Басы » География » Түркия

Түркия

Қостанай облысы
Амангелді ауданы
«А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Кусайнова Карлыгаш Талгатовна
Түркия

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы § 16. Түркия Күні: 17.01.2017                      Сыныбы: 11 (Қ-ГБ) Сабақ реті № 18
Мақсаты Білімділігі: Мемлекеттің құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы мен геосаяси жағдайы, табиғаты және табиғат ресурстары, халқы, шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы түсінікті меңгеру.

Дамытушылығы: топпен жұмыс жасату арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау, сөйлеу қабілеттерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттерін арттыру, дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелігі: жауапкершілікке, ізденімпаздыққа, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже Оқушылар мемлекетінің негізгі қалыптасу кезеңдерін анықтап,экономикалық- географиялық жағдайы,табиғаты және табиғат ресурстары,халқы, шаруашлығы, өнеркәсібі жайлы мәліметтермен танысып оларға сипаттама беруді үйренеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға, сөйлеу, есте сақтау қабілеттері артады, өзара және өзін-өзі бағалауға дағдыланады, өз бетінше және топпен жұмысты үлкен жауапкершілікпен, ізденімпаздықпен жасайды. Қазақстан мен Түркия елі арасындағы қарым-қатынасты білу арқылы Отанға деген сүйіспеншіліктері артады.
Таным деңгейлері Белсенді оқытудағы мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының                  іс-әрекеті Белсенді оқытудағы қолданылатын технологиялар, әдіс-тәсілдер Ресурстар Уақыт
Оқыту кезеңдері
І.Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сабақтың мақсатымен таныстыру, геометриялық фигураларды таңдау арқылы 4 топқа бөлу. Топқа бөлінеді. геометриялық фигуралар геометриялық фигуралар 4 минут
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен сабақта Үндістан мемлекетіне ойша саяхат жасау барысында меңгерген мәліметтерді әр оқушыға сұрақ қою арқылы еске түсіру, яғни тексеру.

1.     Үндістан мемлекетінің жер көлемі қанша? (3млн 288 мың км2)

2.     Ұлттық мейрамы: (26 қаңтар – республика жарияланған күн)

3.     Мемлекеттік құрылымы туралы не білесің? (федерациялық республика, құрамына 25 штат пен 7 одақтық аумақ кіреді. Мемлекет басшысы – президент, заң шығарушы жоғарғы органы – президент және қос палатадан (халық палатасы мен штаттар кеңесі) тұратын парламент. Жоғарғы атқарушы органы – Министрлер кеңесі, оны премьер-министр басқарады).

4.     Тәуелсіздігін алған жыл. (Ұлыбританиядан 1947 жылы 15 тамызда)

5.     Табиғи өсімдік жамылғысы қандай? (акация, пальма, сандал, тик, бамбук, ну орман джунгли таралған, т.б.)

6.     Пайдалы қазбаларға ең бай ауданы (Бихар штаты).

7.     Елдің басты өзендері (Ганг, Үнді, Брахмапутра, Годавари)

8.     Марганецтің қоры жөнінен және хром кенін өндіруден дүниежүзінде нешінші орында? (1, 3)

9.     Қала тұрғындары халықтың қанша пайызын құрайды?(28%)

10.  Өнеркәсіптің ең маңызды салалары (болат құю, мақта-мата, машина жасау, тау-кен өндіру, мұнай өңдеу, фармацевтика, электроника, энергетика, химия өнеркәсібі)

11.  Дүниежүзі саяси картасынан Үндістан мемлекетін көрсету.

12.  Негізгі сауда серіктестері (АҚШ, ТМД елдері, Ұлыбритания, Германия)

13.  Сыртқы экономикалық байланыстары туралы не білесің? (экспорттайтын өнімдер: шай, кофе, балық, тері, тігін бұйымдарын, киім-кешек, асыл тастар, қолдан тоқылған кілемдер, маржан, жартылай асыл тастар, темір, болат, күрдері техника жабдықтарын. Импорттайды: ауыр машина жасау өнімдерін, минералдық отын мен майлар, химия өнеркәсібі өнімдерін, электр-энергетикалық және құрал-жабдықтарын)

14.  Қазақстанмен қарым-қатынасы қандай? (дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылы 23 ақпанынан бастап орнады, т.б.)

15.  Ірі қалалары (Мумбай, Ченнай, Бангалор, Ахмадабад, Хайдарабад, Пуна, Канпур, Нагпур, Джайпур, Лакхнау)

Берілген сұрақтарға жауап береді. Сұрақ-жауап Үлестірмелі карточка 10 минут
ІІІ. Жаңа сабақ. А) Қызығушылықты ояту.

— Түркия елі туралы слайд көрсету. (сергіту сәті, жаңа сабақты ашу)

Түркия мемлекетінің ерекшелігі неде?

Ә) Мағынаны тану.

Кіріспе сөз. (тақырып бойынша қысқаша мағлұмат беру)

Сонымен Түркия мемлекеті жөнінде мәліметтерді меңгеру үшін топпен елге ойша саяхат жасау арқылы берілген тапсырманы орындау.

І топ. Мемлекеттік құрылымы, ЭГЖ-ы және геосаяси жағдайы.

ІІ топ. Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары. Халқы

ІІІ топ. Шаруашылығы (өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, малшаруашылығы, көлік қатынасы )

ІҮ топ.  Сыртқы экономикалық байланыстары. (Қазақстан мен Түркияның байланысы, туризм)

 

Түркия елі туралы слайдты көреді және ерекшелігі туралы

Мәлімет алады,өздігінен оқып қорғау арқылы бір-біріне түсіндіреді, сұрақтар қояды

СТО стратегиялары, ой шақыру,

топпен жұмыс,

иллюстрациялық постер, картамен жұмыс

 

АКТ (компьютер, проектор), дүниежүзінің саяси картасы 5 минут

 

 

 

 

 

15 минут

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту Әр оқушы тақырып бойынша «түйін сөз» айту.

 

Алған білімдерін түйіндейді. түйін сөз,   6 минут
Ү. Қортынды. Түркия мемлекетімен мемлекетаралық кең көлемді қатынас орнату — Қазақстанның халықаралық қатынастар саласындағы басты міндеттерінің бірегейі. Бұл екі мемлекетті жақындастыратын басты фактор — екі халықтың түбі бір туыстығы, өткен тарихының ортақтығы, этнолингвистикалық жақындығы, геосаяси және экономикалық алғышарттарының бірлікті бастаулары. Назар аударып, мұқият тыңдайды.     1 минут
ҮІ.Үйге тапсырма А) Түркия туралы мәліметтерді есте сақтау үшін тақырыпты(§16) қайталап оқу.

Ә) оқулықта 128-ші бетте берілген логикалық тапсырманы орындау.

 

Берілген тапсырманы күнделікке жазады.     1 минут
ҮІІ. Бағалау. А) жиынтық бағалау.    Тақырыбы: § 16. Түркия

Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы

(Үндістан)

Жаңа сабақ Бекіту

«түйін сөз»

Ұпай Бағасы
           

 

Бағалау критерилері

 

Бағалау дескрипторлары
Мен үшін қиын болды:  1 ұпай

Сұраққа жауап беруге қиналдым, бірақ кедергіден өттім: 2 ұпай

Тақырыпты толық меңгердім: 3 ұпай

1-2 ұпай – «2»

3-5 ұпай – «3»

6-7 ұпай – «4»

8-9 ұпай – «5»

 

Ә) (Оқушыларға рефлексиялық бағалауын жазу үшін стикер тарату).

 

Бағалау парағын толтырады.

Оқушылар өз пікірлерін жазады.

Күнделікке баға қойдырады.

А) жиынтық бағалау.

Ә) рефлексиялық бағалау.

Бағалау парағы 3 минут

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *