ШҚО, Аягөз ауданы
«А.Көшкімбаева атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ
География пәні мұғалімі Кенжебаева Г.Қ
Қысқа Мазмұнды Тапсырмалар
Оқушыларды сабақта жалықтырмай, белсенді ұстаудың бір жолы- топпен жұмыс істеу, әр түрлі қысқа әрі нұсқа тапсырмалар беріп өзара жарысқа шақыру. Мысалы, қысқа мазмұнды диктант, тест, картамен жұмыс география пәндерінде оқушыларды аса жалықтырмайды. Төменде әріптестеріме осындай әдістермен өткізген бір сабағымды ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: «Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері».
Сабақтың мақсаты:
Танымдық— оқушыларды дүниежүзілік мұхиттың бөліктерімен таныстыру, оқытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру, өткенді қайталау барысында оқушылардың білімін нақтылау, өздігінен ізденуге жетелеу.
Дамыту— оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру, ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік— оқушыларды ізденімпаздыққа, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: физикалық карта, карточкалар, тест, сөзжұмбақ, тақтада жаңа сабақтың жоспары, сабақта кездесетін жаңа ұғымдар (архипелаг,түбек, шығанақ, бұғаз, т.б. ) жазылды.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ.Үй жұмысын тексеру.
Топпен жұмыс (оқушылар сұраққа жауап береді).
1.Гидросфера деп нені атайды?
2.Судың қандай қасиеттерін білесіздер?
3.Дүниежүзілік су айналымы туралы не білесіздер?
4.Картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?
ІІІ.Өткенді бекіту.
А. |
Оқушылардан қысқа диктант алынды. А. Жер қыртысының қозғалысын сезетін аспап-
Ә. Жер қыртысы мен үстіңгі мантияны құрайтын сабақ-
Б.Жердің кіндігі-
В.Жердің терең қабатындағы балқыған зат-
Г.Атқылайтын бұлақ-
Ғ.Жанартаудың терең құлама шұңқыры-
Д.Жер бетіне шығып төгілген магма-
Ж.Жазықтың абсолюттік биіктігі 200-500 м болатын жер
З.Таудың ең биік нүктесі-
И.Тереңдікті өлшейтін аспап-
Тақтада диктант мазмұнына қажетті жауаптар жазылды.
1.Магма. 2.Эхолот. 3.Қырат. 4.Кратер. 5.Шың 6.Гейзер. 7.Ядро. 8.Сейсмограф. 9.Литосфера. 10.Лава.
Мұғалім сұрақтарды ауызша оқып тұрады, әр топ бір парақ қағазға сұрақтарға сәйкес тақтадағы жауаптардың дұрысын белгілейді.
Диктанттың дұрыс жауабы: А-8, Ә-9, Б-7, В-1, Г-6, Ғ-3, Д-4, Ж-10, З-5, И-2.
Сыныптағы әр топ бір-бірін тексеріп бағалайды. Егер бәрі дұрыс болса-5; 2-қате болса-4; 3-5 қате болса-3; 6-10 қате болса-2 қойылады.
Әр топтың берген бағасын мұғалім өзіне белгілеп алады.
Картамен жұмыс. Екі топқа да берілетін тапсырма.
Төменде 2 географиялық объектінің координаттары берілген-43 с, е, 79 б.б 18 о. Е 26 ш. б
Бұл қандай объектілер? Қай географиялық қабыққа жатады? Кім тез жауабын айтады?
Жауабы— Ниагара, Виктория, гидросфералық қабыққа жатады.
(Қай топ бірінші жауап берсе, сол топ бағаланады).
Тест.Күрделі сұрақтарға тез жауап беру. Топ оқушыларының жылдамдығы ескеріледі.
Мына бекітулер дұрыс па?
1.Түгел Жер- географиялық қабыққа кіреді.
2.Ядро аллюменийден тұрады.
3.Ядроның радиюсы- 3500 км.
4.Жердің қойнауындағы заттар қатты күйде кездеседі.
5.Юпитер- ең үлкен ғаламшар
Жауаптар «иә, жоқ» деген сөзбен шектеседі- тез арада ойланбай жауабын айту керек.
ІV.Жаңа тақырып өту.Оқушыларды жаңа сабақтың мақсатымен таныстыру.
1.Дәптерге тақырыптың атын жаздыру.
2.Дәптерге сабақта кездесетін жаңа сөздерді жаздыру.
3Жоспар бойынша жаңа сабақты түсіндіру.
А.Дүниежүзілік мұхиттың бір тұтастығы.
Ә.Мұхиттар.
Б.Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар
Сабақты тірек сызба арқылы түсіндіруге болады.
V.Үйге тапсырма. 5- кестені пайдаланып, Жерорта, Беринг теңіздерінің географиялық орнын анықтау. Кескін картада көрсету. Тақырыпты оқу.
VІ.Өткен және жаңа тақырыпты бекіту.
Бекіту танымдық ойындар арқылы жүзеге асады.
Егер оқушылар мына сөзжұмбақты дұрыс шешсе, ата-бабаларымыздың әр жылда атап өтетін киелі айының аты шығады.
Р | |||||||||||||||||||
А | |||||||||||||||||||
М | |||||||||||||||||||
А | |||||||||||||||||||
З | |||||||||||||||||||
А | |||||||||||||||||||
Н | |||||||||||||||||||
А | |||||||||||||||||||
Й | |||||||||||||||||||
Ы | |||||||||||||||||||
1.Су қабығы.
2.Төңірегінен су қоршаған құрлық.
3.Гидросфераның негізгі бөлігі.
4.Мұхит суынан жауын-шашын қалай пайда болады ?
5.Екі жағынан да материктің жағалары шектеп тұрған енсіз су.
6.Қыста жауатын жауын-шашын.
7.Гидросфераның бір бөлігі.
8.Жер бетіне шығып ағатын таза мөлдір су.
9.Алматы облысындағы аты өзгертілген ауданның бірі.
10.Құрлыққа енген теңіздің бір бөлігі.
Сөзжұмбақ жауаптары:
1.Гидросфера. 2.Арал. 3.Мұхит. 4.Булану. 5.Бұғаз. 6.Қар. 7.Өзен. 8.Бұлақ. 9.Қарасай. 10.Шығанақ.
Бұдан кейін оқушылар пысықтау сұрақтарына жауап береді.
Сұрақтар. 1.Қазір мұсылмандардың қай айы, бұл ай туралы не білесіздер. 2.Дүниежүзілік мұхит суының бөліктерін атаңыз. 3.Құрлықтағы сулар- өзен, көл, бұлақ, жер асты сулары туралы қандай мақал-мәтелдер, нақыл сөздер білесіздер?
Сабақты ақынның мына өлең жолдарымен қорытындыладым.
-Ей, замадас, алдыменен досыңды ұқ,
Досың- Жер, Су,Ауа, Өсімдік
Ала отырып осылардың сыйлығын
Осыларды қорлау деген не сұмдық!
Әр топ белсенділігіне қарай бағаланады.
[bws_related_posts]