Басы » Кембридж бағдарламасы »  Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік

 Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік

15 ЖББ ОМ

Копеев Айдар Сейтович

Сыныбы: 8

Пәні: физика

Сабақтың аты §5  Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Ø  Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік  жайлы мағлұмат беру

Ø  Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету

Ø  Топта бағалай  білуге баулу

Күтілетін нәтиже Ø  Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік  жайлы мағлұмат алады

Ø  Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік  жайлы күнделікті өмірде қолдана білуге  үйренеді

Ø  Топта бағалай алатын болады

Негізгі  идеялар Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.

Ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады. (видеофрагмент арқылы тәжірибелер демонстрацияланады).

Әр түрлі заттар жылуды әр түрлі өткізеді. (тәжірибе көрсету).

Тапсырмалар Топтық  жұмыс «Джигсо»
Тапсырмалар Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман»
Тапсырмалар Жеке жұмыс «Блум таксономиясы»

Сабақ бойынша мұғалімнің  жазбалары:  (мұғалім және оқушы  немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  • Сәлемдесу
  • Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
  • Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары  арқылы  3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5  минут)

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?
  2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?
  3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?
  4. Жылу алмасу дегеніміз не?
  5. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (2 минут)

  1. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?
  2. Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?
  3. Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?
  4. Заттардың жылу өткізгіштігінің әр түрлі болу себептері неде?

ІҮ. Топтық жұмыс «Жигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5  рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт  сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы  жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

 

 

 

 

Бақылаушының  бағалау парағы

 

Бағалау өлшемдері Көш

басшы

Хатшы Баяндамашы Уақыт сақшысы
1 Тақырыптың ашылуына үлес қосу
2 Міндетін атқару
3 Топтық жұмысқа атсалысуы

Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс  «Пилот — Штурман» (5 минут)

(Штурман – басқарушы, пилот – орындаушы)

Жұптар берілген  суретті түсіндіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

VІ. Жеке жұмыс «Блум таксономиясы» (13 минут)

1 Білу Жылу берілу дегеніміз не?
2 Түсіну Жылу берілу түрлерін және жылуөткізгіштік түрін түсіндір?
3 Қолдану Жылу берілуді және түрлерін қандай өндірісте немесе күнделікті тұрмыста қолдануға болады?
4 Талдау  Жылу өткізгіштігіне қарай  заттарды салыстыр?
5 Жинақтау Жылу берілуге мысал келтір?

 

 

 

6 Бағалау Адам баласының өмірі үшін жылу берілудің түрлерінің  маңыздылығы қаншама?

 

 

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ.  Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

 

Кейінгі тапсырмалар Күнделікті өмірде тапсырмаға байланысты өзің байқаған құбылыстар жайлы шағын эссе жазу.
Кейінгі оқу §5  Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *