Қостанай қаласы,
Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға
арналған мектеп-интернаттың математика
пәні мұғалімі Қасыбаева Ақерке Терекбайқызы
Қысқа мерзімді жоспар
Күні: | Пәні: алгебра | Сыныбы:11 «Б» |
Сабақтың тақырыбы: | Алғашқы функция және анықталмаған интеграл | |
Мақсаты: | Алғашқы функция ұғымын, алғашқы функцияның анықтамасын, оның геометриялық мағынасын білу. Алғашқы функцияны табудың формулалары мен ережесін толық меңгеру.
|
|
Сілтеме: | 1. Оқулық авторы А.Әбілқасымова,З.Жұмағұлова
2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
|
|
Оқу нәтижесі: | Енгізілген жаңа ұғымдарды есептерді шығаруда сауатты қолдануға
дағдыландыру, білімдерін жүйелі дамытып, ғылыми көзқарас қалыптастыру. Формулаларды қорытып үйренеді. Есеп шығару арқылы білімдерін кеңейтеді. |
|
Қолданылатын материалдар: | Кластер, фломастер, суреттер, оқулықтар интерактивті тақта, слайдтар | |
Оқыту формасы, технологиясы, әдістері: | Талантты және дарынды балаларды оқыту, ОүБ және оқуды бағалау, Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану.Топтық жұмыс.СТО | |
Жұмыс түрлері: | Оқушылардың топта бір- біріне көмек көрсету, бір- біріне сұрақ қоюы, жұмыстарды бірігіп қорғауы, ортақ пікірге келуі.
Интерактивті тақтамен жұмыс жасау.Топтық,жұптық жұмыс жасауы.
|
Сабақтың кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушылардың іс әрекеті | Қолданылатын модульдер мен әдіс -тәсілдер | ||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі-Сыныпта психологиялық ахуал туғызу
2мин |
Сәлеметсіңдер ме оқушылар.
Шаттық шеңбер құрып бір біріне тілектер білдіреді. |
Амандасады.
|
Ынтымақтастық атмосферасын құру. | ||||||||||||||||
Қайталау
3мин |
СТО-ой қозғау Алғашқы функция ұғымы тікелей туынды ұғымымен байланысты, сондықтан «Туынды» тақырыбының негізгі формулаларын еске түсірейік.
|
Оқушылар сұрақтың жауабын тауып орындарына отырады. | Оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.
|
||||||||||||||||
І.Білу
Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері 7мин |
Тақырыпты меңгертемін.
1) Алғашқы функция дегеніміз не?
Сонымен, туындысы бойынша анықталатын функцияны алғашқы функция деп атайды. • Анықтама. Кез келген Х жиынында өзгеретін х үшін теңдігі орындалса, онда F(x) функциясы осы жиында функциясының алғашқы функциясы деп атайды. • Мысал. Көрсетілген аралықта F(x) функциясы функциясының алғашқы функциясы болатынын дәлелдеңдер. 1) F(x) = x5– 5x, . Дәлелдеу: F(x) функциясының туындысын табамыз: , яғни анықтама бойынша теңдік орындалды. Демек, көрсетілген аралықта F(x) функциясы функциясының алғашқы функциясы болады. 2) , . Дәлелдеу: F(x) функциясының туындысын табамыз: теңдігі орындалды, демек, көрсетілген аралықта F(x) функциясы функциясының алғашқы функциясы болады. Сұрақ. Осы мысалдағы F(x) функциясы интервалында функциясының не себептен алғашқы функциясы болмайтынын түсіндіріңдер
|
2) Алғашқы функцияның жалпы түрі және геометриялық мағынасы
