Құрастырған:
Алматы облысы, Ескелді ауданы,
«Мектепке дейінгі шағын орталықты Қаратал орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
ТҰРСЫНҚҰЛОВА СӘУЛЕ ЛЕСҚЫЗЫ
Тест сұрақтары
8 – сынып
- «Әдебиет» сөзі қай тілден енген?
А. Араб тілі В. Қырғыз тілі. С. Башқұрт тілі
- VI-IX ғғ көне түркі әдеби ескерткіштері қайсы?
А. «Түркіше Гүлстан» В. «Диуани хикмет» С. «Қорқыт ата кітабы»
3. Қарахан мемлекеті қай ғасырда пайда болды?
А. Х ғасырдың орта кезінде В. ХІ ғасырдың басында С. ІХ ғасырдың аяғында
4. «Түркі сөздерінің жинағы» кітабының араб тіліндегі атауы
А. «Диуани хикмет» В. «Қисса-сул-әнбия» С. «Диуани лұғат-ат –түрік
5. Тұран мен Иран елдері арасында болған шайқастарда жеңістерге жеткен батыр
А. Исатай батыр В. Алып Ер Тоңа С. Сұраншы батыр
6. Адам қайтыс болғанда айтылатын жыр
А. Сыңсу В. Бесік жыры С.Жоқтау
7. Орхон жәдігерліктері қай ғасырда табылған ?
А. ХVIII ғ В. ХІІ ғ С. Х ғ
8. Түркі халқын кім басқарған?
А. Патша В. Бай С. Қаған
9. VI- ІХ ғасыр әдебиетінің аңыз – әңгіме кейіпкері
А. Махмұд Қашқари В.Қорқыт Ата С. Махамбет Өтемісұлы
10. «Оғыз» сөзінің мағынасы
А. Бір анадан сүт емген В. Бір анадан туған С. Бір атаның ұрпақтары
11. «Шығыстың Аристотелі» атанған есімі әлемге әйгілі философ
А. Сайф Сараий В. Әбілхасым Рудаки С.Әбу Насыр әл-фараби
12. Арыстан бабты рухани ұстазы еткен Ислам дінін уағыздаушы
А. Қожа Ахмет Йасауи В. Махмұд Қашқари С.Жүсіп Баласағұн
13. Қазақ жерінің дөңгелек картасын сызған кім?
А. Сүлеймен Бақырғани В. В.Радлов С. Махмұд Қашқари
14. Табиғаттың,жаратылыстың пайда болуы,әулие-әнбиелер,пайғамбарлар туралы, діни қайраткерлер жайында қай кітапта жазылды?
А. «Махаббатнаме» В. «Жаратылыстану» С. «Қисса-сул-әнбия»
15. Бір сұлтанның үш ұлы бар еді. Екеуі ұзын бойлы,ал бірі аласа бойлы болыпты. Сұлтан аласа бойлы баласын жақтырмайды екен. Оны байқап қалған баласы: «Ата,ұзын бойлы ақымақтан,аласа бойлы ақылды артық»,-деген екен.
қай шығармадан үзінді ?
А. «Түркіше Гүлстан» В. «Лұқман хакім» С. «Құтты білік» дастаны
16. « Суһайл мен Гүлдерсін» кімнің шығармасы?
А. Фирдоуси В. Сайф Сараий С. Әбу Насыр әл-Фараби
Тест сұрағының жауаптары :
№ |
жауабы |
№ |
жауабы |
№ |
Жауабы |
1 | А | 8 | С | 15 | А |
2 | С | 9 | В | 16 | В |
3 | А | 10 | А | ||
4 | С | 11 | С | ||
5 | В | 12 | А | ||
6 | С | 13 | С | ||
7 | А | 14 | С |
бля мнау азго
бля-мля деген не, барына риза болыңыз!