Қостанай қаласы
Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған
мектеп-интернаттың
8 — сынып тәрбиешісі
Тлеуова С. А.
«Ырымдар мен тыйым сөздердің тәрбиедегі орны».
Жұмыр жерді мекендеген барлық халықтардың ғасырлар бойы жинақталып, сұрыпталған ұлағатты, даналық сөздері мен ұлттық әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлер бар. Бұл ұлағатты сөздер өмір шындығы, халықтың тұрмыс-салты мен тіршілігін, ұлттық психологиясын, қоғамдық дамуын дәл де шебер, мәнді бейнелеуімен құнды. Ұлы адамдардың әр түрлі тақырыпта айтқан ой-пікірлеріне, өнегелі сөздеріне ой жүгірте отырып, олардың тамыры салт -дәстүрлер мен тамырлас ырымдар мен тыйымдарда жатқаны күмәнсіз. «Ел болам десең бесігіңді түзе» демекші, ұлағатты ұл мен инабатты қыз тәрбиелеуде ата-бабаларымыз ертегілер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздермен қатар бүгін сөз қозғағалы отырған тыйым сөздер мен ырымдарға да көп көңіл бөлгенін байқау қиын емес.
Бүгінгі таңда тәрбиедегі басты бағыт — әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Сондықтан бабалар даналығы мен аналар қасиеті, тәрбиесі арқылы адам бойына бала кезден сіңіру қажет. Ырымдар мен тыйымдар арқылы бала бойына халықтың ең құнды тәрбиесі –бабалар салтын сақтап, ұлттық негізде тәрбиелеудің қайнар көзі деп айта аламыз. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, шынайы факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты даярлап, оны жинақталған тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Халқымыздың тәрбиелік құралдарының күнделікті қолданылатын үлгі, өнеге түрлерінің бірі — тыйым сөздер. Бұл сөздер есі кірген балаларға жаман әдет, жат пиғыл, орынсыз қылық, теріс мінездерден сақтандырып отырған. Бұл — балалар мен жастарға «жирен жаман әдеттен» дегендей жаман істерден сақтандырып, жақсылыққа еліктеу, бейімдеу мақсатынан шыққан таза халықтық педагогикалық ұғым. Міне, осы арқылы олар адамды теріс мінез, орынсыз қимылдардан сақтандырып отырады. Мәселен, халық ұғымында тізені құшақтау — жалғыз қалудың, үлкеннің жолын кесу — әдепсіздіктің, қолды төбеге қою — ел-жұрттан безінудің, асты төгу — ысыраптың белгісі деп таныған және ондай ерсі істерге қатаң тыйым салған. Ел ішінде тыйым түрлеріне байланысты сөздер көптеп саналады.
Халқымызда «баланы – жастан» деген сөз бар. Бала оңы мен солын танымай жатып-ақ көп нәрсені үйретуге тырысқанымызбен, кейде белгілі бір нәрселерден тыйып жатамыз. Көп жағдайда, мысалы, «жағыңды таянба», «табалдырықты баспа» деп айтуын айтқанмен, балаға оның мән-мағынасын түсіндірместен, «жаман болады» — деп бір ауыз сөзбен шектей саламыз. Онысы дұрыс па? Жалпы, тыйым сөздер қайдан шыққан? Оны зерттеп қарадық па? Міне, осы мәселеге назар аудару қажет, өйткені балаға «болмайды, істеме, жаман болады» дегеннен көрі неге олай істеуге болмайтынын айтар болсақ, есіне сақтап жүрері анық.
Тыйым сөздердің біразы қыз баланың тәрбиесіне тікелей қатысты болса, енді бірі ұл баланың ер мінезді азамат болуына жол ашады. Енді қыз бала мен ер балаларға арналған тыйым сөздер мен ырымдарға жеке тоқатала кетейік.
Қыздар мен келіндерге қатысты айтылған ырымдар мен тыйым сөздерге назар аударатын болсақ, қазақтың қыз бала тәрбиесіне ерекше қарағанын, қызды ренжитпеуге тырысып, барынша әлпештеуге тырысқаны «қыз бала үйіне қонақ» деген ұғыммен астарлас жатқанын байқау қиын емес.
«Қызда қырық қырсық та бар» деген халық сөзін естіп пе едіңіз? Ендеше, қыз қонаққа барған үйінде бойындағы қырсық сол үйде қалады-мыс. «Қызда мұздай суық ызғар да бар». Яғни, қыз қонаққа барғанда, сол шаңырақты есік жағынан орыналса, сол үйді ызғар шалады деген ұғым бар. «Қызда қырық шайтан бар» деген ырыммен қонақ күтуші үй иелері қызды есік жаққа отырғызбайды. Әйтпесе, шайтандар сол үйде қалатын көрінеді.
Қазақ қыз баланы қорламайды. «Қыздың қабағында құт бар. Қыз қабағы күрең тартса – ел жұрт жаманшылыққа шалдығады. Қыздың қабағы күлімдесе – құт қонады деп ырымдап, қыз баланы үйдің бақытына балайды. Қызды жылатқаның қырсығы қырық есекке жүк болады» — деп.
Келін болып түскен жас қызды өз тәрбиесіне баулуда ене, абысындар мектебі де ереше орны алады. Жас келінге: «ата-енеңнің, қайынағаларының төсегіне отырма, олар жатқан жерге жатпа!» деп, оларға үлкен құрметпен қарауға тәрбиелейді. Үлкендер немесе ата-аналар да баласының төсегіне отыруға, жатуға болмайды. Бұл әрине,ежелден келе жатқан неке заңының жекелігін, оның киелі екенін пайымдаудан шыққан ұғым. Осы тәртіп күні бүгінге дейін сақталған жерлер бар.
