Шарван Умарқызы Бакилова
Бастауыш сынып мұғалімі
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Таусүгір орта мектебі КММ
Оқушылардың ата-аналарымен жиналыс.
«Мен баламды қаншалықты білемін ?»
Ата-аналар жиналысын жасалып «Кімнің баласы ?» бейнеролик көрсете отырып, треннинг өткізілді.
Күн тәртібінде:
1.Оқу жылының жоспарымен таныстыру.
- «Кімнің баласы» бейнеролик көрсет. Бейнефильм бойынша топ болып бөлініп,пікірлерін білдіру.
3.Сауалнама «Мен баламды қаншалықты білемін?»
Сыныпта барлығы 16 Жиналысқа 13 ата-ана келді.
1-ші мәселе бойынша Оқу жылының жоспары туралы қазіргі оқыту мен оқудағы жаңа әдіс –тәсілдердің қаншалықты өзгеріс әкелетінін әңгімелеп өттім.
2-мәселе бойынша 2-топқа бөлініп, бейнероликті көріп, талдады.
Пікірлесу тартымды өтті.1-ші топтан Ата-ана К апай « Шыныменде біз ата-аналар өз балаларымызға көңіл көп бөле бермейміз,оны мойындаймыз. Баланы дүниеге әкелген соң оның өміріне жауаптымыз.»
2-ші топтан Ата-ана А «Бүгінгі бейнефильмде көргеніміздей баланың ішкі ойымен санаспаймыз.Оларды бала ретінде ғана қабылдаймыз. Менің ойымша баламен дос ретінде ой бөлісуіміз тиіс. Бүгінгі Шарванның бізді таныстырған бағдарлама мақсатын құптаймын.»
2-топ бір-бірін Фидбэк әдісімен бағалады.
Сауалнаманы толтырды. Жиналыс соңында кері байланыс жасалды.
3- сынып жетекшісі Бакилова Шарван