Басы » Кембридж бағдарламасы » Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы

«Спортта дарынды балаларға арналған ШҚО мектеп-интернаты» КММ

Математика пән мұғалімі  Кайракбаева Гулжанат Капбасовна

Сабақ Сынып: 9
Сілтеме: Күнтізбелік жоспар,  жалпы орта білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған алгебра оқулығы
Тақырыбы: Арифметикалық прогрессия. Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесінің формуласы.

 

Жалпы мақсаты: Оқушылардың өткен  тақырып бойынша алған білімдерін тереңдету, жүйелеу, теориялық алған білімдерін, практика жүзінде ұштастыра білуін қамтамасыз ету. Логикалық ойлау қабілеттерін, білім, білік дағдыларын дамыта отырып, өз беттерімен жұмыс істеуге қалыптастыру, математикаға деген қызығушылығын арттыру

 

Әдіс –тәсілдері: Топтық жұмыс, бағалау критерийлері бойынша оқушылар білімдерін бағалау, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ модулі, Блум таксономиясы, сәйкестендіру

 

Оқыту нәтижелері: Сан тізбегін біледі, тізбектің кез келген мүшесін анықтай алады.  Арифметикалық прогрессияның n-ші мүшесін таба алады.  Өз пікірін ортада  айта алады,  бір-бірімен кеңеседі, мұғаліммен кері байланыс жасай біледі.
Көрнекілігі: Оқулық, түрлі-түсті қағаздар, тапсырмалық суреттер, бағалау парағы, интерактивті  тақта.

 

Сабақтың барысы: Мұғалімнің іс-әрекеті

 

Оқушының іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:

 

Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа әзірлігін бақылау, геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу . Оқушылардың топқа бөлінуін қадағалайды, оқушылар топқа бөлініп отырғаннан кейін, топтың ережесін анықтап алу тапсырмасы беріледі, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. Сабаққа әзірлік, топқа бөлініп отырғаннан кейін, топтың ережесін қайталап, еске түсіріп  алады.
Кіріспе бөлім:

 

«Алғашқы қадам» үй тапсырмасы тексеріледі. Бағалау критерилері көрсетілген бағалау  парағы әр топқа таратады, түсіндірме жасайды Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді.
Білу

 

«Ойлы болсаң , озып көр»

«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.

1.    Сан тізбегі дегеніміз не?

2.    Өспелі, кемімелі тізбек

3.    Фиббоначчи сандары

3.   Қандай сан тізбегін ариф. прог деп атайды?

4.  Ариф. прогрессияның айырымы қандай әріппен белгіленеді?

5. Ариф. прогрессияның n-ші мүшесінің формуласын жазыңдар?

«Миға шабуыл» әдісі арқылы қойылған  сұрақтарға жауап береді.

Топ басшылары бағалау парағы бойынша балдарын жинақтайды

Түсіну «Біліктілік сайысы»  әр топқа ауызша  тапсырмалар беріледі.

І. (аn) тізбегі төмендегі формуламен берілген:  аn= 2n — 3.

а2 , a15  мүшелерін табыңдар

ІІ. (сn) тізбегінің алғашқы төрт мүшесін табыңдар, егер:

с1 = 4

сn+1 = cn +3

ІІІ. (хn) тізбегі мына формуламен берілген:          хn= 4n + 1.

х3 , х6     мүшелерін табыңдар

Берілген  тапсырмаларға жауап береді.
Қолдану «Білімің – ұшар қанатың»  деңгейлік тапсырмалар

А-деңгейі

а1= -100; а= -70 болатын арифметикалық прогрессияның а3 және а8 мүшесін табыңдар
В-деңгейі
3; 2; …. арифметикалық прогрессияның нешінші мүшесі -100 ге тең болады.
С- деңгейі
Арифметикалық прогрессияның а1012 =8; а13 =11, d айырымын табыңдар

Деңгейлік тапсырмалар орындап, тақтада шешуін көрсетеді.
Сергіту сәті

 

Сөзжұмбақ

2. Тақ цифрлармен аяқталатын сандар
3. Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік
4. Бөлгіштерінің саны екіден көп сандар
5. 1-ге және өзіне бөлінетін сандар
6. Шеңбердің бойындағы кез-келген нүктені центрмен қосатын кесінді
7.   а/в бөлшегінің а  …

  Тақтада қосылған сөзжұмбақты шешеді.
Талдау Формула бойынша сәйкестендіру тесті интерактивті тақтада

беріледі.

Тапсырманы тез, мұқият, ұйымшылдықпен орындайды.
Жинақтау

 

 

Әр топқа жекелей vipтест тапсырмалары ноутбукта орындауға беріледі

І топқа берілетін тапсырма
1) (аn)-арифметикалық прогрессия
а1= -3 және d =11, а11 мүшесін есептеңдер
а)100; ә)107; в)103; с)105
2) (аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия
а11 = 60, а3= 20 болғандағы d мен а1 ді есептеңдер
а) 5; 10; ә) 5; 5; в) 5; -10; с) -5; 10
3)Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар
а15 = 219, d = 14
а) -23; ә) 24; в) 23; с) -24
4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар
0,2; 1;
а) 6,6; ә) 5; в) 5,6; с) 6
5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең
а4 = 3; а6= 7
а) 5; ә) 6; в) 4; с) 5,5
ІІ топқа берілетін тапсырма
1) (аn)-арифметикалық прогрессия
а1= 0,8 және d =-0,2 ; а11 мүшесін табыңдар
а) 1,2; ә) -1,2; в)1,3; с) 1,5
2) (аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия
а3 = -17; а4= 10,5 болғандағы d мен а1 ді табыңдар
а) 6,5; 4; ә) -27,5;72; в) 27,5; -72; с) -6,5;-4
3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар
а92=989 ; d = -100
а) 10089; ә) -10089; в) -1089; с) 1089
4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар
1; -1; …
а) 15; ә) -15; в) 10; с) -10
5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең?
а8= 9 және а9= 12
а)-5; ә) -6; в) 5; с) 6
ІІІ топқа берілетін тапсырма
1) (аn)-арифметикалық прогрессия
а1= 11 және d = 7 ; амүшесін табыңдар
а) 27; ә) 39; в) 35; с) 28;
2) (аn)- тізбегі арифметикалық прогрессия
а6= 23; а7= 18 болғандағы d мен а1 –ді табыңдар
а) -5; -48; ә),5; 25; в) -5; 12; с) -5; 38
3) Арифметикалық прогрессияның а1 мүшесін табыңдар
а20=20; d= 0,5
а) 1,5; ә) -1,5; в) 10,5; с) -10,5
4) Арифметикалық прогрессияның а9 мүшесін табыңдар
-23; -19; …
а) 9; ә) 4; в) -9; с) -4;
5) Арифметикалық прогрессияның қасиетін пайдаланып қай мүшесін табуға болады және нешеге тең?
а4= -2 және а6= 8
а) 6; ә) 3; в) 5; с) -5

Әр топ ноутбукта берілген тест тапсырмасын орындайды.
Қорытынды рефлексия Кері байланыс орнату.

Бүгінгі алған білімдеріңіз толықты ма? Өздеріңізге не алдыңыздар?

Парақша толықтыру.

Білдім.   Білгім келеді.    Үйренемін.

Бағалау

 

 

 

 

 Сабақ барысындағы әрекет нәтижелері бойынша топ жетекшісі  бағалайды.

 

 

Ой қорытып, сабақ барысындағы туындаған қиындықтарға тоқталып, міндет алады. Қорытындысын топ басшылары шығарады.

 

Үйге тапсырма Үй тапсырмасы тақтада көрсетіледі, тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді Үй тапсырмасын  күнделікке жазады

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *