Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы
«Ақтас негізгі мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі:
Секенова Куаныш Актаевна
Математика еліне саяхат
Сабақтың мақсаты: өткен сандарды қайталау,алған білімдерін тиянақтау,бекіту.
Әдісі:сұрақ-жауап,түсіндіру,ойын,көрнекілік.
Көрнекілігі: тапсырмаға сай суреттер,таяқшалар,жұлдызшалар,сандар.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің кезеңі | Балардың әрекеті |
Қызығушылығын ояту | Шаттық шеңбер
Шаттық шеңбер құрып бір-біріне тілектер айту. Бүгін бізде математика еліне саяхат сабақ болады. Сол саяхаттың арнайы картасы тақтада ілулі тұр.Саяхатқа бару үшін жол алыс,бірнеше аялдамадан тұрады.Олар түстермен белгіленген.Сол аялдама жолдарына жету үшін көлікті таңдап көрейік.Ол үшін мен сендерге жұмбақ жасырамын: Жерде жүрер зуылдап, Адам оны жүргізсе. Ішінде 5 орын бар, Жүргізуші мінгізсе. Жауабын сол табар, Қолын биік көтерсе -Өте жақсы Жұлдызшамен бағалау. Картадағы 1-ші аялдама сары түс.Аялдамаға жету үшін машинаға отырамыз,қолымызды алға ұстап жүргіземіз.Аялдамаға келдік. |
Қол ұстасып шеңбер құру,бәрі бірге қосылып,қимылмен көрсету.
Картамен таныстыру,неше аялдама барын көреді.
Жеңіл машина
|
Ізденістерін ұйымдастырушы | 1-аялдама «Адасқан сандар» әлемінде атына сай сандар да дұрыс орналаспаған екен.Орны ауысқан сандарды дұрыс орналастыру.Тура және кері санату 1-10 дейін тура және 10-1 кері.Балардың жауаптарын жұлдызшамен бағалау.
Келесі аялдамаға бару үшін тағы да жұмбақ жасырамын мұқият тыңдаңдар. Қанаты бар құс емес, Аспанда самғап ұшады. Адамдарға көмек беріп, Алысты жақын қылады. Бұл қандай көлік екенін, Қане кім тез айтады. Ұшаққа отырамыз,қанаттарымызды жазамыз,ұшамыз,қонамыз. 2-аялдама «Санның көршісін ата». Көк түс —Бізден көмек сұрап не келді? -Қонжық ненің баласы? -Қандай аюларды білесіңдер? -Балалар қонжық сендерден көмек сұрай келді?Оның достарына көмек керек болып тұр? -Көмектесесіңдер ме? Баларға түрлі тапсырмалар беріледі. -Қонжық сандардың көршілерін ұмытып қалған екен,біз оларды атауымыз керек.Алдарыңда жатқан екі түсті дөңгелектің бірін көтересіңдер. — келіспеймін -келісемін
3-аялдама «Авторлық орындық». Жасыл түс.Жүк машинасымен барамыз. Геометриялық фигураларға сурет ойлап табу. Жұлдызшамен бағалау.
4-аялдама «Кім тапқыр» Қызыл түс. Ұшақпен.Ұшаққа отырамыз,қанатымызды жазамыз,ұшамыз. Логикалық тапсырма.Ауызша. -Киіз үйде неше бұрыш бар? — -2 мысықтың неше қүлағы бар? -Дүкеннен 2 төртбұрышты доп сатып алдым.Біреуін досыма бердім.Неше доп қалды? Сергіту сәті «Ұшты-ұшты ойыны» Жұлдызшамен бағалау. Картадағы 5-ші аялдамаға бару үшін тағы да жұмбақ жасырамын. Судан жүзер жеткізбей, Ескек ессең ерінбей. 2 адамға орын бар, Кім тез тауып айта алар. Қайыққа отырамыз,ескек есеміз,жүземіз,тоқтаймыз. 5-аялдама «Сиқырлы таяқшалар» Қоңыр түс. Бұл тапсырмада қиялдау қабілетін артады,сөйлеу қоры молаяды. -Қарайықшы түрлі таяқшалар көп екен.Соның ішінен 10 таяқшаны санап алып,бір зат құрастыруымыз керек. Балалар құрастырған заттарын толығырақ түсіндіреді. Бағалау жұлдызшамен. |
Балар сандарды дұрыс қояды.
Тура және кері санайды. Жұлдызшаларын алады
Ұшақ Ұшақпен ұшқан қимыл жасау
Қонжық Аюдың Қоңыр,ақ қара аюлар
Иа Берілген тапсырманы балалар орындайды. Дұрыс жауапты айтып дөңгелекшелерін көтереді.
Үшбұрыштан үй,дөңгелектен смайлик,сопақшадан көбелек т.б т суреттер ойлап тапты.
Ұшақпен ұшқан қимыл жасау.
Киіз үйде бұрыш болмайды. 4 Төртбұрышты доп болмайды
Ойынға қатысады
Қайық.Ескекті есу қимылын көрсетеді.
Мен 10 таяқшадан үй құрастырдым,көк түсті таяқшадан тау,сандар,әріптер т.б |
Рефлексивті түзету |
Сабағымызды келесі «Санамақ айту» шеңберімен қортындылаймыз. Сабақ соңында бір-біріне сандардың бірінші дыбысына байланысты сөздер ойлап,сөйлем құрап тілектер айту беріледі.Бұл жерде бір –біріне деген сыйластық туындайды.
-Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма? -Не ұнады? -Жинаған жұлдызша ларымызды санап,ең көп жұлдызша жинаған баланы анықтадық. -Барлығың сабаққа жақсы қатыстыңдар,маған ұнадыңдар. |
Санамақ айтады
Б-бақытты бол! Е- епті бол! Ү-үлгілі оқушы бол! Т-тапқыр бол! Б-белсенді бол! А- алғыр бол! Ж-жігерлі бол! С-сұлу болып өс! Т-төзімді бол! О-озық оқушы бол! Иа Тапсырма орындаған, саяхат ұнады. |
Күтілетін нәтиже:Білу керек:10 көлеміндегі сандардың айтылуын,ретін,тура және кері санауды.
Білді: тапсырманы жылдам орындауды,логикалық тапсырманы шешуді.
Айта орындай алады:санның бірінші әріпіне байланысты сөйлем құрауды.
[bws_related_posts]