Басы » Tәрбие сағаттары » Біздің отбасы –есірткіден алыс!

Біздің отбасы –есірткіден алыс!

Біздің отбасы –есірткіден алыс!

 

         Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің

  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің  мұғалімі

 Разақова Майра Дінисламқызы

 

Отбасы – біздің басты Отанымыз, жылы ұямыз болып табылады. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің, — деп  атам қазақ бекер айтпаса керек. Отбасы түсінігі жайлы біраз ұғым санамда орын алып, жүрегімнің төрінде де орын алған. Өзім берекелі отбасылар қатарына жататын қазақтың қарапайым шаңырағынанмын. Мен өзімді өмірдегі ең бақытты жан санаймын. Себебі, менің берік те ұйымшыл отбасым бар. Ал, отбасында бірлік жоқ адамдар, өздеріне қолдау іздеп жүріп, жаман жолға түседі.

Ғасырымыздың үш аждаһасымен сырласып, есірткіге  әуес болады.  Есірткі…  Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз  еткен  улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда  есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін  жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілер де, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің  адам  денсаулығына  тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі.                                                                                                   Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде                           «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны  береді.
Жалпы айтқанда, есірткі  заттары  деп жансыздандыру ерекшелігіне  ие  болатын заттарды айтамыз. Өйткені бұлардың құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар да бар.

Адамның әрекеттерінде, ой – сезімдерінде өзгерістер тудыратын табиғи және синтетикалық заттарды есірткі деп  атаймыз.  Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер  шалдығады.   Нашақор  қаражатты  ұрлықпен  табуды  көздейді, ал  ұрлық жазасыз  болмайды. Бара-бара  жасөспірімдер нашақорға,есірткінің  құлына айналады.

Онымен айналысқаннан кейін бұзақылық жасау,қорлық көрсету т.б жасауға итермелейді. Адам денесі қалжырап, көзі бұлдырап, өмірге не үшін келгені не үшін жүргені беймәлім болады. Есірткіге үйрену өте тез,оны тұтынған сайын көбірек мөлшер керек болады. Есірткі алдымен адамдарды өзіне қызықтырып,адам ағзасын шірітіп есін жоғалтады.  Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын халге душар болады.Себебі оны бір рет қабылдаған соң оны тағы да қабылдау қажет болады.Бір шырмалаған жанның онан құтылуы оңайға соқпайды.Сондықтан да есірткінің алдауына түсіп қалмаған жөн.   Ал, осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып  қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал, одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың.                    Ал, осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсың?  Ондай достың оларға керегі не?  Яғни осының бәрі бір – ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айрыласың. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине ең алдымен өзіңе — өзің берік бол. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек?   Әрине, жоқ.                                                                         Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Бұл «жұқпалы ауруға» Қазақстан да шалдыққан. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептері бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жәйлі ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.    Ал есірткінің қармағына бір іліккен адам, одан оңай құтылып кете алмайды.

Адам денсаулығына зиянын тигізетін жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Енді оларға не жататынына тоқтала кетейік: Олар – темекі тарту, спирттік ішімдіктерге, есірткілік заттарға салыну. Арақтың орнына қымыз бен қымыран  іш, темекі тартудың орнына таза ауада көбірек жүр. Жастарға есірткіні пайдаланба, көңіл көтеретін мәдени көпшілік орындарына баруды әдетке айналдыр дер едім. Еңбек адамды тәрбиелейді. Сондықтан жұмыс істеуден қашпаған жөн. Жалқаулыққа салынудың соңы жақсылыққа апармайды. Имандылық жолына түсіп, жылына бір келетін оразаны тұтып, оның тәртібін сақтағаныңыз дұрыс. Дүниеде бұған тең келетін ештеңе жоқ.
Біз табиғаттың, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуіміз керек. Өзіңізді қандай көрсеңіз, өзгелерді де солай көріңіз. Адамдар бір-бірімен дос, бауырлас, сыйлас, рақымды, мейірімді болса, нұр үстіне нұр жауады. Әрқашан жаман ойдан аулақ болыңыз. Адам өзін өзгеден кем сезінуі, денсаулығының нашар екендігін ойлап қамығуы, көз алдына өлім қорқынышын елестетуі ойды бұзады.
Егер, таңертең гимнастика жасаса, ұйықтар алдында серуен құрып жүрсе, тамақтану тәртібін қатаң сақтаса, зиянды дағдылардан адам емін-еркін құтылып кетеді. Ағза тазарады. Қан құрамы өзгереді. Адамның көңіл-күйі көтеріле түседі. Құрбы — құрдастар, егемен еліміздің болашағы біздер. Қоғамда болып жатқан жаман әдеттерге кінәлі — адамдардың өзі. Осындай жат, жаман әдеттерден бойымызды аулақ ұстап, төзімділік, табандылық танытып, адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстай білуіміз керек. Ал ,екіншіден салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл. Достарыңмен бірге спортпен айналыс. Ойна, күл, уақытыңда көңілді өткіз. Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қара. Ал осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Барлық адам спортпен айналысып, жаман әдеттерден арылса, онда бұл өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар еді.           Салауатты өмір сүремін десеңіз ешкім оған қарсы тұра алмайды.  Салауатты өмір салтына денешынықтыру, спорт, дене тәрбиесі, туризм, халықаралық туризм, табиғатқа серуен, таза ауада жүру жатады. Кешкі тамақтан соң, таза ауада бір-екі сағат серуен құрып, ұйықтаудың пайдасы зор. Ұйқы 7-8 сағаттан кем болмауы тиіс. Әр адам жыл сайын бір рет еңбек демалысын тиімді пайдаланғаны жөн. Барлық кезде тамақты жаңадан дайындап ішкен дұрыс. Алланың табиғатты адам үшін жаратқанын және парыз еткенін, тіршілігінде қажетіне дұрыс пайдалануды, денсаулығына зиян келмейтіндей жағдайда болуын қадағалауды салауатты өмір салты деп ұғамыз.

Менің айтарым өмірде жақсылық көп болатынына сен, есірткісіз болашақ ең жақсы болашақ екеніне сен! Болашағымыз  нұрлы, еліміздің ертеңі нұрлы болсын десек, ел болып, халық болып болашағымызды, ұлтымызды, тегімізді жоғалтып алмау үшін нашақорлық, ішімдік, темекіден бойымызды аулақ ұстап, қоғамымыздың бұл түнектен арылуының жолын іздеп, салауатты өмір салтын насихаттайық!

Сөзімді қорытындылай келе: «Отбасы – ошақ қасы, әр адамның ыстық ұясы» дегім келеді.  Менің отбасым – нағыз берік отбасы.

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *