Басы » Биология » Жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу

Жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу

ОҚО Ордабасы ауданы Шұбарсу елді мекені
Мұхаметқұл Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Биологя пәні мұғалімі: Полатова Назира Исабековна

Сабақтың тақырыбы: Жүрек қан-тамырлары жүйесінің аурулары және олардың алдын алу.

Сабақтың мақсаттары:

  • Білімділік-жүрек-қан тамырлары ауруларының өмірге қауіпті екендігін түсіндіру. Қан кету түрлерін ажырата білуге үйрету, жүрек-қан тамырлар жүйесі ауруларының анатомиялық физиологиялық түсініктерін қалыптастыру және олардың алдын алуға, үйрету, денсаулықты сақтауда жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуда жүректі жақтықтырудың маңызын көрсету.
  • Дамытушылығы- оқушылардың ойлау қабілетін синтездеу, қорытындылау, нақтылау, дәлелдеу қасиетін дамыту.
  • Тәрбиелілігі: оқушылардың қауіпсіздік техникасын және өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру. Санитарлық –гигиеналық дағдарыс тәрбиелеу. Салауатты өмір сүруге үйрету.Денесін жетілдіруге үйрету.

 Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, кеспе қағаздар, слайдтар,видеобейне.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс беру, түртіп оқыту, кері байланыс,ауысып отыратын топтар.

І Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.
  2. Топқа бөлу.

Оқушыларға жүрекше  тарату арқылы топқа бөлу.  

  1. Топбасшыны белгілеу.

Әр топтың көшбасшысын, орындығына стикер жабыстыру арқылы белгілеу.Топбасшыға бағалау парақтарын тарату.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

1.«Жүректің жұмысы» видеобейне

2.Әр топқа сәйкестендіру тестін тарату.

 

 

 

 

Тест.

1 Үлкен қан айналым шеңбері А Жасушалардан көмірқышқыл ғазы мен қажетсіз өнімдерді жинақтайды
2 Қолқа Ә Қан қысымын өлшейтін аспап
3 Вена тамыры Б Қан ұйымайтын ауру
4 Кіші қан айналым шеңбері В Ең үлкен тамыр
5 Өкпелік шеңбер Г Жүректің жұмысын анықтау
6 Артерия тамыры Д Оң жақ қарыншадан басталып сол жақ жүрекшемен аяқталады
7 ЭКГ Е Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жұрекшеден аяқталады
8 Тонометр Ж Алқызыл түсті қан
9 Гемофилия З Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауру
10 Гипертония И Кіші қан айналым шеңбері

 

1 Гипотония А Артерия қан тамырларының ырғақты тербелісі
2 Тамырдың соғуы Ә Оң жақ қарыншадан басталып сол жақ жүрекшемен аяқталады
3 70-80 рет Б Қан қою қызыл түсті
4 Үлкен қан айналым шеңбері В Қанның қызыл жасушасы
5 Эпикард Г Жасушаларға оттегі мен қажетті заттарды таратады
6 Кіші қан айналым шеңбері Д Қан қысымы төмен ауру
7 Вена тамыры Е 3 топқа бөлінеді
8 Эритроциттер Ж Жүректің минутына соғуы
9 Артерия тамыры З Жүректің сыртқы қабаты
10 Қантамырлары И Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жұрекшеден аяқталады

 

1 Кіші қан айналым шеңбері А Жүректің ішкі қабаты
2 Қанайналым Ә Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жұрекшеден аяқталады
3 Миокард Б Жүректің жұмысын кұшейтеді
4 Эндокард В Қанның тамырлар арқылы қозғалуы
5 Қолқа Г Жүректің етті қабаты
6 Үлкен қан айналым шеңбері Д Оң жақ қарыншадан басталып сол жақ жүрекшемен аяқталады
7 Адреналин Е Жүректің жұмысын баяулатады
8 Ацетилхолин Ж 250-300г, пішіні конус тәрізді
9 Жүрек З Ең ірі тамыр
10 Жақтаулы қақпақшалар И Жүрекше мен қарыншаны байланыстырып отырады

 

1 Тромбоциттер А Қанның ақ жасушалары
2 Тонометр Ә Қан ұйымайтын ауру
3 Үлкен қан айналым шеңбері Б Қан қысымы жоғарылығанда пайда болатын ауру
4 Жүрек циклі В Қанның ішкі қабаты
5 Лейкоциттер Г Оң жақ қарыншадан басталып сол жақ жүрекшемен аяқталады
6 Эндокард Д Жүрекшелердің бір жиырылуынан екінші жиырылуына дейінгі кезеңі
7 Жүрек автоматизмі Е Қан қысымын өлшеуге арналған құрал
8 Кіші қан айналым шеңбері Ж Қанның ұйюына қатысады
9 Гемофилия З Жүректің өзінде пайда болған импульс әсерінен жиырылу қабілеті.
10 Гипертония И Сол жақ қарыншадан басталып, оң жақ жұрекшеден аяқталады

 

ІІІ Жаңа сабақ:

  • Ой шақыру.

Оқушылар жүрек қан –тамыр аурулары  туралы не білетіндерін дәптерге жазады.

 ( жеке жұмыс), (тақтамен жұмыс).

 Жаңа ақпаратты оқу, ойлану, пікірлесу. (жұптық жұмыс)

  • Жаңа сабақты түсіндіру.(слайд,видеобейне)

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі бұзылуы мен зақымднуынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі,жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфартысы, гипотония.

Жүрек ақауы-жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылауы тарылып жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар. Туа пайда болатын жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен пайда болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен , баспа, мерез,т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы  саңылауы толық жаба алмайды.Сондықтан қарынша жиырлғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді.Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқанған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек қан тамыр неврозы-жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ- жалпы невроз .бұл кезде жүректің соғуы бұзылады.клиникалық белгісі: адамның беті қызады, сұрланады, басы ауырады. Екінші тобы- гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай –ақ,  ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады. Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады.

Вена қантамырларының кеңейюі:

Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады.  Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білнеді. Вена қантамырларында қан қысмын жоғарылатады. Аяқ көп қимылдаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.

Қан кету. Қан кетудің 4 түрі бар: капиллярлық,веналық,артериялық және ішке қан кету.

Болмашы ғана жарақаттану кезінде капиллярдан қан кетеді. Капиллярдың қаны баяу ағатындықтан, кеткен қанды тоқтату оңай. Жәрдем көрсеткен кезде жарақатқа йод тұнбасын жағып, оны таза дәкемен таңады. Ол организмді микробтардың енуінен қорғап қанның тез ұюына жағдай жасайды.

Вена тамыры жарақаттанғанда, одан қан кетеді, капиллярға қарағанда вена тамырының қаны тез ағады. Сондықтан тамыр жарақатындағы ұйыған қанды ағып шыққан қан жуып әкетеді. Сөйтіп, аз уақыттың ішінде адам көп қанынан айырылуы мүмкін.вена қан тамырынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.

Артерия қантамырлардан қан кету өте қау»пті , аз уақыттың ішінде көп қан жағалтады. Себебі артерия қантамырларында қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып байлайды. Артерия қантамырларынан аққан қан алқызыл түсті болады.

Ішкі қуыстарға қан кету адам ағзасы үшін өте қауіпті. Бұл кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тынысалу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.

  • Өздерінің білімдерін жаңа ақпаратпен салыстыру.( түртіп оқу)

Білемін –Х, жаңа ақпарат — +, кері ақпарат — , түсініксіз — ?

ІV Сабақты пысықтау:

Топтарды қайта бөлу( сандар арқылы)

  • Негізгі идеяны ашу мақсатында , постер қорғау . (топтық жұмыс)

V №12 Зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Қан тамырлары жарақаттанғанда алғашқы көмек көрсету..

Мақсаты: Қан кету түрлерін ажырата білу және алғашқы көмек көрсету.

Құрал-жабдықтар: йод, спирт,бинт,жгут,таза дәке.

Жұмыс барысы:

Қан кетудің үш түрі ажыратылады: артериялық, веналық және капиллярлық.

Қан кетуде көрсетілген алғашқы көмекті жасап көрсету.Жүрек қан-тамырлары жүйесі ауруларының алдын алу жолдары. Салауатты өмір салтын ұстану:

-денешынықтыру

-зиянды заттардан сақтану

-күн режимін сақтау

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *