Басы » Бастауыш сыныптар » Менің қайырымды көмекшілерім. Құлақ

Менің қайырымды көмекшілерім. Құлақ

Пәннің аты

Валеология

Уақыты:

14.02.2017ж

Кабинет:

Даярлық тобы

Мұғалім:

Сыдық Айнұр

Сабақтың атауы Менің қайырымды көмекшілерім. Құлақ
Мақсаты Сабақтың мақсаты:

Сезім мүшелерінің адам ағзасында атқаратын қызметі туралы түсінік беру.

2.«Сезім мүшелері» арқылы заттарды таныта отырып, ой-өрістерін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту.

Сезім мүшелерін күтуге, жеке бас гигиенасын сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың Көрнекілік құралдар:

Сезім мүшелерінің суреттері.

2.  Үнтаспаға жазылған әуендер, бейне ролик, суреттер, жұмбақтар.

Күтілетін нәтиже
І.Ұйымдастыру кезеңі: Топ тәрбиеленушілерді  3-қатарға бөліп отырғызу.

Сәттілік тілеу: – Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен сендермен жүздескеніме қуаныштымын.

Бүгінгі сабағымыз ерекше. Өйткені біз сендермен өзіміздің сезім мүшелеріміз туралы қызықты мәліметтер  аламыз.

Психологиялық ахуал Балалар – гүлім менің,

Балалар – күнім менің.

Балалар нұр сыйлайтын,

Бүгінгі күнім менің, – дей отырып балалар, сендерді өзіме қуат алар шуақты күнге теңеймін.

  Кеудемізде күн күлсін,

Бізге шуақ нұр құйсын.

Мейірімді жан өзіңмен,

Көңілім жайнап құлпырсын!

Олай болса жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастайық.

III.Өткенді қайталау: -Балалар біз өткен сабақта дене мүшелерінің қандай бөліктерімен таныстық?

-Қаңқаны не жауып тұрады?

-Ал бұлшықетті не жауып тұрады?

Қаңқа, буын, бұлшықет және тері
Қызығушылықты ояту Мұғалім: Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажайып  қабілеттер бізге 5сезім мүшесі арқылы беріледі.

— Олай болса, сезім мүшелерінің қызметімен танысайық.

V.Тақтамен жұмыс. (Тақтада сезім мүшелерінің суреттерін жеке-жеке шығара отырып, түсіндіру).

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.
Мағынаны тану

Мұғалім: Балалар, әр сезім мүшесіне байланысты жұмбақ жасырамын.

Сол жұмбақтың жауабы бойынша жеке-жеке мағлұмат аламыз.

Көреді бәрін өзгенің, көре алмайды өздерін? (Көз). (Суреті көрсетіледі).

— Көз не үшін керек? Көз адамның негізгі мүшесі.

« Көз – адамның айнасы». Көзді шаршаудан және зақымданудан сақтау керек.

Қазір теледидар, компьютер және басқада электронды құрылғылар көп қолданылу үстінде. Олармен жұмыс істеу үшін гигиена ережелерін сақтау қажет. Ең алдымен дұрыс отыра білу керек. Қол мен  білек үстелде еркін жатуы тиіс. Дене шамалы алға еңкейеді. Компьютердің экраны көзден 50-55 см. қашықтықта болғаны дұрыс. Теледидарды көп көруге болмайды.

Есіңе сақта!-Жатып оқыма; көлікте және қараңғы жерде кітап оқуға болмайды. (Суреттерін көрсету)

Келесі жұмбақ:

Екі шырақтың ортасында бір өзім. (Мұрын).

(Суретін шығару).

Сарамандық жұмыс: (иіс су) шашырату, иісін сездіру.

(Суретін шығару). Мұрын – иіс сезу мүшесі. Адам әр түрлі иісті мұрынымен сезіп,  ажыратады. Сонымен қатар мұрын «тыныс алу» қызметін атқарады. Мұрындарын қолмен  басып, демалдыру, бірнеше минуттан соң дем тарылатынын байқату.

 Келесі жұмбақ:

Дәм сезетін жүйрік,

Денесі жұмсақ сүйрік. (Тіл). (Суретін шығару).

-Тіл туралы не білеміз? Нені сеземіз?

Тіл – сөйлеу мүшесі. Ғалымдардың айтуы бойынша тіл ұшы – тәттіге жауап береді екен. Ал тіл шеттері қышқыл мен ащыны жақсы ажырататын көрнеді.

Тіл арқылы адамдар бір-бірімен сөйлеседі.

Дәмді тілмен сезеді. Тіл – дәм сезу мүшесі. Балалар, сезім мүшелері күтімді қажет етеді.

(Шеге, қалам, қайшы, пышақ, ине) суреттер көрсетіледі. Құлақты  үшкір заттармен тазалауға болмайды. Тісті, тілді, құлақты таза ұстау керек.

 Келесі жұмбақ:

Күмбір-күмбір қарағым,

Қартайғанша жарадың. (Құлақ).

– Бір таудың екі жағынан
Екі қалқан жабысқан.
Жақын барсаң маңына,
Сезе қояр дыбыстан. (құлақ)
Жаңа сабақ

-Бұл қандай мүше? Есту мүшесі. (Музыка қою).

Көрмей-ақ, жануарларды бір-бірінен қалай ажыратып, анықтауға болады? Дауыстаған дыбыстарын есту арқылы.

Құлақтың құрылысымен таныстыру. Құлақ — есту мүшесі. Құстардың сайрауын, ағаш жапырақтарының сыбдырын, жануарлар мен жәндіктердің сан түрлі дауыстарын, әсем сазды әуендерді, желдің уілін, теңіздің шуылын, достарыңның жарқын күлкісін, анамыздың әдемі үнін естуімізге көмектесетін — құлақ. Есіңе сақта:

а) Құлақты аса қатты дыбыстан, шудан қорғау;

ә) Желден қорғау;

б) Су кіргізіп алмау. Дұрыс тазалау. (Суреттерін ) көрсету.

Бейнеролик көрсету

Жұптық жұмыс

 

«Кім кіммен сөйлесіп тұр?». Телефонмен сөйлесіп тұрған балалардың қайсысымен сөйлесіп тұрғанын тауып, сызықпен көрсет. Балалар суреттерді сәйкестендіреді.

 

 

Жеке жұмыс Суреттерді сәйкестендіру.

Мұғалім: Балалар, мен сендерге суреттер беремін. Сол суреттерге қарап әр сезім мүшелерінің  сәйкестігін табасыңдар. «Суретте не жетпейді?». Мұрынға гүл, көзге көзілдірік, құлаққа -?
(домбыра үні).
Құлақты күту ережелері:
Аязда жылы бас киім кию керек.
Үшкір затпен шұқуға болмайды.
Жуып, таза ұстау керек.
Қатты шудан сақтан!
Ойын: «Телефон»

Әр бала жеке-жеке жауап береді.
Топпен жұмыс Әр топ берілген қағаздарды құрастырып, бір сурет шығарады және іңгімелеп береді.  
Сергіту сәті Ұзын құлақ сұр қоян Ой сергітеді,шаршағандары

Басылады

Ой толғаныс Не жалғыз? Көз екеу, қол екеу, екі аяқ, екі құлақ, не жалғыз? (Мұрын, тіл).

 

 

Бағалау Әр сабаққа қатысып отырған оқушыға жұлдызшалар мен смайликтер таратып беру.

— Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

— Сендерді не қызықтырды?

Кері байланыс Сұрақ-жауап. (Суреттері шығып тұрады).

Мұғалім:

-Екі қолың не үшін қажет?

-Екі көзің не үшін қажет?

-Екі құлағың не үшін қажет?

-Екі аяғың не үшін қажет?

-Ендеше балалар әр нәрсені сезу үшін нелер көмектеседі екен? (Сезім мүшелері).

Елге көмек беру үшін.

Жақсыларды көру үшін.

Ақыл кеңес тыңдау үшін.

Сабаққа кешікпей, уақытында келу үшін.

 

Тексерілді:________________________

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *