Пейзаж

 Қостанай облысы

Жанкелдин ауданы Ы.Алтынсарин орта мектебі

 Бейнелеу өнері,Сызу пәнінің

 Сабақтың тақырыбы: «Пейзаж»

Мақсаты:

А) Білімділік: Оқушыларға пейзаж жанрымен таныстыру.Перспективалық сурет салудың заңдылықтарын білу.Балаларға жыл мезгілдері жайлы, ондағы өзгерістер мен ерекшеліктер жайлы мағлұмат беру.

Ә) Дамытушылық: Табиғатты бейнелеуде алуан құбылыстарды меңгертуге дағдыландыру. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту.

 

Б) Тәрбиелік: Эстетикалық тәрбие беру. Табиғат көріністерін бейнелеу арқылы бейнелеу өнері пәнін және өз елінің табиғатын сүюге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Әдістер: Қосымша тустер шығару.Топка бөлу.Сұрақ-жауап, әңгімелеу, тақпақ айту, дидактикалық ойын ойнату, сергіту сәтін жасату, плакатка сурет салу, постер қорғау,сурет бояу.

Көрнекіліктер: Интербелсенді тақта,қылқалам,акварель бояуы,плакаттар.

 Сабақтың барысы: Оқушыларды топқа бөлу.

Ынтымақтастық орнату.

 

Үй тапсырмасы: «Бояулар»

Негізгі тустер, қосымша түстер жайлы сұрау.

Оқушылар қағазға қылқаламмен қосымша тустерді табу.

 

Жаңа сабақ:

Пейзаж – бейнелеу өнерінің жанрларының бірі. Пейзаж–француз сөзі қазақша баламасы.Пейзаж – дегеніміз қоршаған ортаны бейнелеу, табиғат көрінісін бейнелі түрде көрсету.
Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда,Жапонияда және басқа шығыс елдерінде,сондай-ақ Еуропада дамығын.Пейзаж қайсы бір жай ғана айнытпай бейнелей салу емес,онда суретшілігің сезімдері мен ойларын берудің үлкен мүмкіндігі жатыр. Адам өмірін салыстырып қарағанда табиғат өмірі мәңгілік сияқты көрінеді.Пейзаж өнері де әр алуан.Кейбір пейзаждар табиғаттың өмірде,бар нақты көрнісін білдірсе,енді біреулер суретшінің қиялынан туады.Ондай шығамашылардың бәрінен де суретшілер табиғаттың мінез-құлқын айнытпай беругу тырысады.17-ғасырдан бастап суретшілер бірыңғай табиғат көрнісін бейнелейтін картиналар жазуды бастады.Әсіресе 19-ғасырдың аяғы мен 20-ғасырдың басында орыс суретшілері пейзаж жанрда көркем шығармалар оруында зор табысқа.

Қазақстан суретшілері Ә.Қастаев Ә.Исмайлов, С.Мәмбеев табиғат көріністерін бейнелеуде үлкен жетістіктерге жеткен.

Табиғат-көрнісін бейнелейтін суретшілерді табиғатты бейнелеуші немесе пейзажист деп аталады.

Тақтадан Ә.Қастеев пен Ә.Ысмайыловтың салған суреттерін көрсету.

 

Табиғат көріністерін суретшілер бейнелі түрде суреттеп көрсетсе, әдебиетте біздің ақын –жазушыларымыз өлеңмен суреттеген. Балалар ақын -жазушыларымыздың табиғат лирикасына арнап жазған қандай өлеңдерін білесіңдер? Кім мәнерлеп, жатқа айтып береді?
Абайдың «Желсіз түнде жарық айын» айту

Тактадан слайд арқылы жыл мезгілі суреттері көрсетіледі, балалар жыл мезгілдері туралы тақпақтар айтады.

 

Ернұр:      Күз айы басталды,

Құстар қайта бастады.

Жапырақтар сарғайып,

Жерге түсе бастады.

 

Маржан:    Жапалақтап ала қар,

Жауады күнде қайталап.

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

 

Әділ:          Көктемде көңілді,

Құстар кеп жатқанда.

Құлпыртып өңірді,

Гүл ектік бақтарға.

 

Жансая:     Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақты.

 

Топтық жұмыс: Жаз өлеңіне тез арада нобайлар салу.

 

 

Сергіту сәті:

Жаңбыр жауды     тырс-тырс,

Боран соқты      гу-гу,

Жел тұрды     ыли-ыли,

Найзағай ойнайды     тарс-тұрс.

 

Топтық жұмыс: Топтарға тапсырмалар беріледі. Қызылдар жаздың, көктер қыстың, сарылар күздің суретін салады. Постер қорғайды.

Топтар жарысып жұмбақтар, мақал-мәтелдер айтады.

Эссе жазады.

 

Сабақты қорытындылау:

Пейзаж деген ұғымды қалай түсінеміз ?

Табиғат көрінісін бейнелеген суретшілерді ата?

Табиғатты қалай бағалаймыз?

Табиғатқа қандай қамқорлық жасаймыз?

Табиғаттың қандай болғанын қалаймыз?

 

Бағалау:

Топ басшысы бағалайды.

 

Кері байланыс:

Стикер жабыстыру арқылы оқушылар бугінгі сабактың қалай өткендігін, не біліп үйренгені жөнінде өз ойларын білдіреді.

 

Үйге тапсырма: Табиғат құбылысын бақылау арқылы пейзаж салу.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *