Басы » Психология » 2-сынып оқушыларының қарым-қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету

2-сынып оқушыларының қарым-қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету

Алматы қаласы

Әуезов ауданы

№72 жалпы білім беретін мектеп

Педагог-психолог: Жолдасова Жадыра Мұратқызы

2-сынып оқушыларының қарым-қатынасындағы қиындықтарды ойын арқылы түзету

 Мақсаты: оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту, оларды адалдыққа, достыққа, шыншылдыққа, тәрбиелікке үйрету, ұсақ қол маторикасын дамыту.

Түзеу мақсаты: оқушының танымдық процесін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін және жалпы моторикасын қалыптастыру. Ойынның ережесін түсініп, мұғалімнің нұсқауы бойынша қабілетін дамыту.

Қажетті құралдар: АКТ, А4 форматтағы қағаздар, қалам, түрлі түсті макарондар.

Сабақтың барысы:

Ереже:

  • Құпиялылық;
  • Бір-бірімізді тыңдаймыз және сөзді бөлмейміз;
  • Белсенді боламыз;
  • Бір-бірімізге ренжімейміз, «қазір» және «осында» ұстанымын ұстанамыз.

 

І. «Менің есімімді ата» жаттығуы

Мақсаты: топқа деген жағымды сезімді дамыту.

Нұсқау: қазір мына кішкентай доп сіздердің қолдарыңызға тиеді. Бұд допты ұстаған адам өз есімін айтуы тиіс. Доп барлығына тигеннен кейін, доп қайта бір айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатын есімін айтуы тиіс, қолдарына берілген парақшаға есімдерін жазады.

 

 

ІІ. «Мен-күнмін» тренингі

Мақсаты: оқушының өзіне сенімділігін арттыру. Сыныптың ынтымағын, ұлдар мен қыздар арасындағы достық, ұлдардың қыздарды қорғауы, сыйлауын байқау.

Нұсқау: күннің суретін салып, ортасына оқушы өз есімін жазады. Шашырап тұрған әр сәулеге бала өзінің жақсы деген қасиеттерін жазады.

 

ІІІ. «Шатасқан жылан» жаттығуы

Мақсаты: топтың бірлесуіне ықпал етеді.

Нұсқау: қатысушылар тұрады. Олардың біреуі біршама уақыт дәлізде тұруын ұсынады. барлығымыз бір-біріміздің қолымыздан ұстап, қатар тұрайық. бұл қатарды жылан дейік, ал шеткі екі адам –оның басы мен құйрығы. Көп жағдайда, жылан «шатасқан» әртүрлі шығыршық құрып, оралып жатады. Шатасудың барысында біріккен қолдарды аттап өтуге, астынан өтуге болады. Шатасудың соңында жылан жыланның басы мен құйрығы бос қолдарын жасыруы тиіс, бірақ екеуі қол ұстаспауы қажет. Жылан шатасқан кезде, сыртта тұрған оқушы келіп тарқатуы тиіс.

 

  1. IV. «Жүретін орындықтар» жаттығуы

Мақсаты: кеңістікте бағдарлау икемділіктері мен дағдыларын дамыту.

Нұсқау: ойынға3-4 оқушы қатысады. Балалар үлкен бөлмеде қатар қойылған орындықтардың екі жағынан ұстап музыка басталысымен алға қарай жылжиды, ойында бір-біріне бөгет  жасамай, итермей, музыканың қарқынына қарай бірді баяу, бірді жылдам қозғала отырып белгіленген межеге жетуі тиіс.

  1. «Төрт өлең» сергіту сәті.

Мақсаты: есту талдағыштарымен байланысты қозғалу талдағыштары дамиды.

Барысы: оқушылар шеңбер бойымен отырады. «Жер» сөзі айтылса, барлығы қолдарын төмен түсіреді, «су» сөзін айтса, қолдарын алға көтереді, «ауа»сөзі айтылғанда қолдарын жоғары, «от» сөзін айтса, қолдарының саусақ буындарын айналдырады.

VІ. Коллаж «Менің бойтұмарым»

Барысы: берілген түрлі-түсті макарондарды жіпке тізбектей отырып, ішімізден жақсы тілек тілеп, өз бойтұмарымызды жасаймыз.

 

VІІ. «Айна» жаттығуы.

Мақсаты: өзара жақындасуына ықпал ету, сыныптастарының бағалауына әсер ету.

Нұсқау: ортаға екі оқушы шығып, біреуі айнаның рөлін, келесі оқушыға сол айнаға қараған оқушы табушы болады.

Қорытынды: психолог оқушылармен біріге отырып «құм терапиясын» жүргізеді.Құмнан «менің әлемім» тақырыбында жұмыс жасайды.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *