Батыс-Қазақстан облысы
Теректі ауданы Ақсуат ЖОББМ Аубакирова Калампыр Ермековна |
||
Сабақтың тақырыбы: | Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру. | |
Сабақтың мақсаты: | Білімділігі: айналдыру (бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін айыру), натурал сандарды
араласа сан түрінде жазу, натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазу біліктілігін қалыптастыру. Дамытушылығы: Аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде айналдыруда, бұрыс бөлшектерді аралас сандарға айналдыруда есептеу дағдыларын қалыптастыру және алған білімдерін одан әрі дамыту. Тәрбиелігі: Аралас сандарды, бөлшектерді жазғанда дұрыс жазу, нәрселердің бүтін және бөлшек бөлігін таба білу, оны өмірде іске асыра білуге тәрбиелеу. |
|
Сабақтың типі: | Жаңа материалды бекіту. | |
Сабақтың әдісі: | Деңгейлеп, саралап оқыту. | |
Сабақтың түрі: | Сайыс сабақ | |
Көрнекілігі: | Карточка, слайд, алма, жазу дәптері, бағалау парағы | |
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы : | ||
І. Ұйымдастыру бөлімі:
— Амандасу, түгендеу. — Психологиялық дайындық (сиқырлы әріптер арқылы бір-біріне жылы лебіз айту.) — Сыныпты 3 топқа бөлу. «Алғырлар», «Тапқырлар», «Зерделілер». Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.
ІІ. Оқушылық бөлімі: (Ауызша тапсырмалар) — Сәйкестікті орнатыңдар — Үй тапсырмасын тексеру. — Карточкамен жұмыс
ІІІ. Алгоритмдік бөлімі: «Зерде» ойыны Жаңа сабақты түсіндіру. Мысалы: 7 алманы тең үш топқа бөлейік. Сонда олардың әрқайсысына екі бүтін алма және алма, яғни 2 алма алады.7:3 = 2 . Ал, 7:3=2 (қалдық 1) екенін сендер білесіңдер. Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдырудың алгоритмін айтып түсіндіру. — Алымын бөліміне қалдықпен бөлеміз; — Бөліндінің мәні аралас санның бүтін бөлігін, қалдық аралас санның бөлшек бөлігінің алымын береді, ал бөлімін бұрыс бөлшектің бөліміндей етіп қалдырамыз. Мысалы: , өйткені 59 санын 9 санына бөлгенде, бөліндіде 6 саны, ал қалдықта 5 саны шығады. Анықтама: Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыруды бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін айыру деп атайды. Аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру. Мысалы: Аралас санды бұрыс жай бөлшекке айналдырудың алгоритмін айтып түсіндіру: — Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейтіп, шыққан көбейтіндінінің мәнін бөлшек бөлігінің алымына қосамыз да, шыққан қосындының мәнін бұрыс жай бөлшектің алымына жазамыз. — Бұрыс жай бөлшектің бөлімін аралас санның бөліміндей етіп қалдырамыз. Мысалы: Жаңа сабақты бекіту. «Алғырлар» — бөлуді аралас сан түрінде жаз. 21:5 ; 327: 12 ( 3 балл) «Тапқырлар» — бұрыс бөлшектен бүтін бөлікті алу үшін не істеу керек? Шыққан сандар қалай аталады? Алымын бөліміне бөлу керек, бөлдінінің мәні аралас санның бүтін бөлігін, қалдық аралас санның бөлшек бөлігінің алымын береді, ал бөлімін бұрыс бөлшектің бөліміндей етіп қалдырамыз. Шыққан санда – аралас сан деп атаймыз. ( 3 балл) «Зерделілер» — аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырады? Ойынды айт. Аралас санның бүтін бөлігін бөлшек бөлігінің бөліміне көбейтіп, шыққан көбейтіндінінің мәнін бөлшек бөлігінің алымына қосамыз да, шыққан қосындының мәнін бұрыс жай бөлшектің алымына жазамыз. Мысалы: 3 ; ; 19 ( 3 балл)
ІV.Эвристикалық бөлім: «Кім жылдам» ойыны
Оқулықпен жұмыс «Алғырлар» «Тапқырлар» «Зерделілер» І деңгей: №430 (1,2) №430 (3,4) №430 (5,6) ІІ деңгей №432 (1,2,3) №432 (4,5,6) №432 (7,8,9) ІІІ деңгей №434 (1,2,3) №434 (4,5,6) №434 (7,8,9)
Жұмыс дәптерімен жұмыс «Алғырлар» «Тапқырлар» «Зерделілер» І Деңгей (5 ұпай) Бұрыс бөлшектің бүтін бөлігін бөліп ал.
; ; ;
ІІ Деңгей (10 ұпай) Тең сандардың арасын сызықпен қос.
2 3 1 2
V. Шығармашылық бөлім «Тапқыр болсаң, тауып көр» ойыны
VІ. Үйге тапсырма: №431(ауызша), №433 VІІ. Қорытынды. 1. Қандай жаңа нәрсе үйрендіңдер? 2. Сабақта не ұнады? 3. Сабақта не ұнамады? 4. Сабақ бұдан да жақсырақ болу үшін, бүгінгі сабақтан нені өзгерту керек деп ойлайсыңдар? — Бағалау, мадақтау.
|
||
Ескерту:
|