қандай? Есептерді шығару арқылы, шешуін дәлелдеу №586,587,588, 589
ә) Өзіндік жұмыс. Деңгейлік есепті шешу №590,№591 есепті шешу
ІІ. Мағынаны ашу  сатысы Бағыт беру. Жаңа сабақтың негізгі түйінін анықтау
а) Топпен жұмыс. Оқушылардың жауаптарын толықтыру. Жаңа тақырып бойынша топтар сұрақ-жауап арқылы сабақты пысықтайды
ә) Венн диаграммасы.

 

Диаграмманың ерекшелігін айту Сабақта не түсінді, соны диаграммаға түсіру
ІІІ. Ой толғаныс  сатысы. Логикалық тапсырма Ойларын жинақтап, топ мүшелері жауап береді
а) Бағалау. Бағалауға арналған геометриялық фигуралар тарату. Оқушырар өздерін-өздері бағалайды
ә) Үйге тапсырма §4.2 тақырыпты оқу, №592 кесте толтыру 137бет.  Тақырыпты оқу. Анықтамаларды  жаттау,  №592 кесте толтыру
б) Кері байланыс Кері байланыс тақтасын түсіндіру. Күзгі ағаш келбетіне жапырақтар ілу. Өз пікірлерін, ұсыныстарын, сабақта нені түсінбегенін, сабақта алған әсерлерін жазып, ілу.
Пән мұғалімі:                                  Узакова Алия Қырғызбайқызы

Математика информатика пәнінің мұғалімі

Санаты 2

Еңбек өтілі 10

10 мектеп

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *