Басы » Cыныптан тыс » «Жұлдызды сәт» ашық сайыс сабағы

«Жұлдызды сәт» ашық сайыс сабағы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

            Қ.Х.Тоқмұхамедов атындағы№36 жалпы орта мектеп

Физика пәні мұғалімі:  Тюляшева А.

                                                                                                            

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» ашық сайыс сабағы

Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау, логикалық ойлау қабілеттері мен жағдаяттан шығу дағдыларын дамыту, танымдық белсенділіктері мен пәнге қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Оқушыларды көпшілік ортада сөйлеуге және өз ойын еркін айта алуға дағдыландыру, жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: ойынның слайдтары, диапроектор, қобдиша,

физикалық приборлар, физикалық тәжірибе жасауға

арналған құралдар,

Әдіс-тәсілдері: ауызша жауап беру, тәжірибе жасау,

Формасы: сайыс сабақ

БАРЫСЫ:

Ойынның шарттары:

  1. ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);
  2. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);
  3. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);
  4. «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);
  5. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);
  6. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)
  7. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);
  8. «ТІЛ — ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

— Олай болса, «Жұлдызды сәт» атты физикалық сайыс сабағына қош келдіңіздер!

Ғылымдардың ғылымы

Әлемде бар қызығы,

Физика жайында

Кешіміздің мол азығы.

— Ойынға қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!Алдымен әділ қазылар алқасын сайлап алайық. Қызығушылықты  ояту мақсатында мына бір әңгімені тыңдап көрейік.

Бір жас бала  данышпанға келіп  айтыпты «Мен өз   өміріме   қуаныш қабылдаймын» бірақ қуанғым келмейді, неге екенін  түсінбеймін

Данышпан ол жас жігіттің алдына  қасық, кесе, шам қойып «Нені  таңдайсын?» — деп  сұрапты

  • Қасықты- депті жас бала
  • Данышпан оны  бес рет қайтала — депті

Жас өспірім 5 рет қайталайды

  • Міне көрдіңбе бір  күнде  миллион есе қайталасаңда ол орындалмайды
  • Онда не істеу керек?
  • Оған қолыңды созып алу керек.

Сол  үшін бүгін  сабақта сендер өз білімдеріңді  алып,  практикада  қолдануларыңды тілеймін.

Оқушылар 2 топқа бөлінеді

  1. «Ойшылдар» тобы
  2. «Тапқырлар» тобы
  3. ТАНЫСТЫРУ

(Ойынға қатысушы екі топ өздерін таныстырады.) ( 5-10 ұпай)

1-топ: «Ойшылдар» тобы

 

Ұраны: Жарыс десе жанамыз,

Бүгінгі күн ойында ойшылдықпен аламыз.

Сәлемдесуі:

Достарым ерігіп жүрме бос,

Қол ұстас, бірігіп тізе қос.

Жеңіспен мәреге барайық,

Жеңістің ұранын салайық.

 

2-топ: «Тапқырлар» тобы

 

Ұраны: Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашанда үміткерміз жеңіске.

Сәлемдесуі:

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!

 

  1. «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар)

 

2 топқа викториналық сұрақтар беріледі. Әр дұрыс жауап – 1 ұпай

 

  1. Шам, плита жұмысын жасай қалды,

Ал оның есептен-ақ басы айналды. /Электр есептегш/

  1. Электр тогы дегеніміз не? / зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы/
  2. Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі /Рекс/
  3. Радионың атасы /Александр Сергеевич Попов/
  4. Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» атанған ғалым. /Әл-Фараби/
  5. Ағылшын ғалымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп болды? /алма/
  6. Заттың ең кішкентай бөлігі? /атом/
  7. Физика не туралы ғылым? /табиғат/
  8. Ток күшінің өлшем бірлігі? /Ампер/
  9. 1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? /адам ғарышқа ұшты/
  10. Темірқазық жұлдызын басқаша қалай атайды? /Жетіқарақшы/
  11. «Алтын ереже» физиканың қай бөліміне жатады? /механика/
  12. Жұмыстың халықаралық жүйедегі өлшем бірлігі? /Джоуль/
  13. Ауаның қысымын анықтайтын құрал /Барометр/
  14. Физиканың жылу құбылыстарын зерттейтін бөлімі /Термодинамика/

 

III. «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);

 

Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады. Есептің шешуі ойынның соңында сұралады.