• Теорема. F(x) функциясы Х аралығында функциясының алғашқы функцияларының бірі болса, онда бұл функцияның барлық алғашқы функцияларының жиыны G(x)=F(x) +C формуласымен анықталады. (1) Мұндағы С — тұрақты сан. • (1) формуладағы С = 0 деп алып, у = F(x) функциясының графигін саламыз да тұрақты С-ның мәніне байланысты у = F(x) функциясының графигін Оу осі бойымен С бірлікке параллель көшіру арқылы қалған алғашқы функциялардың графиктерін саламыз. • Анықтама. Графиктері өзара параллель қисықтар тобын алғашқы функцияның геометриялық мағынасы деп атайды. Слайд №2. Алғашқы функцияның графиктері
3) Алғашқы функцияны табу кестесін есіңде сақта! Слайд № 3
|
Диалогтық әдіс
|
||||||||||||||||
ІІ.Түсіну
Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді 10мин
|
Топтық жұмыс
Мұғалім оқушыларға тапсырма береді1-ереже. Егер F(x) функциясы функциясының, ал Р(х) функциясы р(х) функциясының алғашқы функциясы болса, онда Ғ(х) + Р(х) функциясы + р(х) функциясының алғашқы функциясы болады. 2-ереже. Егер F(x) функциясы функциясының, ал k-тұрақты болса, онда kF(x) функциясы k функциясының алғашқы функциясы болады. (Тұрақты көбейткішті алғашқы функцияның алдына шығаруға болады)
|
Берілген кестені пайдаланып, келесі функция үшін алғашқы функцияның жалпы түрін табыңдар
№1,2
3-ереже. Егер F(x) функциясы функциясының, ал k және b тұрақтылар (мұндағы ) болса, онда функциясы функциясының алғашқы функциясы болады
|
АКТ | ||||||||||||||||
ІІІ.Қолдану
Алған білімді қолданады 5мин |
Оқулықтағы мысалдарды қарастыруды ұсынады. |
Берілен тапсырманы жұппен орындайды функциясы үшін алғашқы функцияның жалпы түрін табайық. Шешуі: Алғашқы функцияны табу үшін 1,2-ережелерді және алғашқы функцияныны табу кестесін қолданамыз. F(x) = 2-мысал. y = sin(3x – 2) функциясы үшін алғашқы функцияның бірін табайық. Шешуі: 3-ереже бойынша ізделінді алғашқы функция мынаған тең: 3-мысал. функциясының алғашқы функциясын табу үшін үш ережені де және алғашқы функцияныны табу кестесін қолданамыз.
. |
Жұптық жұмыс
|
||||||||||||||||
Сергіту сәті
1 мин |
Сергіту сәті «Қара жорға» бейнетаспадан орындалады . | Оқушылар қайталап биді тамашалайды. | |||||||||||||||||
ІV.Талдау
Білімді жай қабылдамайды талдайды,саралайды салыстырады 7мин |
Топтық жұмыс.
Әр топқа тапсырма беріледі постер қорғайды.Тасырмалар карточкаларда жазылған. |
Берілген тапсырманы шешіп постерге жазып қорғайды.Есептің дұрыстығы анықталады.
№8. |
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, қалай оқу керектігін үйрету | ||||||||||||||||
V.Жинақтау
Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады 5мин |
Шығармашылық жұмыс
Балаларға ойдан есеп құрастыру ұсынылады.Жұппен жұмыс жасайды. |
Оқушылар бірін-бірі өтілген материалды қаншалықты білетіндігін тапсырма арқылы тексереді. | Талантты және дарынды балалармен жұмыс
Жұптық жұмыс
|
||||||||||||||||
VІ.Бағалау
Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды 2мин |
Әр оқушы сабақтан
Не білдім? Не үйрендім? Нені білмедім? деп қорытынды жасайды
|
1. Алғашқы функция туралы түсінік және анықтамасы;
2. Алғашқы функцияның геометриялық мағынасы; 3. Алғашқы функцияны табу кестесін және ережесін ауызша тұжырымдау.
|
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
|
||||||||||||||||
VІІ.Үйге тапсырма беру.1мин | 1. 9-10 бет, № 1,2, 7 есептер;
2. Анықталмаған интегралдың анықтамасын оқып келу.
|
||||||||||||||||||
VIIІ. Рефлексия
(3 мин ) 1мин |
Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу | Кері байланыс орнату |
[bws_related_posts]