ОҚО, Кентау қаласы, Б. Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің директоры Гүлдариға Жаппарқұлқызы Жұмагельдиева
Математика пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарды көбейту
Сабақтың мақсаты:
- Рационал сандарды көбейтіп, көбейтіндіні табуды үйрету
- Оқушылардың ой — өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру
- Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру сабағы
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, бағалау парағы,
үлестірмелі карточкалар
Пәнаралық байланысы: тарих, қазақ тілі, музыка
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақтың мақсатын айту, «Өзін-өзі бағалау парағын» тарату, оқушылар 4 топқа бөлінеді.
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Үлестірмелі карточка арқылы тапсырмалар тарқатылады, есептерді дұрыс орындалатын болса, белгілі математик ғалымдардың есімі шығады. Оны тақтаға оқушылар іліп отырады.
1.-12-(-24)=
2. 100-(-32-64)=
3. 54+12-(-8)=
4. 56-64=
- 123-(65-26) =
84 | 196 | 74 | -12 | 12 |
Даев | Қар | Жұма | Діл
|
Ас |
6.-3,2+(-6,8)=
7.6+(-48)=
8.-6,8-(-0,2)=
9.783+(-783)=0
10.-1000-(-910)=
-6.6 | -42 | -10 | -90 | 0 |
Бай | Тар | Мұх | Баев
|
Өтел |
- -1200-(-980)=
- 879+(759)=
- -6,3-(-0,3)=
- 69+(-687)=
- -3,6+(-806)=
1638 | -220 | -618 | -6 | -809.6 |
Аак | Ис | То | Нью | Н |
- -1300-(-695)=
- 856+(-536)=
- -7,8-(-51)=
- 893+(-658)=
- -9,6+(-456)=
-465,6 | 43,2 | 235 | 320 | -605 |
Рт | Де | Ка | Не | Ре |
ІІІ Жаңа сабақ
Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту
(-)∙(+)=(-), (+)∙(-)=(-)
Мысал: (-4)∙3=-12 -0,35∙6=-2,1 2/3∙(-3/5)=-2/5
Таңбалары бірдей екі санды көбейту
(-)∙(-)=(+), (+)∙(+)=(+)
Мысал: (-0,2)∙(-1,5)=0,3 (-3/8)∙(-4/15)=1/10=0,1
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады:
(-8)∙(-3)∙(-2)∙(-0,5)=24
Көбейткіштер саны екіден көп болған жағдайда теріс көбейткііштер саны тақ болса, көбейтінді теріс сан болады:
-2∙(-3)∙(-7)=-42
а∙0=0, а-рационал сан
ІVБекіту. Оқулықпен жұмыс
№522 ауызша
№523
І топ (1,2,3) ІІ топ (4,5,6) ІІІ топ(7,8,9) ІV топ(10,11,12)
-15∙(-6) =90 -27∙0 =0 11∙(-0,5) =-5,5 -0,3∙(-40) =12
2∙(-35) =-70 -24∙(-9) =-216 -2,8∙(-4) =11,2 -99∙0,1 =-9,9
-12∙(-7) =84 -0,8∙6 =-4,8 -100∙0,81 =-81 -100∙(-1) =100
Тақтаға әр топтан бір оқушы шығады, есепті тақтадан өздері тексереді
IX Графикалық диктантпен сабақты қорытындылау Иә «-», жоқ «^»
+ .Қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең
– .0 саны натурал сандар жиынына тиісті
+. Екі теріс санның қосындысы — теріс сан
+. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі- теріс сан
-. Кез келген теріс сан нөлден үлкен
+. Оң санның модулі сол санның өзіне тең
+. Теріс көбейткіштер саны жұп болса, көбейтінді оң сан болады
-. Теріс санның модулі сол санның өзіне тең
+. Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі оң сан
-. Кез келген теріс сан оң саннан үлкен
Қосымша (қызықты ақпарат)
VIІ ғасырда өмір сүрген үнді математигі Брахмагупта оң сандарды «мүлік», теріс сандарды «қарыз» түсінігімен байланыстырған. Теріс сандарды қосу және азайту ережелерін былай айтқан: «екі мүліктің қосындысы мүлік», «екі қарыздың қосындысы қарыз».
Сергіту сәті: Жұмыр қылыш күйіне би (оқушылар бойына ұлттық дәстүрлі күйімізді сіңіру)
Х Үйге тапсырма беру
1. №588; 592 №575; 584 №570; 579
2. Ережелерді қайталаймыз п. 3.4
Сабақты елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен қорытындылау
«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп білім алып, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екендігін ұмытпа»
ХІ Оқушылардың білімін бағалау
Кері байланыс
«Мәңгілік Ел» ағашына Теуелсіздігіміздің 25 жылдығы мерекесіне орай өз тілектерін жазу
Сау болыңыздар!
[bws_related_posts]