Басы » Cыныптан тыс » Мен елімнің патриотымын!go

Мен елімнің патриотымын!go

«Өтес орта мектебі» ММ

Амангелдиева М.

Тақырыбы: Мен елімнің патриотымын!go.mail.ru                             Мақсаты: Балаларды Отанға деген мақтаныш, патриоттық сезімін дамыту. «Патриот » деген сөздің терең мәнін түсіндіріп өту. Еліміздің мақтанышы – Олимпиада чемпиондарын дәріптеу, спортқа баулу. Ата Заңымыз — Конституция туралы түсіндіру.
Отанды сүю – от басынан басталады.
Отансыз адам, Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Әдісі: Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Көрнекіліктер: суреттер, қарындаштар, ақ қағаз, түрлі — түсті қарындаш.
Жаңа сабақпен таныстыру.
Сұрақ — жауап.
— Балалар «патриот» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
— «Патриот» қандай болу керек деп ойлайсыздар?
— Тақтамен жұмыс: «Патриот» Еліміздің патриот ұл—қыздары Жазира Жаппарқұл,Д. Баландин, Д. Елеусінов,Назым Қызайбай, Әділбек. Ниязымбетов,Шыңғыс, Жеңіс Қайранов т. б. Туралы айту: /Суреттер/
Ата- Заңым Конституция
Азаматтың құқығы ғана емес, азаматтық парызы да бар.
Әрбір азаматтың төлемақысыз білім алуға, дәрігерге қаралуға, бір — бірімен қарым — қатынас жасауға т. с. с. құқықтары бар екен.
Менің атам айтқандай «… әрбір азаматтың бір құқығы болса, екі міндеті болады. Ол дегеніміз: қазір білім алып оқысақ, ертеңгі күні біз біріншіден Қазақстанның нағыз азаматы боламыз, екіншіден: ата — анамыз алдындағы парызымызды өтеу керекпіз. Бұл әр азаматтың борышы» деген сөзді аталарымыз өсиет қылып айтып кеткен.Бірақ нағыз азамат болу оңай емес екен. Ол үшін адамгершілік, жауапкершілік, әдептілік керек.
Еліңнің нағыз азаматы болу үшін Қазақстанның заңдарын біліп, сақтау керекпіз. Біздің елде әр азамат он төрт жастан бастап істеген ісіне жауапты болады.Мұндай заңдылық біздің қазақ жерінде үлкен сыныптарға барғанда «ТАРИХ» сабағынан өтесіздер. Бұл заң сонау Әз Тәукенің тұсындағы «Жеті жарғыдан» басталған.
Ата заңын ардақтай алмаған азамат, елінің де қадіріне жете алмайды.
Сіздер кішкентай балапандар – еліміздің болашағысыздар. «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар ,қалан…» деп Абай атамыз жырлағандай елін сүйген азамат болуға сіздер міндеттісіздер.
— Міне осы өсиеттерді есте сақтау әр кімге де қажет.
Ал ендігі тапсырма, отан туралы мақал — мәтелге көңіл аударайықшы:
Отанды сүю – от басынан басталады.
Отансыз адам—Ормансыз бұлбұл.
Кісі елінде сұлтан болғанша, Өз еліңде ұлтан бол.
Мақалдардың мағынасын талқылап, түсіндіру, балалардың пікірлерін тыңдау.
Міне енді осының барлығын біз кішкене жүрегімізге тоқып алсақ келешекте жақсы да сенімді Қазақ еліміздің нағыз «ПАТРИОТТАРЫ» боласыздар деп үміттенем, маған бір ой келді, суретпен қалай жеткізуге болады деп ойлайсыздар?

 Қорытындылау: сұрақ — жауап, сурет талдау. (Балалар өз ойларын сурет салу арқылы білдіреді )

Мадақтау: Сабаққа өте жақсы қатысқан балаларды мадақтау, сабақты қорытындылау.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *