Ақтөбе қаласы
Ақтөбе гуманитарлық колледжі
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы
Шудабаева Мира Асқарқызы
Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға
(педагогикалық эссе)
«Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек. Оларды
өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек»
А. Байтұрсынов
Мамандықтардың төресі саналатын ұстаз деген ұлағатты есімді серік еткелі 7 жылдың жүзі болыпты. Бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау жолындағы педагогикалық ұстанымым – жаһандану дәуіріндегі қазақ ұлтының болашағына бағдар болатын, жан-жақты дамыған, білімі зор, танымы терең азамат тәрбиелеу.
Қазақта «шәкіртсіз ұстаз – тұл» деген сөз бар, педагогика саласындағы мақсатымызды айқындап алу үшін де алдымен шәкірт талантына жүгінеріміз сөзсіз. Дарынды тұлғаның талантын ашуда қатесіз жол таңдап, дұрыс бағыт көрсету де оңай жұмыс емес.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік«стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», — деп айқын көрсетеді. Білім сапасын жаңа мазмұнға сай жақсарту үшін нарық жағдайындағы бәсекелестікті нақтылап алған жөн. Нақты қойылған мақсат қана өз дегеніне жетеді. Шәкірт тәрбиелеуде мен бұл қағиданы ешқашан жадымнан шығарған емес.
Мұғалім мәртебесі қашанда шәкіртінің жетістігімен бағаланады. Педагогикалық қызметтің өзіне тән қызығы да, қиындығы да мол. Пәнге қатысты теориялық білімді нығайту мақсатында «Жұбанов тағылымы – ҮІІІ: Қазақстан түркі өркениеті мен тарихы тоғысында» атты халықаралық ғылыми конференцияға мақала жариялай отырып, өз қызметімнің қыр-сырын таныту үшін «Педагогтің білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы кәсіби дамуы» атты халықаралық семинарға, «Білім беру инновациялары: ізденіс және шешімдер» атты ІІІ халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстым.
Бұдан басқа «Жаңаша оқыту технологиясы», «Білім беру мекемелерінде оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру», «Инновационные подходы в системе управления современным вузом в условиях модернизации казахстанского образования», «Аттестатталушы педагогтың әдістемелік жұмысының панорамасы» атты семинарларға қатысып, ұстаз ретінде тәжірибе алмастым.
2016 жылы ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік sabag.kz сайты, сабақ жоспары жарияланды.
Ұлы ақын Абай «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» дейді. Ұстаз деген ұлы мамандықтың қасиетін бұдан артық қандай сөзбен жеткізуге болады.
Жаңа заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі ұстаздың басты міндеті.
Еліміздің болашағы бүгінгі жас ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі – мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздардың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Мен осы жолда барымды беруге, шәкірт тәрбиелеу жолында аянып қалмауға тырысамын.
[bws_related_posts]