Басы » Tәрбие сағаттары » Кел, Жаңа жыл!

Кел, Жаңа жыл!

Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
РузаевкаСадыкова Асель Нурлановна
Калинов орта мектебі
Тақырыбы: Кел, Жаңа жыл!

 

Мақсаты:

Жаңа жыл мерекесі туралы тақпақтарды меңгеру, барыс және жатыс септіктерінің жасалуын қайталау,  сөйлеу дағдысын қалыптастыру, есте сақтау,сауатты жазуға дағдылану.

Күтілетін нәтиже:

Балалар өлең шығара алады, барыс және жатыс септіктерін ажырата алады, сөздік қорлары молаяды, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады, еркін сөйлейді, идея айтады, қорытынды жасайды.

Сабақтың түрі: ашық сабақ.

Сабақтың әдіс – тәсілі: ИКТ, сұрақ – жауап, аударма, сөзжұмбақ, ыстық орындық, ИНСЕРТ, блоб ағашы.

Қолданылған модульдер: АКТ, СТО, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар, дарынды оқушылар, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, көшбасшылық, бағалау

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, үлістерме қағаздар, көрсетілім.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы.

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

А) амандасу

Ә) ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады. Мысалы: Мен саған бақыт тілеймін.

Б) кезекшімен сұхбат

 

  1. Үй жұмысын тексеру.Ыстық орындық әдісі арқылы Жаңа жыл туралы тақпақтарды сұрау.

 

ІІІ.   Жаңа сабақ

  • Сөзжұмбақ шешеміз:
  1. Шыршаның түсі
    2. Біздің елордамыз
    3. Аю – ол не?
    4. Қыста не жауады?
    5. Қыстың бірінші айы
  2. Қазір қай жыл мезгілі?
    7. «Снеговик» сөзінің аудармасы

— Балалар, сөзжұмбақта қандай негізгі сөз жасырынып тұр екен? Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайлы болмақ? Дұрыс, бүгінгі тақырыбымыздың аты — Жаңа жыл және грамматикалық тақырыбымыз – барыс және жатыс септіктері.

 

  • Ассоциация. Топтастыру.

Балалар, Жаңа жыл сөзін естегенде қандай сөздер ойларына келеді? Жаңа жылда біз не істейміз? (ән айтамыз, би билейміз, сыйлық сыйлаймыз, тілек айтамыз)

 

  • Грамматикалық тақырыпты қайталау.

 

  • Кеспе қағазбен жұмыс. Жұппен орындау.

1-тапсырма. Төмендегі сөздерге барыс, жатыс септіктерінің жалғауларын жалғап жазыңдар.

        Аяз Ата, қыс, қар, ертеңгілік, Жаңа жыл, мереке, мезгіл, әшекей, ән, дастарқан, аққала, шырша. (интерактивті тақтада дұрыс жауапты қарап тексереді)

 

  • Сөздік жұмыс.

тойлады –  праздновали

қуанышты –  радостный

сықырлайды –  скрипит

қызығына тоймаймыз – не нарадуемся

ертеңгілік – утренник

бақытты бол – будь счастлив

 

  • Ауызша тапсырма. 2-тапсырма, 106-бет.

Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

 

 

  • Оқулықпен жұмыс. 3- тапсырма.

Мәтіннен барыс және жатыс септігінде тұрған сздерді көшіріп жазып, оларға сұрақтар қойыңдар.

Мысалы: мектепте – Ж.с. қайда?

мерекесіне – Б.с. несіне?

 

  • Оқушыларға өлең құрастыру үшін дайын ұйқастар беріледі, 3 минуттың ішінде өлең шығару керек.
    …………………….. салқындайды,
    …………………….. сықырлайды,
    ………………………. аппақ боп
    ……………………… жылтырайды.

    …………………….. ойнаймыз,
    …………………….. тоңбаймыз,
    ……………………… шаттанып
    ……………………… тоймаймыз.

 

  1. IV. Сабақты қорыту кезеңі:

Сұрақтар қою арқылы.

  1. Ал, балалар бүгін сабақта не істедік?
  2. Не білдік?

3.Мерекемен қалай құттықтаймыз?

  1. Қандай тілек айта аласыңдар?

— Жақсы жарайсыңдар! Ендеше, алдарыңда жатқан ашықхаттарды түрлі-түсті бояумен бояп, ішіне парталас достарыңа тілек жаза қойыңдар. Байқасаңдар, тілекті жазу қаңқасы бар. Оған кейбір сөздер жазылмаған екен. Мағынасына қарап, керекті сөздерді жазып, достарыңа  сыйлауға болады.

 

Мәтін:

Құрметті_______________!

Мен сені____________мерекесімен құттықтаймын! Саған __________,

________,___________ тілеймін. Жаңа жыл ___________ әкелсін! _____________  орындалсын! _____________ бол!

 

  1. Рефлексия. «Сөмке, еттартқыш, қоқыс жәшігі».

 

VIІ. Бағалау кезеңі: «Блоб ағашы» бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалау.

 

VІІІ. Үй жұмысын беру: 4-тапсырма,  106 бет. жалғауларды жаттау.

 

Презентациясын көру үшін

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *