ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ
«Ы.АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ДАРЫНДЫ
БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН
МЕКТЕП– ИНТЕРНАТЫ» КММ тәрбиешісі Самратова Ұ. М.
Тақырыбы: «Отбасы- аялы алақан мекені»
Қатысушылар: 6 «б» сынып оқушылары, ата-аналар мен ұстаздар.
Сынып сағатының мақсаты:
Жақын адамдарына пайда келтіру мен отбасында өмір сүру қажеттіліктерін қалыптастыру.
Міндеті: Отбасы құндылығын түсіну қабілетін қалыптастыру. Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: жеке жұмыс, топтық жұмыс.
Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірлесу.
Көрнекілік: слайд-шоу, А3 қағазы, қайшы, клей, үлестірмелі қағаздар, ағаштың сүреті, видеороликтері (https://www.youtube.com/watch?v=6aygSf3VyOc
https://www.youtube.com/watch?v=2840RGmVSQg
https://www.youtube.com/watch?v=kQYSzJTcZF0).
Барысы:
- Шаттық шеңбері.(ата-ананың балаларына еркелетіп айтатын жылы сөздерін еске түсіру )
- «Мен отбасыммен мақтанамын» топ газеті (презентация қорғау)
- Ана-әке әні ( Дохан мен Гүлденнің орындауында)
- Сұрақ-жауап
- «Адамгершілік» видеоролигі
- «Қайырымдылық» видеоролигі
- «Тығырықтан шығу» жағдайаттық сұрақтар.
- Көрініс « Қарапайым отбасының бір күні»
- «Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімі
- «Отбасылық құндылық ағашы» (шығармашылық жұмыс)
- Топтық жұмыс « Ата-ананың күндей жарқыраған сәулесінде»
- «Әр қашан күн сөнбесін» (үш тілде)
Кіріспе сөзі: Отбасы-мемлекеттің негізгі буыны.
Тәрбие-отбасынан басталады, болашақ ұрпақтың еліне, Отанына деген сүйіспеншілігі алдымен ата-ананың ықпалы мен қалыптасады. «Дәулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» демекші білім бесігі мектептен, тәрбие бесігі отбасынан бастау алады.Отбасының екі тірегі-әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеннің еңбегін, ананның ақ сүтін өтеу-біздің борышымыз. Бүгін біз «Отбасы-аялы алақан мекені»тақырыбындағы тәрбие сағатымызда бала тәрбиесі, оның жан-жақты дамуы бағытында өз ойымызды ортаға салмақпыз. Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. Отбасы мүшелерінің жауап кершілігі толығымен ер азаматқа жүктеледі.Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел ананың тікелей міндеті. Отбасының тәрбиелеушілік міндетіне тікелей байланысты оның тағы бір қызметі бар. Оны дамытушы міндет деп атауға болады.Ата-аналар балаларының жеке ерекшеліктерін неғұрлым ертерек байқауы керек. Сонда ғана балалар өздерінің ішкі қабілеті мен дарының тез дамытады.Жас күнінен бастап олардың қабілетін байқап, соған сәйкес тәрбиелеу, бағдар беру қажет.
Балалардың үздіксіз дамуы, шығармашылық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.
Отбасым-менің жүрегім
Отбасым-менің тірегім
Отбасым-менің отаным
Тек сен деп соғар жүрегім-дегендей отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
- Шаттық шеңбері.(ата-ананың балаларына еркелетіп айтатын жылы сөздерін еске түсіру )
- « Мен отбасыммен мақтанамын» топ газетін қорғау (8 мин)
- 3. Ана-әке әні ( Дохан мен Гүлденнің орындауында)
- Сұрақ-жауап
1-топқа(балалар)
1.Балдан тәтті не? (бала)
2.Шаңырақ иесі кім (кенже ұл)
3.Бес дұшпанды атаңдар (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
4.Әкеден балаға не беріледі (мұра)
5.Бес асылды атаңдар (талап, еңбек, терең ой, қанағат,рахым ойлап қой)
6.Досы көпті жау алмайды( ақылы көпті дау алмайды)
- Ағасы бардын жағасы бар (інісі бардың тынысы бар)
2-топқа(ата-аналар)
1.18 жасқа толмаған адам (бала)
2.Үйде кім, елде кім қадырлі (үйде қонақ, қарт, бала, елде әкім, ұстаз)
3.Тәрбие мен білімнің ордасы (мектеп)
4.Өзін-өзі бағдарламасының авторы (С.Назарбаева )
- Өз балаңды өскенше (немереңді өлгенше)
- Қызым саған айтам (келінім сен тыңда)
- Қарағайға қарап тал өсер, (қатарына қарап бала өсер)
- «Адамгершілік» видиоролигі
- «Қайрымдылық» видиоролигі- Видеороликтерді талдау, әңгімелеу.
- «Тығырықтан шығу» жағдайаттық сұрақтар.
1-топқа
1.Сеннің өзіңе жақын досың бар, бірақ онымен дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істер едің?
2.Сен тәртіпсіздік жасадың мұғалім сені қатты сөкті. Сен не істер едің ?
2-топқа
1.Сіз тәрбиешісіз. Сіздің топта біреудің жалғыз бар. Ол өте тынышсыз, тәрбие беруге көнбейді.
Ұрыссаңыз ата-анасы ренжиді, ұрыспасаңызбала өте тәртіпсіз, сіз қандай шара қолданасыз.
2.Сіз балаңызды дүкенге жұмсадыңыз . Балаңыз компьютер ойнап отырып, барудан бас тартты. Сіз не істер едіңіз?
- Көрініс « Қарапайым отбасының бір күні»
- «Сегіз қырлы, бір сырлы» бөлімі
- «Отбасылық құндылық ағашы» (шығармашылық жұмыс)
(Үлкен ағаштың сүретіне алдын-ала дайындалған отбасылық құндылықтар жазылған карточкалар ілінеді. Карточкалар ағаштың тамырына, діңіне, бұтақтарына орналастырылады.)
Тамыры— ең негізгі отбасылық құндылық;
Діңі-орташа құндылық;
Бұтағы- отбасыңызға маңызды емес, қатты қолданбайтын, көп көңіл аудармайтын құндылық.
Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық
2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік
3. Ауызбіршілік
4. Ортақ қызығушылық
5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау
6. Қамқорлық
7. Тәртіп
8. Бос уақытыңызды бірге өткізу
9. Сенімділік
10. Ата-ананың сөзі заң
11. Ата-ана отбасының үлгісі
12. Әлеуметтік жағдай
13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас
14. Махаббат
15. Мейірімділік
16. Шынайылық
17. Сырт көзге үлгі болу
18. Береке
19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет
20. Көп бала
- Топтық жұмыс «Ата-ананың күндей жарқыраған сәулесінде»
(Күннің ортасында баланың бейнесі орналасқан. Ата-аналар күннің әр бір сәулесіне балаға еркелетіп айтатын жылы сөздерін жазады)
Ал, енді бәріміз күннің көзіне қарайық! Біздін балаларымыз қандай ата-аналарының жылы сөздерімен күннің шуағына бөленген!
(Балалар ата-аналарының жылы сөздерін оқиды)
Осы тәрбие сағатымызды қорыта келе бәріміз осы күннің көзіне қарап қандай әнді еске алуға болады?
- «Әр қашан күн сөнбесін» (үш тілде)