Есепті ең бірінші тапқан ойыншыға — 500 теңге ұтыс беріледі.

 

 

50 теңге                  10 теңге                         1 теңге

 

— Олай болса, ойынымыздың келесі шартына көшейік.

 

  1. «КІМ ТАПҚЫР!»

(берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);

(Мұғалімбір-бірлеп физикалық приборларды алып шығады. Әр топ прибордың атын, олардың атқаратын қызметтерін айтады.) Әр дұрыс жауапқа  — 5 ұпай

 

Берілетін приборлар:

 

Амперметр                  Вольтметр                         Реостат

 

Катушка         Электроскоп                  Трансформатор

 

  1. Амперметр /ток күшін өлшейтін құрал/
  2. Вольтметр /кернеуді өлшейтін құрал/
  3. Реостат /Кедергіні өлшейтін құрал/
  4. Электроскоп /дененің электрленуін анықтайтын құрал/
  5. Катушка /индукцияланған токты жинайтын құрал/
  6. Трансформатор /Айнымалы токтың трансформациясын жүзеге асыратын құрал/

 

  1. «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);

 

2 топтың ойыншысы 2 конвертті таңдайды. Дұрыс жасалған тәжірибеге — 10 ұпай.

 

«А» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

Тапсырма: 1. Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал.

Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады.

Себебі: Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық.

  1. Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.

Не байқалады?                          

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды.

Себебі: тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды.

 

«В» конвертінің тапсырмасы:

Қажетті заттар: Стақан, өлшемдері стақан диаметрінен үлкен қалың қағаз

Тапсырма: Стақанды жиегіне дейін су толтыр.

  1. Бетін қағазбен жап.
  2. Бір қолыңмен стақан түбінен ұстап екінші қолыңның алақанымен су төгілмейтіндей етіп қағаз бетін стақанға қысып ұста.
  3. Енді түбін жоғары қаратып, стақанды өте шапшаң төңкер.

4 Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Су стақаннан төгілмейді. Қағаз стақанға кептеліп қалған тәрізді. Төңкерілген стақандағы су неге төгілмейді?

Себебі: Стақан түбіндегі қатты қағазға төменнен жоғары әсер ететін ауаның қысым күші стақан ішіндегі судың салмағынан көп болады. Сондықтан қатты қағаз стақанға тығыз жабысып, су төгілмейді.

 

  1. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады?

 

                                       Жауабы: МЫСЫҚ

 

VII. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);

 

Жауабын тапқан топқа – 10 ұпай.

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

 

Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.

 

VIII. «ТІЛ — ӨНЕР»

(жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

Дұрыс жауапқа қазақ тілінде – 5 ұпай, орыс тілінде – 5 ұпай, ағылшын тілінде – 5 ұпай.

Сұрақтар:

  1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)

2    Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, ruler)

  1. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз, лед, ice)

  1. Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.  (кітап, книга, book)

  1. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, air)

  1. Жұрттың бәрі соны сүйеді,

Бірақ қарағысы келмейді. (күн, солнце, sonne)

 

Енді «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп) кезеңінің жауабын тыңдап көрейік

     Тапсырма: Сіздің қолыңызда – 500 теңге ақша бар, оған 100 бас мал сатып алуыңыз керек. Жылқы – 50 теңге, сиыр – 10 теңге, қой – 1 теңге. Ойынға ойыншылармен бірге барлық көрермендер де қатысуға болады.

Есепті ең бірінші шешкен адамға — 500 теңге ұтыс беріледі.

 

Екі топтың ойыншыларының бағалау парағы бойынша қорытындысын шығару.

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

 

Р/с Ойын шарттары Ойшылдар Тапқырлар
1 ТАНЫСТЫРУ (әр топ тобын, ұранын айту);    
2 «КІМ ЖЫЛДАМ» (викториналық сұрақтар);    
3 «ОЙЛАНАЙЫҚ, ОЙЛАЙЫҚ!» (логикалық есеп);    
4 «КІМ ТАПҚЫР!» (берілген физикалық құралдардың атын, атқаратын қызметін түсіндіру);    
5 «ОЙЛАН ТАП!» (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжірибе жасау);    
6 СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)    
7 «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру);    
8 «ТІЛ — ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)    
  Жалпы ұпайы    

 

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! – дей келе сабақты жүргізген физика пәнінің мұғалімі Тюляшева Айжамал. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *