Қостанай облысы
Таран ауданы
«Таран ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Набережный орта мектебі»КММ
Утеулин Жалгасбек Мухамбетуалиевич
Өздік есімдік
Сабақтың мақсаты:(Оқушыларды сабақтың мақсаты және міндеттерімен таныстыру)
Білімділік: Оқушыларға есімдік туралы, соның ішінде өздік есімдігінің түрленуі туралы теориялық білім беру. Өздік есімдігін есімдіктің басқа түрлерінен ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың сауатты жазуын, сөйлеу мәдениетін дамыту, грамматикалық ұғымдарды меңгеру дағдысын қалыптастыру, ой-өрісін, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты меңгеру.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сабақты түсіндіру, жеке жұмыс, топтық жұмыс, сын-тұрғысынан ойлау технологиясының стратегиялары.
Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті.
Көрнекіліктер: оқулық, семантикалық карта. Топқа үлестірмелі қағаз
Сабақтың эпиграфы: «Өзіңе сен өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап»
(А.Құнанбаев)
Сабақтың ережесі:
1.Зер салып, мұқият тыңдау;
- Ойын ашық, анық айта білуге баулу;
3.Өзгенің ойын бағалау;
4.Сабаққа белсенді қатысу;
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
- Оқушыларға бір-біріне жақсы тілектер айтқызу;
- Сыныпты екі топқа бөлу;
Психологиялық ахуал: Оқушылармен танысу
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
«Қызығушылықты ояту»кезеңі Екі топқа да есімдіктер жайлы сұрақтар қою.
- Есімдіктер дегеніміз не?
- Есімдіктің неше түрі бар?
- Жіктеу есімдігінің түрленуі
- Сілтеу есімдігінің түрленуі
- Сұрау есімдігінің түрленуі дегеніміз не?
- Есімдіктерге мысалдар келтіріп, талдау жасаңыздар.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мұғалімнің сөзі: Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы:” Өздік есімдігінің түрленуі”.
«Миға шабуыл» стратегиясын пайдалана отырып, оқушыларға сұрақ тасталады.Өздік есімдігі туралы не білесіңдер?
Өздік есімдігіне бір ғана өз сөзі жатады. Өз есімдігі түбір күйінде ешқашан қолданылмайды. Бұл есімдік тек жекеше , көпше түрде әуелі тәуелденіп, содан соң септеліп, жіктеліп барып қолданылады. Мысалы:өзім,өзің,өзіңіз,өзі,өзіміз өздерің
Өздік есімдігінің жіктелу үлгісі:
Жақ | Өзім | өзің | өзі | өзіміз |
I | Өзім-мін | Өзің-мін | Өзі-мін | Өзіміз-біз |
II | Өзім-сің | Өзің-сің | Өзі-сің | Өзіміз-сіңдер |
Өзіміз-сіз | Өзіңіз-сіз | Өзі-сіз | Өзіміз-сіздер | |
III | Өзім | Өзің | Өзі | Өздер-іміз |
Өздік есімдігінің септелу (тәуелді септеу) үлгісі:
Септік
тер |
өзім | өзің | өзіңіз | өзі |
А.с | өзім | өзің | өзіңіз | өзі |
І.с | өзім-нің | өзіңнің | өзіңіздің | өзінің |
Б.с | өзім-е | өзіме | өзіңізге | өзігн |
Т.с | өзім-ді | өзіңді | өзіңізді | өзін |
Ж.с | өзім-де | өзіңде | өзіңізде | өзінде |
Ш.с | өзім-нен | өзіңнен | өзіңізден | өзінен |
К.с | өзім-мен | өзіңмен | өзіңізбен | өзімен |
Өз есімдігі қосарланыпта жұмсалады. Сонымен бірге өз есімдігі өзі орнына жүретін жіктеу есімдігімен және зат есіммен де тіркесіп келіп, бір сөйлем мүшесі болады. Мысалы: Мен өзім айттым.
Ал енді балалар Өзіміздің білгенімізді ортаға салып, өзгелермен бөлісіп, өз білімдерімізді шыңдап, өзгелерді таңдандырайық!
Тапсырмаларды орындау сәті!
Өзімізді ширатып, жаттығайық кәнекей!