Жас келіндерге: қазанды есік жаққа қойма, ол құласа: «несібе төгіледі, ырыс кетеді» деп жатады. Қазанды қисайта аспайды, ырыс шашылады деп ырымдайды.
*Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды – қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым болғандықтан.
*Ауылдан атқа мініп аттанғанда артынан ит ере шықса, қуалап зорлықпен кері қайтармайды– өйткені ит иесіне тілеулес, сондықтан итті қуса, берекені қашырады, жолы болмайды деп санайды, сондықтан жолы болар деп, жақсылыққа жориды.
*Үйде отырған қонақты саусақпен санамайды – өйткені қазақта тек мал мен қолға түскен тұтқындарды ғана саусақты шошайтып санайды және адам басы азаяды дегендей ұғым бар.
*Белін таянбайды – себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.
*Жақты таянбайды – қайғы-қасіреттен әбден қажыған адам ғана жағын демеу етіп таянады.
*Бетті басуға болмайды – қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.
*Жер таянып отырмайды – жақынынан айырылған адам ғана жер таянады.
Ер балаларды тәрбиелеуге пайдаланылған кағидалар және ырымдар өз алдына бір төбе. Төменде солардың аз ғана бөлігіне назар салыңыздар:
*Бос ерге мінбе – өйткені құр ерге міну — аты өлгендіктің белгісі.
*Әкесі тірі адам төрге шықпайды, бас ұстамайды – себебі, ер азамат -әр отбасының тірегі. Сол себепті, ол ұстап отырған шаңырақтың төрі де, бас та, бәрі-бәрі тек үй иесінің құзырында болу тиіс. Ал әкесі тірі адам ол отыратын төрге шығып, отағасы кесуі тиіс басты ұстаса, оған қиянат жасалды, жаман ырымға бастағаны деген ұғымды білдіреді екен. Сондықтан да, әкесі жоқ адамдар ғана бұлай істеуге болады.
*Желі, көгенді аттама – себебі, желі — құлын байланатын арқан да, көген – қозы, лақ байлайтын арқан.
*Сабырлы болу ақылды, иманды адамның ісі.
- Жаңа туған сәбиді емізбестен бұрын таза суға малынған қасқырдың жүнімен ауыздандырады. Ерте кезде қасқыр киелі саналған , сондықтан да бұл ырым бала қасқырдан да қайратты да қажырлы болсын деген ниеттен туындаған .
- Кебенек пен қамшыны босағаға іліп қояды, аяқ астына қалдырмайды. Ұл ел қорғайтын ер болсын, ел шетіне жау келсе, бес қаруының бірі дайын тұрсын деген ұғымнан қалса керек.
- Ауылға атпен шауып келуге, үйге жүгіріп кіруге болмайды. Бұл қауіп-қатер төнгенде, ел шетіне жау тигенде, не адам шығынынан хабар келді деген жаман ырымға саналады. Егер сүйінші хабар болса, шауып келуге болады. Бірақ «сүйінші, сүйінші!»,- деп айқайлап келу керек.
- Ер баланың кіндігін ырымдап, «үй күшік болмасын» деп қырдан асырып лақтырып жібереді, ал қыз баланың кіндігін «үйдің құты болсын» деген оймен отбасы, ошақ түбіне көмеді.
- Ер балаларға бас киімін біреуге болмайды, басындағы бағы таяды деген ұғымды білдіреді.
- Ер адам жүрелеп отырмайды, өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді.
Ырымдар
- Үлкен кісілер қонақта болған үйден келініне дәм әкеліп береді. Өйтпесе, дәметкен балалы жас келіншектің төсі ісіп кетеді.
- Ерін сыйлай алмаған ессіз әйел, елін сыйлайды деп дәмеленбе.
- Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.
- Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.
- Тізені құшақтамайды. Бұл «ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.
- Қыздарға аяқ көтеруге болмайды өйткені бұл әдепсіздіке жатады.
- Таңдай қағуға болмайды.
- Адалды араммен араластырма.
- Сынық айнаға қарауға болмайды өйткені жын шайтанды көруін мүмкін.
- Қызға қырық үйден тию қала берсе қара құлдан тию…….
- Сабырлы болу ақылды, иманды адамның ісі.
- Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.
- Адамға қарап қолды шошайту — әдепсіздік белгісі.
- Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.
- Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске салады.
- Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.
- Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру – жаманшылық (өлім-жетім) шақыру белгісі.
- Құран оқығанда күлуге, Құран кітапты жерге тастауға болмайды. Өйткені ол – киелі кітап.
- Аяғын тартпаған жерге барма. Жүрегегің жылыптпағанды жаныңа жуытпа.
- Үйге кірген жыланды өлтірмейді. Басына ақ тамызып, шығарып жібереді. Себебі, кей кездерде періштелер жылан бейнесіне еніп, жер бетін жарлайды екен. Сондықтан жылан кейіпінде келгендердің кейбірі періште болуы да мүмкін деген түсінік бар.
- Сәби шалқасынан алаңсыз ұйықтаса, елге белгілі азамат болып өседі, бүк түсіп ұйықтаса, уайымшыл, жігерсіз болып шығады. Етпетінен жатып ұйықтаса, ойшыл болады. Егер аяқ-қолын еркін созып ұйықтаса — болашақ батыр, кемеңгерліктің белгісі.
- Күн батар алдыңда ұйықтауға болмайды ол жаман ырымға балайды.
- Сүтті тағамды төгуге болмайды бұл ысырап саналады.
Пайдаланған әдебиеттер:
- «Дәстүр» журналы №2 (15) наурыз-сәуір, 2011 ж.,
- «Дәстүр» журналы №5 (24) қыркүйек-казан, 2012ж.,
- «Айқын» газеті,
- «Егемен Қазақстан» газеті.
[bws_related_posts]