Білгеніңді қолданар,тапсырмалар мінекей!
1-топ- Алғырлар
2-топ. – Зеректер
Топ ішінен көшбасшысы мен бағалаушыны өздерің тағайындайсыңдар.
Тапсырма №1
1 топқа Өлең жолдарындағы түсіп қалған сөздерді табыңыздар
Өзім – тәңіріме табынам …………
Сөзім – құран, бағынам ………….
Бұзушы да, түзуші де ……………….
Енді ескілік келдің өлер ……………….
Керекті сөздер: кезіңе, сөзіме, өзіммін, өзіме.
Тапсырма №1
2 топқа Өлең жолдарындағы түсіп қалған сөздерді табыңыздар
Ана тілің арың ………
Ұятың боп тұр ……..
Өзге тілдің бәрін ……….
Өз тіліңді ……………….
Керекті сөздер: біл, құрметте, бетте, бұл.
Тапсырма №2
1 топқа Семантикалық карта
“+” белгісін тиісті жеріне қояйық!
Өздік есімдіктері | Тәуелденіп тұр | Жіктеліп тұр | Септеліп тұр | Көптеліп тұр |
Өзің | ||||
Өздері | ||||
Өздеріңсің | ||||
Өзім |
Тапсырма №3
1 топқа Өздік есімдігін қатыстырып сөйлем құраңыздар, өздік есімдігінің түрленуіне түсініктеме беріңдер
Тапсырма №4
Ән патшалығы
Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы , — деп Абай атамыз айтпақшы ал енді балалар өздік есімдіктерін қатыстырып, бір шумақ өлең шығарып көрейік.
Мысалы: Өзіңе-өзің жүк артып,
Өмір деген тер төгу.
Бір нәрсеге құмартып,
Бір нәрседен жиіркену.
Әр топ өздерінің шығарған өлеңдерін оқып айтып береді.
Тапсырма №5
Өнерлі шәкірттерім! Ал енді мақал- мәтел айтып жарысып көрелік.
Оқушылар мақал-мателдер жаттап келуі керек.
Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол.
Өзгеден мін іздегенше, өзіңді түзе!
Өзім деген де өгіздей қара күшім бар.
Әркімнің өзі шығар биігі бар.
Өз қадірің – өз байлығың!
Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің.
Өзіңді өзің сыйламасаң, өзгеден сый күтпе.
Тапсырма №6 Постермен жұмыс
Мен өз елімнің — патриотымын тақырыбында суретті сөйлету. Салған суреттеріңізді өздік есімдіктерді қатыстыра отырып сөйлетулеріңіз керек.
Тапсырма №7 кітаппен жұмыс. 88-жаттығу
Ауызша орындау
Тапсырма №8
Сабақты бекіту
Тест тапсырмалары
- Өздік есімдігін белгілеңіз
А) Кім
В) Бұл
С) Сол
Д) Өз
- Көптелген өздік есімдігін белгілеңіз
А) Өздерің
В) Өзге
С) Өзім
Д) Өзімдікі
- Өздік есімдігінің жіктелген түрін анықта?
А) өзіме
В) өзінің
С) өзім
Д) өз
- Өзіммін, өзіңсің есімдіктері қалай түрленіп тұр?
А) Түрленбеген
В) Көптелген
С) Жіктелген
Д) Септелген
- Септелген өздік есімдігін белгілеңіз
А) Өзі
В) Өзімнің
С) Өзге
Д) Өзің
Қорытындылау Оқушылар сабақты түсінгенін бағдаршам белгісіне стикер арқылы көрсетеді.(жапсыру қызыл түс — түсіндім, сары түс — толық түсінбедім, жасыл түс — мүлдем түсінбедім.)
Бағалау:
Үй тапсырмасы: «Өз ертегім» тақырыбында шағын эссе жазып келіңіздер.
Бағалау парағы
р/н | Аты-жөні | №1 | №2 | №3 | №4 | №5 | №6 | №7 | №8 | балл | баға | Мұғ. бағасы |
1 | ||||||||||||
2 | ||||||||||||
3 | ||||||||||||
4 | ||||||||||||
5 | ||||||||||||
6 |
35 – 30 – «5»
29 — 26 — «4»
25-20 — «3»
[bws_related_posts]